Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының

2012 жылғы 14 ақпандағы

№ 26 бұйрығына 1- қосымша



Құрманғазы атындағы республикалық IX халық аспаптарында орындаушылар конкурсының қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Қазақ халқының мәдени болмысы XIX ғасырдың ортасында мейілінше шарықтап, ұлттық өнері бұрын-соңды болмаған тұғырға көтерілді, асқан дарынды тұлғалардың қалың легі тұтаса шығып, халқымыздың рухани келбетін біржолата даралап берді. Осы ұлы жаңғырудың бас кейіпкері, біртұтас халықтың музыкалық символы, шығармалары ғасырдан ғасырға алтын өзек болып жалғаса беретін жаһандық дарын иесі – Құрманғазы Сағырбайұлы бабамыз болды.

2. Ұлы композитордың асыл мұрасын кеңінен насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды дәстүрлі музыканың кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 2012 жылдың 23-26 сәуір айының аралығында Құрманғазы атындағы республикалық халық аспаптарында орындаушылардың конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізеді. 2012 жылдың 22 сәуірінде конкурсқа қатысушылар Астана қаласына келіп тіркелуі тиіс.

3. Фестивальдің қорытындысы бойынша шағын дискіге (СД) жазылған бейнематериал шығарылады.

2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
3. Конкурс «домбыра», «шертер» (үш шекті домбыра), «қобыз», «қыл қобыз» және «сырнай» номинациялары бойынша өткізіледі.

4. Конкурсқа Қазақстан Республикасында және оның талап - шарттарын толық меңгерген алыс-жақын шет елдерде тұратын 16 мен 32 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Конкурсқа аталмыш конкурстың бұрынғы лауреаттары қатыса алмайды.

5. Конкурсқа қатысу үшін облыстық, қалалық мәдениет басқармалары, концерттік ұйымдардың дирекциясы мен көркемдік кеңесінің, мәдениет, өнер оқу орындары педагогикалық кеңестерінің ұсыныстары болуы керек. Ұсыныстарға төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

1) Тууы туралы немесе жеке куәлік көшірмесі;

2) СТН (салық төлеушінің номері);

3) өмірбаяны (ұстазының, концертмейстерінің аты – жөні көрсетілуі тиіс);

4) музыкалық білімі туралы құжатының көшірмесі;

5) оқитын (оқушылар мен студенттер үшін), жұмыс істейтін жерінен анықтама;

6) 13 х 18 көлемдегі түрлі – түсті фотосурет;

7) әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі.



3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары
6. Конкурсқа қатысушылардың өтініштері Конкурстың басталуына 20 күн қалғанға дейін мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы, байланыс телефондары: (8 7172) 39 01 40, 39 05 20, 8 701 913 31 63 және электрондық нұсқада [email protected] мекен-жайына ұсынуға ықпал етуді өтінеміз.

7. Қатысушылардың Конкурс тізіміне кіргені туралы ресми мәлімет сайысқа 10 күн қалғанға дейін хабарланады.

8. Қатысушылардың, концертмейстерлердің барып – қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамағын конкурсты өткізетін жақ көтереді. Келесі кезеңге өтпеген қатысушылар барлық шығынды өз есебінен атқарады.

9. Конкурс үш кезеңнен тұрады. Олар тыңдаушы, көрермендердің алдында өтеді. Үміткер әр кезеңдегі орындалар шығарманы жатқа орындайды. Сайыскердің мәлімдемедегі алдын-ала көрсеткен шығармалар тізімі артынан өзгертілмейді.

10. «Домбыра» номинациясы бойынша сайыскерлерге ұлы композитор Құрманғазының міндетті түрде жатқа орындалар 30 күйінің тізімі ұсынылады. Аталған тізім 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының сайтында орналастырылады.

4. Ұйымдастыру комитеті
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді.

12. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.



13. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

14. Ұйымдастыру комитеті конкурс қатысушыларына қосымша сыйақы төлеусіз Конкурстың тыңдаулары мен қорытынды концерттерін радио және теледидар арқылы тарату, дыбыс және бейне таспаға жазу және оны одан әрі тарату құқығына ие. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитеті басқа тараптармен Конкурстың аталған материалдарын жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартқа отыру құқығына ие.

15. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.

16. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

17. Ұйымдастыру комитеті белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы.

5. Конкурстың қазылар алқасы
18. Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетімен бекітіледі.

19. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.

20. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

21. Қазылар алқасы мүшесінің Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

22. Конкурс жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады.

1) асқан шеберлік танытқан ең үздік орындаушыға Құрманғазы атындағы Бас Жүлде (Гран при) және лауреат атағы (барлық номинацияға ортақ);

2) бір бірінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация үшін);

3) екі екінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация үшін);

4) екі үшінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация үшін);

5) екі көтерме сыйлық және дипломант атағы (әр номинация үшін).


6. Конкурсты қаржыландыру
23. Конкурсты өткізуді қаржыландыру 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

24. Конкурсты дайындау және өткізу үшін демеушілердің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да шығын көздері жұмылдырылуы мүмкін.



7. Қорытынды ереже
25. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
_________________________

Құрманғазының міндетті түрде жатқа орындалатын

30 күйінің тізімі:

«Бозшолақ» (І – түрі, Оқап Қабиғожинның орындауында)

«Бас Ақжелең»

«Машина»


«Балқаймақ»

«Саранжап»

«Бұлбұл»

«Қуаныш»


«Көкала ат»

«Қайран шешем»

«Күреңше»

«Бұқтым, бұқтым»

«Назым» (I – түрі, Ығылман Қайрошевтың орындауында)

«Бес мәнет»

«Манатау»

«Ақмаңдай»

«Бозқаңғыр»

«Пәбескі»

«Арба соққан» (Айтжан Тоқтағанның орындауында)

«Ілме» (Рүстембек Омаровтың орындауында)

«Жима» (Рүстембек Омаровтың орындауында)

«Ақсақ киік»

«Түрмеден қашқан»

«Бұлбұлдың құр-құры»

«Ертең шығам» (I – түрі, Сабыр Мұқатовтың орындауында)

«Итог»


«Кішкентай»

«Перовский марш» (Ғабдулман Матовтың орындауында)

«Қызыл қайың» (Рүстембек Омаровтың орындауында)

«Ертең кетем» (Смағұл Көшекбаевтың орындауында)

«Ақсақ құла» (Мина Оразалиеваның орындауында)


Орындалатын шығармалар

«ДОМБЫРА, ШЕРТЕР» номинациясы

д о м б ы р а
І кезең
1. Іріктеу кезеңінде Құрманғазының 30 күйінен жеребе бойынша төрт күйін

орындау.

2. Дәулеткерей - «Көркем ханым» (Дина Нұрпейісованың орындауындағы

нұсқасы)

3. Есбай - «Өттің дүние»



ІІ кезең
1. Шетел композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын

күрделі шығармасы (сайыскердің қалауы бойынша)

2. Құрманғазы - «Байжұма»

3. Құрманғазы - «Терісқақпай»

4. Құрманғазы - «Жігер»

5. Арқа, Қаратау, Алтай, Тарбағатай немесе Жетісу өңірінің күйлері



(сайыскердің қалауы бойынша)

ІІІ кезең
1. Қазақстан композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын

күрделі шығармасы (сайыскердің қалауы бойынша)

2. Құрманғазы - «Серпер»

3. Құрманғазы - «Төремұрат»

4. Қазанғап, Сыр өңірінің күйлері (сайыскердің қалауы бойынша)

5. Қ.Ахмедияров - «Табыну»


6. Құрманғазының 30 күйінен – Күй тартыс

ш е р т е р

І кезең
1. Қазақстан композиторларының шығармасы (Ғ.Жұбанова «Юмореска», Е.Рахмадиев «Скерцо», К.Күмісбеков Вальс «Жастық шақ», М.Әубәкіров «Концерттік пьеса» Ө.Хамзиннің прима-домбыраға арналған жинағынан) (сайыскердің қалауы бойынша)

2. А.Лоскутов - «Концерт»

3. Құрманғазының күйі (сайыскердің қалауы бойынша)


ІІ кезең
1. А.Жайымов - «Концерттік пьеса»

2. Орындаушылық шеберлігіне арналған виртуоздық шығарма (орыс, шетел композиторларынан) (сайыскердің қалауы бойынша)

3. Шертпе дәстүрінде шертерге лайықталған бір күй (сайыскердің қалауы бойынша)

ІІІ кезең
1. Күрделі түрдегі бір шығарма (сайыскердің қалауы бойынша)

2. Кантиленаға арналған бір шығарма (сайыскердің қалауы бойынша)

3. Құрманғазының күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

«ҚОБЫЗ, ҚЫЛ ҚОБЫЗ» номинациясы
қ о б ы з - п р и м а
І кезең


  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сайыскердің қалауы бойынша)

  2. Дина - «Әсем қоңыр» (Ғ. Жұбанованың өндеуінде «Мерекелік күй»)

  3. Шетел композиторларының ғажайып техникасын көрсететін шығармасы (сайыскердің қалауы бойынша)


ІІ кезең


  1. Қазақ композиторларының шығармалары (сайыскердің қалауы бойынша)

  2. Шетел композиторлардың шығармаларының тізімі (сайыскердің қалауы бойынша):

  • К. Сен-Санс «Интродукция және Рондо каприччиоза»

  • П. Сарасате «Сыған әуендері»

  • П. Сарасате «Интродукция және тарантелла»

  • П. Сарасате «Ш. Гуно «Фауст»» операсы тақырыбына арналған Фантазия.

  • Г. Венявский «Полонез ре-мажор, ля-мажор»

  • Римский-Корсаков «Золотой петушок» операсы тақырыбына арналған Фантазия.

3. Құрманғазы - «Балбырауын» (Ә. Толғанбаевтың өндеуінде)
ІІІ кезең


  1. Құрманғазы - «Төремұрат» (өндеген Е. Үсенов)

  2. Концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері (сайыскердің қалауы бойынша)


Қыл қобыз

I кезең
1. Қазақстан композиторларының шығармасы (фортепиано сүйемелдеуімен)

2. Қорқыт - «Қорқыт» (Дәулет Мықтыбаевтың нұсқасы)

3. Қыл қобыз күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

II кезең
1. Құрманғазы - «Қызыл қайың - Серпер» (фортепиано сүйемелдеуімен)

2. Ж. Қаламбаев - «Шәркен»

3. Қазақстан композиторларының қыл қобыз күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

III кезең

1. Н. Тілендиев - «Аққу»

2. Ықыластың күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

3. Қыл қобыз күйі (сайыскердің қалауы бойынша)



Сырнай (баян, аккордеон)

I кезең


  1. Құрманғазының күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

  2. Кантилена

  3. Шеберлік-виртуоздық шығарма


II кезең
1. Қазақстанның қазіргі заман композиторларының баянға

арнаған (аккордеон) шығармалары



2. Қ. Ахмедияровтың күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

  1. Шығарма өз таңдауымен


III кезең


  1. Құрманғазының күйі (сайыскердің қалауы бойынша)

  2. Төлтұма шығарманың I немесе II бөлімдері

  3. Халық музыкасының өңделген түрі.

Құрманғазы атындағы республикалық IX халық аспаптарында орындаушылар конкурсының қағидасы Жалпы ережелер

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының

88.36kb.

08 10 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауын дайындау және

37.48kb.

12 10 2014
1 стр.


Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың IX республикалық конкурсын өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылардың IX конкурсын (әрі қарай конкурс) өткізеді

37.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер

Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ республикалық дирижерлар конкурсы (бұдан әрі Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабы 12-

44.14kb.

05 09 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы

70.85kb.

17 12 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІІІ республикалық «Тәуелсіздік толғау

79.85kb.

13 10 2014
1 стр.


Қағидасы Жалпы ережелер

Субсидиялар осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша

108.78kb.

15 10 2014
1 стр.


Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау ҚАҒидасы жалпы ережелер

Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі

28.15kb.

25 12 2014
1 стр.