Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы 

Әділет министрінің    

2008 жылғы 21 сәуірдегі

№ 102 бұйрығымен  

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң

Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрi - азаматтар), жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсету саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң негiзi мiндетi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, дiни бiрлестiктердi қоспағанда заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тіркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықты түсіндіру жұмысын, халыққа заңгерлiк қызмет көрсетудiң сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Егер ол оған заңға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Әділет министрімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы бекiтедi.

6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:

010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй.

7. Комитеттің толық атауы – «Комитет регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан», мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитеттiң кәсіпкерлiк субъектiлерімен оның функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгiленген тәртіппен:

1) мынадай салаларда мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін функцияларды:

дiни бiрлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, филиалдар мен өкілдiктердi есептік тіркеу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi, азаматтық хал актерлерiн мемлекеттік тiркеу, азаматтарды есепке алу және тіркеу, жылжымалы мүлiктің жекелеген түрлерінің кепілi, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, құжаттамалау, азаматтарға жеке куәлiктер мен паспорттар дайындау және беру, құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметін көрсету жөніндегi қызметке басшылық жасауды;

аумақтық әдiлет органдарының заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, халыққа құқықтық көмек, құқықтық насихат және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегі қызметті үйлестiру және әдiстемелiк көмек көрсетуді;

Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындарға жылжымайтын мүлiк объектілерiн сәйкестендiру, техникалық және құндық сипаттамаларын айқындау, жылжымалы мүлiк кепiлдiгiн тіркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру мәселелерi бойынша қызметті үйлестіру және әдiстемелiк көмек көрсетуді;

мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiмен құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша жұмысты үйлестiрудi және өзара iс-қимыл жасауды;

Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағынысты ұйымдарының құқықтық насихат және заңнаманы түсiндiру мәселелерi жөніндегi жұмысын үйлестiрудi;

ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуді;

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолданып электрондық қызмет көрсету;

бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша ақпарат ұсынуды;

нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, тұжырымдамалық және түсіндірмелі материалдар әзірлеу; құқықтық насихатты ведомствоаралық үйлестіру ұйымдастыруды;

құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;

нотариат мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысу;

нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алатын тұлғалардың резервін қалыптастыру;

нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзу;

нотариаттық палатамен бірге нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жеке нотариустарға аттестациялау жүргізу;

нотариаттық палатамен бірге нотариаттық практикаға қорытынды жасау;

ведомстволық басылымда лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер мен лицензияны тоқтату , қалпына келтіру, лицензиядан айыру және лицензияның қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;

нотариаттық палатамен бірге нотариаттық округтегі жеке нотариустардың қызметін айқындау;

нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия (нотариустың лицензиясын) беру;

сот сараптамалық қызметімен айналысу құқығына лицензия беру;

мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

нотариаттық палатамен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке нотариустардың іс-қимылына келген өтініштерді қарау;

нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырыстарды жүзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес беру;

нотариалдық округтегі нотариустардың уақытша болмауы кезіндегі нотариаттық іс-қимылды нотариаттық палатамен бірге ұйымдастыру;

нотариустарға нотариаттық палатамен бірге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

нотариаттық iс-әрекет жасаушы аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

халықты мемлекеттік және жеке нотариустардың іс-әрекеті аумақтық туралы ұдайы хабарландыру;

өзі келетін жеке нотариустарды есептік тіркеуді жүргізу;

халыққа нотариустық құқықтық қызмет көрсету саласында бақылауды жүзеге асыру;

нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтату және қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ нотариусты лицензиясынан айыруға бастамашылық жасау;

тиісті нотариаттық округте өзінің қызметін тоқтатқан нотариустардың мөрі мен құжаттарын басқа нотариуске немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беруді жою жөнінде, сондай-ақ нотариустың лицензиясының қолданысы біткен жағдайда егер оның қолданысы біткен болса, оны лицензиарға беру үшін лицензияны алып қою жөнінде нотариаттық палатамен бірлесіп шара қабылдау;

жеке нотариусты жауапкершілікке тарту үшін нотариаттық палатаға ұсыным енгізу;

азаматтық хал актілерін жазу, құжаттандыру органдарының кадрларын аттестациядан өткізу, іріктеу және жайғастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдануды қамтамасыз ету;

азаматтық хал актілерін жазу, құжаттандыру органдарына әдістемелік басшылық;

Республикамыздың азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметін қамтамасыз ету және аумақтық әділет органдарына азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру (адвокаттың лицензиясы);

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсыну;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің бірыңғай мемлекеттік тіркелімін жүргізу;

азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, құжаттандыру, Қазақстан Республикасының азаматтарына сәйкестендіру нөмірімен жеке куәліктер мен паспорттар даярлау және беру, азаматтарды есепке алу және тіркеу;

азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді беру;

әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды;

бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасының қолданылу практикасына қорытынды жасау;

сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, енгізу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметке әдістемелік басшылық жасау;

сәйкестендендіру деректерінің сыныптауыштары мен анықтамалықтарын, олардың құрылымдарын, құрамы мен нысандарын енгізу тәртібін белгілеу;

бағалау қызметі субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелерде кеңестік көмек көрсету;

жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және техникалық тексеру саласындағы қызметтің мемлекеттік саясатын және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

барлық бағалау субъектілеріне тең жағдай туғыза отырып, мүлікті бағалау жөніндегі қызмет рыногында бәсекелестікті дамытуға көмек көрсету;

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсетуді;

заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiркелiмiн, филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлімін және жылжымалы мүлік кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзуді;

жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді;

құқықтық кадастрды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды;

аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасау және үйлестіруді;

нотариустық қызметпен, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құндарын қоспағанда) Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзуді;

әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудың өткізілуін ұйымдастыруды;

мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестациядан өткізу және орналастыруды;

мемлекеттік нотариаттық конторлардың қызметіне басшылық жасау, жеке нотариаттардың дамуына жәрдем көрсетуді;

аумақтық әділет органдары мен нотариаттық палаталардың ұсыныстарының негізінде әрбір нотариаттық округтер бойынша нотариустардың санын бекіту және өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуді;

нотариустардың халыққа құқықтық көмек көрсету саласында басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыруды;

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариустарды оңтайландыру жөнінде шараларды жүзеге асыруды;

мемлекеттік қызметтерді ұсынудың стандартарын әзірлеу және енгізуді;

мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлеудің жағдайына талдау жасау және мониторингісін жүргізуді;

стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;

 өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;

оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;

сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды;

сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруды;

сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының сыныптауыштары мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;

2) бақылау және қадағалау функцияларын:

әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтердің сапасының сақталуын;

мемлекеттік және жеке нотариустардың нотариаттық іс-әрекетінің заңдылығын және іс жүргізу ережесін сақтауын;

жеке нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын және өзінің азаматтық–құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын өзге де талаптарын бұзатын жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігінен жалтарған жеке нотариустарға шара қолану;

лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтау жөніндегі қызметті;

дiни бiрлестіктерді қоспағанда заңды тұлғаларды, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, азаматтық хал актілерiн тiркеу, азаматтарды eceпкe алу және тiркеу, жылжымалы мүлiктердің жекелеген түрлерінің кепiлiн, жылжымалы мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, құжаттамалау, азаматтарға жеке куәлiктер мен паспорттарды дайындау және беру жөнiндегі қызметтi;

аумақтық әдiлет органдарының халыққа құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету саласында заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегі қызметті;

жеке және заңды тұлғаларға нотариаттық конторалар, азаматтық хал актілерін жазу, адвокатура органдары көрсететін заңгерлік қызметтің сапасына;

мемлекеттік және жеке нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығына және іс жүргізу ережесін сақтауына;

мемлекеттік нотариустар мен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің әкимат аппараттарының лауазымды тұлғалары жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылыған және олардың іс жүргізуінің жағдайына;

аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыруы және қамтамасыз етуі жөніндегі қызметіне;

заңнамада белгiленген тәртiппен нотариаттық және адвокаттық қызметті, мүлiкті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөнiндегi қызметті лицензиялауға;

лицензиаттардың лицензияның талаптарын сақтауы жөніндегі қызметті;

өзінің құзыретінің шегінде әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтердің сапасына;

бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

11. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажеттi ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ құқықтық көмекті ұйымдастыруға және заңгерлік қызметті көрсетуге қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік органдардағы құқықтық насихат пен жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөнiндегi жұмыстың жай-күйіне тексерiстердi жүзеге асыруға;

құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету, сондай-ақ олардың нотариустардың кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының заңдылығына бақылауды жүзеге асыруы мәселелерi бойынша аумақтың әдiлет органдарына әдістемелік көмек көрсетуге;

өзiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктер беруге;

нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды керi қайтарып алу туралы республика соттарына талап-арыз беруге және аумақтық әділет органдарына сот органдарында лицензиярдың мүдделерін білдiрудi тапсыруға;

нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияларының қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдауға;

адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясын тоқтата тұру және қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Әділет министріне ұсыныс енгізуге;

құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар eнгізуге;

құқықтық тақырып бойынша баспа қызметiн жүзеге асыруға;

Комитеттің құзыретiне жататын салалардағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

өзінің құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес (халықаралық) ұйымдармен бағалау қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға;

өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;

Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады.

Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң балансында көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.

13. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
14. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Комитеттi Әдiлет министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Комитет төрағасының қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

Комитет төрағасы орынбасарларының саны Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Әділет министрімен келіскеннен кейін белгіленедi.

15. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.

16. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:

1) өзінiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;

2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың және мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерi мен оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың және мекемелердің басшыларына тәртіптiк жазалар қолданады;

4) бұйрықтарға қол қояды;

5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

6) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi;

7) өзiнің құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.


5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi туралы ереже

Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, со

135.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже

Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру

80.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже Жалпы ережелер

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi

174.81kb.

23 09 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік

50.37kb.

12 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік

42.51kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік

41.75kb.

02 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік

84.79kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік

65.28kb.

25 12 2014
1 стр.