Приозерск қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 27 наурыздағы
№ 165/30 шешімімен
бекітілген Қарағанды облысы Әділет
департаменті Балқаш қаласы
Әділет басқармасы 2006 жылы
27 сәуірде № 8-4-30 тіркелген
Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау
ҚАҒИДАСЫ
-
Жалпы ережелер
-
Осы қағидалар қалалық Мәслихат бекіткеннен кейін өз қызметін қала
аумағында жүзеге асыратын, немесе қала аумағында тұратын жеке меншіктің барлық түріндегі заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
-
Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау қағидасының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі.
-
Мысықтарды және иттерді күтіп ұстау
-
Инфекцияға қарсы сақтандыру және ауруға қарсы алдын ала қолданатын
шаралар жүргізу және есепке алу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық басқармасының қалалық мал дәрігерлік бөлімінде тіркеуге міндетті.
-
Рұқсат етіледі:
-
мал дәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің
рұқсатымен зообұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде мысықтарды және иттерді ұстауға;
-
мысықтарды және иттерді байлауда және қоршалған, оңашаланған
аумақтарда еркін қыдыртуға;
-
мекемелер мен ұйымдарда күзетші иттерді тек қана байлауда ұстауға;
-
адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, мал
отарларында және табындарда, оқу-жаттықтыру алаңдарында иттерді тұмсық торсыз және байлаусыз ұстауға;
-
жалпы пайдаланудағы орындарға иттерді қысқа қарғы баумен (ұзындығы
1 метрге дейін), тұмсық тормен шығаруға;
-
тұмсық тормен және қысқа қарғы баумен арнайы белгіленген жерлерге,
бос жерлерге қыдыртуға. Қыдырту орындарын Приозерск қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі белгілейді;
-
адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып көлік
түріне тиісті тәртіпке сәйкес мысықтар мен иттерді қоғамдық көліктерде алып жүруге;
-
көршілерінің медициналық жақпайтын көрсеткіші болмаса және олардың
келісімімен, туысқандық қарым-қатынасы жоқ, екі және одан артық отбасылары (жанұялар) тұратын тұрғын үйлерде соның ішінде пәтерлерде иттер ұстауға.
-
Жол берілмейды:
-
егерде мысықтар мен иттер үйлердің жабық кіріс жолын (подъездің) және
екі сатының арасын, лифттерді, сол сияқты спорт, балалар алаңдарын, газондарды, көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін (тратуарларды), серуен құру, тынығу мақсатымен табиғи немесе қолдан орнатылған жасыл желекті демалыс орындарында (парктерде) нәжістерін қалдырса, оны иелері тазартуға тиіс;
-
мал дәрігерлік қызметінің рұқсатынсыз иттер төбелесін өткізуге;
-
жалпы пайдаланымдағы жерлер мен саябақтағы, спорт ойыны үшін
істелген арнаулы алаңдарды, парктерді, жағалауларды тұмсық торсыз және қысқа қарғы баусыз пайдалануға;
-
кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі тұлғалардың ірі иттерді қыдыртуына;
-
су қоймаларында мысықтар мен иттерді шомылдыруға;
-
қоғамдық тамақтандыру және азық-түлік сатылатын нысандарда ит пен
мысықтарды ұстауға.
-
Елді мекендер аумағында иесіз мысықтар мен иттер қаңғыбас болып саналады
және арнайы қызметтердің аулауна жатады.
-
Қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулауды коммуналдық-шаруашылық
кәсіпорындар жүргізеді.
-
Осы ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілік
8. Осы ережелерді бұзғандығы үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (311, 543 баптары) қарастырылған санкциялар қолданылады.