Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпаратминистрлігі Мәдениет комитеті Төрағасы
міндетін атқарушысының
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 43 бұйрығына 1-қосымша
Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ Республикалық дирижерлар
конкурсын дайындау және өткізу қағидасы
-
Жалпы ережелер
-
Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ Республикалық дирижерлар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабы 12-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.
-
Конкурс Алматы қаласында 2012 жылғы 2 - 5 мамыр аралығында, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық қазыналық кәсіпорыны негізінде «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтеді.
-
Конкурстың қорытындысы бойынша шағын дискіге (СД) жазылған бейнематериал шығарылады.
2. Мақсаттары мен міндеттері
-
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері болып мыналар табылады:
1) қазақстандық дирижерлар мектебінің дәстүрін сақтап әрі қарай дамыту;
2) дирижерлық өнер аясында жас талантты анықтау және олардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау;
3) талантты, әрі алғыр музыка шеберлері арқылы Қазақстанның музыкалық мәдениетінің деңгейін көтеру.
3. Тәртібі және шарттары
-
Конкурсқа 18-40 жас аралығындағы дирижер - музыканттар және шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
-
Қонкурсқа қатысуға ниет білдіргендер төмендегідей құжаттарды 2012 жылғы 23 сәуірге дейін ұсынуы керек:
-
Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес өтініш;
-
төлқұжаттың көшірмесі;
-
шығармашылық өмірбаян (түйіндеме);
-
соңғы 6 ай көлемінде түскен 3х4 өлшемдігі фотосурет (2 дана), 10х15 (портрет);
-
СТН (салық төлеушінің номері)
-
білімі жайындағы дипломның көшірмесі немесе оқитын (студенттер үшін) жерінен анықтама;
-
әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі.
Конкурсқа қатысушылардың өтініштері Конкурстың басталуына
бір ай қалғанға дейін мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы; электронды пошта:
[email protected]; байланыс телефондары:
(8 7172) 39 01 40, 74 04 31, факс (8 7172) 39 05 14, 8 701 913 31 60.
-
Конкурсқа қатысуға берілген ұсыныс қатысушының осы Қағида талаптарымен толықтай келіскендігін білдіреді.
-
Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыға кері қайтарылмайды.
-
Конкурсқа қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің белгілеген мерзіміне сәйкес келеді. Конкурс қатысушыларының келуі бойынша шығындар осы Қағиданың 23-24-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Бірінші және екінші кезеңдер бойынша орындау тәртібі жеребе арқылы жүзеге асырылады және бұл кезек Конкурстың соңына дейін сақталады.
-
Конкурста өнер көрсетудің 2 кезеңі көпшіліктің қатысуымен өткізіледі.
-
Конкурс қатысушылары І–ІІ кезеңдерде конкурс бағдарламасын Қағиданың 2-ші қосымшасына сәйкес қалыптастырады.
-
Конкурс қатысушылары 2 кезеңде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық - этнографиялық оркестрі мен Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындайды.
-
Барлық жеңімпаздар қорытынды гала-концертке қатысуға міндетті.
-
Гала-концертке қатысушылар бағдарламадағы қазылар алқасы ұсынған шығарманы орындауы тиіс.
4. Ұйымдастыру комитеті
-
Конкурсты дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
-
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
-
Ұйымдастыру комитеті мүдделі тараптармен Конкурсты жүзеге асыру жөніндегі сұрақтар бойынша қарым-қатынасты жүзеге асырады.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
-
Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша теңге түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып беріледі.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
-
Конкурстың ұйымдастыру комитетінің келісімімен жеке және заңды тұлғалар түрлі арнайы сыйлықтарды тағайындай алады.
-
Алматы қаласына ұйымдастыру комитетінің белгілеген уақытынан бұрын келген қатысушылар межеленген уақыт келгенше барлық шығындарды өздері төлейді.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурс өтетін күндері қатысушылардың Алматы қаласында қонақ үйде тұру шығындарын 7 АЕК аспайтын мөлшерде төлейді. Қатысушылар Алматы қаласына дейінгі және қайтар жол мен тәулікақы шығындарын өз тараптарынан төлейді.
-
Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға қаламақы төлеусіз конкурсты радио, теледидар арқылы көрсету және тарату құқығына ие.
5. Конкурстың қазылар алқасы
-
Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
-
Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
-
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
-
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
-
Конкурстың қазылар алқасы:
а) қатысушыны тоқтатуға,
б) Ұйымдастыру комитеті белгілеген жүлделі орындарды бермеуге немесе бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы.
-
Қазылар алқасының шәкірттерінің Конкурсқа катысуға құқығы жоқ.
6. Қорытынды ереже
-
Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
______________________________