Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 21страница 22страница 23страница 24страница 25

55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI

      388-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

      1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
      3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушiлерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
      6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
      7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
      8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

      389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен


                төлеу мерзiмдерi

      1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.


      2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
      3. Ағымдағы төлемдердiң сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешiктiрiлмей тең үлестермен төленуге жатады.
      Жаңа құрылған салық төлеушi құрылған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер ағымдағы салық кезеңi үшiн салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
      4. Ағымдағы төлемдердiң мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
      5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi iшiнде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      6. Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде түпкiлiктi есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.
      Осы Кодекстiң 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн түпкiлiктi есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.
      7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
      8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнiң iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелiк етудiң нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.
      Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
      9. Салық төлеушi салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

      390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң


                ерекшелiктерi

      1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.


      2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.

      391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және


                төлеу мерзiмдерi

      1. Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша - дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.


      2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
      3. Жеке тұлғалар (өз қызметтерiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
      4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      5. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢI ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТIЛIГI

      392-бап. Салық кезеңi

      Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.

      393-бап. Салық есептiлiгi

      1. Заңды тұлғалар (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
      2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      3. Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлердi қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын салық төлеушiнi тiркеу есебiне қойған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмдерде табыс етедi.
      5. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

15-БӨЛIМ. МҮЛIК САЛЫҒЫ

57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСIПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН МҮЛIК САЛЫҒЫ

      394-бап. Салық төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
      3) концессия шартына сәйкес концессия объектiсi болып табылатын салық салу объектiсiн иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген құқықтарда салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      4. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланатын, меншiк құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
      Өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
      2) мемлекеттiк мекемелер;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
      4) дiни бiрлестiктер.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.

      395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

      1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
      2. Бұл ретте сенiмгерлiк басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
      3. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
      4. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнiң меншiк иелерiнiң бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
      5. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
      6. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

      396-бап. Салық салу объектiсi

      1. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер үшiн негiзгi құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлiкке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берiк байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрi – ғимараттар) салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретiндегi жер;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;
      3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
      бұрылу белдеуi;
      жолдардың конструкциялық элементтерi;
      жол жағдайы мен оны абаттандыру;
      көпiрлер;
      өткерме жолдар;
      виадуктар;
      жол тарамдары;
      тоннельдер;
      қорғаныш галереялары;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
      су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
      жол бойындағы орман алаптары;
      желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
      4) аяқталмаған құрылыс объектiлерi салық салу объектiлерi болып табылмайды.

      397-бап. Салық базасы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шартқа сәйкес айқындалған бағалау мiндеттемелерi (қайта монтаждаудың есептiк құны, активтi жою және учаскенi қалпына келтiру) салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.
      3. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаcында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнiң үлесiн негiзге ала отырып айқындалады.
      4. Салық салу объектiлерiн сатып алу құны патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеушi арасындағы шарт бойынша өткiзiлген бағалау деректерi бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.

      398-бап. Салық ставкалары

      1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
      2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
      3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейдi:
      1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
      2) осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
      3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
      4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      5) мемлекеттiк меншiктегi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерiн суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
      7) ауыз сумен қамту объектiлерiн пайдаланатын заңды тұлғалар.
      4. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
      5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 151-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.

      399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi



      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
      2. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшiн мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
      3. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
      4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      5. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
      Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
      6. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi келiп түскен жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық кезеңiнiң соңына дейiн салық салу объектiлерi келiп түскен айдан кейiнгi айдан бастап ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, келiп түскен күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, келiп түскен салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғаюға жататын сома осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiмдер бойынша тең үлестермен бөлiнедi, бұл ретте салық салу объектiлерi келiп түскен күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектiлерi шығып қалған айдан бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, салық кезеңiнiң басына бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады. Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдердi төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
      7. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
      8. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мүлiк салығын салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей төлейдi.

      400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

      Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейдi.

      401-бап. Салық кезеңi

      1. Мүлiк салығын есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.

      402-бап. Салық есептiлiгi

      1. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге мiндеттi.
      Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.
      Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
      2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
      4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛIК САЛЫҒЫ

      403-бап. Салық төлеушiлер

      1. Осы Кодекстiң 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) мерзiмдi қызметтi өткеру (оқу) кезеңiндегi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
      2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерi шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
      3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
      4) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi;
      5) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша дара кәсiпкерлер.

      


<предыдущая страница | следующая страница>


Кодексi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы n 99-iv кодексi "Егемен Қазақстан"

Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 13 желтоқсан, n 385-390 (25359); "ресми газет" 2009 жылғы 1 қаңтар n 1

5257.15kb.

23 09 2014
25 стр.


Жоба біржолғы талондардың құндарының мөлшерін бекіту туралы

Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (са

28.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының азаматтық кодексi

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi

2545.34kb.

16 12 2014
16 стр.


Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 тамыздағы n 932 қаулысы

Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiмет

640.36kb.

02 10 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қа

1409.79kb.

14 12 2014
11 стр.


Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан"

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159

1994.77kb.

11 10 2014
13 стр.


Салыстырма кесте

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №1265 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №1198 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі

492.38kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Республикасының Заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара

3273.08kb.

14 09 2014
22 стр.