Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) үшінші отырысының
ХАТТАМАСЫ
2012 жылғы «20» наурыз № 3
Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (Бұдан әрі - Агенттік) отырыс залы (Астана қ., Министрліктер үйі, № 4 кіреберіс).
Өткізу күні мен уақыты: 2012 жылғы 20 наурыз.
Отырысқа қатысушылар: Басқарма мүшелері, тізім бойынша қатысушылар.
Күн тәртібі:
1. Мыналарға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарына жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы:
-
«БуранСнабТрейд» ЖШС;
-
«Регион» баспа үйі» ЖШС;
-
«Қазақтелеком» АҚ, «Лад-Строй» ЖШС және «NETRING-Service»/Нетринг-Сервис/ ЖШС;
-
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тұрар Рысқұлов ауданының Әділет басқармасы» ММ;
-
«МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС;
-
«Горэлектросеть» АҚ;
-
«Биржевой союз Казахстана» ЗТБ (одақ);
-
«Объединенная система моментальных платежей» ЖШС;
-
«Карачаганак Контракт» ЖШС, «Аксай-Проминвест» ЖШС, «ГЕЛИОС» ЖШС , «ТеАсТа» ЖШС;
-
«ЕЛТАЛ-БОРЛАС консалтинг» ЖШС, «Азия-Софт» ЖШС және Қазақстандағы «ОРАКЛ НЕДЕРЛАНД Б.В.» компаниясының өкілдігі;
-
«Intelsoft Kazakstan LTD» ЖШС.
2. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен өтінішхаттар бойынша қорытындыны қарау туралы:
-
«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ және «AXENS» компаниясы;
-
Johnson&Johnson; Holding Gmbh компаниясы;
-
«Центрально-Азиатская инвестиционная консалтинговая компания» ЖШС;
-
«Тау-Кен Самрук» АҚ;
-
Prime Residential County LLP;
-
Компания Elbit Systems Ltd (Израиль).
3. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы
4. Әр түрлі мәселелер
Монополияға қарсы орган Басқармасының 4-ші отырысын өткізу күні туралы.
I. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы
(Әбдірахымов, Мәтішев, Шкарупа, Әлімқұлов, Хатиев)
1. Тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдермен қорытынды бекітілсін:
1) «БуранСнабТрейд» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
2) «Регион» баспа үйі» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
3) «Қазақтелеком» АҚ, «Лад-Строй» ЖШС және «NETRING-Service»/Нетринг-Сервис/ ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
4) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тұрар Рысқұлов ауданының Әділет басқармасы» ММ-ге қатысты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тоқтату туралы нұсқама шығару туралы;
5) «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
6) «Горэлектросеть» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
7) «Қазақстанның биржалық одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне (одақ) қатысты Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылығын және оның салдарын жою туралы нұсқама шығару туралы;
8) «Объединенная система моментальных платежей» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
9) «Аксай-Проминвест» ЖШС, «ГЕЛИОС» ЖШС, «ТеАсТа» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
10) ЕЛТАЛ-БОРЛАС консалтинг» ЖШС, «Азия-Софт» ЖШС және Қазақстандағы «ОРАКЛ НЕДЕРЛАНД Б.В.» компаниясының өкілдігіне қатысты терегеуді тоқтату туралы;
11) Intelsoft Kazakstan LTD» ЖШС-ға қатысты тергеуді тоқтату туралы.
Күн тәртібінің бірінші мәселелесі бойынша:
Ғ.Р. Әбдірахымов - жақтап;
Е.А. Әлімқұлов - жақтап;
Ә.Б. Мәтішев - жақтап;
А.В. Шкарупа- жақтап дауыс берді.
II. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен өтінішхаттарды қарау туралы
_________________________________________________________
(Әбдірахымов, Мәтішев, Шкарупа, Бейсеева)
1. Заң қызметі департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Бәсекелестікті шектеуге жол бермеген жағдайда, мына заңды және жеке тұлғалардың өтінішхаттары бойынша экономикалық шоғырлануға келісім берілсін:
1) «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ;
2) «AXENS» (Франция) компаниясы;
3) Johnson&Johnson; Holding Gmbh (ФРГ) компаниясы;
4) Центрально-Азиатская инвестиционная консалтинговая компания» ЖШС;
5) «НГК «Тау-Кен Самрук» АҚ;
6) Еуропа Қайта Құру және Даму банкі.
Күн тәртібінің екінші мәселелесі бойынша:
Ғ.Р. Әбдірахымов - жақтап;
Е.А. Әлімқұлов - жақтап;
Ә.Б. Мәтішев - жақтап;
А.В. Шкарупа- жақтап дауыс берді.
III. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы
_________________________________________________________
(Әбдірахымов, Әлімқұлов, Шкапура, Әбсаттарова, Әбілқасымов)
1. Отын-энергетика кешенін, қаржы нарықтарын және өзге де салаларды талдау, сондай-ақ көлік, байланыс және агорөнеркәсіп кешенін талдау департаменттері директорларының ақпараты назарға алынсын.
2. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) мына нарық субъектілері енгізілсін:
Қазақстан Республикасының шекараларында «50%-дан астам» үстем жиынтық үлес бойынша «төлем терминалдары арқылы тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) төлем қабылдауды ұйымдастыру» деген қызмет түрі бойынша «Объединенная система моментальных платежей» ЖШС және «Киберплат-Казахстан» ЖШС;
Астана қаласының географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету, әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрлері бойынша «Астана халықаралық әуежайы» АҚ;
Ақтөбе облысының географиялық шекараларында «әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрі бойынша «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ;
Батыс Қазақстан облысының географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету, әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрлері бойынша «Орал халықаралық әуежайы» АҚ;
Маңғыстау облысының географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету, әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрлері бойынша «АТМ Групп Улусларарасы Хавлиманы Япым Ятарм ве Ишлетме Лимитед Ширкети» ЖШС АФ.
Атырау облысының географиялық шекараларында «әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрі бойынша «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ;
Атырау облысының географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету» деген қызмет түрі бойынша «Атырау АТМА-әуежайы және тасымалдау» АҚ;
Қарағанды облысы Қарағанды қ. географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету, әуе кемесін қардан және мұздан тазарту деген қызмет түрлері бойынша «Сарыарқа әуежайы» АҚ;
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының географиялық шекараларында әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрі бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ;
Павлодар облысының географиялық шекараларында «әуе кемесін қардан және мұздан тазарту» деген қызмет түрі бойынша «Павлодар әуежайы» АҚ;
Қызылорда облысының географиялық шекараларында «жолаушыларды отырғызу/түсіру (телескопиялық трап арқылы) қызметін көрсету, әуе кемесін қардан және мұздан тазарту бойынша қызметтер» деген қызмет түрлері бойынша «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ;
Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық шекараларында «әуе кемесін қардан және мұздан тазарту деген қызмет түрлері бойынша «Шымкент әуежайы» АҚ.
3. «Ұзақ уақыт күту залында (бизнес- зал) жолаушыларға қызмет көрсету», «шектеулі кіру аймағынан өтетін қызметкерлерді және бөгде ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамамен қамтамасыз ету» «жанар-жағармай материалдарын (авиациялық отын) сақтау бойынша қызметтер» деген әуежайлардың қызмет түрлері бойынша Тізілімге өзгерістер енгізу мәселесін қосымша зерделеуге жіберсін.
4. Тізілімнен Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында 35%-дан астам үстем үлеспен «пиротехникалық бұйымдарға сәйкестік сертификатын растау» және «тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу» деген қызмет түрлері бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығқы» АҚ-ы алынып тасталсын.
Күн тәртібінің үшінші мәселелесі бойынша:
Ғ.Р. Әбдірахымов - жақтап;
Е.А. Әлімқұлов - жақтап;
Ә.Б. Мәтішев - жақтап;
А.В. Шкарупа- жақтап дауыс берді.
IV. Әр түрлі мәселелер
(Әбдірахымов, Шкапура, Мәтішев, Әлімқұлов)
Монополияға қарсы орган басқармасы отырысының кезекті күні 2012 жылғы сәуірдің екінші онкүндігі болып айқындалсын.
Күн тәртібінің төртінші мәселелесі бойынша:
Ғ.Р. Әбдірахымов - жақтап;
Е.А. Әлімқұлов - жақтап;
Ә.Б. Мәтішев - жақтап;
А.В. Шкарупа- жақтап дауыс берді.
Агенттік төрағасы,
басқарма төрағасы ____________________ Ғ. Әбдірахымов
Басқарма мүшелері ____________________Е. Әлімқұлов
____________________Ә. Мәтішев
____________________А. Шкарупа
Басқарма хатшысы ____________________Ә. Асаубаева