Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Әдістемелік бірлестік туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер.

Әдістемелік бірлестік білім мекмесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу – тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.

Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрғымен жүзеге асырылады.

Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.




  1. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары.

Әдістемелік бірлестік төмендегідейміндеттерді шешу үшін құрылады:



    • Пән бойынша оқу – тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;

    • Сабақ беру әдістемесін жетілдіру;

    • Мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;

    • Педагогикалық эксперименттерді жүргізу.


Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

  • Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық экспериментерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;

  • Оқу - әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек стол, кеңестер, семинарлар, т.б;

  • Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктің отырыстары;

  • Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс – шаралар;

  • Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;

  • Озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу – тәрбие процесіне енгізу;

  • Пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;

  • Өзара сабаққа ену;

  • Оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау;


Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:


  • Пәнлер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;

  • Оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу; оқу бағдарламаларынағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;

  • Оқу - әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;

  • Пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс – шаралар өткізу;

  • Пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау;

  • Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;

  • Оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;

  • Оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;

  • Пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.




  1. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы.

Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған төраға басқарады. Төрағаны БМ директоры тағайындайды.

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.

Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар әдістемелік төрағасының қолымен бекітіледі.




  1. Әдістемелік бірлестіктің құжаттары.

      1. Әб төрағасын тағайындау туралы бұйрық.

      2. ӘБ туралы ереже.

      3. Өткен оқу жылының жұмысын талдау.

      4. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері.

      5. ӘБ жаңа оқуу жылына арналған жұмыс жоспары.

      6. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.

      7. ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.

      8. ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін көтеру кестесі.

      9. ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары.

      10. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс – шаралар өткізу кестесі.

      11. Оқу бағдарламалары.

      12. Пән апталықтарының жоспары.

      13. Жас маманмен жұмыс жоспары.

      14. Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.

      15. Мектепішілік бақылау (анықтамалар, диагностика).

      16. ӘБ отырыстарының хаттамалары.




  1. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары.


Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:

        • Мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;

        • Мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;

        • ӘБ – те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;

        • Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу м\әселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес сұрауға;

        • Мұғалімдерің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;

        • ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға;




  1. Әджістемелік бірлестік қызметін бақылау.


Әдістемелік бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Әдістемелік бірлестік туралы ереже жалпы ережелер

Бм әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу – тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және с

40.05kb.

09 10 2014
1 стр.


1. жалпы ережелер нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон»

Нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон» олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сонымен қатар жеңімпаздарды анықтау ережелерін айқындайды

47.57kb.

13 10 2014
1 стр.


«Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауын өткізу туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013»

Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауының өткізілу міндеттері мен тәртібін анықтайды

48.56kb.

12 10 2014
1 стр.


«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер

Аппарат облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады

82.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже Жалпы ережелер

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Ақпарат және мұрағат комитетi, Тiл комитетi

174.81kb.

23 09 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн

575.42kb.

25 12 2014
3 стр.


Ереже кафедра меңгерушісі лауазымына конкурстық тағайындау туралы Жалпы бөлімі
41.49kb.

12 10 2014
1 стр.


Облыстық «Жас құтқарушы» топтары слетін дайындау және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныс Жалпы ережелер

Облыстық жас құтқарушы топтарының слеті жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы топтық біріншілік болып табылады

121.15kb.

16 12 2014
1 стр.