Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы «04»қазандағы
№ 812/1 бұйрығымен
бекітілді
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот қаулыларын орындау комитеті (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің өз қызметі шегінде атқарушы құжаттарды орындауды, жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ведомствасы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары болып табылады, өзiнің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген жағдайда, Комитеттің мемлекет атынан тарап ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрі келісімімен бекiтедi.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
7. Комитеттiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті», орыс тілінде государственное учреждение «Комитет по исполнению судебных актов Министерства Республики Казахстан».
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
2.Комитеттің функциясы мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды мына салаларда:
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді;
жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық-құқықтық актілердің шеңберінде құқықтық көмек көрсету барысында сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді;
азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарауды ;
сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыруды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай өкілетттіктер берілген мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша ақпараттарды ұсынуды;
сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсініктемелік түсіндіру материалдарын әзірлеуді;
атқарушылық өндірісі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді;
атқарушы құжаттарды орындау қызметімен айналысу құқығына лицензиялар беруді;
біліктілік емтиханын жүргізуді және жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға конкурсты ұйымдастыруды;
атқарушы құжаттарды орындау қызметімен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыруды;
азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына конкурс қортыныдысы бойынша тағайындауды;
сот актілерін атқару қызметін жүзеге асырушы жеке сот орындаушыларының аттестациясын жүргізуді;
ресми хабарламамаларды жариялауға құқығы бар баспа басылымдарында жеке орындаушылар лицензиялары берілген адамдар туралы мәліметті және көрсетілген лицензияларының күші тоқтатыла тұрғаны, қайта қалпына келтірілгені, айыру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялауды;
жеке сот орындаушыларының қызмет аумағын және оның құрамын анықтауды;
жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуін жүргізуді;
атқарушы құжаттарды орындау қызметімен айналысу құқығына лицензияларының күшін тоқтата тұру және тоқтату туралы талап-арыздарға бастамашылық етуді;
атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерлерінің жүктемелілігі нормативтерін әзірлеуді;
2) бақылау функциялары:
жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының іс жүргізу ережесінің сақталуына;
жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және атқарушылық өндіріс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын сақтауына;
лицензиаттардың қызметінде олардың лицензиялық талаптарды сақтауына;
аумақтық органдардың атқарушылық қызметтерді уақтылы және сапалы орындауы қызметіне және атқарушы құжаттарды атқаруды, жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
11. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты және материалды, сондай-ақ басқа да мәліметті сұратуға және алуға;
оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
атқарушылық өндіріс мәселелері бойынша халықаралық шарттар жасасуға және қосылу туралы ұсыныс енгізуге;
құқық тақырыбына баспа қызметін жүзеге асыруды;
Комитет құзыретіне жататын салаларда заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттің республикалық меншікке жататын шұғыл басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қор мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін басқа да мүліктерден тұрады.
13. Комитет өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе басқа әдіспен иелік етуге құқылы емес. Комитетке мүлікке иелік ету құқығы заңмен белгіленген жағдайларда және шегінде берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
14. Комитетті Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісім бойынша лауазымға тағайындайтын және босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен, Әділет министрлігінің жауапты хатшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын екі орынбасары болады.
15. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті көтереді.
16. Комитет төрағасы бұл мақсаттарда:
1) өзінің орынбасарларының және комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарын Әділет Министрлігнің Кадр департаменті келісімімен лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2-1) Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) заңмен белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) мемлекеттік сот орындаушысының қызметтік куәлік, нысанды киім, жетон және эмблема үлгілерін және жеке сот орындаушысының куәлік, жеке мөр мен жетон үлгілерін бекітеді;
5) бұйрыққа қол қояды;
6) облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттер туралы ережені бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілікті көтереді;
8) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
9) оның құзыретіне жататын басқа сұрақтар бойынша шешім қабылдайды.
17. Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылатын және таратылатын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын Комитеттің аумақтық бөлімшелері – облыстарда, Астана және Алматы қалаларында департаменттері бар. Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттердің басшыларын Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының және Әділет министрінің келісімі бойынша Комитет төрағасы лауазымға тағайындайды және босатады. Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департамент басшыларының орынбасарларын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Әділет министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Комитет облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттердің қаржылық және басқа да қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың бюджеттік қаражатты жұмсауын бақылайды, олардың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді жүргізеді.
18. Комитеттің Комитет төрағасының жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және персоналдық құрамын, сондай-ақ ол туралы ережені Комитет төрағасы бекітеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.