Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде

(Монополияға қарсы агенттік)

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас

жемқорлыққа қарсы iс – қимыл жөніндегі

2011 – 2015 жылдарға арналған

бағдарламаны іске асыру жөніндегі

іс – шаралар жоспары тармақтарының

бекітпесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) тармақтарының бекітпесі бекітілсін.

2. Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары Жоспар тармақтарының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Б.А. Парсеговке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



Төрағаның міндетін атқарушы Н. Әбді

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестік қорғау агенттігінің

(Монополияға қарсы агенттік)

2011 жылғы «____»___________

№_________бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс – шаралар (бұдан әрі – Жоспар) тармақтарының бекітпесі

Р/с



Іс-шара

Аяқтау нысаны

ҚР БҚА-дағы жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

1

Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану (Жоспардың 9-тармағы)

Медиа-жоспарларды бекіту
БАМ-ға ақпарат


СЖД

құрылымдық және аумақтық бөлімшелер



2012 жылғы 20 маусым

жыл сайын



2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Интернет-конференциялар, «тікелей желілер» жүргізу практикасын жалғастыру (Жоспардың 10-тармағы)

Интернет- конференциялар, «тікелей желілер»
БАМ-ға ақпарат

СЖД

2012 жылғы

5 қаңтар


жыл сайын

3

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру (Жоспардың 14-тармағы)

БАҚ, теле,- радио-бағдарламаларына айдарлар, брошюралар

БАМ-ға ақпарат



СЖД

құрылымдық және аумақтық бөлімшелер



2012 жылғы

5 қаңтар


жыл сайын

4

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту (Жоспардың 18-тармағы)

ЭСЖКА-ға ақпарат

ӘД

аумақтық бөлімшелер



2012жылғы 20 наурыз

жыл сайын



5

Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу (Жоспардың 22-тармағы)

Кездесулер
ЭСЖКА-ға ақпарат

Төрағаның кеңесшісі

2011 жылғы

20 маусым

жыл сайын


6

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу (Жоспардың 31-тармағы)

Интернет ресурстардағы бөлімдер

СЖД

құрылымдық және аумақтық бөлімшелер



2011 жылғы

20 қыркүйек



7

Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету (Жоспардың 32-тармағы)

Қаржыминіне ақпарат


ӘД

2011 жылғы

20 қыркүйек



8

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру (Жоспардың 37-тармағы)

Қаржыминіне есеп

ӘД

2011 жылғы

10 желтоқсан



9


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу (Жоспардың 38-тармағы)

ЭСЖКА-ға ақпарат

ҚҚД

құрылымдық және аумақтық бөлімшелер



2011 жылғы

10 желтоқсан



10

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау және қорғау тетігін пысықтау (Жоспардың 40-тармағы)

ЭСЖКА-ға ақпарат

ҚҚД

ӘД


2011 жылғы

10 желтоқсан



11

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазалаудың ажырамас бөлігі ретінде қоғамдық кінәлау институттарын енгізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу (Жоспардың 46-тармағы)

ЭСЖКА-ға ақпарат

ҚҚД

2012 жылғы

20 маусым



12

Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін анықтау (Жоспардың 53-тармағы)

Бұйрық қабылдау және оның көшірмелерін

ЭДСМ-ға жіберу



ӘД

СЖД


ҚҚД

2013 жылғы

20 қыркүйек



13

Республикалық мемлекеттік және комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару (Жоспардың 59-тармағы)

Үкіметке ақпарат

БҚА (жинақтау)



ТНМТД

ҚҚД


2014 жылғы

20 маусым



14

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару (Жоспардың 60-тармағы)

ЭСЖКА-ға ақпарат

ҚҚД

құрылымдық және аумақтық бөлімшелер



2014 жылғы

20 маусым




Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

СЖД – Стратегиялық жоспарлау департаменті

ӘД - Әкімшілік департаменті

ҚҚД – Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

ТНМТД – Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті



БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған

75.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру

452.23kb.

18 12 2014
2 стр.


Қазақстан республикасы бәсекелестікті қОРҒАУ

Жанындағы мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қОРҒау жөніндегі сарапшылар кеңесінің

26.31kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының бірінші отырысының хаттамасы

Ткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)

67.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының он алтыншы отырысының хаттамасы

Ткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі Агенттік) отырыс залы

72.97kb.

01 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасы он алтыншы отырысының хаттамасы

Ткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі Агенттік) мәжіліс залы

107.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агентігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы Н. Ә. Әбді

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 жылға арналған

298.79kb.

01 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының тоғызыншы отырысының хаттамасы

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы

75.57kb.

13 10 2014
1 стр.