Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы «19» желтоқсан
№ 468 бұйрығымен бекітілген
Акциз бойынша декларацияны жасау ережелері
(410.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) әзірленді және Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес лоторея ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметті жүзеге асырудан акциз есептеуге арналған Акциз бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (410.00-нысан) және мәлімделген түсім сомасы туралы ақпаратты ашатын оған қосымшадан (410.01-нысан) тұрады.
3. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз түрінде – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электронды түрде – Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөз толтырылмайды.
6. Қосымшада көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді.
7. Тиісті қосымшада ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымша міндетті түрде толтыруға жатады.
8. Қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Қосымшаның осындай парағы толтырылады.
9. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
10. Декларацияны беру кезінде:
1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) салық төлеуші хабарламаны почта арқылы хабарламалы тапсырысты хатпен қағаз түрінде почта немесе өзгелей байланыс ұйымы арқылы алады;
3) салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес электронды түрде - салық төлеуші Декларация беру туралы хабарламаны (растауды) электронды түрде алады.
11. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Акциз бойынша декларация жасау - 410.00 нысаны
12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) салық кезеңі - Декларация берілетін есепті салық кезеңі(араб сандарымен көрсетіледі). Акциз бойынша күнтізбелік ай есепті салық кезеңі болып табылады. Егер ай нөмірінде екі белгіден аз болса, онда ол оң торкөзде көрсетіледі;
3) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы көрсетіледі;
4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрлерінің коды және олардың үлес салмағы көрсетіледі.
ЭҚЖЖ ұяшықтарында ЭҚЖЖ кодтары (бес белгіге дейін) ұйым қызметінің түрлері бойынша олардың үлес салмағының кему тәртібімен көрсетілуі тиіс. «Үлес салмағы, %» ұяшықтарында осы қызмет түрінің үлес салмағын (бір ондық белгімен) көрсету қажет (осы ұяшықтардың сомасы 100 %-ке тең болуы міндетті емес).
ЭҚЖЖ үлес салмағын есептеу үшін салық төлеуші соңғы есепті тоқсан үшін №1-ӨН (тоқсандық) мемлекеттік статистикалық есептілігінің (бұдан әрі - МСЕ) І-бөлімінің («Өнім») 100-жолында көрсететін деректерді пайдалану қажет. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100 жол бойынша 3 бағанның деректеріне 100 жолдың сәйкес бағаны деректерінің қатынасы ретінде айқындалады.
Мысалы, қызметінің негізгі түрі ғимараттар құрылысы болып табылатын ұйым (ЭҚЖЖ коды 45211), №1-ӨН (тоқсандық) есептің І бөлімінің 100 жолында мынадай деректерді көрсетті:
1-кесте
Көрсеткіштердің атауы
|
Жол коды
|
Есепті кезең үшін барлығы
|
оның ішінде:
|
Қызметтің негізгі түрі
|
қосалқы (басқа да) қызмет түрлері
|
сауда
|
аңшылық
|
жарнама
|
балық аулау
|
балық өсіру
|
5010
|
01500
|
74400
|
05010
|
05020
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Өндірілген өнімдердің (тауарлар, қызмет көрсетулердің) көлемі, мың теңге
|
100
|
250 000,0
|
150 000,0
|
50 000,0
|
35 000,0
|
5 000,0
|
2 000,0
|
1 000,0
|
Онда ЭҚЖЖ бойынша мәліметтер кестесі мынадай түрде болады:
-
ЭҚЖЖ
|
Үлес
Салмағы, %
|
45211
|
60,0
|
5010
|
20,0
|
01500
|
14,0
|
бұл ретте, мысалы құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (1-кестенің 4-бағаны) / 250 000,0 (1-кестенің 3-бағаны) * 100 ретінде есептелген. Қалған ЭҚЖЖ кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.
№ 2–ШК нысанының МСЕ тапсыратын заңды тұлға - шағын кәсіпкерлік субъектілері ЭҚЖЖ бойынша мәліметтерді және соңғы есепті тоқсан үшін 2–ШК (тоқсандық) нысанының 2–бөлімінің («Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) шығару және оларды өндіру үшін шығыстар туралы мәліметтер») 100–107-жолдарының деректерін негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген тәсілмен толтырады.
Егер ұйым бұрын № 1-ӨН немесе 2–ШК нысандарының есептілігін тапсырмаса, онда тек ғана негізгі қызметтің ЭҚЖЖ кодын толтыруы қажет;
5) декларацияның түрі. Бұл торкөздерге Салық кодексінің 69 және 71-баптарына сәйкес белгі қойылады. Декларацияның түріне қатысты тиісті торкөзге белгі қойылады.
«Бастапқы» торкөзі егер Декларацияны салық төлеуші лотерея ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыра бастағаннан кейін бірінші рет берген жағдайда белгіленеді.
«Кезекті» торкөзі кейінгі Декларацияларды беру кезінде белгіленеді.
«Қосымша» торкөзі осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша Декларация беру арқылы бұрын тапсырылған Декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде белгіленеді.
«Хабарлама бойынша» торкөзі, егер салық төлеуші бұрын көрсетілген Декларацияға оның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететін Салық кодексінің 31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында көзделген хабарлама алған жағдайда белгіленеді. Бұл жағдайда салық төлеуші «Хабарлама бойынша» және «Қосымша» тор көздері бір уақытта белгілейді.
«Тарату» торкөзі Салық органына берілетін соңғы декларацияда салық төлеушіні тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер хабарлама бойынша қосымша декларацияны тапсырған жағдайда толтырылады;
7) валюта коды. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталар жіктеушісі» 10-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
8) ұсынылған қосымшалар. Ұсынылған қосымшалардың торкөздері белгіленеді;
9) лотерея билеттерін шығаруды тіркеу күні. Лотерея билеттерін шығаруды тіркеу күні көрсетіледі;
13. «Акцизді есептеу» бөлімінде:
1) 410.00.001 жолына 410.01.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
2) 410.00.002 жолында жүлделік қордың сомасы көрсетіледі;
3) 410.00.003 жолында оған акциздің сомасын қоспастан, Салық кодексінің 261-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық базасы көрсетіледі;
4) 410.00.004 жолында акциздің белгіленген ставкасы көрсетіледі;
5) 410.00.005 жолында Салық кодексінің 269-бабына сәйкес есептелген акциздің сомасы көрсетіледі.
14. Салық төлеушінің жауапкершілігі бөлімінде:
1) «басшының (салық төлеушінің) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға өткізетін болса, жолда «Салық төлеушінің аты-жөні» деген жол болуы керек, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) «бас бухгалтердің аты-жөні» жолында бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
3) «декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Қағаз тасығыштағы Декларацияға салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қоюы керек, сондай-ақ салық төлеушінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады. Декларация электронды түрде жасалған кезде электронды құжат Салық кодексінің 69-бабына сәйкес салық төлеушінің электронды цифрлық қолымен расталуға тиіс;
4) декларацияны беру күні. Декларацияны берудің ағымдағы күні көрсетіледі;
5) салық органының коды. Қазақстан Республикасы Кіріс министрінің м.а. 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесіне «Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандарының кодтары» Анықтамасы» 18-қосымшаға сәйкес, Салық кодексінің ережелеріне сәйкес берілген Декларация акциз төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
3. Мәлімделген түсім - 410.01 нысанын жасау
15. 410.01 нысаны есепті салық кезеңі ішінде сатуға шығарылған лоторея билеттерін тіркеу кезінде мәлімделген түсімнің сомасын көрсетуге арналған.
16. «Мәлімделген түсім» бөлімі бес бағаннан тұрады:
1) А бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында лотореялардың түрі және атауы көрсетіледі;
3) С бағанында жіберілген лоторея билеттерінің саны көрсетіледі;
4) D бағанында бір билеттің өткізу құны көрсетіледі;
5) Е бағанында мәлімделген түсімнің жалпы сомасы көрсетіледі.
Е бағанының жиынтық жолында осы бағанның келесі жолының шамасы жинақталады.
Е бағанының жиынтық шамасы 410.00.001 жолына көшіріледі.
17. «Осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі және оның қолы қойылады.