Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2004 жылғы 29 қазандағы

№ 1130 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi

туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi.

2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

8. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:

010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс

9. Министрлiктiң толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.

14. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаты қалыптастыру;

2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама жасау саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;

3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;

8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;

10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;

11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

12) шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;

13) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

14) мәденит, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту;

15) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;

16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлеу;

17) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;

18) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;

19) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;

20) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту;

21) шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификат беру тәртiбiн бекiту;

22) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;

23) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;

24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөнiндегi сараптау комиссиясы туралы ереженi бекiту;

25) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;

26) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу ережесiн бекiту;

27) мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;

28) Мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;

29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;

30) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;

31) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;

33) тарихи-мәдени сараптама жүргiзу ережесiн бекiту;

34) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн бекiту;

35) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;

36) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

37) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне құрметтi атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзу;

39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзу;

40) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;

41) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;

42) ақпараттық кеңiстiкке және мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;

43) саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

44) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;

45) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

46) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келiсу;

47) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына «Орталық» мәртебесiн берудiң тәртiбiн бекiту;

48) Фильмдi ұлттық деп тану ережесiн бекiту;

49) фильмге прокаттау куәлiгiнiң нысанын бекiту;

50) фильм индексi туралы ақпаратты көрсету жөнiндегi стандарттарды бекiту;

51) фильмнiң индексiн айқындау өлшемдерiн әзiрлеу және бекiту;

52) мұрағат iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiк етуiн қамтамасыз ету;

53) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны үйлестiру;

54) мұрағат iсi мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;

55) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiм қабылдау;

56) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай қағидалары мен нормаларын бекiту;

57) Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту;

58) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiн сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып бекiту;

59) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртiбiн анықтау;

60) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекiту;

61) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;

62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

63) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;

64) Журналистердi аккредиттеу қағидаларын бекiту;

65) Радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу қағидаларын бекiту;

66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;

4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру;

5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздерi туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргiзу;

7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;

8) заңнамада белгiленген тәртiппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;

9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзу;

10) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегін айқындау;

11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзу;

12) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

13) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;

14) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;

15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;

17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiту;

18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлеу;

19) республикалық меншiктегi тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;

20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желiсi мен деректер банкiн құру;

21) мұрағаттану, құжат жүргiзу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн пайдалану;

22) мемлекеттiк мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерiнiң қызметi үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;

23) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қоюды жүргiзу;

24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi шарттарға қол қою;

25) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

26) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;

27) Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;

28) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргiзу;

29) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiмдерiн қарау;

31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

32) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерi ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

33) қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;

34) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

35) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

36) фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;

37) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзу;

38) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;

39) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;

40) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;

41) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;

42) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;

43) лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;

44) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;

45) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

46) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;

47) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

48) мұрағат iсi, мемлекеттiк, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылау;

49) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнаманың орындалуын бақылау;

50) iс жүргiзу мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және iс жүргiзудiң жай-күйiн, республикалық меншiктегi құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;

51) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

52) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;

53) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатын үйлестiру;

54) республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

55) меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимыл жасау;

56) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiру;

57) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелуi мүмкiн.
3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министр Министрлiкке басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

17. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

18. Министр:

1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

2) қызметi өз бақылауында болатын комитеттердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) жауапты хатшының келiсiмiмен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

3-1) Министрлiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшiн дербес жауапты болады;

4) Қазақстан Республикасы Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi.

19. Министрлiктiң аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

20. Үкiметтiң, Министрдiң қызметтен кетуi жауапты хатшының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкелiп соқпайды.

21. Жауапты хатшы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Президентiне, Премьер-Министрге, Министрге есеп бередi.

22. Жауапты хатшы:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

2) Министрлiк аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi;

3) Министрлiктiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

4) Министрмен келiскеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Министрлiктiң штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң, комитеттердiң құрылымы мен штат санын бекiтедi;

5) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

6) Министрлiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

7) Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi ұйымдастырады;

8) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң департаменттерi мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

9) Министрмен комитеттердiң басшылары тағайындау үшiн ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келiседi;

10) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

11) Министрмен келiсiм бойынша Министрлiктiң қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;

12) Министрмен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;

13) Министрлiктiң Республика Президентi, Республика Үкiметi және Министр бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

14) Министрлiктiң жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Министрге бекiтуге ұсынады;

15) Министрлiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерiсiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;

16) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктi қаржыландыру жоспарын және Министрлiктiң қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етедi;

17) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;

18) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

19) Министрлiкке келiсуге түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

20) өз өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;

20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтiндерiн дәйектейдi, оларға қол қояды және қабылдайды;

21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

23. Өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындау үшiн жауапты хатшы:

1) Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;

2) өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.

24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген мiндеттердi орындауға жауапты болады.

25. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан бекiтедi.

26. Министрлiк қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiктерi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен және құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгiленедi.
4. Министрлiктiң мүлкi
27. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

28. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

29. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.


5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
__________________


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже Жалпы ережелер

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi

174.81kb.

23 09 2014
1 стр.


Е. Ертісбаев 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты хатшысының 2008 жылғы № бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ішкі аудит басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылым бөлімшелерде (бұдан әрі – бақылау объектісі) ішкі бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Респуб

47.12kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамы

Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Тiл комитетi төрағасының орынбасары, хатшы

33.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы

Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспары

42.42kb.

23 09 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы

Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы

51.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы

70.85kb.

17 12 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІІІ республикалық «Тәуелсіздік толғау

79.85kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты

Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша). – Астана, 2012 ж. – 20 б

406.71kb.

25 12 2014
3 стр.