404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстiң 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
405-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлiк салығын салу объектiсi болып табылады.
406-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалған салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшiн мүлiктiң құны,
Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң бiр шаршы метрiнiң базалық құны,
S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициентi,
К функц - функционалдық тозу коэффициентi,
К айм - аймақтау коэффициентi,
К аек. өзг - айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi.
2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң теңгемен көрсетiлген бiр шаршы метрiнiң базалық құны (Қб) елдi мекеннiң түрiне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
Рет N
|
Елдi мекеннiң түрi
|
Базалық құн, теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
|
Қалалар:
|
|
1.
|
Алматы
|
30000
|
2.
|
Астана
|
30000
|
3.
|
Ақтау
|
18000
|
4.
|
Ақтөбе
|
18000
|
5.
|
Атырау
|
18000
|
6.
|
Қарағанды
|
18000
|
7.
|
Қызылорда
|
18000
|
8.
|
Көкшетау
|
18000
|
9.
|
Қостанай
|
18000
|
10.
|
Павлодар
|
18000
|
11.
|
Петропавл
|
18000
|
12.
|
Талдықорған
|
18000
|
13.
|
Тараз
|
18000
|
14.
|
Орал
|
18000
|
15.
|
Өскемен
|
18000
|
16.
|
Шымкент
|
18000
|
17.
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
12000
|
18.
|
Аудандық маңызы бар қалалар
|
6000
|
19.
|
Кенттер
|
4200
|
20.
|
Селолар (ауылдар)
|
2700
|
3. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ – салық салу мақсаты үшiн құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгiленген базалық құнның мынадай мөлшерiнде айқындалған бiр шаршы метрдiң базалық құны:
тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi бойынша – 25 процент,
гараж бойынша – 15 процент,
S - тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстарының, шығыңқы iрге қабаттарының, жертөлелерiнiң, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб – осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған табиғи тозу коэффициентi,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған аймақтау коэффициентi.
4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозу коэффициентi амортизация нормаларын және тиiмдi уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п.б - объектiнiң пайдалануға берiлген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Рет
N
|
Күрделiк тобы
|
Ғимараттың сипаттамасы
|
Н аморт %
|
Қызмет ету мерзiмi (жыл)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
1
|
Тастан салынған, ерекше күрделi, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштi, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар
|
0,7
|
143
|
2.
|
2
|
Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кiрпiштен қаланған, аражабындары темiр-бетонды, бетонды немесе ағаш; iрi блокты қабырғасы бар, аражабындары темiрбетонды ғимараттар
|
0.8
|
125
|
3.
|
3
|
Қабырғалары жеңiлдетiлiп қаланған кiрпiштен, монолиттi шлакты бетоннан, жеңiл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темiрбетонды немесе бетонды ғимараттар; iрi блокты немесе кiрпiштен, жеңiлдетiлiп монолиттi шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар
|
1,0
|
100
|
4.
|
4
|
Қабырғалары аралас, кесiлген ағаштан немесе бедерлi кiрпiштен қаланған ғимараттар
|
2,0
|
50
|
5.
|
5
|
Шитiден жасалған, жиналмалы-қалқанды, қойма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар
|
3,3
|
30
|
6.
|
6
|
Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңiлдетiлген ғимараттар
|
6,6
|
15
|
Егер тастан қалаған немесе тасымалы панелдi тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның iшiнде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициентi қолданылады.
5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң сапасына қойылатын талаптарды ескеретiн функционалдық тозу коэффициентi (К функц.) мына формула бойынша есептеледi:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруiн есепке алу коэффициентi,
К бiр - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiнде орналасуын есепке алу коэффициентi,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициентi,
К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң жайлылығы мен оның инженерлiк-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етiлу деңгейiн есепке алу коэффициентi,
К жылу - жылыту түрiн есепке алу коэффициентi.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициентi (К қаб) қолданылады:
Рет
N
|
Қабат
|
К қабат
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Бiрiншi
|
0,95
|
2.
|
Аралық немесе жеке тұрғын үй
|
1,00
|
3.
|
Соңғы
|
0,9
|
Биiктiгi үш қабаттан аспайтын көп пәтерлi тұрғын үйлер үшiн кез келген қабат үшiн 1-ге тең қабаттылық коэффициентi қолданылады.
Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiндегi орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi (К бұр) қолданылады:
Рет
N
|
Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскесiнде орналасуы
|
К бұр
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Бұрыштағы пәтер
|
|
<предыдущая страница