Перейти на главную страницу
______қаңтардағы
№ ______бұйрығына
1-ші қосымша
5. Жас құтқарушылардың аумақтық (аудандық, қалалық, облыстық) слеттары осы әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізіледі.
7. Ұйымдастыру комитетінің құрамына осы әдістемелік ұсыныстың 4 пунктінде көрсетілген мүдделі адамдардың ұсыныстары бойынша құрастырылады.
8. Жас құтқарушылар слеті жыл сайын өткізіледі. Кезекті слеттің өткізу орны мен уақыты облыстық Білім басқармасы мен ТЖ департаменттің ұсынысы негізінде ұйымдастыру комитетімен анықталады.
9. Жас құтқарушылардың слетін өткізуі тікелей облыстық Білім басқармасының және ТЖ департаменттің бастық орынбасарлары, сонымен қатар Орал қаласының Білім бөлімінің, Орал қаласының ТЖ басқармасының басшы құрамы және аудандық Білім бөлімдері мен ТЖ бөлімдерінің басшылары басқарып қалыптастыратын жұмыс тобына жүктеледі.
10. Барлық таласты және форс-мажор жағдайларды шешу үшін жұмыс тобымен апелляциялық комиссия құрылады.
11. Байқау тапсырмалары мен билеттерін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті дайындайды және ұйымдастыру комитетімен бекітеді. Билеттер ұйымдастыру комитетінің төрағасымен сүргі соғып конвертке салынады, әр байқаудың тура алдында ашылады.
12. Жас құтқарушылар слетінің қорытындысын шығару ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
14. Топ - жас құтқарушы топтары слеті өткізілетін кезде 8-11 сынып (14-17 жас) аралығындағы ерікті балалар тобы болып, орта жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушыларынан құралады.
15. Топ құрамы 10 адамнан кем болмауы керек, соның ішінде:
4) алғашқы көмек көрсетушілер - 2 адам
5) спорттық дайындық жетекшілері - 2 адам
6) хатшы - 1 адам.
16. Топты екі жетекші: 1-сі білім беру бөлімінен, 2-сі төтенше жағдайлар бөлімінен жетелейді.
17. «Жас құтқарушы» топтары слетіне қатысушы топтар 2013 жылғы 1-сәуірден кешіктірмей Білім басқармасына (213 бөлме) ақпарат берулері керек. Ақпарат уақытында берілмеген немесе осы Ереженің талаптарын сақтамаған жағдайларда ұйымдастыру комитеті ол топты аталмыш слетке қатысудан шектеуге шешім қабылдау құқығы беріледі.
18. Жас құтқарушы топтары слетіне қатысушы топ келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
19. топтар тапсырған құжаттарда немесе жарысқа қатысушылардың жастарында сәйкессіздік анықталса, топтар жарысқа байқаудан тыс қатысады.
23. Слеттің бағдарламасы 6 байқаудан тұрады:
1) төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі
2) жас үгітшілер
3) жас құтқарушы
4) жас тілші
5) жас санитар
6) сардарлар сайысы
1) топ колоннаға екі адамнан саптық қадаммен сөз айтып әнмен шығады;
25. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі.
1. Топ барлық құрамында төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелері бойынша билеттерді шешеді.
2. Билеттерде төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелері бойынша сұрақтар енгізілген. Әр билетте 8 сұрақ, дұрыс жауап үшін 5 балл есепке шығарылады (максималды балл саны - 40). Сыныпқа топтын орташа баллы кіреді.
3. Билет шешу үшін 15 минут уақыт беріледі.
26. Жас насихаттаушылар.
1. Осы байқау плакаттарды таныстыру рәсімі түрінде (таныстыру рәсімінің мультимедиялық қостауымен өткізгенде 3 балл қосылады) өткізіледі.
2. Команда қатысушылары байқауға алдын ала А1 (өзге форматтағы плакаттар байқаудан шығарылады) форматында ватман қағазында дайындалған плакат (немесе слайд таныстыру рәсімін) таныстырады. Плакаттын кері жағында ауданның атауы болу қажет.
3. Мәтін плакаттың тақырыбын көрсетіп, қысқа мазмұнын қамтып, жинақты – үндеу немесе девиз түрінде болуы қажет.
4. Плакатты таныстыру рәсімі команда қатысушыларының көркем өнерпаздық құралдарымен (агитбригада, мюзикл және т.б.) өткізіледі, көрсетілімнің уақыты 5 минуттан аспау керек. Алдын-ала жазылып қойған фонограмманы пайдалануына тиім салынады, қатысушылардың бәрі рөлдерін тек қана өз дауысымен айту қажет. Көрсетілімнің сценарийі бастырылған түрінде байқаудың алдында әділқазыларға тапсырылады.
5. Байқау келесі критерийлер бойынша бағаланады:
1) плакат (слайд) бойынша – плакаттың тақырыбы мазмұнына сәйкестігі, плакаттың мазмұның бейнелеп көрсетуінде кәсіптік деңгейі, композициялық сауаттылығы мен плакаттың аяқталуы;
2) плакат (слайд) қорғау бойынша – команданың шығармашылық бастамашылдығымен орындалуы, материалды ұсыну шеберлігі, ән және тақпақты пайдалануы, музыкалық ресімдеуі.
6. Плакат (слайд) ресімдеуі және оны қорғауы судьялар бригадасының барлығымен 20 балдық жүйесімен бағаланады, нәтижелерін жинақтап, орта балл шығарылады. Максималды балл саны – 40.
27. Жас құтқарушы.
1. Байқауға 4 (3+1) құтқарушы қатысады. Сынаққа 4 кезеңнің жалпы балл жинағы кіреді. Каска, қолғап, жіп, карабин, сақтандыру жүйелерін байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.
2. Байқау 4 кезеңде өткізіледі: түйінді өру, жазықтық-аспалы өткел, маятник, жауынгерлік қанат жаю.
Әр қатысушы төрешінің карточкасында белгіленген түйінді өреді («тіке», «булинь», «жұлып алушы», «өткізгіш сегіз», «үзеңгі»). Барлық түйіндер төрешінің жібіне өріледі.
Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
бақылау түйіннің жоқтығы - 1
түйін қате өрілді - 1
түйінді білмеу - 3
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 20.
Айыппұл опайлар мыналарға есептеледі:
бақылау сызыққа басу - 3
карабинның муфтасын бұралмаған - 3
кезеңде екі адам - 5
жабдықты жоғалту - 5
құлап түсу - 10
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 100.
Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
бақылау сызыққа басу - 2
жерге тию - 2
карабинның муфтасын бұралмаған - 2
жабдықты жоғалту - 4
құлап түсу - 8
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 60.
Спорттық киім киген құрамы 6 адамнан тұратын команда старт сызығына сапқа тұрғызылады, судья дабыл берген кезде төсемге жүгіріп АЦ өрт сөндіру автомобильімен магистральдық линияны қосады, магистральды және екі жұмыс жең сызықтарын салады, бұтақтар арқылы екі бағана беріледі. Бағанашылар шектеу сызығына дейінгі межеде тұрады (қалқанның ортасынан 45 м).
Бағанашылар шектеу сызығына дейінгі межеге жүгіргенде ғана жаттығудың орындалғаны есептеледі.
Команда спорттық «Жауынгерлік қанат жаю» түрін орындаған кезінде келесі жағдайларда команда ойыннан шығарылады:
- екі жалған сөре жіберсе
- жеңдерді өзара алдын-ала жалғаса
- жабдықтар мен құрал-сайманды қалқанның шетіне орналастырса
- судьяның шақыру ынан сөреге дейінгі дайындық уақыты (5 минут) асып кетсе
- бөлек сөреге тиім салынады.
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 80.
28. Жас тілші.
1. Қатысушы таңдаған билеттің тапсырмасына сәйкес ұсынылған тақырыбы бойынша 30 минут ішінде мақала жазу қажет.
2. «Жас тілші» байқауының тақырып тізімі:
1) «Үлкендер! Біз сіздерге үндейміз!»
2) «Барлығы неден басталды: ТЖ қызметінің қалыптасуы мен дамуы»
3) «Маманы – құтқарушы!»
4) «Мен де өскенде құтқарушы боламын!»
5) «Қауіпсіз ережелерің сақтау - әр адамның қауіпсіздік кепілі!»
6) «Жас құтқарушы топтар слетінде мен жаңа достарды таптым туралы»
7) «Сыздаудан айқаламайсын, егер қауіпсіз ережелерін сақтасаң!»
8) «Су өте қатерлі– оны әрқашан да ұмытпа!»
9) «Өрт қауіпсіз ережелерін әрқашан да әрдайым мен сақтаймын да орындаймын!»
10) «Неге мен жас құтқарушымын»
13) «Қауіпті құрт-құмырсқалар! Таскенеге өз өзіңді ұстатпа!»
14) «Жазғы демалыста қандай қауіпсіз ережелерін ұмытпау қажетпіз»
15) «Өрт сөндіруші – ерлік маман!»
16) «Достар, біздің жас құтқарушы тобы тамаша!»
17) «Төтенше жағдайлар неге туындайды?»
18) «Достар! «Сақтансан сақтармын» деген мақалды ұмытпаңыздар!»
19) «Балалар неге төтеншеге ұшырайды?»
3. Бағалау критерийлері:
1) тақырыпты толықтай ашу (15 балл).
2) материалдың эмоционалды және қонымдылықты болуы (15 балл).
4. Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 30. Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
1-2 қате - 1 балл
3-4 қате - 2 балл
қателер 5-тен кем - 3 балл
29. Жас санитар.
1. Байқауға 2 адам қатысады, сонымен қатар команданың мүшесінің бірі статист (шартты зардап шеккен адам).
2. Конкурс билет бойынша өткізіледі. Билет 3 сұрақтан тұрады, оның ішінде 2 теориялық және 1 практикалық сұрақтар енгізілген.
3. Қатысушы мынаны білу қажет:
1) жарақат түрлері және оларды өңдеу
2) таңғыштардың түрлері және оларды салу
3) тамыр, күре тамыр және капиллярлы қан кетулерiн тоқту;
4) сынық, күйiктер, үсiрiп алу, естен тану және талуда көрсетілетін бiрiншi көмек;
5) жүрекке массаж және жасанды тыныс жасай білу;
6) зардап шегушіні тасымалдау әдістері.
4. Жауапты дайындау және тапсырманы орындау үшін берілген уақыт шектеулі – 15 минут. Егер қатысушы белгіленген уақытта үлгермесе, әр шешілмеген сұрақ дұрыс емес болып есептеледі.
5. Тапсырма баллдық есебінен кезеңнің теориялық және практикалық бөлімдері бойынша бөлек бағаланады. Теориялық (максималды 20 балл) және практикалық (максималды 15 балл) бөлімдері жиынтығы бойынша ең көп балл жинап алған қатысушылар жеңімпаз болып аталады.
30. Сардарлар сайысы.
1. Сардар сайысқа, топтың өткен оқу жылда атқарылған жұмысын таныстырады (Жас құтқарушылар тобының жылдық жұмысы (презентация) мақсаты, міндеттері, жұмыс жоспары, атқарылған жұмыстары, жұмыс нәтижелері, слайд түрінде дайындалған, көркем безендірілген есеп папкасы) ұсынады және кері қайтарылмайды.
2. Сайыс әңгімелесу түрінде өткізіледі, қазылар мүшелері топтың күнделігі, Жас құтқарушылар тобының Ережесі және «Төтенше жағдай» (қатысушы бір төтенше жағдайдың сипаттамасын береді, осы ТЖ туындағанда іс-әрекетін түсіндіреді, ҚР ТЖ министрлігінің қалыптасу тарихы туралы түсінігі болуы керек) тақырыбы бойынша сұрақ қояды.
3. Сайысты өткізген кезіңде есеп папкасы (мазмұны, сырты) – 15 баллға, әңгімелесу – 30 баллға бағаланады. Сайыстағы максималды балл саны – 45.
2) жас үгітшілер - 40;
3) жас құтқарушы - 260;
4) жас тілші - 30;
5) жас санитар - 35;
6) сардарлар сайысы - 45.
Облыстық жас құтқарушы топтарының слеті жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы топтық біріншілік болып табылады
16 12 2014
1 стр.
Облыстық жас құтқарушы топтарының слеті жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы топтық біріншілік болып табылады
16 12 2014
1 стр.
Бм әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу – тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және с
09 10 2014
1 стр.
Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ республикалық дирижерлар конкурсы (бұдан әрі Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабы 12-
05 09 2014
1 стр.
Астана қаласында ІІІ халықаралық балет әртістерінің конкурсы (бұдан әрі Конкурс) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабындағы 12-тарм
25 12 2014
1 стр.
Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) әзірленді және Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес лоторея ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметті жүзеге асырудан акциз есептеуге арналған
04 09 2014
1 стр.
Ол жас үрпактың бойында езара түсіністікті калыптастыруға және олардың әлемдік діндер уағыздайтын жалпы адамзаттык қүндылықтарды игеруіне ықпал етеді
10 09 2014
1 стр.
Дельфийлік ойындар өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәде
25 12 2014
1 стр.