Жануарларды күтіп ұстау және қолдану
Оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеулерге қатысатын адамдар мен жануарларға қатысты адамгершілік қатынастың сақталуын бақылау үшін НУ Зертханалық жануарларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі институтционалдық комитетті құрды (IACUC).
НУ IACUC мыналарға кепілдік береді:
- жануарларға қатысты процедуралар жануарларға қолайсыздықты, стресс пен ауыртуды болдырмайды немесе төменгі шегіне жеткізбейді (жануарлар кез-келген омыртқалы ағза түрінде айқындалады);
- жануарлардың бір сәттік немесе жеңіл ауруы немесе қиналуына алып келуі мүмкін процедураларға баламалар қарастырылатын болады;
- жануарлар міндетті емес қайталанатын тәжірибелерде қолданылмайтын болады;
- жануарлардың бір сәттік немесе жеңіл ауруы немесе қиналуына алып келуі мүмкін процедуралар тиісті седативтік препараттарды, анальгетиктер мен анестетиктерді қолдану арқылы жүргізілетін болады және паралитиктер анестезиясыз қолданылмайтын болады;
- ауруы мен қиналысысын жеңілдету мүмкін емес болатын жануарлар процедураның соңында немесе қажет болған жағдайда ауырсынусыз ұйықтатылатын болады;
- жануарларды ұстау жағдайлары олардың түрлеріне қарай жасалады;
- қажет болған жағдайда жануарларға мал дәрігерімен көрсетілетін медициналық көмек қол жетімді болады;
- қолда ұсталатын немесе тәжірибеге қолданылатын жануарларға процедуралар жүргізетін персоналдың тиісті біліктілігі мен даярлығы бар;
-
хирургиялық әрекетті талап ететін қызмет белгіленген ветеринарлық тәжірибеге сәйкес жануарларға операция алдындағы және операция кезіндегі тиісті күтімді, оның ішінде асептикалық құралдарды пайдалануды қамтиды.
Комитет ғалымдардан, ғалым болып табылмайтын адамдардан, мал дәрігері мен қоғам өкілдерінен тұрады. . Комиссия мүшелерін Ғылыми кеңес тағайындайды. Тәжірибе үшін жануарларды пайдаланылатын барлық зерттеушілер IACUC-қа еркін қатысу арқылы көтермеленеді.
НУ-дың жануарларды күтіп ұстау мен қолдану жөніндегі бағдарламасы тіркеу агенттіктері белгілеген ішкі саясатпен және стандарттармен реттеледі.
Ұқсас сілтемелер:
Биоқауіпсіздік жөніндегі институционалдық комитет
Жарақаттар туралы хабарлау
Жануарлардың қауіпсіздігі бойынша EHS оқыту
Процедуралар бойынша нұсқау
Нысандар мен рәсімдер
IACUC Investigator Instructions - English
IACUC Инструкция исследователя- Орысша
IACUC Initial Protocol Form- - English
IACUC Форма исходного протокола - Орысша
IACUC Policies and Procedures Overview- English
IACUC Обзорное рассмотрение процедур и политики- Орысша
What requires IACUC approval?- English
Дле чего нужен отзыв IACUC?- Орысша
Оқу
Ғылыми зерттеулер аясында жануарлармен жұмыс жасауды жоспарлайтын барлық тұлғалар IACUC-тың бекітілген хаттамасындағы тізімге қосылудың немесе жануарларды тарта отырып кез-келген ғылыми-зерттеу қызметіне қатысудың алдында «Ғылыми зерттеулердегі жануарлармен жұмыс» атты CITI-дің базалық оқу модулінен өтулері тиіс.
Қайтадан оқыту
Зертханалық жануарлардың дұрыс ұсталуы мен НУ-дың жануарларды күтіп ұстау жөніндегі аккредиттелген бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету мақсатында барлық ғылыми персонал жеке білім деңгейіне қарамастан үш жылда бір реттен кем емес зертханалық жануарлармен жұмыс істеу саласында қайта оқудан өтулері тиіс. Қажетті оқудан өту жыл сайын қолданыстағы хаттамаларды жаңарту кезінде және жаңа хаттаманы берген кезде немесе әрбір үш жыл сайын қолданыстағы хаттаманың мерзімін ұзартуға өтінім берген кезде тексерілетін болады. Өтінімдер аталған талап орындалмайынша қарастырылмайтын болады.
Жануарларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі нормалардың бұзылуы туралы хабарлау
Біз этикаға жатпайтын әрекеттер, хаттаманың бұзылуы туралы тікелей IACUC-қа ([email protected]), Ғылым жөніндегі орталық офиске ([email protected]) немесе ғылым жөніндегі вице-провостқа хабарлауды сұраймыз, жолсыздықтар туралы мәліметтер жасырын берілуі мүмкін. Жолсыздықтардың барлық түрлері тексерілетін болады.
Байланыс ақпарат: resethics@nu.edu.kz +7 7172 706193