Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы « 8 » ақпандағы
№ 2 бұйрығымен
бекітілген
ІІІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын
өткізудің қағидасы
1. Жалпы ережелер
-
ІІІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ІІІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
-
Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихи маңыздылығы мен жаңа Қазақстанның қалыптасуын айшықтайтын жаңа туындыларды шығаруды ынталандыруға бағытталған.
-
Конкурстың қорытындысы бойынша елу кітап пен елу дискіден (СД) тұратын ең үздік шығармалардың жиынтығы шығарылады.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
-
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
1) заман талабына сай жаңа қоғамдық-маңызды драмалық және музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
2) отандық авторларды қолдау
;
3) республика театрлары мен концерттік ұйымдары репертуарларын бүгінгі күннің талабына сай көркемдік деңгейі жоғары жаңа туындылармен толықтыру
;
4) өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
;
5) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары
-
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) жастар аудиториясына арналған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма (мюзикл, рок-опера-балет);
2) қуыршақ театрларына арнаған ең үздік драмалық шығарма;
3) қазақ халық аспаптарына (қобыз, домбыра, сыбызғы) арналған кіші көлемді ең үздік шығарма (күй);
4) хорға арналған ең үздік шығарма;
5) ең үздік балалар әні.
-
Номинациялар бойынша келесі талаптар қойылады:
1) «жастар аудиториясына арналған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма (мюзикл, рок опера-балет)» номинациясы бойынша – шығарма ұзақтығы 70 минуттан кем болмауы керек;
2) «қуыршақ театрларына арналған ең үздік драмалық шығарма» номинациясы бойынша – қуыршақ театрларының ерекшелігі ескерілген бір актіден тұратын драмалық шығарма, ұзақтығы 45 минуттан аспауы керек;
3) «қазақ халық аспаптарына арналған кіші көлемді ең үздік шығарма» номинациясы бойынша домбыраға, қобызға немесе сыбызғыға арналған күй ұсынылады;
4) «хорға арналған ең үздік шығарма» номинациясы бойынша хорға немесе жеке орындаушы(лар) мен хорға арналған бір немесе көп бөлімді (циклді) шығарма (a capella немесе сүйемелдеумен) ұсынылады;
5) «ең үздік балалар әні» номинациясы бойынша жеке орындаушыларға арналған, ұзақтығы 4 минуттан аспайтын ән ұсынылады.
-
Конкурсқа белгіленген номинациялар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданады.
-
Ұсынылатын шығармалар бұрын-соңды орындалмаған және жарияланбаған, конкурстарға қатыстырылмаған жаңа шығарма болуы керек.
-
Авторлар бір немесе бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинация бойынша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады.
-
Барлық Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармаларын жасырын атпен (ұранмен) ұсынады. Конкурсқа ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
-
Конкурсқа кәсіби композиторлар мен әдебиетшілер қатысады. Қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмайды.
-
Конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындарды қатысушылар өз тараптарынан өтейді.
-
Қазылар алқасына авторлары көрсетілмеген (ұранмен) Конкурстық шығармалар ұсынылады.
-
Әр шығарма 10-балдық жүйе бойынша бағаланады, сонан соң барлық қазылар алқасының балдарының қосындысы шығарылады.
-
Ең үлкен балл алған шығарма Конкурстың жеңімпазы атанады.
-
Конкурстың қорытындысы 2012 жылдың IV тоқсанында шығарылады және www.mk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
-
Егер бірлескен авторлардың драмалық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса ақшалай сыйақы авторлардың арасында тең бөлінеді.
-
Егер бірлескен авторлардың музыкалық шығармасы Конкурстың жеңімпазы атанса, ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы композиторға, ал 30 (отыз) пайызы сөздерінің авторына (либретшіге) төленеді. Егер де композиторлар мен сөздерінің авторлары екі және одан көп адам болса, композиторлар арасында ақшалай сыйақының 70 (жетпіс) пайызы тең бөлінеді, сөздерінің авторлары арасында ақшалай сыйақының 30 (отыз) пайызы тең бөлінеді.
-
Жеңімпаз атанған драмалық шығармалар мемлекеттік театрларда екі ретке дейін тегін қойылады, сонан кейінгі қойылымдар қолданыстағы авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
-
Жеңімпаз атанған опералық және музыкалық шығармалар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының репертуарына қосу үшін ұсынылады.
-
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жастар аудиториясына арналған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма бойынша - партитурасы, клавирі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі либреттосы ұсынылады. Сонымен қатар, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде СD немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады;
2) қуыршақ театрына арналған драмалық шығарманың қағаз түріндегі екі данасы және CD-ге жазылған электрондық нұсқасы (қаріп - Times New Roman, мөлшері № 14, жоларалық интервал - бір жолдық) ұсынылады.
3) қазақ халық аспаптарына арналған кіші көлемді шығарма (күй) бойынша - ноталық мәтін екі дана, шығарманың орындалуы жазылған СD-ге жазбасы немесе «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде электрондық нұсқасы ұсынылады;
4) хорға арналған шығарма бойынша - шығарманың партитурасы, клавирі, шығарманың мәтіні, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде СD-ге немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады;
5) балалар әні бойынша - қағазға түсірілген нотасы мен сөзі - 2 дана, «Finale», «Sibelius» және басқа да ноталық редакторлардың, сондай-ақ PDF, TIFF форматтарының бірінде СD-ге немесе «USB Flash Drive» («флэшка») тасығышқа жазылған шығарманың электрондық нұсқасы ұсынылады;
6) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш, автордың паспортының немесе жеке куәлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері.
-
Әрбір қатысушы таңдаған номинациясына қатысты құжаттарды желімделген екі конвертпен жібереді.
№ 1 конвертпен осы Қағиданың 21-тармағының 1) - 5) - тармақшаларында көрсетілген құжаттар жіберіледі. Конверттің сыртқы бетінде: мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 1 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны, номинация мен атауы жазылып көрсетіледі.
№ 2 конвертпен осы Қағиданың 21-тармағының 6) - тармақшасында көрсетілген құжаттар жіберіледі. Конверттің сыртқы бетінде мынадай мазмұндағы мәтін: «№ 2 КОНВЕРТ» және «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ КОНКУРСЫ», шығарманың ұраны мен өтініш берушінің пошталық
мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, Конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында) жазылып көрсетіледі.
-
Құжаттар 2012 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» АҚ, тел: 8 (7172) 39-01-40, факс: 8 (7172) 39-05-14.
-
Көрсетілген мерзімді бұзу арқылы жіберілген құжаттар қарауға қабылданбайды.
4. Ұйымдастыру комитеті
-
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Конкурсты өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді.
-
Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен Конкурсты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
-
Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
-
Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5. Конкурстың қазылар алқасы
-
Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітіледі.
-
Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
-
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.
-
Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
-
Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
-
Қазылар алқасы мүшесінің Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
-
Шығарманы бағалаудың критерийлері:
1) жоғары көркемдік деңгейі;
2) жанрлық ерекшеліктері;
3) тақырыпты ашудағы өзінділігі;
4) автордың шығармашылық даралығы және шеберлігі;
5) шығарманың көркемдік баян етілуі.
6. Конкурсты қаржыландыру
-
Конкурсты өткізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Қорытынды ереже
-
Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
________________________
ІІІ Республикалық
«Тәуелсіздік толғауы»
конкурсын өткізудің
қағидасына қосымша
«Тәуелсіздік толғауы»
конкурсына қатысу туралы
ӨТІНІШІ
Қатысушының
аты-жөні
|
|
Туған жылы
|
|
Білімі
|
|
Жұмыс (оқу) орны
|
|
Мекен-жайы, телефоны
|
|
E-mail
|
|
Конкурстық шығарманың атауы
|
|
Ұран
|
|
Номинациясы
|
|
ЖСН
|
|