Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет комитеті төрағасының
2013 жылғы « » қаңтардағы
№ бұйрығымен
бекітілген
ІV Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын
өткізудің қағидасы
1. Жалпы ережелер
-
ІV Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ІV Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
-
Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихи маңыздылығы мен жаңа Қазақстанның қалыптасуын айшықтайтын жаңа туындыларды шығаруды ынталандыруға бағытталған.
-
Конкурстың қорытындысы бойынша ең үздік шығармалардың жиынтығы шығарылады.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
-
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
1) заман талабына сай қоғамдық маңызды жаңа драмалық, музыкалық және бейнелеу өнері шығармаларының жазылуына жол ашу;
2) отандық авторларды қолдау
;
3) республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың репертуарларын, музей қорларын көркемдік деңгейі жоғары жаңа туындылармен толықтыру
;
4) өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
;
5) еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау
.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары
-
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Ең үздік ірі және кіші көлемді музыкалық шығарма (опера, оперетта, балет, мюзикл, оратория, кантата, симфониялық, камералық, халық оркестрлеріне арналған шығармалар, хорға арналған шығарма, камералық, вокальдық, аспаптық жанрларға арналған шығармалар, дауысқа арналған, классикалық, халықтық музыкалық аспаптарға арналған шығармалар және т.б.);
2) Ең үздік балалар әні;
3) Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік драмалық шығарма;
4) Кескіндеме, графика және мүсін.
-
Номинациялар бойынша келесі талаптар қойылады:
1) «ең үздік ірі және кіші көлемді музыкалық шығарма» номинациясы бойынша – опера, оперетта, балет, мюзикл, оратория, кантата, симфониялық, камералық, халық оркестрлеріне арналған шығармалар, хорға арналған шығарма, камералық, вокальдық, аспаптық жанрларға арналған шығармалар, дауысқа арналған, классикалық, халықтық музыкалық аспаптарға арналған және т.б. шығармалар ұсынылады.
2) «ең үздік балалар әні» номинациясы бойынша жеке орындаушыларға арналған ән ұсынылады.
3) «балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік драмалық шығарма» номинациясы бойынша – балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлардың ерекшелігі ескерілген екі актіден тұратын драмалық шығарма, ұзақтығы 60-90 минуттан, мәтін көлемі 30 беттен, поэзия түрінде болса, 40 беттен аспауы керек;
4) кескіндеме, графика және мүсін номинациясы бойынша кескіндеме және графика шығармаларының көлемі шамамен 150х150 см, ал мүсін және басқа көлемдік шығармалар биіктігі 70 см-ден аспауы тиіс.
-
Конкурсқа белгіленген номинациялар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданады.
-
Ұсынылатын шығармалар бұрын-соңды орындалмаған және жарияланбаған, конкурстарға қатыстырылмаған жаңа шығарма болуы керек.
-
Авторлар бір немесе бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинация бойынша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады.
-
Барлық Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармаларын жасырын атпен (ұранмен) ұсынады. «Кескіндеме, графика және мүсін» номинациясынан басқа номинацияларға ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
-
Конкурсқа кәсіби шығармашыл қызметкерлер қатысады. Қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмайды.
-
Конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындарды қатысушылар өз тараптарынан өтейді.
-
Қазылар алқасына авторлары көрсетілмеген (ұранмен) Конкурстық шығармалар ұсынылады.
-
Әр шығарма Қазылар алқасының дауыс беруі арқылы бағаланады.
-
Ең көп дауысқа ие болған шығарма Конкурстың жеңімпазы атанады.
-
Конкурстың қорытындысы 2013 жылдың IV тоқсанында шығарылады.
-
Егер бірлескен авторлардың драмалық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса ақшалай сыйақы авторлардың арасында тең бөлінеді.
-
Егер бірлескен авторлардың музыкалық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса, ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы композиторға, ал 30 (отыз) пайызы сөздерінің авторына (либретшіге) төленеді. Егер де композиторлар мен сөздерінің авторлары екі және одан көп адам болса, композиторлар арасында ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы тең бөлінеді, сөздерінің авторлары арасында ақшалай сыйақының 30 (отыз) пайызы тең бөлінеді.
-
Жеңімпаз атанған драмалық шығармалар мемлекеттік театрларда екі ретке дейін тегін қойылады, сонан кейінгі қойылымдар қолданыстағы авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
-
Жеңімпаз атанған опералық және музыкалық шығармалар репертуарларға қосу үшін, ал суретшілердің (мүсіншілердің) жұмыстары қорларға қосу үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдарына ұсынылады.
-
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) ең үздік ірі және кіші көлемді музыкалық шығарма номинациясы бойынша шығарманың партитурасы, екі дана клавирі, үш дана либреттосы, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде CD-ге, USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады;
2) балалар әні бойынша - қағазға түсірілген нотасы мен сөзі - 2 дана, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде СD-ге немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады;
3) Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік драмалық шығарманың қағаз түріндегі екі данасы және CD-ге жазылған электрондық нұсқасы (қаріп - Times New Roman, мөлшері № 14, жоларалық интервал - бір жолдық) ұсынылады.
4) Кескіндеме, графика және мүсін номинациясына қатынасушылар шығарманың аннотациясын және фотосуретін қағаз және электрондық үлгілерде, полиграфияда қолданылатын стандартта тапсыруы тиіс.
5) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш, автордың паспортының немесе жеке куәлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері.
-
Әрбір қатысушы таңдаған номинациясына құжаттарын желімделген екі конвертпен жібереді.
№ 1 конвертте осы Қағиданың 21-тармағының 1) - 4) - тармақшаларында көрсетілген құжаттар болуы тиіс. Конверттің сыртқы бетінде: мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 1 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны, номинацияның атауы жазылып көрсетіледі.
№ 2 конвертте осы Қағиданың 21-тармағының 5) - тармақшасында көрсетілген құжаттар болуы тиіс. Конверттің сыртқы бетінде мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 2 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны, номинацияның атауы мен өтініш берушінің пошталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, Конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында) жазылып көрсетіледі.
-
Құжаттар 2013 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» АҚ, тел: 8 (7172) 39-01-40, факс: 8 (7172) 39-05-14.
-
Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген құжаттар қабылданбайды.
4. Ұйымдастыру комитеті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді.
-
Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен Конкурсты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
-
Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5. Конкурстың қазылар алқасы
-
Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті бекітеді.
-
Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
-
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.
-
Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
-
Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
-
Қазылар алқасы мүшесінің Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
-
Шығарманы бағалаудың критерийлері:
1) жоғары көркемдік деңгейі;
2) жанрлық ерекшеліктері;
3) тақырыпты ашудағы өзінділігі;
4) автордың шығармашылық даралығы және шеберлігі;
5) шығарманың көркемдік баян етілуі.
6. Конкурсты қаржыландыру
-
Конкурсты өткізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Қорытынды ереже
-
Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
________________________