БҚО ББ 2013 жылғы
______қаңтардағы
№ ______бұйрығына
1-ші қосымша
Облыстық «Жас құтқарушы» топтары слетін
дайындау және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныс
-
Жалпы ережелер
-
Облыстық жас құтқарушы топтарының слеті жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы топтық біріншілік болып табылады.
-
Жас құтқарушы слетінің мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқушылар арасында балалар мен жасөспірімдер төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, олардың өмірдегі қауіпсіздік жағдайлары, дене және психологиялық дайындығы жөніндегі білім деңгейлерін көтеру, құтқарушы мамандығын насихаттау.
-
Жас құтқарушы топтары слетінің міндеті:
-
жас ұрпақтың дене дамуына және моральды-психологиялық жетілуіне, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау және практикалық дағдырларын қалыптастыруға;
-
балалар мен жастарды төтенше жағдайлардағы қозғалыстарда өзіндік және қарым-қатынас арқылы қарсы бағытталған спорттың қолданбалы түрлеріне тарту;
-
азаматтық қорғаныс негіздері бойынша білімді игерту.
4. Жас құтқарушы топтарының слетін Облыстық білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырып өткізеді.
5. Жас құтқарушылардың аумақтық (аудандық, қалалық, облыстық) слеттары осы әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізіледі.
-
Жас құтқарушы топтары слетін ұйымдастырып, өткізу
6. Жас құтқарушы топтары слетінің әзірлігін, жалпы басшылықты облыстық Білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
7. Ұйымдастыру комитетінің құрамына осы әдістемелік ұсыныстың 4 пунктінде көрсетілген мүдделі адамдардың ұсыныстары бойынша құрастырылады.
8. Жас құтқарушылар слеті жыл сайын өткізіледі. Кезекті слеттің өткізу орны мен уақыты облыстық Білім басқармасы мен ТЖ департаменттің ұсынысы негізінде ұйымдастыру комитетімен анықталады.
9. Жас құтқарушылардың слетін өткізуі тікелей облыстық Білім басқармасының және ТЖ департаменттің бастық орынбасарлары, сонымен қатар Орал қаласының Білім бөлімінің, Орал қаласының ТЖ басқармасының басшы құрамы және аудандық Білім бөлімдері мен ТЖ бөлімдерінің басшылары басқарып қалыптастыратын жұмыс тобына жүктеледі.
10. Барлық таласты және форс-мажор жағдайларды шешу үшін жұмыс тобымен апелляциялық комиссия құрылады.
11. Байқау тапсырмалары мен билеттерін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті дайындайды және ұйымдастыру комитетімен бекітеді. Билеттер ұйымдастыру комитетінің төрағасымен сүргі соғып конвертке салынады, әр байқаудың тура алдында ашылады.
12. Жас құтқарушылар слетінің қорытындысын шығару ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
-
Жарысқа қатысушылар
13. «Жас құтқарушы» топтары слетіне - осы аталған слеттің аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаз - топтары қатысады.
14. Топ - жас құтқарушы топтары слеті өткізілетін кезде 8-11 сынып (14-17 жас) аралығындағы ерікті балалар тобы болып, орта жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушыларынан құралады.
15. Топ құрамы 10 адамнан кем болмауы керек, соның ішінде:
1) топ сардары (басшысы) - 1 адам
2) топ басшысының көмекшісі - 1 адам
3) үгіт-насихаттаушылар - 3 адам
4) алғашқы көмек көрсетушілер - 2 адам
5) спорттық дайындық жетекшілері - 2 адам
6) хатшы - 1 адам.
16. Топты екі жетекші: 1-сі білім беру бөлімінен, 2-сі төтенше жағдайлар бөлімінен жетелейді.
17. «Жас құтқарушы» топтары слетіне қатысушы топтар 2013 жылғы 1-сәуірден кешіктірмей Білім басқармасына (213 бөлме) ақпарат берулері керек. Ақпарат уақытында берілмеген немесе осы Ереженің талаптарын сақтамаған жағдайларда ұйымдастыру комитеті ол топты аталмыш слетке қатысудан шектеуге шешім қабылдау құқығы беріледі.
18. Жас құтқарушы топтары слетіне қатысушы топ келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
-
білім беру ұйымы және төтенше жағдайлар бөлімімен шандандырылған жарысқа қатысуға тапсырыс;
-
туу туралы куәліктің ксерокөшірмесі;
-
дәрігермен шандандырылған жарысқа қатысушылардың атаулы анықтамасы (әр қатысушыға бөлек);
-
егілу сертификаты немесе профилактикалық егілу анықтамасының ксерокөшірмесі;
-
аймақтық мемсанэпиднадзор орталығынан инфекциялық аурулармен байланысы жоқтығы туралы анықтама;
-
балалардың жарақатының алдын - алу жұмыстарын ұйымдастырғандығы және аумақтық жас құтқарушы топтары слетінің өткізілгендігі туралы білім және төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшыларымен шандандырылған ақпараттық анықтама;
7) жас құтқарушы слетінің өткізілу орнына орналасқан соң, жауапты тұлғадан, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу қажет.
19. топтар тапсырған құжаттарда немесе жарысқа қатысушылардың жастарында сәйкессіздік анықталса, топтар жарысқа байқаудан тыс қатысады.
-
Жас құтқарушы топтарының атрибуттары
-
Жас құтқарушы тобының әр мүшесінде болуы керек:
медициналық аптечка.
-
Киім формалары:
-
қара көк куртка, шалбар (белденше), қызғылт сары түсті берет, куртканың сол жақ жеңінде шеврон.
-
топ жетекшісінің сол жақ жеңіндегі шевронның жоғарында бір үлкен алтын түсті жұлдыз болуы керек.
-
Топтың барлық мүшелерінде спорт киімдер болуы тиіс.
5. Жас құтқарушылар слетінің бағдарламасы
23. Слеттің бағдарламасы 6 байқаудан тұрады:
1) төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі
2) жас үгітшілер
3) жас құтқарушы
4) жас тілші
5) жас санитар
6) сардарлар сайысы
6. Жас құтқарушылар слетін өткізу шарты
-
Саптық байқау:
1. Жас құтқарушылар тобы саптық дайындығын келесі тәртіппен көрсетеді:
1) топ колоннаға екі адамнан саптық қадаммен сөз айтып әнмен шығады;
2) «Тараңдар!», «Бір сапқа тұр!», «Сап бойынша санал!» командалары;
3) Сардардың баянаты: «Қазылар төрағасы мырза! … қаласының (ауданының) жас құтқарушылар тобы саптық байқауына тұрғызылды! Топ сардары – (аты-жөні)». Сардар әділқазылар төрағасымен бірге тұрады. Әділ қазы төрағасы жас құтқарушылармен амандасады: «Сәлеметсіздер ме, жас құтқарушылар!». Топ жауап қайтарады: Сәлеметсіз бе!». Төрағасы «Еркін тұр!» командасын береді. Сардар команданы қайталайды. Төрағасы: «Сардар сапқа тұр!». Сардар: «Сапқа тұрдым!»;
4) сапты қайтадан 3 сапқа түзу тұр, бір орында бұрылу;
5) салтанатты марш.
25. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі.
1. Топ барлық құрамында төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелері бойынша билеттерді шешеді.
2. Билеттерде төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелері бойынша сұрақтар енгізілген. Әр билетте 8 сұрақ, дұрыс жауап үшін 5 балл есепке шығарылады (максималды балл саны - 40). Сыныпқа топтын орташа баллы кіреді.
3. Билет шешу үшін 15 минут уақыт беріледі.
26. Жас насихаттаушылар.
1. Осы байқау плакаттарды таныстыру рәсімі түрінде (таныстыру рәсімінің мультимедиялық қостауымен өткізгенде 3 балл қосылады) өткізіледі.
2. Команда қатысушылары байқауға алдын ала А1 (өзге форматтағы плакаттар байқаудан шығарылады) форматында ватман қағазында дайындалған плакат (немесе слайд таныстыру рәсімін) таныстырады. Плакаттын кері жағында ауданның атауы болу қажет.
3. Мәтін плакаттың тақырыбын көрсетіп, қысқа мазмұнын қамтып, жинақты – үндеу немесе девиз түрінде болуы қажет.
4. Плакатты таныстыру рәсімі команда қатысушыларының көркем өнерпаздық құралдарымен (агитбригада, мюзикл және т.б.) өткізіледі, көрсетілімнің уақыты 5 минуттан аспау керек. Алдын-ала жазылып қойған фонограмманы пайдалануына тиім салынады, қатысушылардың бәрі рөлдерін тек қана өз дауысымен айту қажет. Көрсетілімнің сценарийі бастырылған түрінде байқаудың алдында әділқазыларға тапсырылады.
5. Байқау келесі критерийлер бойынша бағаланады:
1) плакат (слайд) бойынша – плакаттың тақырыбы мазмұнына сәйкестігі, плакаттың мазмұның бейнелеп көрсетуінде кәсіптік деңгейі, композициялық сауаттылығы мен плакаттың аяқталуы;
2) плакат (слайд) қорғау бойынша – команданың шығармашылық бастамашылдығымен орындалуы, материалды ұсыну шеберлігі, ән және тақпақты пайдалануы, музыкалық ресімдеуі.
6. Плакат (слайд) ресімдеуі және оны қорғауы судьялар бригадасының барлығымен 20 балдық жүйесімен бағаланады, нәтижелерін жинақтап, орта балл шығарылады. Максималды балл саны – 40.
27. Жас құтқарушы.
1. Байқауға 4 (3+1) құтқарушы қатысады. Сынаққа 4 кезеңнің жалпы балл жинағы кіреді. Каска, қолғап, жіп, карабин, сақтандыру жүйелерін байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.
2. Байқау 4 кезеңде өткізіледі: түйінді өру, жазықтық-аспалы өткел, маятник, жауынгерлік қанат жаю.
Әр қатысушы төрешінің карточкасында белгіленген түйінді өреді («тіке», «булинь», «жұлып алушы», «өткізгіш сегіз», «үзеңгі»). Барлық түйіндер төрешінің жібіне өріледі.
Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
бақылау түйіннің жоқтығы - 1
түйін қате өрілді - 1
түйінді білмеу - 3
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 20.
-
екінші кезең «Жазықтық-аспалы өткел».
Өткелдің ұзындығы 20 м. кем емес, биіктігі ылдидың бұрышысыз 3 м кем емес, кезең байқаудың ұйымдастырушыларымен жабдықталады. Қатысушыларға түймелеу, ағыту, тартылу кезінде көмек көрсетілуіне рұқсат етіледі. Әр қатысушы бақылау сызыққа баспай белдік карабинмен түймелеп, карабинның муфтасын судьяның тартылған жібіне бұрады. Аспалы өткелден өткеннен соң тағы да бақылау сызыққа баспай карабиннен ағытылу қажет.
Айыппұл опайлар мыналарға есептеледі:
бақылау сызыққа басу - 3
карабинның муфтасын бұралмаған - 3
кезеңде екі адам - 5
жабдықты жоғалту - 5
құлап түсу - 10
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 100.
-
үшінші кезең «Маятник».
Жіп 3 м биіктікке байлап қойылып, қатысушыларға шартты аяқ өткелден өту кезінде қалдырылған локальды ілмекке түймелену қажет. Аяқ өткелдін шегі бақылау сызық болып табылады. Қатысушыларға оларды секіріп өту қажет. Кезеңді біртіндеп өтеді.
Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
бақылау сызыққа басу - 2
жерге тию - 2
карабинның муфтасын бұралмаған - 2
жабдықты жоғалту - 4
құлап түсу - 8
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 60.
-
төртінші кезең «Жауынгерлік қанат жаю»
Жауынгерлік қанат жаю бойынша байқау тегіс алаңда жүргізіледі. Арақашықтықтың ұзындығы 60 м. Сөре сызығынан (Сөре сызығы қозғалыс барысында қалқанның ортасына, оның алдына және оң жағына безендіріледі) 10 м қашықтықта өрт-техникалық жабдықтары салынған өлшемі 2 х 2 м ағаш төсем орынатылады. Құрал-сайманды салу кезінде қалқанның барлық бастары айырылып тұру қажет, тістер арасындағы аралығы 0,5 см кем емес болуы керек. Жинаққа 75-77 мм диаметрі 2 резеңкеленген жең, 51 мм диаметрі 2 резеңкеленген жең, үш бағыттағы қанат жаю кіреді. АЦ өрт сөндіру автокөлігі түсеудің оң жағында орналасады.
Спорттық киім киген құрамы 6 адамнан тұратын команда старт сызығына сапқа тұрғызылады, судья дабыл берген кезде төсемге жүгіріп АЦ өрт сөндіру автомобильімен магистральдық линияны қосады, магистральды және екі жұмыс жең сызықтарын салады, бұтақтар арқылы екі бағана беріледі. Бағанашылар шектеу сызығына дейінгі межеде тұрады (қалқанның ортасынан 45 м).
Бағанашылар шектеу сызығына дейінгі межеге жүгіргенде ғана жаттығудың орындалғаны есептеледі.
Команда спорттық «Жауынгерлік қанат жаю» түрін орындаған кезінде келесі жағдайларда команда ойыннан шығарылады:
- екі жалған сөре жіберсе
- жеңдерді өзара алдын-ала жалғаса
- жабдықтар мен құрал-сайманды қалқанның шетіне орналастырса
- судьяның шақыру ынан сөреге дейінгі дайындық уақыты (5 минут) асып кетсе
- бөлек сөреге тиім салынады.
Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 80.
28. Жас тілші.
1. Қатысушы таңдаған билеттің тапсырмасына сәйкес ұсынылған тақырыбы бойынша 30 минут ішінде мақала жазу қажет.
2. «Жас тілші» байқауының тақырып тізімі:
1) «Үлкендер! Біз сіздерге үндейміз!»
2) «Барлығы неден басталды: ТЖ қызметінің қалыптасуы мен дамуы»
3) «Маманы – құтқарушы!»
4) «Мен де өскенде құтқарушы боламын!»
5) «Қауіпсіз ережелерің сақтау - әр адамның қауіпсіздік кепілі!»
6) «Жас құтқарушы топтар слетінде мен жаңа достарды таптым туралы»
7) «Сыздаудан айқаламайсын, егер қауіпсіз ережелерін сақтасаң!»
8) «Су өте қатерлі– оны әрқашан да ұмытпа!»
9) «Өрт қауіпсіз ережелерін әрқашан да әрдайым мен сақтаймын да орындаймын!»
10) «Неге мен жас құтқарушымын»
11) «Жас құтқарушы – мақтанышпен айтамын!»
12) «Жарақатталмау үшін абай болуымыз керек!»
13) «Қауіпті құрт-құмырсқалар! Таскенеге өз өзіңді ұстатпа!»
14) «Жазғы демалыста қандай қауіпсіз ережелерін ұмытпау қажетпіз»
15) «Өрт сөндіруші – ерлік маман!»
16) «Достар, біздің жас құтқарушы тобы тамаша!»
17) «Төтенше жағдайлар неге туындайды?»
18) «Достар! «Сақтансан сақтармын» деген мақалды ұмытпаңыздар!»
19) «Балалар неге төтеншеге ұшырайды?»
3. Бағалау критерийлері:
1) тақырыпты толықтай ашу (15 балл).
2) материалдың эмоционалды және қонымдылықты болуы (15 балл).
4. Кезеңнің ең жоғарғы балл саны – 30. Айыппұл ұпайлар мыналарға есептеледі:
1-2 қате - 1 балл
3-4 қате - 2 балл
қателер 5-тен кем - 3 балл
29. Жас санитар.
1. Байқауға 2 адам қатысады, сонымен қатар команданың мүшесінің бірі статист (шартты зардап шеккен адам).
2. Конкурс билет бойынша өткізіледі. Билет 3 сұрақтан тұрады, оның ішінде 2 теориялық және 1 практикалық сұрақтар енгізілген.
3. Қатысушы мынаны білу қажет:
1) жарақат түрлері және оларды өңдеу
2) таңғыштардың түрлері және оларды салу
3) тамыр, күре тамыр және капиллярлы қан кетулерiн тоқту;
4) сынық, күйiктер, үсiрiп алу, естен тану және талуда көрсетілетін бiрiншi көмек;
5) жүрекке массаж және жасанды тыныс жасай білу;
6) зардап шегушіні тасымалдау әдістері.
4. Жауапты дайындау және тапсырманы орындау үшін берілген уақыт шектеулі – 15 минут. Егер қатысушы белгіленген уақытта үлгермесе, әр шешілмеген сұрақ дұрыс емес болып есептеледі.
5. Тапсырма баллдық есебінен кезеңнің теориялық және практикалық бөлімдері бойынша бөлек бағаланады. Теориялық (максималды 20 балл) және практикалық (максималды 15 балл) бөлімдері жиынтығы бойынша ең көп балл жинап алған қатысушылар жеңімпаз болып аталады.
30. Сардарлар сайысы.
1. Сардар сайысқа, топтың өткен оқу жылда атқарылған жұмысын таныстырады (Жас құтқарушылар тобының жылдық жұмысы (презентация) мақсаты, міндеттері, жұмыс жоспары, атқарылған жұмыстары, жұмыс нәтижелері, слайд түрінде дайындалған, көркем безендірілген есеп папкасы) ұсынады және кері қайтарылмайды.
2. Сайыс әңгімелесу түрінде өткізіледі, қазылар мүшелері топтың күнделігі, Жас құтқарушылар тобының Ережесі және «Төтенше жағдай» (қатысушы бір төтенше жағдайдың сипаттамасын береді, осы ТЖ туындағанда іс-әрекетін түсіндіреді, ҚР ТЖ министрлігінің қалыптасу тарихы туралы түсінігі болуы керек) тақырыбы бойынша сұрақ қояды.
3. Сайысты өткізген кезіңде есеп папкасы (мазмұны, сырты) – 15 баллға, әңгімелесу – 30 баллға бағаланады. Сайыстағы максималды балл саны – 45.
-
Нәтижесін анықтау
-
Аралық қорытындыны төрешілер алқасы шығарады, оны ұйымдастыру комитеті бекітеді және әр байқаудан кейін хабарлайды.
-
Жас құтқарушы топтары слетін ұйымдастыру комитеті қорытындылайды.
-
Қорытынды нәтижелері жарыстың әр түрінен жинаған ұпайларын санау жолымен анықталады. Жинаған ұпайлары тең түскен жағдайда артықшылық «Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі» конкурсында үздік нәтиже көрсеткен топқа беріледі.
-
Слетта көп ұпай жинаған 3 Жас құтқарушы топтары жеңімпаз аталады.
-
Конкурстар бойынша жоғарғы ұпай төмендегіше есептеледі:
1) Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережесінің білгірі - 40;
2) жас үгітшілер - 40;
3) жас құтқарушы - 260;
4) жас тілші - 30;
5) жас санитар - 35;
6) сардарлар сайысы - 45.
Барлығы: 450 балл.
-
Жүлдегерлерді марапаттау
36. Жеңімпаз топтар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
37. Ұйымдастыру комитеті Жас құтқарушылар слеттің қатысушыларына қосымша ынталандыру жүлделерін ұсынуы құқығы бар.