«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
_________________ Е. Ертісбаев
2008 жылғы «__» ______
|
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты хатшысының
2008 жылғы «__» ______
№ ___
бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Ішкі аудит басқармасы туралы
ереже
-
Жалпы ережелер
-
Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылым бөлімшелерде (бұдан әрі – бақылау объектісі) ішкі бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) дербес басқармасы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары
3. Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылым бөлімшелерде (бұдан әрі – бақылау объектісі) ішкі бақылауды жүзеге асыру;
2) бақылау объектілерінің билігіндегі ақшалай қаржыларды ұтымды, мақсатты және үнемді жұмсауды және мемлекеттік мүлікті сақтауын қамтамасыз етуді бақылау;
3) Басқармаға жүктелген басқа да міндеттер.
4. Басқарма қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: :
1) ішкі бақылауды жүргізу Жоспарларын жасап оны уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
2) бақылау объектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтерін, мемлекеттік ақшалы қаржылар мен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуына және республикалық бюджет қаржыларын және мүлікті мақсатты және тиімді жұмсалуына кезеңді тексеру жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Жауапты хатшыға бақылау объектілерінде республикалық бюджет қаржыларын мақсатсыз және тиімсіз жұмсалуын болдырмау және жолын кесу бойынша ұсыныс енгізу;
4) ішкі бақылау жүргізу Жоспарларын орындау есебін жасап оны уәкілетті органға ұсыну;
5) ішкі бақылау жүргізу актілерін уәкілетті органға сұраныс бойынша жолдау;
6) министрліктер және ведомстволармен, министрлікке қарасты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
7) заңнамада қарастырылған жағдайларда уәкілетті орган жүргізетін тексерулеріне қатысу;
8) Басқармаға жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
-
Басқарманың құқықтары
5. Өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма мынадай құқықтарға ие:
1) Министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерде ішкі бақылауды жүзеге асыру;
2) бақылау объектілерінен құжаттар, анықтамалар, ішкі бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға;
3) бақылау объектілерінде нормативтік сипаттағы барлық құжаттарды, жоспарларды, сметаларды, есептерді, бухгалтерлік, қаржылық және банктік құжаттарды және нақтылы бар ақша қаражаттарды қаржы мен материальдық құндылықтарды тексеруге;
4) бақылау қорытындылары бойынша бақылау жүргізу актілерін жасау;
5) мемлекеттік органдардан, комитеттерден, департаменттерден, министрлікке қарасты ұйымдардан сұрау салып Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет ақпарат алуға;
6) бақылау объектісінің лауазымды қызметкерлерінің іс-әрекетінде қылмыс белгілері табылған жағдайда Жауапты хатшыға бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына тапсыру жөнінде ұсыныс енгізу;
7) қолданыстағы заңнаманы, ережелерді, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрдің бұйрықтарын қолдану туралы түсінік беруге;
8) Министрлікте құрылатын жатқан комиссия, кеңес, жұмыс топтарының, құрамына кіруге;
9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
6. Басқарманы Министрдің келісімімен Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
7. Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау мақсатында Басқарма бастығы:
1) Басқарманың қызметін басқарады, Басқармаға жүктелген қызметтердің орындалуына жеке жауап береді;
2) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;
3) Басқарманың комитеттермен, құрылымдық бөлімшелермен және ведомствоға бағынысты ұйымдармен қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) бекітілген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар жасайды;
5) Басқарма құзіреті шеңберінде басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
8. Басқарма қызметкерлерінің өкілеттігі Жауапты хатшымен келісілген және Басқарма бастығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықпен айқындалады.
5. Басқарма қызметкерлерінің жауапкершілігі
9. Басқарма бастығы және басқарма қызметкерлері белгіленген заңнамалық тәртіппен осы Ережеде және лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға жауапты болады.
7. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
10. Басқарманы қайта ұйымдастыру және таратуды Министрдің келісімімен Жауапты хатшы жүзеге асырады.
_____________________________