Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Бұқар жырау ауданы

аумағында иттерді және

мысықтарды күтіп-ұстау

ережелері туралы

Бұқар жырау ауданында иттердің және мысықтардың санитарлық тазалық жағдайын тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1.Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері бекітілсін.

2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.



Сессия төрағасы Т.Кадочкина

Аудандық мәслихат

хатшысының өкілеттігін

уақытша жүзеге асырушы Ш.Курбанов

(Бұқар жырау ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 13 шілдеде №8-11-40 болып мемлекеттік тіркеуден өткен, «Сарыарқа» аудандық газетінің 2007 жылғы 28 шілдедегі №30 санында жарияланған).
Осы шешімге Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясында №6 шешімімен өзгеріс енгізілді.

Бұқар жырау

аудандық мәслихатының

2007 жылғы 21 маусымдағы

39 сессиясының №6

шешімімен бекітілген




Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды

күтіп-ұстау

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ереже
1.Осы ереже меншіктің нысанынан байланыссыз кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса, Бұқар жырау ауданында барлық үй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.

2.Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын жындануға және басқа ауруларға қарсы вакциналар жасатып, үй жануарларын мал дәрігерлік мекемелерінде тіркеуге міндетті. Тіркеуден өткендігін растайтын құжаттар ветеринариялық төлқұжат пен жеке ұқсас нөмірдің барлығы болып табылады.

3.Мысық пен иттерді ұстағанда санитарлық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық ережелерді міндетті түрде сақтау.

4.Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметінің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек қана байлап ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.

5.Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде қалдыруға рұқсат етіледі.

6.Сатуға және сатып алуға ветеринариялық төлқұжат пен ветеринариялық куәлік немесе анықтама болғанда рұқсат етіледі.

7.Адамдарды ит, мысық және басқа да үй жануарлары тістеп алған жағдайда, иесі медициналық және ветеринариялық мекемелеріне тез хабарлауға міндетті.

8.Дүкеннің, емдеу-алдын алу мекемесінің және ауданның басқа да ұйымдарының алдында байлаулы қалдырған иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық жерлерде иесіз жүрген иттер мен мысықтар аулауға жатады.



2. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері

9.Жануар иесі оны биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстауға, жануарға

қамқорлықпен қарауға, ауырып қалған жағдайда қараусыз қалдырмауға, уақытында мал-дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.

10.Ит пен мысық иелері мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың және ветеринария маманының талабы бойынша жануарларды қарауға, диагностикалық зерттеуге, өкпе және алдын ала емдеу процедураларына әкелуге міндетті.

11.Ит пен мысық иелері, адамдар мен жануарларды тістеген өз асырандыларын, карантин кезеңі ішінде, оларды қарау үшін мал-дәрігерлік мекемесіне тез жеткізуге міндетті.

12.Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.

13.Итті қыдыртуға иттің аты, иесенің мекен-жайы мен телефоны туралы мәліметі бар тізгінде шығаруы керек. Ит тұмылдырықта болуы тиіс.

14.Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды бос ұстауларына болады, тек жақсы қоршалған аулада немесе байлаулы болса. Учаскеге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазуы болуы тиіс.

15.Көше арқылы және магистраль жанынан өткенде ит иесі, жол-көлік апатын және иттің жолда өлуін болдырмау мақсатында, оны тізгінге алуға міндетті.

16.Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жануар басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды жүзеге асыратын арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.

17.Жануар өлген жағдайда, оның денесі мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың және ветеринариялық мекеме маманының қатысуымен қаралып, иесі оны қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мал көмінділерінде жерлейді. Өлген жануардың денесін елді мекен аумағында лақтырып тастауға тыйым салынады.

18.Жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты заңмен қорғалады.

19.Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.

20.Иесі итін шектеулі уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің жанында қысқа тізгінге байлаулы қалдыруға (ірі итті тұмылдырықта) құқылы.





Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері туралы

Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Респ

40.91kb.

04 09 2014
1 стр.


Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау ҚАҒидасы жалпы ережелер

Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі

28.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының

Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат шешім етті

24.61kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл отырғызылымдарды сақтау және күтіп ұстау Ережелері

Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және меншік нысанынан тәуелсіз

456.6kb.

15 12 2014
3 стр.


Зырян ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қантардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағы, 310,311-бабтарына с

39.85kb.

15 10 2014
1 стр.


Жануарларды күтіп ұстау және қолдану

Оқу бағдарламалары мен ғылыми-зерттеулерге қатысатын адамдар мен жануарларға қатысты адамгершілік қатынастың сақталуын бақылау үшін ну зертханалық жануарларды күтіп ұстау мен пайда

27.79kb.

10 10 2014
1 стр.


Қолданыстағы НҚА 2008 жылдың 1 маусымына

Бұқар жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы

59.61kb.

09 10 2014
1 стр.


Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының

9.4kb.

05 09 2014
1 стр.