Шығ. №
2009 жылғы
2008 жылғы 13 тамыздағы
Қостанай облысы
әкімінің орынбасары
С.Ш. Бектұрғановқа
Қостанай қ.
Әл-Фараби даңғ., 66
Факс 575037
Федоров ауданында Қазақстан Республикасының
азаматтарына әскери-патриоттық тәрбие
беру жұмыстарын жетілдіру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы.
Жастардың бастапқы әскери даярлау 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңы, Мемлекеттік қауіпсіздігі туралы, Азаматтық қорғаныс туралы Заңдар негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі.
Ауданда білім беру кеңістігінің азаматтық, патриотизм және төзімділікті тәрбилелеу жөніндегі әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалды. Ауданның білім беру мекемелерде азаматтық-құқықтық тәрбиелеу тиісті нұсқаулық-әдістемелік құжаттар негізінде жүргізіледі. Ауданның білім беру мекемелерінде мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі этнопедагогикалық тәрбие беруді көздейтін «Атамекен» бағдарламасы кең пайдаланылуда. Осы бағдарламаның шеңберінде экспедициялық (іздеу) отрядтар қызмет еткен болатын, олар мына бағыттар бойынша іздеуді жүргізді: «Асыл мұра», «Өз бастаулар туралы», «Өсіп жатқан ұрпақтың Кіші Отанға деген көзқарасы».
Ауданда Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесi жөніндегі аудандық үйлестiру кеңес (бұдан әрі - Кеңес) қызмет етеді.
Кеңес аудан әкiмдiгінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 166 қаулысымен бекітілген. Кеңес отырыстары тоқсанға бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңестің жұмысы 2009 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2009 жыл ішінде Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, осы отырыстарда төмендегідей сұрақтар қаралды:
– 1992 жылы туылған ҚР азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізудің барысы туралы;
– Ауданның жалпы білім беретін мектептерде бастапқы әскери даярлық жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы;
– Үйірмелер, әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтардың жұмысы туралы;
– Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыруды жүргізудің барысы туралы;
– Еңбек ұжымдарда, білім беру ұйымдарда, әскери мекемелерде «Ерлік сабақтары» республикалық айлықты өткізу туралы;
– Жоғары сынып оқушылардың әскери-далалық жиындарды өткізуге дайындық туралы;
– Аудандағы жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары туралы;
– Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке күзгі шақырудың қорытындысы;
Оқушылардың Елордамыз – Астана қаласына туристік сапарлар оларда қазақстандық патриотизм мен тарихи сана-сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 2009 жыл ішінде Астанаға аудан мектептердегі оқушылардың 17 тобы, яғни 225 оқушы барып келді.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмас» атты суреттер және шағын плакаттар байқаулары өткізілді. Димитров атындағы № 1 ОМ және М. Мәметова атындағы № 4 ОМ аудан орталығының орталық алаңында «Соғыстың саналмас жолдары» атты жылсайынғы театрландырылған қойылым дайындаған.
«Менің үйімдегі орден» атты аудандық байқау өткізілді. Димитров атындағы № 1 ОМ оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы мағыналы альбом дайындап қойды. Воронеж ОМ оқушылары «Есте сақтау кітабының» электронды нұсқаны дайындады.
«Жылы жүрек» акциясын өткізу барысында оқушылар қайрымдылық іс-шаралар өткізді. Олар: ардагерлерді құттықтау, еңбек десанттар. Оқушылар соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, қажетті көмек көрсетті. Іс-шаралардың мынадай үлгілері өткізілді: әңгімелер, дәрістер, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар. Іс-шараларға ҰОС, тыл ардагерлері, ауған-жауынгерлер, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлер шақырылған болатын. «Жылы жүрек» акциясы біздің жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Г.М. Кравцовты еске алу жеңіл атлетикалық жарыспен аяқталды. Акцияға жалпы алғанда аудан мектептерінің 3310 оқушы қатысты.
Мектептердегі әскери-патриоттық жұмысын әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушылар үйлестіреді. «Отан қорғаушысы» бағдарламасы практикалық бағытында «Мерген атқыш» және «Жас шекарашы» үйірмелер арқылы жүзеге асады. Аудан мектептерінде 16 әскери-патриотттық клуб қызмет етеді.
Ү.ж. маусымның 8 мен 13 аралығында Новошумный селолық округінде аудан мектептеріндегі 10-сынып оқушыларын және БӘД оқытушыларды тартумен лагерлік оқу-далалық жиындар өткізілді.
Халықтар арасындағы келісім, Қазақстан аймағында тұратын халықтарының салт-дәстүрлерге құрметпен қарау қалыптсатыруды Кеңарал, Первомай, Костряков, № 3 орта мектебінде қызмет ететін ұлттық-мәдени орталықтар жәрдемдеседі.
Проведен районный слет юнармейцев. Победители Воронежская СШ и Ленинская СШ делегированы на областной слет военно-патриотических клубов Костанайской области, посвященных Дню Победы и на областной финал военно-спортивного комплекса «Алау», в котором заняли 3 место. Лучший сводный отряд «Мурагер» Пешковской СШ принял участие в областном форуме детских организаций.
Жас әскерлердің аудандық слеты өткізілді. Оның жеңіскерлер Воронеж және Ленин ОМ «Алау» әскери-спорттық кешенінің облыстық финалға барып, 3-орынға иеленді. Пешков ОМ «Мұрагер» құрама отряды балалар ұйымдарының облыстық форумына қатысты.
Ү.ж. сәуір-маусым айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерге кезекті шақыруды жүргізгенде аудандық шақыру комиссияға 325 шақырылушы шақырылған болатын. Олардың ішінде, шақыру комиссиядан өткен соң денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп – 80 адам танылды, әскери қызметке болмашы шектеулермен әскери қызметке жарамды деп – 102 адам танылған, бейбіт кезде әскери қызметке жарамсыз деп – 57 адам танылған, әкери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп – 4 адам танылған, 82 адамға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылды. Шақырылғандардың ішінде ҚР ҚК-ге 30 шақырылушы жіберілді. Шақырудан бас тартқандар жоқ.
28 қыркүйектен 8 қазанға дейін шақыруға жататын азаматтардың медициналық куәләндіру өткізілді. Тапсырысты орындау үшін медкомиссияға 362 шақырылушы шақырылды, олардың ішінде 225 адам қосымша медициналық тексеруге жіберілді, 90 адам жарамды деп танылған, 37 адам қолбасышылық құрамға қойылды, 10 – резервке қалдырылды. 3 шақырылушыға қатысты комиссияға келмеу үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Федоров ауданы
әкімінің орынбасары қолы қойылған О. Федорова
Орынд. Шаптала Л.Ю.
Тел. 22316