Облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және
әскери-спорттық ойын өткізу туралы
Білім басқармасы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасында патриоттық қозғалыстардың баршаға танылымдылығын және кеңейуін әрі қарай арттыру, әскери қызметтің абыройын көтеру бойынша, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін одан әрі жетілдіру және өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуге даярлау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. 2013 жылғы 19-20 сәуір аралығында Орал қаласының №10 ЖОББМ спорт кешенінде облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық ойыны өткізілсін (одан әрі - Ойын).
2.Облыстық әскери-спорттық ойынының ережесі, ұйымдастыру комитетінің құрамы, қазылар алқасының құрамы, шығындар сметасы бекітілсін (1,2,3,4 – қосымшалар).
3. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері ойынның аудандық (қалалық) кезеңдерінің өтуін қамтамасыз етсін.
4. Орал қаласының білім бөлімінің меңгерушісі (Ж.Төремұратова) патриоттық және әскери-спорттық ойынын өткізуіне барлық қолайлы жағдай туғызсын.
5. Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы (А.Қожанғалиев) аталған шараны сметаға сай қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма бастығының орынбасары Р.Хамзаға жүктелсін.
Басқарма бастығы А.Мыңбаева
БҚО ББ 2013 жылғы
______сәуірдегі
№ ______бұйрығына
1-ші қосымша
«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның
облыстық кезеңінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: оқушылар бойында Отанына беріктігін, азаматтық борышын өтеуге, конституциялық міндетін орындауға даярлығын және жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру.
Міндеті:
- жасөспірімдердің интеллектуалдық, мәдениеттік және адамгершілік дамуы, бейбітшілікке және азаматтық міндеттерін орындауға қабілетті Отанының патриот – азаматын тәрбиелеу;
- ойын жаттығу негізінде дербестікті күшейту, төтенше жағдайларда іс-әрекет етуге қажетті қасиеттерді қалыптастыру;
- әскери-патриоттық (әскери-спорттық, әскери-техникалық) клубтар мен қоғамдық бірлестіктер (әрі қарай – Клуб) арасында достық қарым-қатынасты орнату, әскери қолданбалы спорт түрлерін даму, салауатты өмір салтын насихаттау;
- аудандарда, қалаларда жасөспірімдер арасында жүргізілетін әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру;
- үздік команданы анықтау.
2. Қатысушылар және оларға қойылған шарттар:
Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына 14-17 жасқа дейінгі оқушылар қатысады. Әр команданың құрамына 8 адам және әскери клуб жетекшісі кіреді.
Жарысқа қатысушыларда өзімен бірге келесі құжаттар болуы керек: жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі), мектептен анықтама фотосуретімен және мекеменің мөрімен, денсаулығы туралы медициналық анықтама.
Әр командада Клубтың туы болуы қажет (120x70 көлеміндегі матадан).
Команда жетекшілері Ұйымдастырушы комитетке және қазылар алқасына келесі құжаттарды тапсыру керек: аудандық/қалалық әскери спорттық «Жас Ұлан» ойынының финалы туралы қорытындысының Бұйрығы (көшірмесі), аудандық әскери спорттық «Жас Ұлан» ойыны хаттамасының көшірмесі, қауіпсіздік техникасының нұсқамалық есептейтін журналы, іссапар куәлігі.
Қатысушылардың өміріне, денсаулығына, қоғамдық тәртіпті сақтауына команда жетекшісі жауапты.
Әр қатысушының келесі киімдері болуы қажет:
Салтанатты: бас киім, китель және шалбар, белбеулік қайыс, аксельбант (егер болса), қара түсті аяқ киім.
Далалық киім: бас киім, футболка, кеудеше және шалбар камуфляж түсті, белбеулік қайыс, қара түсті ұзын қонышты бәтеңке.
Спорттық: костюм, футболка, аяқ киім.
Әр командада медициналық үлгіге сай санитар сөмкесі болуы керек.
3. Ойын бағдарламасы:
Саптық даярлық: командалар саптық әдістерін және ұжымдық іс-қимылдарын қарусыз көрсетеді (сапқа тұру, бір орында және қозғалыста айналу, әскери амандасуды орындау, саптан шығу және қайта сапқа тұру).
Бөлімше құрамындағы үйлесімділік, бөлімшенің сап түзеуі, салтанатты түрінде команданың өтуі, саптық әнін орындау, командирдің сапты басқару икемі бағаланады.
Атыс даярлығы:
1) пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы: қатысушылар – 4, нысана – «П», нысанаға дейінгі қашықтық 10 метр, патрон саны – 6(3 дайындыққа және 3 есепке), орындау уақыты шектелмеген. Норматив көрсеткіштерімен бағаланады.
2) нормативті орындау «АК-74 бөлшектеу және жинақтау»: қатысушылар саны – 2.
Жеңімпаз (қатысушы және команда) нормативті орындау кезінде пайдаланған ең аз уақыты бойынша анықталады. Әр қатысушының пайдаланған уақыты ортақ бір сомаға есептеліп жалпы команда көрсеткіші анықталады.
3) нормативті орындау «АК-74 Жабдық қорабы»: қатысушылар саны – 2.
Жеңімпаз (қатысушы және команда) нормативті орындау кезінде пайдаланған ең аз уақыты бойынша анықталады. Әр қатысушының пайдаланған уақыты ортақ бір сомаға есептеліп жалпы команда көрсеткіші анықталады.
Әскери кросс: команданың барлық мүшелері қатысады. Киім түрі – далалық және спорттық аяқ киім. Кросс қашықтығы – 2000 м., екі учаскеге бөлінген (старт, 1000 м. жүгіру, гранат лақтыру, 500 м. жүгіру, пневматикалық винтовкадан ату, мәре).
Көрсеткіштер уақытқа, орындау сапасына сай бағаланады.
Кермеге тартылу: команданың барлық мүшелері қатысады. Көрсеткіштер жеке және командалық есеп бойынша анықталады.
Тосын сый: команданың барлық мүшелері қатысады, берілген хатты ашып жаттығу орындайды.
Командамен таныстыру презентациясы: еркін әдеби түрде командалар туған жерін, әдет-ғұрпын, назар аударарлық орындарын, өздерінің клуб (бірлестік) жұмысымен таныстырады. Ұзақтылығы – 10 мин. (одан көп берілмейді). Клуб туралы жасалған слайд жұмыстарын альбом ретінде тапсырады және кері қайтарылмайды.
4. Қаржыландыру
Қатысушыларды іс - сапарына байланысты жолдағы шығындарын, қатысушыларды тамақтандыру, орналастыру шығындарын (ережеге сәйкес) жарысқа жіберуші мекеме қаржыландырады.
Жүлделі орын, сонымен қатар, (саптық даярлық, атыстан, әскери кросс, кермеге тартылу, тосын сый, презентация, үздік әскери жаттықтырушы) аталымдарымен марапатталады. Жеңімпаздарды дипломдар мен және бағалы сыйлықтармен марапаттау білім басқармасы көтереді.
БҚО ББ 2013 жылғы
______сәуірдегі
№ ______бұйрығына
2-ші қосымша
Облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық
ойынының ұйымдастыру комитетінің құрамы
Хамза. Р. О. – Білім басқармасы бастығының орынбасары,
ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
Алтаяқов Б.Ж. - БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әскерден тыс
даярлау бөлімшесінің бастығы, ұйымдастыру комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Батырғалиева Л.Қ.– Білім басқармасының қосымша білімді дамыту
және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, ұйымдастыру
комитеті төрағасының орынбасары;
Губашова. А.Е. - Білім басқармасының қосымша білімді дамыту және тәрбие
жұмысы бөлімінің жетекші маманы;
Қожанғалиев А.Т. - Облыстық «Өркен» қосымша білім беру
орталығының директоры;
Губайдуллин Н.А. – Облыстық «Өркен» қосымша білім беру
орталығының әдіскері;
Қуанов А.Ж. – Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің АӘД, дене шынықтыру пәндерінің әдіскері.
БҚО ББ 2013 жылғы
______сәуірдегі
№ ______бұйрығына
3-ші қосымша
Облыстық «Жас Ұлан» патриоттық және әскери-спорттық
ойынының қазылар алқасының құрамы
Қосдаулетов С. – бас төреші, Орал қаласының М.Маметова атындағы №27
лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
Нығметов.Б - бас хатшы, Қазақ-түрік лицейінің алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі;
Сұлтанов С. – төреші, Орал қаласының №5 ЖОББМ алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі;
Рамазанов Б. - хатшы, Орал қаласының Ж.Досмұхамедов ат.
педагогикалық колледжінің алғашқы әскери дайындық
пәнінің мұғалімі;
Шотанов. С – төреші, Орал қаласының № 43 ЖОББМ алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі;
Макаров А. – төреші, Орал қаласының № 33 ЖОББМ алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі;
Абдрахманов.Г. – төреші, Орал қаласының білім беру бөлімінің әдіскері.