Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау

қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасы арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын реттеуге бағытталған басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) төлеудің тәртібін айқындайды.

2. Субсидиялар осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға (40 %-ға дейін);

5) тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға (50 %-ға дейін) бөлінеді.

3. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес облыстың тиісті жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) бюджеттiк субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн осы Қағиданың 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген бағыттар бойынша әрбiр ауданда 2012 жылғы 2 мамырдағы № 4 аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрамы аудан әкiмдiгiнiң, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.


2. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртібі
6. Субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органмен (бұдан әрі – уәкiлетті орган) келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.

7. Осы Қағиданың мақсаттары үшін бюджеттік субсидияның базалық нормасы деп агротехнологияларды қолдану деңгейіне қарамастан, АШТӨ-ге төленетін бюджеттік субсидияларының ең төменгі мөлшері түсініледі.

8. Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты субсидиялардың тиісті сомасын төлеу:

1) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша – eгic науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша 100 %.

Осы дақылдар ғылым ұсынған құрамында сүрі жердің (пар) үлесі бар сорты 4 репродукциядан кем болмаған, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық деп танылған тұқымымен сүрі жерге (парға) себілген бірінші дақылды қамтитын аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген жағдайда базалыққа қарағанда көбейтілген бюджеттік субсидиялар нормасымен төленеді.



2) майлы дақылдар, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік және картоп бойынша – егіс науқанының қорытындылары бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға 100 % жүзеге асырылады.

бұршақтұқымдас көпжылдық шөптерге субсидия бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы алаңға ғана төленеді;

9. Көкөністік-бақша дақылдары ашық топырақта, қант қызылшасы мен мақта өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда субсидия нормасы субсидиялардың базалық нормасымен салыстырғанда көбейеді. Бұл ретте өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелеріне: сорғы станциясы, гидроциклон, гидроазықтандырғыш, сүзгіш қондырғылары, қысымды реттегіш, су өлшегіш және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығы кіреді.

10. Субсидиялар егістік жерде өсірілетін, оңтайлы мерзімде себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарына ғана төленеді. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімі, және оңтайлы себу мерзімдері ғылыми ұйымдардың қорытындылары негізінде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылғы 2 мамырдағы № А-5/187 аудан әкімдігімен айқындалады.

11. АШТӨ Бөлімге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінім мен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

2) жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжаттың және (немесе) қаржы лизингі шартының көшірмелерін;

3) осы Қағиданың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

4) нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы қоса отырып ұсынады.

12. Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып, дәнді дақылдарды (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндірумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

1) аттестатталған тұқым өндірушілер берген тұқымға аттестаттың не тұқымға куәліктің көшірмелерін (тұқым сатып алынған жағдайда) немесе тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар берген тұқымның конденциялылығы туралы куәліктің және сұрыптық егістерді байқаудан өткізу актісінің көшірмелерін (себу үшін өзі өндірген тұқымды пайдаланған жағдайда) ұсынады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық болып танылған сұрыптардың төртінші репродукциясынан кем емес тұқымдар себілген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;

2) өткен жылдың егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын) (АШТӨ растаған);

3) ағымдағы жылғы егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын) (АШТӨ растаған) ұсынады.

14. Бөлім өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын, дұрыстығын және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді.

17. Субсидиялар алу үшін АШТӨ eгic науқаны аяқталғаннан кейін, бірақ осы Қағиданың 10-тармағында белгіленген себу мерзімінен кешіктірмей, жалпы 10 маусымға дейін бөлімге дақылдардың түрлері бойынша нақты себу алаңы мен мерзімін көрсете отырып, егіс науқанының аяқталғаны туралы ақпарат береді.

18. Бөлім ақпаратты алғаннан кейін өскіндердің болуын және себу алаңдарының мәлімделген көлемге сәйкестігін, сондай-ақ АШТӨ-нің алқаптардың ауыспалы егісте орналастыру картасында (схемасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақтауын тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК мүшелерінің шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады.

19. ВАК тексеру қорытындылары бойынша үш жұмыс күні ішінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді субсидиялау жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы және алдыңғы жылдары отырғызуға бөлінген және оларды күтуге ағымдағы жылы көзделген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көп жылдық екпелерді егуді қоспағанда, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) қоса алғанда, егістікті қабылдау және көп жылдық екпелер отырғызу актісін (бұдан әрі – қабылдау актісі) жасайды.

Қабылдау актісі үш данада жасалады, оның біреуі АШТӨ-де, біреуі – ВАК-та және біреуі – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) қалады.

20. ВАК қабылдау актісінің және АШТӨ Бөлімге ұсынған құжаттар негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-нің субсидия алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі – тізім) жасайды және оны аудан әкіміне, ал облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары бойынша – қала әкіміне бекітуге жібереді.

АШТӨ-ні тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізілгенен кейін екі жұмыс күні ішінде Бөлім АШТӨ-ге бас тарту себептерін көрсете отырып тиісті анықтама береді.
6. Тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртібі
66. Тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар:

1) ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушiлер (бұдан әрi – өндіруші) сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;

2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден (бұдан әрi – шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлер) сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

3) тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

4) ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер (бұдан әрі – гербицид жеткізушілер) өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

Бұл ретте, облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен уәкілетті органмен келісім бойынша тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлері, сондай-ақ:

1) өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған;

2) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған;

3) гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидиялардың нормативтері белгіленеді.

67. Мыналар тыңайтқыш сатушылар болып табылады:

1) өндiрушi – Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;

2) тыңайтқыш жеткiзушi– Қазақстан Республикасында өндiрiсi жоқ тыңайтқыш түрлерiн сатуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы.

68. Гербицид Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген жағдайда гербицидтерді өндіруді жүзеге асыратын және пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру және сату жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензиясы бар отандық өнім берушілер гербицид жеткізушілер болып табылады.

69. Тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнына қосымша құн салығы, буу, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кіредi.

70. Егер АШТӨ тыңайтқыштарды:

1) өндiрушiден сатып алған жағдайда субсидиялар сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтерiне сәйкес өндiрушiге төленедi;

2) тыңайтқыш жеткiзушiден сатып алған жағдайда субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi;

3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден ағымдағы жылы немесе алдыңғы жылғы 4-тоқсанда сатып алған жағдайда субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi;

4) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден сатып алған жағдайда субсидиялар сатылған және (немесе) сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi.

71. Ауыл шаруашылығы дақылдарын гербицид жеткізушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналған субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған субсидиялардың нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi.

72. АШТӨ жұмыс органы 15 шілдеге дейін қоса алғанда мерзiмде ВАК-тың жұмыс органына осы Қағидаға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне (бұдан әрi – АШТӨ тiзiмi) енгiзу үшiн өтiнiмдi және мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы не дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;

2) клиенттi салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметiнiң органы берген құжаттың көшiрмесiн;

3) жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмесін;

4) нөмiрi көрсетiлген ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы банктiң анықтамасын;

5) тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және тыңайтқыш жеткiзушiден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшiн);

6) кедендiк жүк декларациясының, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшiрмелерiн (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және ағымдағы жылы шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ үшiн);

7) гербицид жеткізуші берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын ұсынады.

АШТӨ ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

73. ВАК-тың жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттардың қабылдану күнi толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама берiледi.

74. АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар және (немесе) гербицидтер көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда ВАК осы тыңайтқыштар және (немесе) гербицидтер көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.

75. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi.



Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы АШТӨ-ге түпкiлiктi тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.



Қағидасы Жалпы ережелер

Субсидиялар осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша

108.78kb.

15 10 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауын дайындау және

37.48kb.

12 10 2014
1 стр.


Құрманғазы атындағы республикалық IX халық аспаптарында орындаушылар конкурсының қағидасы Жалпы ережелер

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының

88.36kb.

08 10 2014
1 стр.


Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау ҚАҒидасы жалпы ережелер

Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі

28.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер

Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ республикалық дирижерлар конкурсы (бұдан әрі Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабы 12-

44.14kb.

05 09 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы

70.85kb.

17 12 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІІІ республикалық «Тәуелсіздік толғау

79.85kb.

13 10 2014
1 стр.


Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер

Астана қаласында ІІІ халықаралық балет әртістерінің конкурсы (бұдан әрі Конкурс) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабындағы 12-тарм

111.89kb.

25 12 2014
1 стр.