Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Облыстық VIІI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарын ұйымдастыру және өткізу ережесі


  1. Жалпы ережелер

Облыстық VIII Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары (бұдан әрі – Ойындар) дарынды талантты жастарын қолдау және таныту, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан Дельфийлік ойындар өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.




  1. Ойынды өткізу тәртібі

2.1.Жыл сайын ойындар облыс орталығында (Қарағанды қ) өткізіледі. Облыстық кезеңді өткізуден бұрын іріктеу турлары қала, аудандарда өткізіледі.

2.2. Ойындардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне Ұйымдастыру комитеті жауапты.

2.3. Ойындар конкурстық бағдарлама түрінде өтеді.

Конкурстық бағдарлама төменгі номинациялар бойынша өтеді:


  • фортепиано

  • баян, аккордеон

  • ұлттық аспаптар: домбыра

  • ұлттық аспаптар:

- қыл-қобыз

- прима-қобыз



  • академиялық ән салу

  • дәстүрлі ән салу

  • эстрадалық ән салу

  • халық биі

  • классикалық биі

  • қазіргі заман биі

  • фотография

  • бейнелеу өнері

  • тележурналистика

  • поэзия

  • вэб-дизайн


Конкурстық бағдарлама екі жас санаты бойынша жүргізіледі:

Кіші топ 10-15 жас;

Үлкен топ 16-21 жас.

Академиялық ән айту:

Кіші топ 16-20 жас;

Үлкен топ 21-25 жас.

Қлассикалық биі:

Кіші топ 12-15 жас;

Үлкен топ 16-21 жас.
Конкурстық бағдарлама Бағдарламалық талаптарға сай өте (1 қосымша).

Ұйымдастыру комитеті конкурстық бағдарлама мен Бағдарламалық талаптарға өзгерістер енгізу құқығына ие.

Турлар саны қабылданған өтінімге байланысты анықталады.

Өнер көрсету реті жеребе тастау арқылы анықталады.

Номинациялар бойынша жарыстар көпшілік алдында өтеді.

Бағдарлама қазылар алқасының шешімі бойынша толығымен немесе жартылай орындалуы мүмкін.

Бағдарламалық талаптарға жауап бермейтін орындаулар мен жұмыстарға қазылар алқасы баға бермейді.
2.4. Қатысушылардың тамақтану,орналасуы мен жол-сапар шығындары жіберуші жақтан.


    1. Ойындар бағдарламасы




Күні

Іс-шара

Сағ. 09:00-10.00 дейін

Қатысушыларды тіркеу

Сағ. 10:00-10.15 дейін

Жеребе

Сағ. 10:15-10.30 дейін

Ойынның ашылу салтанаты

Сағ. 10:30-15.00 дейін

Ойынның конкурстық бағдарламасы

Сағ. 15:00-16.00 дейін

Қорытынды кезең. Лауреаттарды анықтау

Сағ. 16:00-16.30 дейін

Қатысушыларды марапаттау. Ойынның жабылу салтанаты.

Сағ. 16:30-17.00 дейін

Ойындардың қатысушылары мен қонақтарын шығарып салу




  1. Ойындарға қатысушылар

Ойындарға қатысушы ретінде топтық және жеке орындаушылар (бағдарламалық талаптарға сәйкес) қатыса алады.

Бір номинация бойынша делегациядан қатысушылар (жеке орындаушылар және ұжым) саны 2-ден аспауы тиіс. Бір орындаушы (жеке орындаушы және ұжым) бірден екі номинация түріне қатыса алмайды.

Ұйымдастырушы комитеті аймақтық делегациялар құрамына басқа да республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздарын енгізу жөнінде өтініш беру құқығына ие.

Қатысушылардың жас ерекшелігі бағдарламалық талаптарда көрсетілген жасаралық дәрежелерге қатаң түрде сәйкес болуы тиіс.

Жасаралық дәрежелерге сәйкес келмейтін тұлғалар Ойындарға қатысуға жіберілмейді.

Жасаралық талаптарын бұзу, өтініштердегі қатысушының жасын қате көрсету, жасыру, Бағдарламалық талаптарды сақтамау салдары конкурстық бағдарламаларға қатысу құқығынан ие болған жағдайда жауапкершілік қатысушыны жіберуші жағына, делегация жетекшісі мен қатысушыға жүктеледі.

Форс-мажорлық жағдайларға байланысты қатысушы Ойындарға қатыса алмайтын болса, сол жағдайды растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Бұл жағдайда ол қатысушының орнын бағдарламалық талаптарға сай болатын басқа қатысушы тұлғамен алмастыруға болады.

Өткен жылғы облыстық Дельфий ойындарының лауреаттары ойынға жіберілмейді.




  1. Делегация құрамы мен оны қабылдау шарттары

Делегация құрамына кіруі мүмкін:

1) делегация жетекшісі – жастардың Дельфийлік ойындарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты қалалық/аудандық жергілікті мемлекет органының қызметкері;

2) Ойындарға қатысушылар;

3) концертмейстерлер (егер Бағдарлама талаптарында қарастырылған болса);

4) би ұжымдарының жетекшілері;

5) ере жүретіндер (категориялар: ере жүретіндер, бұқаралық ақпарат өкілдері, ұстаздар, ата-аналары, қолдаушы топтар).



  1. Қазылар алқасы

Ойындардың байқау бағдарламасына сәйкес әр номинация бойынша қазылар алқасы құрылып, оны төраға басқарады. Қазылар алқасының құрамы облыс әкімінің орынбасарымен бекітіледі.

Қазылар алқасын төраға басқарады.

Қазылардың ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын Жауапты хатшы атқарады.

Жауапты хатшы Ойындардың жеңімпаздарын, жүлдегерлер мен дипломанттарын анықтауға қатыспайды.


  1. Ойындардың бас төрешісі

Ұйымдастыру комитеті конкурстық бағдарламалардағы даулы мәселелерді шешу үшін Ойындардың бас төрешісін бекітеді.


  1. Ойындар Қазылар алқасының басты жауапты хатшысы

Қазылар алқасы жауапты хатшыларының жұмысын үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті Ойындар қазылар алқасының басты жауапты хатшысын бекітеді.


  1. Ойындарға қатысушының сертификаты

Ойындарға қатысушыларға (жеке орындаушылар және ұжымдар, сонымен қатар ұжымның әр мүшесіне, делегация жетекшілеріне, концертмейстрлерге) Ойындарға қатысу сертификаттары табысталады.


  1. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

Қазылар алқасы конкурстық бағдарлама бойынша жеңімпаздарды анықтайды (1,2 және 3 орындар).

1 орын алған лауреаттар дипломдармен және медальдармен; 2, 3 орын алғандар – дипломдармен марапатталады.

Қазылар алқасы конкурстық бағдарламаның қатысушыларын жас айырмашылығына қарай кәсіби дарындылығы үшін әр номинация бойынша үш арнайы дипломмен марапаттай алады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.

Ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды облысының Ұлттық жастар Дельфийлік құрамасының кандидаттары болып саналады.




  1. Қатысуға өтініш

Ойындарға қатысу үшін делегацияны ұйымдастыруға жауапты жергілікті мемлекеттік органдарға VIII Ұлттық жастар Дельфийлік Ойындарына қатысуға жолданатын қалалық және аудандық жастар Дельфийлік ойындардың жеңімпаздарының аттары көрсетілген қазылар алқасының мәжілісі хаттамасының көшірмесі мен өтініш беріледі.

Ойындарға қатысу үшін қатысушылардың аттары көрсетілген өтініштер бекітілген нұсқа (2 қосымша) бойынша жазбаша және электронды түрде 2012 жылдың «23» сәуірінен кешіктірілмей берілуі тиіс.



Өтініштер делегацияны ұйымдастыруға жауапты адамымен толтырылады. Өтініш толтыру кезінде қиыншылықтар туындаса, толық кеңес алу үшін Ұйымдастырушы комитетіне хабарласу керек.


Облыстық VIІI ұлттық жастар Дельфийлік ойындарын ұйымдастыру және өткізу ережесі Жалпы ережелер

Дельфийлік ойындар өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәде

59.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық «Жас құтқарушы» топтары слетін дайындау және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныс Жалпы ережелер

Облыстық жас құтқарушы топтарының слеті жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы топтық біріншілік болып табылады

121.15kb.

16 12 2014
1 стр.


Қалалық байқауын өткізу жөнінде ереже өткізілетін уақыты

Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Астана қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында Ұлттық Дель

52.38kb.

14 12 2014
1 стр.


2011 жылы Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы

Алматы қаласында 7 қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

12.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер

Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұ

193.1kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылы Маңғыстау облысында халықтың осал топтары арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды (ШЭҚ) ұйымдастыру Қр дм «ҚР –да шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы»

Житс орталығы мен Қажб 03. 02. 2012ж. №27/15 бірлескен бұйрығы, «2012 жылы облыста аитв -инфекциясына шэқ ұйымдастыру және өткізу туралы» житс облыстық орталығының 10. 02. 2012 жыл

27.51kb.

25 12 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) әзірленді және Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес лоторея ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметті жүзеге асырудан акциз есептеуге арналған

81.63kb.

04 09 2014
1 стр.


1. Жалпы ережелер

Жастар қанаты (әріде — ЖҚ) «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің (әріде— партия) жастар ұйымы болып табылады

67.88kb.

08 10 2014
1 стр.