2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШIНIҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКIЛДIК
13-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары
1. Салық төлеушi:
1) салық қызметi органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерiстер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртiбi бойынша түсiндiрмелер алуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарда жеке өзi не өзiнiң өкiлi арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзiнiң мүдделерiн бiлдiруге;
3) осы Кодексте белгiленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерiн алуға;
4) салық органында уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтiнiштердiң белгiленген нысандарының бланкiлерiн және (немесе) электрондық түрде салық есептiлiктерi мен өтiнiштерiн беру үшiн қажеттi бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi тегiн алуға;
5) өтiнiш бойынша салық органында бұрын өзi тапсырған салық
есептiлiгiнiң көшiрмесiн алуға;
6) салық қызметi органдарына салықтық бақылау нәтижелерi бойынша салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi түсiндiрмелердi табыс етуге;
7) салық органы салықтық өтiнiш алған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық мiндеттемесiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы жеке шоттан үзiндi көшiрме алуға;
8) салықтық өтiнiш бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде мынадай:
салықтық берешектiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi туралы;
салықтық берешектiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi (бар екендiгi) туралы;
резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерiн алуға;
9) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшiн қажеттi деректемелер туралы мәлiметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу тәртiбi туралы ақпаратты салық органына көрсетiлген ақпарат үшiн өтiнiш жасалған кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде алуға;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне, сондай-ақ салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
12) осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдары көрсететiн
мемлекеттiк қызметтердi тегiн алуға;
13) салықтық тексеру жүргiзу барысында салық қызметi органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тiркеуге және осы сұрақтар көрсетiлетiн құжатты онымен келiсуге;
14) берiлуi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру мен олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасында тiкелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектiлерiне және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
2. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетiн қатынастарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.
3. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
14-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi
1. Салық төлеушi:
1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн уақтылы және толық
көлемде орындауға;
2) салық қызметi органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiндегi заңды қызметiне кедергi жасамауға;
3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеп-тексеруiне жол беруге;
4) Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгiленген тәртiбiн сақтауға;
6) дара кәсiпкердiң (осы Кодекстiң 43-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда) кәсiпкерлiк қызметтi, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменiң, резидент емес заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуына, заңды тұлғаның бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
15-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Салық агентiнiң, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi сияқты құқықтары бар және сондай мiндеттерi болады.
2. Салық агентi сондай-ақ:
1) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге;
2) салық төлеушiден тиiстi салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмдерде бюджетке аударуға;
3) салық төлеушiлерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебiн жүргiзуге, оның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке-жеке жүргiзуге;
4) тiркелу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi.
3. Салық агентi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
16-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құқықтарын
қамтамасыз ету және қорғау
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына кепiлдiк берiледi.
2. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Кодексте реттелетiн салықтық қатынастарда
өкiлдiк ету
1. Салық төлеушi (салық агентi) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкiлеттi өкiл арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттiк берiлген тұлға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) заңды өкiлi болып танылады.
3. Салық төлеушi (салық агентi) салық қызметi органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарында оның мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) уәкiлеттi өкiлi болып танылады.
Уәкiлеттi өкiл салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құрылтай құжаттары және (немесе) нотариаттық куәландырылған сенiмхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестiрiлген сенiмхат негiзiнде әрекет етедi, онда уәкiлеттi өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке өзiнiң қатысуы оны өкiл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкiлдiң қатысуы салық төлеушiнi (салық агентiн) көрсетiлген қатынастарға жеке өзiнiң қатысу құқығынан айырмайды.
5. Салық төлеушi (салық агентi) өкiлiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға сол салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қатысуына байланысты жасаған iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) аталған өкiлге осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде берген өкiлеттiктерi шеңберiндегi iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) болып танылады.
3-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНДАРЫ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ.
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН
ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛЫ
18-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен
құрылымы
1. Салық қызметi органдарының мiндеттерi:
1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2) мiндеттi зейнетақы жарналарын (бұдан әрi - мiндеттi зейнетақы жарналары) есептеудiң, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтiк аударымдарды (бұдан әрi - әлеуметтiк аударымдар) есептеудiң және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудiң толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының салық саясатын iске асыруға қатысу;
4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын
қамтамасыз ету болып табылады.
2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi орган мен салық органдарынан тұрады.
3. Салық органдарына уәкiлеттi органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ уәкiлеттi органның ауданаралық аумақтық бөлiмшелерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкiн.
4. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына сатылы тұрғыда тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.
5. Уәкiлеттi орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
19-бап. Салық қызметi органдарының құқықтары
1. Салық қызметi органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретi шегiнде әзiрлеуге және бекiтуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) салық төлеушi (салық агентi) осындай бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi және (немесе) ақпараттық жүйенi пайдаланған жағдайда, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерiнiң банктiк шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес банктiк құпия болып табылатын мәлiметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етiлiмi мен (немесе) ақпараттық жүйесiнiң деректерiн көруге қол жеткiзу құқығын қоспағанда, салық төлеушiден (салық агентiнен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректерi, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерi, салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етiлiмнiң және (немесе) ақпараттық жүйенiң деректерiн көруге қол жеткiзу құқығын берудi талап етуге;
5) салық төлеушiден (салық агентiнен) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығын және төлеудiң (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстау мен аударудың және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеудiң толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеушi (салық агентi) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсiндiрмелердi, сондай-ақ салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қаржылық есептiлiгiн, оның iшiнде резидент - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, егер осындай тұлға үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi түрде аудит жүргiзу белгiленген болса, аудиторлық есептi қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн беруiн талап етуге; Z980272, Z970136
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалған тәртiппен салық төлеушiден (салық агентiнен) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргiзуге;
7) нұсқама негiзiнде объектiнiң тұрған жерiне қарамастан, салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеп-тексеруге, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге;
8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан осы Кодекстiң 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етiлуi көзделген мәлiметтердi алуға;
9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстiң 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктiк шоттардың бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
10) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiспен айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.
2. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде жүктелген мiндеттердi iске асыруды осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.
3. Салық қызметi органдарының осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтары бар.
20-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi
1. Салық қызметi органдары:
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
3) салық төлеушiнiң - салық мiндеттемесiн, салық агентiнiң салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндеттi осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды есептеудiң толықтығы мен төлеудiң уақтылылығын, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4) салық төлеушiлердi, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, есептелген, ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды жүргiзуге;
5) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемесiнiң туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнiнде түсiндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктемелер беруге;
6) салық төлеушiге (салық агентiне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерiстер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
7) салық төлеушiге (салық агентiне) уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтiнiштердiң белгiленген нысандарының бланкiлерiн және (немесе) электрондық түрдегi салық есептiлiктерi мен салықтық өтiнiштердi табыс етуге қажеттi бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi тегiн беруге;
8) нұсқама бойынша салықтық тексерудi жүргiзуге;
9) өз құзыретi шегiнде салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуiн есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде айыппұлды қайтаруды жүргiзуге;
10) осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
11) осы Кодексте көзделген мерзiмде және жағдайларда салық мiндеттемесiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердiң орындалуы жөнiнде салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама беруге;
12) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық өтiнiшi бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде мынадай:
салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi туралы;
салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi (бар екендiгi) туралы;
резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерiн беруге;
13) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн және салықтық өтiнiштердi қабылдауға;
14) салық төлеушiден (салық агентiнен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыретi шегiнде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
15) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық өтiнiшiн алған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей оның жеке шотынан салық мiндеттемесiнiң, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйi туралы үзiндi көшiрме беруге;
16) көрсетiлген ақпарат үшiн салық органына өтiнiш жасалған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өз құзыретi шегiнде салық төлеушiге (салық агентiне) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, бюджетке төленуге жататын өсiмпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөнiндегi төлем құжатын толтыру үшiн қажеттi деректемелер туралы мәлiметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, бюджетке төленуге жататын өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтiк аударымдарды төлеу және мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi туралы ақпарат беруге;
17) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу фактiсiн растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшiрмелерiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға салық қызметi органдарының ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiгiн беруге;
19) электрондық салық төлеушiге өзiнiң жеке шотын көру қолжетiмдiлiгiн беруге;
20) салық төлеушiнiң талап етуi бойынша - салық мiндеттемесiнiң, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша мiндеттемелердiң орындалуы жөнiндегi, салық агентiнiң талап етуi бойынша салықты есептеу және аудару бойынша мiндеттiң орындалуы жөнiндегi есеп-қисапты салыстыруды жүргiзуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртiппен түзетулер енгiзуге;
21) уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсетуге;
22) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң), сондай-ақ әрекетсiз заңды тұлғалардың және заңды күшiне енген сот үкiмiнiң не қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорындар болып танылған салық төлеушiлердiң тiзiмдерiн жариялауға;
23) мемлекеттiң меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiлуiнiң толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткiзiлген жағдайда бюджетке ақшаның түсуiнiң толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелерi жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
25) салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлi тәртiппен өндiрiп алуға;
26) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымын осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға;
27) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке
тартуға мiндеттi.
2. Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарына олардың тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.
3. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
21-бап. Мүдделер қақтығысы
Салық қызметi органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апалы-сiңлiлiлер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
22-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөнiндегi
өкiлеттiгi
Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар өткiзуге байланысты төленуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.
23-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi
1. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiк, көлiк құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықты жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықты жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей көрсетiлген хабарламаны салық төлеушiге - жеке тұлғаға тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушiге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомасын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ елдi мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткiзу үш операциялық күнде бiр рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер берудi қамтамасыз етедi.
24-бап. Салық қызметi органдарының уәкiлеттi мемлекеттiк
және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара
iс-қимылы
1. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiрлескен бақылау шараларын әзiрлейдi және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-қимыл жасау арқылы орындайды.
4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстiң 23-бабында белгiленген тәртiппен бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды.
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
6. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылды осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.
25-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын
материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және
әлеуметтiк қорғау
1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде заңмен қорғалады.
2. Салық қызметi органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерiн қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғушылық, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да iс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
4. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсiптiк қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
5. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
2) Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледi.
<предыдущая страница | следующая страница>