Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 24страница 25
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексi


"Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 13 желтоқсан, N 385-390 (25359); "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2009 жылғы 1 қаңтар N 1


      Ескерту: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңын қараңыз.

МАЗМҰНЫ


1. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы салық мiндеттемесiн орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен, сондай-ақ  қабылдануы осы Кодексте көзделген  нормативтiк  құқықтық  актiлерден тұрады.
      2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда белгiленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтiн нормаларды салықтық емес заңнамаға енгiзуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, көрсетiлген шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының


              қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.


      2. Салық әкiмшiлiгiн жүргiзу, салық есептiлiгiн белгiлеу ерекшелiктерi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) жағдайын жақсарту жөнiндегi өзгерiстер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрiлмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн.

      4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптерi

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптерiне негiзделедi. Салық салу принциптерiне салық салудың мiндеттiлiгi, айқындылығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптерi жатады.
      2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерi осы Кодексте белгiленген салық салу принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.

      5-бап. Салық салудың мiндеттiлiгi принципi

      Салық төлеушi - салық мiндеттемесiн, салық агентi салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндеттi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.

      6-бап. Салық салудың айқындылығы принципi

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi, салық агентiнiң салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндетi туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленуiн бiлдiредi.

      7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
      2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

      8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi

      Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты бiрыңғай жүйе болып табылады.

      9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының


              жариялылығы принципi

      Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.

      10-бап. Салық саясаты

      Салық саясаты - мемлекеттiң қаржылық қажеттiлiктерiн мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық мүдделерi тепе-теңдiгiнiң сақталуы негiзiнде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және қолданыстағыларының күшiн жою, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасын өзгерту жөнiндегi шаралар жиынтығы.

      11-бап. Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық
               кеңес

      1. Салық мiндеттемелерiн орындау барысында туындауы мүмкiн түсiнiксiздiктердi, дәлсiздiктер мен қайшылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Консультациялық кеңес құруға құқылы.


      2. Консультациялық кеңестiң құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар



      1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) ақпаратты өңдеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерiн пайдаланушының билiк етуiне беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
      2) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерi мен жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi;
      3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары;
      4) басқа да мiндеттi төлемдер - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттiк меншiктегi объектiлердi пайдалану және мемлекет берген қызметтi жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшiн бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (кеден баждарын қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар);
      5) бересi - салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалатын бөлiгiнде көрсетiлген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзiмiнде төленбеген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы;
      6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
      8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрi - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстiнен төлейтiн (төленуге жататын) сома;
      9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
      10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының негiзгi сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмең бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен айқындалған теңгенiң шетел валютасына орташа өлшемдi биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
      11) грант - белгi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн өтеусiз негiзде:
      мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн мүлiк;
      12) гуманитарлық көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
      13) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы
ақпаратты тарату мақсатында өтеусiз негiзде:
      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
      коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
      14) дивидендтер - акциялар, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тәуелсiз тарапқа өткiзiлу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлу құны арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тәуелсiз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы терiс айырма;
      үшiншi тұлға алдында заңды тұлғаның акционерiнде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты емес, заңды тұлғаға акционерi, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзi өтейтiн шығыстардың немесе мiндеттемелердiң құны;
      осы Кодекстiң 163-165-баптарында көрсетiлген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өткiзуден түсетiн табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзiнiң акционерiне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретiн кез келген мүлiк пен материалдық пайда түрiнде алатын табыс.
      Осы тармақшада көрсетiлген оң немесе терiс айырма салық салу объектiлерiн түзету кезiнде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектiлерiн түзету Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiледi;
      15) дизайнерлiк қызметтер көрсету - көркемдiк нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерiн, ғимараттардың қасбеттерiн, үй-жайлар интерьерлерiн жобалау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; көркемдiк конструкциялау;
      16) жалған кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етiлуi соттың заңды күшiне енген үкiмiмен не қаулысымен жалған кәсiпкерлiк деп танылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсi;
      17) жеке тұлғаның жеке мүлкi - жеке тұлғаның меншiк құқығындағы немесе ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкi;
      18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлғалар;
      19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
      20) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнiмдердi өткiзу саласында ұсынымдар әзiрлеу;
      21) келiсiмшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметi;
      22) келiсiмшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiнде тiкелей көзделмеген кез келген өзге қызметi;
      23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелердi, оның iшiнде стратегиялық жоспарлау, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүргiзу, персоналды басқару мәселелерiн шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкiндiктерiн айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсiндiрмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
      24) қайырымдылық көмек - өтеусiз негiзде:
      жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында;
      коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметiн қолдау мақсатында;
      әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы мақсатында;
      әлеуметтiк салада осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға берiлетiн мүлiк;
      25) қатысу үлесi - акционерлiк қоғамдарды және пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзуге мүлкiмен үлестiк қатысуы;
      26) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келiсiмшарт) бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; осы Кодекстiң 191-бабы 10-тармағының ережелерiне сәйкес қызметi тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместiң резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметтi тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруiне арналған келiсiмшарт бойынша жұмыс iстеу үшiн ұсынылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам;
      27) маркетингтiк қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысына үздiк экономикалық жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;
      28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға;
      29) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
      30) роялти - мыналар үшiн:
      пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп жабдықтарын, оның iшiнде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерiн, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем;
      31) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелетiн адам;
      32) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген өсiмпұлдар сомасы, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалу бөлiгiнде көрсетiлген айыппұлдар сомасы салық берешегiне қосылмайды;
      33) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
      34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
      35) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам;
      36) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерiлген) сомасын, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның iшiнде электрондық нысандағы құжат;
      37) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, қабылданғаннан және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      38) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектiлiгiн, оның салық төлеушiге тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi;
      39) сыйақы - мыналарға:
      кредиттiң (қарыздың, микрокредиттiң) алынған (берiлген) сомасын, банктердiң ақша аударғаны үшiн комиссияларды және қарыз алушы үшiн қарыз берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
      мұндай мүлiктiң алыну (берiлу) құнын, лизинг алушы үшiн лизинг берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, мүлiктi лизингке беруге байланысты;
      салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозиттi) қабылдап алған тарап үшiн салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
      сақтандыру сомасының мөлшерiн, сондай-ақ сақтандырушы үшiн сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтiн тұлға үшiн оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түрiндегi;
      вексельде көрсетiлген соманы, вексель берушi үшiн оның вексельдерiн ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, вексель бойынша;
      репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы оң айырма түрiндегi барлық төлемдер;
      40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтiн шарттың базалық активiнiң шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелдi болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның iшiнде жоғарыда тiзiп көрсетiлген туынды қаржы құралдарының комбинациясын бiлдiретiндер жатады.
      Туынды қаржы құралдарының базалық активтерi тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстерi проценттiк ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкiн;
      41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтiк құралым осы Кодекстiң мақсатына орай олар өздерi құрылған шет мемлекеттiң заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
      42) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - салық органдарын және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдарымен өзара iс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары;
      43) уәкiлеттi орган - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      44) ұтыстар — салық төлеушiлердiң конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тiгуде алынған мүлiктiк пайда түрiндегi табыстар;
      45) электрондық салық төлеушi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық құжаттармен алмасу кезiнде салық қызметi органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiмнiң негiзiнде салық қызметi органдарымен электрондық тәсiлмен өзара iс-қимыл жасайтын салық төлеушi.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.

следующая страница>


Кодексi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы n 99-iv кодексi "Егемен Қазақстан"

Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 13 желтоқсан, n 385-390 (25359); "ресми газет" 2009 жылғы 1 қаңтар n 1

5257.15kb.

23 09 2014
25 стр.


Жоба біржолғы талондардың құндарының мөлшерін бекіту туралы

Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (са

28.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының азаматтық кодексi

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi

2545.34kb.

16 12 2014
16 стр.


Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 тамыздағы n 932 қаулысы

Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiмет

640.36kb.

02 10 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қа

1409.79kb.

14 12 2014
11 стр.


Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан"

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159

1994.77kb.

11 10 2014
13 стр.


Салыстырма кесте

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №1265 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №1198 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі

492.38kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Республикасының Заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара

3273.08kb.

14 09 2014
22 стр.