Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

Жиыны: 60 балл


4. Курстың саясаты:

Сабаққа қатысу: міндетті түрде сабаққа қатысу. Егер де Сіз қандайда бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз, СІЗ қатыспаған сабақтың материалына жауапкершілікті мойныңызға алаcыз.

Үй жұмысы: Үй жұмысы міндетті түрде орындалуы қажет және әр аптада сабақ аяғында тапсырылуы тиісті. Берілген үй жұмысы өткен материалдарды бекітуі үшін арнайы әзірленген.

Емтихан: Қорытындылар бойынша бағалау балдары қойылады. Емтихан үстінде Сіздің дәріс жазбаларын және де кез-келген оқулықтарды пайдалануға тыйым салынады.

Студенттің тәртібі: Сабаққа кешігуге болмайды, ұялы телефондар мен пейджерлер сабақ үстінде өшірілулері тиіс, сабақ үстінде сөйлесуге, газеттер оқуға болмайды, сабақтарды себепсіз босатуға болмайды, босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтелуі тиіс. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

  1. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

    1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы: __1__ кредит.

Тақырыптың аты

Дәрістер

Семинар-лық

Лабора-торлық

СОӨЖ

СӨЖ

Кіріспе. Цитологияның пәні мен мәселелері, тәсілдері, қазіргі биологиядағы және практикадағы оның орны. Цитологияның жетілуі тарихының негізгі кезеңдері.Жасуша теориясы.

1




1

2

3

Прокариоттар мен эукариоттар, өсімдік пен жануар жасушаларының құрылымы мен функционалды дамуындағы ортақ принциптері. Жасуша қабықшасы.

1




1

1

2

Цитоплазма.

Жасушаның биологиялық мембраналары.

Плазматикалық мембрана.

Вакуолярлы жүйе. Цитоплазманың мембраналық құрылымы: ЭПР, Гольджи кешені, лизосомалар, глиоксисомалар, пероксисомалар, өсімдік жасушаларының вакуольдері.

Митохондриялар мен пластидтер.


3




2

4

3

Жасушаның микротубулярлы құрылымы және цитоплазманың микрофиламенттері.

1







1

1

Жасуша ядросы. Хроматин және хромосомалар.

1




1

4

2

Жасушалардың көбеюі

1




1

2

2

Жасушалардың дифференциациясы.

Жасушалар патологиясы.



1







1

2

Барлығы

9




6

15

15




    1. Дәрістердің тезистері

1-тақырып. Кіріспе. Цитологияның пәні мен мәселелері, тәсілдері, қазіргі биологиядағы және практикадағы оның орны. Цитологияның жетілуі тарихының негізгі кезеңдері. Жасуша теориясы.

Цитология клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып, көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бірклеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар табылады.

Жасуша – тірі ағзалардың негізгі құрылымдық және функциональді бірлігі. Жасушалар жай көзге көрінбейді, сондықтан оларды зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және жетілуімен тығыз байланысты. Оптикалық аспаптардың жасалуы мен жетілуі 16-17 ғғ басталды. Цитология жас ғылымдардың бірі. Оның шасы шамамен 100 жыл. 1874 жылы Ж. Карнуа “Клетка биологиясы” деген ұғым енгізіп, жасушаның пайда болуы, функциясы және құрылысы туралы ғылым цитологияның негізін қалады. Бұл еңбектің пайда болуына дейін ұзақ уақыттар бойы жүргізілген ізденістер, зерттеулер, ашылулардың әсерінен жасуша теориясы пайда болды. 1838 жылы неміс ботанигі Матиас Шлейден, оның отандасы зоолог Теодор Шванн жасуша теориясының негізін қалады.

Жасуша органоидтарының құрылысы, ултьтроқұрылымы мен функциясы төмендегі тәсілдер арқылы зерттеледі: жарық және электронда, қараңғы аймақты, фазалы-контрасты, полярлы, люминесцентті микроскопия. Аталмыш тәсілдер фиксацияланған жасушалардың ультроқұрылымын, құрылысын зерттеуге, цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және т.б. тәсілдермен зерттеуге органиодтарды бөліп алуға арналған дифференциациялы центрифугалауға қолданылады.

Қазіргі заманның жасуша теориясы төмендегі қағидалардан тұрады:


  • клетка тірі ағзалардың ең ұсақ бірлігі;

  • барлық бірклеткалы және көпклеткалы ағзаалрдың клеткаларының құрылыстары, химиялық құрамдары, тіршілік етулері мен зат алмасулары ұқсас;

  • клеткалар бөліну арқылы көбейеді, әрбір жаңа клетка алғашқы (аналық) клетканың бөлінуінен пайда болады;

  • клеткалар генетикалық ақпаратты сақтайды, өндіреді;

  • көпжасушалы ағзаларда клеткалар атқаратын қызметтеріне сәйкес жинақталып ұлпалар түзеді, ұлпалар мүшелерді құрайды;

  • тек қана клеткалардың әрекеттерінің арқасында күрделі ағзаларда өсу, даму, зат және энергия алмасу процестері жүзеге асады.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23)

2-тақырып. Прокариоттар мен эукариоттар, өсімдік пен жануар жасушаларының құрылымы мен функционалды дамуындағы ортақ принциптері. Жасуша қабықшасы.

Қазіргі кезде барлық ағзаларды прокариоттар және эукариоттар деп екіге бөлуге болады. Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді.

Прокариоттарды сондай-ақ бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.

Эукариоттарға – көпшілік балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады.

Прокариот клеткаларының эукариот клеткаларынан айырмашылығы, олардың гентикалық материалы – сақиналы ДНҚ-лы құрамына ақуыздар кіретін, күрделі хромосомаларға жинақталмаған, және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларынының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм.

Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі, олардың көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақбуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады. Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді.

Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастықтары.

Жалпы құрылыстары ортақ (екеуінің де беттік кешені, цитоплазмасы және ядросы бар). Мембраналық құрылымдары ортақ. Химиялық құрамыдары ұқсас. Зат пен энергия алмас үрдістері ұқсас жүреді. Жасушаның бөлінуі кезінде тұқымқуалаушылық ақпаратын ұрпаққа берулері ұқсас. Бөліну үрдістері бірдей.

Айырмашылықтары: өсімдік жасушасының жасуша қабықшасы, пластидтер, ірі вакуольдері бар, жасуша орталығы жоқ. Сондай ақ, жануарлар жасушалары мен өсімдік жасушалары қоректену тәсілдерімен ерекшеленеді.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13, 24-27.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23)

3-тақырып. Цитоплазма. Жасушаның биологиялық мембраналары. Плазматикалық мембрана.

Цитоплазма – жасушаның күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі жасушаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма жасушаның барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны, субстраты. Цитоплазмада әр түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасады. Цитоплазманы жарық микроскопымен зерттегенде оның біріңғай қоймалжың, мөлдір зат екені байқалған. Цитоплазманың негізгі құрылымдарына гиалоплазма (матрикс), органеллалар және қосымшалар жатады.

Гиалоплазма (грек. hyalos – шыны) судан, иондардан және органикалық заттардың көптеген молекулаларынан түзілген коллоид болып келеді. Гиалоплазмада бірқатар биохимиялық реакциялар жүреді.

Органеллалар жасушаның тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыз ету, тасымалдау т.с.с. функциаларды жүзеге асыратын цитоплазма элементтері.

Биологиялық мембраналар липидтердің амфипатикалық молекуларларының екі қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне паралель орналасады. Осындай билдипидті қабатқа ақуыз молекулалары батып тұрады.

Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулер ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен мембраналар суда жақсы еритін заттардың көпшілігін жасушаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды.

Беттік кешеннің негізі болып, жасушаның сыртқы мембранасы немесе плазмолемма деп аталатын биологиялық мембрана табылады. Плазмалемма қалыңдығы шамамен 7-10 нм, цитоплазманың сыртқы мембранасы. Плазмолемманың негізгі атқаратын қызметі жасушаны сыртқы ортадан шектеу, сондай-ақ тасымалдау, рецепторлық қызметтерді де атқарады. Ол сыртқы ортамен зат алмасу үрдісін реттейтіндіктен, ол суда еріген әр түрлі заттарды жартылай өткізеді.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13, 24-27)

Қосымша әдебиеттер: (14-23)

4-тақырып. Цитоплазманың мембраналық құрылымы: ЭПР, Гольджи кешені, лизосомалар, глиоксисомалар, пероксисомалар, өсімдік жасушаларының вакуольдері.

Әрбір мембраналы органелла мембранамен қапталған цитоплазманың жеке құрылымы.



Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын, мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент. ЭР мембраналарында жасушаның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан ситезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай жасушаның басқа компартменттерінде химиялық өзгерістерге ұшырайды. Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы) және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішкі мембранасына, одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына тасымалданады.



Гольджи аппараты көптеген цистерналар, көпіршіктер, табақшалар, түтікшелер, дорбашалардан тұратын жиынтық. Гольджи кешенінің негізгі элементі – диктиосомалар. Сонымен, диктиосомалар аморфты полисахаридтерді, ең алдымен, пектин заттарын, жасуша қабықшасынынң матриксі гемицеллюлозаны және шырыштарды синтездеп, жинақтап, оны бөліп шығаратын орта. Гольджи көпіршіктері полисахаридтерді плазмолеммаға тасымалдайды. Бұдан кейін көпіршікті қоршап тұрған мембрана плазмалеммаға қосылады, ал көпіршіктердің құрамы плазмолемманың сыртында қалады. Гольджи аппараты жануарлар жасушаларында секреторлық қызмет те атқарады.

Лизосомалар (грек. лизео – ерітемін, сома – дене) диаметрі 0,4-0,5 мкм, цитоплазмадағы ең ұсақ мембраналы денелер. осы органелланың құрамында 50 тарта түрлі гидролиттік ферменттер (протеазалар, липазалар, фосфолипазалар, нуклеазалар, гликозидазалар, фосфатазалар, оның ішінде қышқылды фосфотаза т.б.) бар, ол ферменттер дезактивтелген күйде болады. Лизосомалар функциясы – жоғарымолекулярлы қосылыстар мен бөлшектердің жасушаішілік лизисі, яғни қорытылуы. Пероксисомалар лизосомалар секілді Гольджи кешенінің транс-полюсінен бөлініп шығады.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23, 28)

5-тақырып. Митохондриялар мен пластидтер.

Митохондриялар жасушаның тыныс алу үрдісіне қатысып, жасушаның басқа құрылымдары пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп шығарады. Басқа органеллалардан митохондрияларның айырмашылығы, оларда өздерін қайта құруға және ақуыздар синтезіне қажетті жеке генетикалық жүйенің бар болуы. Митохондрияларда, ядроның ДНҚ, РНҚ, рибосомаларынан өзгеше, өз ДНҚ, РНҚ және рибосомалары бар. Олар прокариоттардың ДНҚ, РНҚ және рибосомаларына ұқсас келеді.

Пластидтер - өсімдіктердің арнайы органоиды. Олардың үш типі бар: түссіз (мөлдір) – лейкопластар, жасыл – хлоропластар, реңі қызыл-сары түсті – хромопластар. Хлоропластар дың басты қызметі – фотосинтез. Лейкопластар қоректік заттардың қорын, әсіресе крахмал жинақтайтын түссіз, домалақ пластидтер. Хромопластар лейкопластар мен хлоропластардың стромаларында каротиноидтардың жинақталуынан пайда болатын қызғылт-сары және сары түсті пластидтер. Олар гүл күлтелерінде, піскен жемістерде, кей жағдайларда – тамырсабақтарда, күзгі жапырақтарда кездеседі.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23)

6-тақырып. Жасушаның микротубулярлы құрылымы және цитоплазманың микрофиламенттері.

Цитоплазманың мембранасыз органелларларына цитоқаңқа, жасуша орталығы және рибосомалар жатады.

Цитоқаңқа немесе жасуша қаңқасы үш компоненттен түзілген, оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады.

Микротүтікшелер жасушаның бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның сүйеуші құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Микротүтікшелер жасушаішілік зат тасымалдауға қатысады.

Аралық филаменттер жасушада жуындығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады.

Микрофиламенттер дегеніміз 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынана құралады, актин молекулаларының 10 шақты түрі анықталған. Сондай-ақ актинді филаменттер цитоқаңқаның сүйемелдеу құрылымын түзетін шоқтарға топталулары мүмкін.

Жасуша орталығы екі центриольден (диплосома) және центросферадан түзіледі. Центриольдер базальді денешіктер кірпікшелер мен талшықтар түзуге және митоз ұршығын түзуге қатысады.

Рибосомалар пішіні 20х30 нм денешіктер. Олар үлкен және кіші – екі суббірліктерден түзілген. Рибосомалардың негізгі қызметі – тасымалдаушы РНК-лардың әкелген аминқышқылдарынан ақуыз молекулаларын жинақтау. Рибосомалар цитоплазмада бос жеке-жеке орналасуы мүмкін, кейде топтар құрайды. Осындай топтарды полирибосомалар деп атайды. Рибосомалардың көпшілігі ЭПТ-дың және кариотеканың сыртқы мембраналарының бетіне бекиді. Жеке бос рибосомалар жасушаның тіршілігіне қажетті ақуызды синтездейді, бекінген рибосомалар жасушадан шығарылатын ақуыздарды синтездейді.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23)

7-тақырып. Жасуша ядросы. Хроматин және хромосомалар.

Анық ядро тек қана эукариоттарда кездеседі. Ядро құрамына ядро қабықшасы – кариотека, ядро шырыны – нуклеоплазма немесе кариолимфа, хроматин және ядрошық кіреді. Ядро қабықшасы немесе кариотека эндоплазмалық тордың цистерналарының кеңейіп, бір-бірмен қосылуынан туған. Сондықтан да кариотекада екі, сыртқы және ішкі мембрана болады. Кей жерлерде кариотеканың сыртқы және ішкі мембраналары қосылып, сол жерде саңылау пайда болады. Нуклеоплазма коллоид тәрізді мөлдір сұйықтық. Бұл ядро органеллаларының (хроматин, ядрошық) қарым-қатынасын жүзеге асыратын орта болып табылады. Ол арқылы түрлі молекулалар тасымалданады, оның құрамында көпшілік ферменттердің түрлері болады, оған хромосомадан РНК келіп түседі.

Ядрошық – пішіні шар тәрізді тығыз дене. Негізгі қызметі – рибосомада рибонуклеин қышқылын синтездей.

Хроматин дегеніміз хромосоманы түзетін ДНҚ, ақуыз, РНҚ заттарының 1 : 1,3 : 2 қатынасы. Хромосоманың негізін молекуласы серппе (спираль) түрінде болатын ДНҚ құрайды.

Центромерлердің орналасуы бойынша, және екі иықтың өзара орналасуларына байланысты хромосомалардың үш типі болады: метацентрлік – екі иықтың ұзындығы шамамен бірдей; акроцентрлік – бір иығы өте қысқа, бір иығы ұзын; субметацентрлік – бір иығы ұзын, бір иығы біршама қысқа. Кейбір акроцентрлік хромосомалардың сателлиттері, яғнм серіктері болады.

Негізгі әдебиеттер: (1 - 4, 13.)

Қосымша әдебиеттер: (14-23, 29, 30)

8-тақырып. Жасушалардың көбеюі

Жасушаның көбеюі әр уақытта ядроның бөлінуінен басталады. Мұның мынадай үш түрі бар: амитоз, митоз және мейоз.

Жасушаның өмір сүру циклі дегеніміз жасушаның бөлінуге дайындалуы, бөліну процестерінің нәтижесінде аналық жасушаның екі жас жасушаға бөлінуі, осы циклде екі кезең болады: автосинтетикалық немесе интерфаза және жасушаның бөліну фазасы митоз.

Интерфазада ең маңызды болып ДНК-ның матрицалық синтезі және хромосомалардың екі еселенуі табылады.

Митозды шартты түрде – профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп бөледі.

Профазада хромосомалар айқындала бастайды. Диффузды хроматиннің жинақталуы, ДНК молекулаларының тығыз серппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды. Профазаның соңында ядрошық жоғалып кетеді. Метафазада хромосомалар толығымен айқындалып, жекеленіп көрінеді және ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метафазалық тақтаға жинақталады. Ахроматин жіашелері хромосомның ортылық өлшеміне бекінеді. Анафазада әрбір хромосома туыстас хромосомаларға айналатын екі хроматидке біржола бөлінеді де полястерге тарай бастайды. Телофазада туыстас хромосомалар жасушаның полюстеріне жетеді. Бұл профазаның кері көрінісі тәрізді: ұршық жоғарылап кетеді, полюстерге топталған хромосомалар босаңсып, болбырайды әрі ұзарады. Сөйтіп олар интерфазалық хроматинге ауысады. Ядрошық пайда болады. Цитоплазмада әрбір жас ядроның саңылаулы қабықшасы түзіледі. Телофазаның профазадан басты айырмашылығы: әрбір жас хромосома бір ғана хроматидтен тұрады, сондықтан да олардың ДНК саны екі есе кем. Цитокинез – телофазада жасушаның цитоплазмасының бөлінуі.

Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда жасушалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады. Диплоидты жасушаларға соматикалық (дене) жасушалар мен жыныс жасушаларының бастама жасушалары жатады, ал гаплоидты жасушаларға жетілген жыныс жасушалары – гаметалар жатады. Хромосома сандарының екі есе азаюын қамтамасыз ететін мейоз үрдісі. Оның құрамына бірінен кейін бірі жүретін екі бөліну кіреді. Гаметалар қосылғаннан кейін жаңа бір жасушалы диплоидты ағза зигота пайда болады.

Негізгі әдебиеттер: (1, 2, 3.)

Қосымша әдебиеттер: (31, 32)

9-тақырып. Жасушалардың дифференциациясы. Жасушалар патологиясы.

Жеке жасушалар, сол сияқты көп жасушалы ағзалар, олардың құрылымдық-функциональді өзгерулеріне, тіршілік функцияларының бұзылуына, яғни патологияларға әкеп соғатын әртүрлі әсерлерге душар бола алады. Бір жасушалы ағзалардың патологиялық өзгерулері олардың жеке функцияларының уақытша бұзуларын тудырады немесе жасуша-ағзаның опат болуын туғызады.

Сол секілді көп жасушалы ағзалардарда да әр түрлі себептерден жасушалар тобының өзгерулері мен зақымданулары туындаулары мүмкін, ондай өзгерістер мен зақымданулар екінші реттегі функциональді зақымданулардың бірқатар тобының жетілулеріне себепкер болады, осылай толық ағзаның патологиясы туындап, жасушалар мен ұлпалардың жүйелі зақымдануынан түрлі аурулар жетіледі.

Жасушаның зақымдану типтерін зерттеу, олардың даму үрдістерін қарастырудың жалпы биологиялық мағынасы зор.

Жасуша деңгейіндегі патологиялық процестерге тек қана жасушаның деструкциясымен байланысты құбылыстар жатпайды. Жасушалар патологиясының енді бір деңгейі – реттеу үрдістерінің өзгерулері. Бұл – түрлі заттардың ағзада жинақталып қалуына, дифференциацияның бұзылуына (мысалы, қатерлі ісіктік өсуі) әкеп соғатын, зат алмасу үрдісінің бұзылулары болуы мүмкін.



    1. Лабораториялық сабақтардың жоспары

1-тақырып. Жасушалар мен ұлпаларды зерттеу тәсілдері

    1. Түрлі объектілерді зерттеуге арналған, әртүрлі модельді биологиялық микросоптардың құрылысы.

    2. Микросоппен жұмыс істеудің негізгі жолдары (жұмыс орнын әзірлеу, жарық түсіру, центрлеу, фокустау, жарық фильтрлерін таңдау, объектілердің суреттерін салу және оларды өлшеу, микрофотография).

    3. Жасушаны зерттеу тәсілдері: жасушалар мен ұлпаларды бояу және фиксациялау; мұздатылған объектілерді кептіру тәсілі (лиофилизация); тірі кезіндегі бақылау; цито- және гистохимиялық тәсілдер; радиоавтография тәсілі; дифференциалды центрифуга тәсілі; ұлпалар өсінділері тәсілі; микрургия – тәсілі

1-3 тапсырмаларды цитологиядан әдістемелік нұсқаулардан қараңыз.

Тапсырма 1. Теориялық материалмен танысу: оптикалық және механикалық түйіндер (жарық түсіргіш жүйе: конденсор және айна, объективтер және окуляры, ирис диаграммасы); объективтер және окулярлар типтері, анық және тұрпайы фокустау тұтқаларын қолдану, V=Vоб. х Vок. формуласы бойынша суммалық көбеюі; микроскоптың шешуші қабілеті.

Тапсырма 2. Столға МБР –1 немесе МБР-3 микроскопын орныластырып, оның центрлілігін терсеру, препараттарды әр түрлі объективтерден фокустау, жарық фильтрлерін таңдау. Микроскоп астындағы объектіні өлшеу және суретін салу 27-47 беттер (12).

  1. Тапсырма 3. Жасушаны зерттеу тәсілдерімен танысу: жасушалар мен ұлпаларды бояу және фиксациялау; мұздатылған объектілерді кептіру тәсілі (лиофилизация); тірі кезіндегі бақылау; цито- және гистохимиялық тәсілдер; радиоавтография тәсілі; дифференциалды центрифуга тәсілі; ұлпалар өсінділері тәсілі; микрургия – тәсілі (7) 8, 11, 67-98 беттерде; (12) 63-127 беттерде; (5) 264-292 беттерде; (20) 28 бетте; (10) 18 бетте, (2) 4-7 беттерде.

2- тақырып. Прокариоттар мен эукариоттар, өсімдік пен жануар жасушаларының құрылымы мен функционалды дамуындағы ортақ принциптері

  1. Бақылау сұрақтарының көмегімен тақырыпты теориялық талдау (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

  2. Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының морфофункциональді құрылысын зерттеуге арналған практикалық тапсырмалар мен уақытша препараттар даярлау әдістемесін игеру.

№1-3 Тапсырмалар (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

Тапсырма 1. Берілген 6 беттегі №1 (8) сызба-нұсқаны; (2) 8-9 беттердегі 1, 2 суреттерді, А.4 суретті (Қосымша А), 17-21 беттердегі 1,2,3А мен 4Б препараттарын (8) және А.5 суретін (Қосымша А) пайдалана отырып прокариот және эукариот жасушаларының құрылысының ерекшеліктерімен танысу. Оқу материалын бекіту үшін прокариотты жасушаларының құрылысының қиыстырылған сызба-нұсқасын салыңыздар (2) 1 сурет, 8бет.

Тапсырма 2. 23-42 беттерде (8) берілген №2 сызба-нұсқаны, (2) 9 беттегі 2 суретті пайдалана отырып және №4,5,6,9,10,12,13,15,16 (8) цитологиялық препараттардан, А.6 суреттен (Қосымша А) эукариот жасушалардың құрылысының құрылымды-функционалды ерекшеліктерін қарастырыңыздар. Оқу материалын бекіту үшін жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысының қиыстырылған сызба-нұсқасын (2; 2-сурет, 9 бет) салып, оған эукариот жасушалардың ортақ және факультативті құрылымдық компоненттерін белгілеңіздер.

Тапсырма 3. Уақытша препараттарды дайындау тәсілдерін игеру (4).

3-тақырып. Биологиялық мембраналар. Плазматикалық мембрана

    1. Бақылау сұрақтарының көмегімен тақырыпты теориялық талдау (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

    2. Плазматикалық мембрананың морфофункциональді құрылысы мен химиялық құрамын, мембрана арқылы заттардың тасымалын, оның өткізгіштігін, пламатикалық мембрананың эндоцитоз үрдісі кезіндегі әрекетін қарастыратын практикалық жұмыс.

№ 1-2 тапсырмалар (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

Тапсырма 1. Плазматикалық мембрананың химиялық құрамы мен ультрақұрылымдық құрылысымен (2) 11-17; (1) 141-176; (5) 232-233; (3) 21-32; (9) 9-15; (20) 53-62; (22) 264-273 беттерден; (5) 3-1, 2, 3, 4 суреттерден; А.7 - суреттен (Қосымша А) танысу.

Тапсырма 2. Мембрана арқылы заттарды тасымалдау процестерін қарастыру: белсенді және баяу тасымалдау А.8, 9, 10, 11- суреттер (қосымша А); 17-15 беттер (2); 223-28 беттер (3); 67-71 беттер (22); 12-13 беттер (9);

4-тақырып: Эндоплазмалық тор. Гольджи аппараты. Лизосомалар. Өсімдік жасушаларының вакуольдері

  1. Бақылау сұрақтарының көмегімен тақырыпты теориялық талдау (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

2 ЭПТ-дың, Гольджи аппаратының, лизосомалардың морфофункциональді құрылысын қарастыратын практикалық жұмыс.

1-3 тапсырмалар (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).



Тапсырма 1. Жасушаның функциональді ерекшеліктеріне сәйкес ЭПТ-дың мембраналарының қайта құрылуларын, ЭПТ-да ақуыздардың жинақталуын, тасымалдау функциясын және субмикроскоптық құрылысын көрсететін препараттарды, электронды микрофотосуреттерді, сызба-нұсқаларды қарастырып, танысу.

Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум № 48, 49, 53, 61, 62 препараттар 102-118 беттер (5); электронды микрофотосуреттер 4-6, 4-9 (2); (7) 27-32 беттер.

Түйіршіксіз эндоплазмалық ретикулум № 64, 65, 67, 68, 70 препараттар 120-132 беттер (5); электронды микрофотосуреттер 19-26 беттер (7).

Саркоплазмалық тор №69 препарат, 133-134 беттер (5);



Тапсырма 2. Негізгі оқу әдебиеттердің (5) 135-154 беттеріндегі 79 суреттен, №71-74, 76-78, 81,85 (85А, 85Б, 85В сурет) препараттардан, 32 ,36 беттерден 4-16 А, 4-16Б, 4-20 препараттардан, (2) 21 беттердегі 7, 8- суреттен; 22 беттегі 9 және 23 беттегі 10-суреттерден әр түрлі жасушалардағы гольджи аппаратының құрылысының әр түрлілігін қарастырып оның құрылысымен танысу.

Тапсырма 3. Келтірілген оқу құралдарынан (5) № 87-93 препараттарды, 154-164 беттерден 5 сызба-нұсқаны; (2) 25 беттегі үлгіні, (3) 40 бетіндегі 4-26А сызба-нұсқаны қарастырып, танысу.

5-тақырып: Ядроның морфофункционалды құрылысы

  1. Бақылау сұрақтарының көмегімен тақырыпты теориялық талдау (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

  2. Ядроның құрылымын цитологиялық препараттар мен электронды микрофотосуреттерден зерттейтін практикалық жұмыс.

1-2 тапсырмалар (цитологиядан лабораторлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар).

Тапсырма 1. Өсімдік жасушаларындағы ядроның құрылымын пияз қабықшасының цитологиялық препараттарынан микроскоптың кіші өлшемімен және (5) 53-54 беттердегі №20,21 электронды микросуреттер-препараттардан өсімдік жасушасы ядросының ультроқұрылымымен танысу. Ядроның құрылымын сызба-нұсқа түрінде суретке түсіру. Саңылаулар комплексі мен ядро мембранасының үзіндісінің суретін салу.

Тапсырма 2. Жануар жасушаларының ядросының құрылысымен танысу. Тышқанның сүйек миының жасушаларының ядросының құрылымымен танысу, (5) 47-50, 54-60 беттерден № 22, 23, 24, 25 препараттарды қараңыз. Әр түрлі жануарлар жасушаларының пішініне, көлеміне, санына қөңіл аударыңыздар.

6-тақырып. Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Митоз, амитоз, эндомитоз.

1.Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздерін бақылау сұрақтарының көмегімен талқылау.

2.Митоз, амитоз, эндомитозбен танысу және бастырылған препараттар даярлау әдісін игеруге арналған практикалық жұмыс.

№ 1-4 тапсырмалар



Тапсырма № 1. Митоздың фазаларын (5) 79-99 беттердегі 37-46 препараттардан; (2) 44 беттегі 20- суреттен; (13) 75-89 беттердегі 41-48 суреттерден; (12) 146-153 беттердегі 48 суреттен; (14) 42 беттегі сызба-нұсқадан және В.4, В.5 - суреттерден (Қосымша В) қарастыру.

Тапсырма №2. Митозды қарастыруға арналған уақытша препараттарды дайындау әдісін игеру. Митозды зерттеуге ең қолайлы объектілер – пияздың (Allium cera L.) және әленнің (Crepis capillaries L.) тамыры. Бастырылған препараттар орындаудың жалпы әдістері 119-129 беттерде (12); 24 беттен (6); 176-181 беттерден (12) танысыңыздар.

Тапсырма №3. Дайын цитологиялық препараттардан және 94-95 беттердегі (13) 52 суреттен; (2) 45 беттен амитозбен танысу. Бөліну фазаларының сызба-нұсқасын сызу.

Тапсырма №4. Эндомитозбен 90 беттегі 50 суреттен танысып, хирономус пен дрозофиланың гигант хромосомаларынан уақытша препараттар дайындау әдістемесін игеріп, анализ жасау. Әдістеме (6) 23-25 беттерде келтірілген.

    1. Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс рамкаларында жүргізілетін жұмыстардың жоспары.

СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (1сағ)

1-тақырып: Жасушалар мен ұлпаларды зерттеу тәсілдері

  1. Бақылау тәсілдерін зерттеу: қараңғы аумақ микроскопиясы тәсілі, полярланған жарықта бақылау тәсілі, люминесцентті микроскопия тәсілі, электронды микроскопия (трансмиссиондық және сканерлік) тәсілі

№1-2 тапсырмалар

1-тапсырма. Әдебиеттердің (7) 3-10 беттерінде; (12) 48-62 беттерінде көрсетілген зерттеу тәсілдерінің сипаттамаларына сәйкес, қараңғы аумақтан өтетін жарық, фазалық контрастық, полярланған және люминесцентті жарық жағдайларында жұмыс істеуге, жарық микроскоптарын орналастыру. Пияз эпидермисінің және басқа да объектілердің тірі жасушаларын зерттеу, бақылау нәтижелерін жазу. Жасушаның морфологиясын сипаттау.

2-тапсырма. Микрофотосуреттер альбомындағы 4 беттен № 4, 8, 9 электронды микроссссуреттерді қарастыру. Элетронды микроскоптан қарастырғандағы объектілердің көріністеріне назар аударыңыздар. Кесінділердің толық сипаттамасы 10-11 (7) беттерде берілген.

СОӨЖ көлеміндегі семинар сабақтың жоспары (1сағ)

Сұрақтары:



  1. Жарық және электронды микроскопия (тәсілдерінің негізі және оларды жасушаның құрылымы мен қызметін зерттеуде пайдалануы)

  2. Тірі жасушаларды зерттеу тәсілдері (ағзадан тыс жасушалар культурасы, қараңғы аумақты, фазалық-контрасты, полярланған, люминисцентті микроскопия, цейтаферлі микротүсіру)

  3. Фиксацияланған жасушаларды зерттеу тәсілдері (цитохимиялық сапалы және сандық тәсілдер)

  4. Жасуша компоненттерін иммунохимиялық зерттеу тәсілдері (Кунс реакциясы, гибридомдар, моноклональді антиденелер алу).

Ұсынылатын әдебиеттер (1-6,10, 13, 19-22,)

2-тақырып: Прокариоттар мен эукариоттар, өсімдік пен жануар жасушаларының құрылымы мен функционалды дамуындағы ортақ принциптері

  1. Прокариот жасушаның құрылысы

  2. Эукариот жасушаның құрылысы

№ 1-2 тапсырмалар

1-тапсырма Прокариот жасушаның құрылысы.

Бұл сұрақты дәрістік курсты және негізгі оқу әдебиеттерін қолдана отырып қарастырыңыз. Жасушаның осы типінің морфофункциональді ерекшеліктерін қарастырып, бактерияның, микоплазманың, көк-жасыл балдырдың құрылысының сызба-нұсқасын салыңыз, олардың өзара айырмашылықтары сипаттап, ұқсастықтарын табыңыз. Түрлі бактериялық ағзалардың ұқсастықтар қалай байқалады, түсіндіріңіз. Бактериялы ағзалардың әр алуандылығы тіршілік ету ортасына эволюциялық бейімделушілік екендігін дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз. 1-кестені толтырыңыз:

1 кесте-Прокариот жасушалардың: бактериялар, микоплазмалар, көк-жасыл балдырлардың салыстырмалы сипаттамасы

Белгілер



Морфофункциональді ерекшеліктері

Бактериялар

Микоплазмалар

Көк-жасыл балдырлар

2-Тапсырма Эукариот жасушаның құрылысы

Дәрістік курсты және негізгі оқу әдебиеттерін қолдана отырып эукариот (өсімдік және жануар) жасушаларының құрылысының құрылымдық-функциоанлдық ерекшеліктерін қарастырыңыздар. Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын сипаттаңыздар. Анықтаңыздар, барлық эукариот жасушаларының құрылысының жалпылығы неден. Оқу материалын бекітуге арналған 2-кестені толтырыңыздар.

2-кесте Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы

Белгілер

Жануарлар жасушасы

Өсімдіктер жасушасы

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген бөлімді қарастырған кезде гистология, ботаника, зоология курстарынан және т.б. биологиялық пәндерден алған білімді іске асыру керек, сондай-ақ цитологияның оқу материалын тіршіліктің құрылымдық және функциональдік бірлігі жасуша туралы көзқарасты толықтыру және тереңдету үшін пайдалану.

СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (1сағ)

3-тақырып. Плазматикалық мембрана

Тапсырма 1. Эндоцитоз процесі кезіндегі плазматикалық мембрананың белсенді қызметімен танысу. Тапсырманы орындау жолымен (6) 12 бетінен танысыңыздар.

Тапсырма 2. Плазмолиз бен деплазмолиз құбылыстарының (14; 51 б.) негізінде плазматикалық мембраналардың өткізгіштігін қарастырыңыздар. Жұмысты орындау жолы оқулықтың (6) 12 және (14) 74 беттерінде келтірілген.

СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (2сағ)

4-тақырып: Митохондриялар мен и пластидтер


  1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыпқа теориялық талдау.

  2. Митохондриялар мен пластидтердің морфологиялық-функционалды қасиеттерімен таныстыратын практикалық жұмыс.

1-тапсырма. Митохондриялар

94-111 (5), 62-50 беттерден (14) 5 –5, 15, 16, 17, 18 препараттарды, 30 беттегі (2) 12, 13 суреттерді қарастырып, олармен танысу. Митохондриялардың сыртқы және ішкі мембраналарының, мембрана аралық кеңістіктің, матрикстің, митохондрия геномының құрылымды-функционалды айырмашылықтарын сипаттау. Митохондриялардың кристері мен матриксінде қандай процестер жүретіндігін түсіндіріңіздер. Митохондрияның құрылысының сызба-нұсқасын салып, негізгі құрылымдық элементтерін белгілеңіздер. Жасушалардың энергияға тәуелді құрылымдарының митохондриялармен функционалды интеграциясына мысалдар келтіріңіздер.Митохондриялардың қызмет ету белсенділігі АТФ пен АДФ-тың катынасымен және оның энергиялық қажеттілігімен реттелетіндігін көрсететін мысалдар келтіріңіздер. Бақылау ретіне №3 кестенің сәйкес бағанасын толтырыңыздар.



2-тапсырма. Пластидтер.

2.1 Оқулықтардағы (5) 197-201 беттердегі № 113-115 (114Б,115А суреттер); (10) 56-60 беттердегі 5-27, 5-29, 5-33, препараттардан, (2) 33 беттегі 14-15 суреттерден, бөлме өсімдіктері –сансевъера (Sancevierie trifsciata Thumb.) және аспидистра (Aspidisttra elatior Blume) қолдана отырып хлоропластардың ультроқұрылымын қарастырып, танысу. Көптеген граналы дөңгелек пішінді хлоропластар микроскоптың үлкен мөлшерінен анық көрінеді.

2.2 202-205 беттердегі (5) № 117, 118 препараттардан (2) 33 беттегі 15 суреттен лейкопластардың ультроқұрылымымен танысып, қарастыру. Зерттеу үшін Вирджиния традесканциясының (Tradescantia virginiana L.) сызықты жапырақтарының жоғарғы немесе төменгі бетінен алынған бөліктерді қарастыруға болады (14; 80-82 б). Лейкопластарды диафрагманың жабулы кезінде, микроскоптың кіші және үлкен мөлшеріннен қарастырады.

2.3 205-206 беттердегі № 119-120 (5) препараттардан (14) 81 беттегі 11 суреттен хромопластардың ультроқұрылымын қарастырып, танысу. Зерттеу үшін інжугүл жидектерін, шетен, итмұрын, ырғай, қызан, алқа, жемістерін, сәбіз немесе басқа да өсімдіктердің тамыржемістерін қарастыруға болады.

2.4 Берілген оқулықтың (5) 207-209 беттерінен №121-124 суреттерден балдырлардың фотосинтездеуші құрылымын (хроматофорлар) қарастырып, танысу. Хроматофорлар құрылысымен жасыл балдырлар мысалында (тірі немесе формалинде фиксацияланған материал) танысуға болады. Балдырларды суда, жабын шынысының астынан микроскоптың кіші және үлкен мөлшерлерінен қарастырады. Зерттеулер кезінде жасушадағы пластидтердің орналасуы, пішіні, мөлшері және санына, пигменттер құрамына назар аударыңыздар. Мезофил және өткізгіш шоқтардың жасушаларындағы хлоропластардың айырмашылықтары неде, салыстырыңыздар, А.12, 13 суреттерді (Қосымша А) қараңыз.

А.14 (Қосымша А) суретінен пластидтердің онтогенезі мен функционалльді қайта құруларын қарастырыңыздар.



Бақылау ретіне №3 кестенің сәйкес бағанасын толтырыңыздар.

СОӨЖ көлеміндегі коллоквиумның жоспары (1сағ)

5-тақырып: Жасушаның мембраналық құрылымдары

  1. Цитоплазма, протоплазма, гиалоплазма, цитозоль дегеніміз не?

  2. Гиалоплазманың құрамы, құрылымы, қасиеттері мен атқаратын қызметтері.

  3. Цитоплазманың құрамына қандай компоненттер кіреді? Қандай мембраналық және мембранасыз құрылымдар цитоплазманың құрамына кіреді?

  4. Эукариот жасушаларының құрамына көп мөлшерде жасушаішілік мембраналардың бар болуы неге байланысты?

  5. Вакуольдер жүйесі, оның құрамы, өсімдік пен жануарлар жасушаларында вакуольдердіің құрылуы және атқаратын қызметі.

  6. Эндоплазмалық тор. Жалпы сипаттамасы. ЭПТ- құрылымы мен қызметі.

  7. Гольджи аппаратының (кешенінің) құрылымы мен қызметі.

  8. Лизосомалар. Ашылу тарихы, құрылымы. Химиялық сиппаттамасы, лизосома типтері.

  9. Лизосомалардың атқаратын қызметі және олардың шығу жолдары.

  10. Митохондриялардың морфологиялық және функциональды құрылысы. Митохондриялардың АТФ-ты синтездеудегін және жинақтаудағы ролі. Митохондриялардың шығу мәселелері.

  11. Пластидтер. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, классификациясы, атқаратын қызметі. Пластидтерді қайта құрылуы мен онтогенезі. Хлоропластардың шығу мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер 1-4, 14-15, 19-22, 27.

СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (1сағ)

6-тақырып: Цитоплазманың микротубулярлы құрылымы және микрофиламенттері (лабораториялық сабақ)

  1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыпқа теориялық талдау.

  2. Микротубулярлы құрылымдар және микрофиламенттердің морфологиялық-функционалды қасиеттерімен таныстыратын практикалық жұмыс.

1-тапсырма. Атластан (10) 66-67 беттердегі микрофотосуреттерден және (5) 213-215 беттердегі № 125, 126 препараттардан, (9) 20-23 беттеріндегі 7 суреттен микротүтікшелер, центриольдер мен талшықтардың құрылыстарымен танысу.

2-тапсырма. Атластағы (10) 68-69 беттердегі микрофотосуреттермен, сызба-нұсқалардан және (10) 215-217 беттеріндегі № 127, 128, (9) 23 бетіндегі препараттардан микрофиламенттердің морфофункциональді құрылысымен танысу.

СОӨЖ көлеміндегі семинар сабақтың жоспары (1сағ)

7-тақырып: Ядроның морфофункционалды құрылысы

Сұрақтары:

  1. ДНҚ-ның молекулалы және генетикалық құрылысы. «Ген», «геном», «генотип», «гентикалық код» ұғымдарына түсініктеме беріңіз.

  2. ДНҚ репликациясы. Тұқымқуалаушылық ақпаратының редупликациясының жартылай консервативті тәсіліне сипаттама беріңіздер, осы процестің биологиялық маңызын атап көрсетіңіз.

  3. Прокариоттар мен эукариоттар геномындағы нуклеотидтердің кезегінің түзілуі.

  4. РНҚ-ның негізгі типтерінің құрылысы және олардың жасуша ақуызын синтездеу жүйесіндегі қызметі. РНҚ процессингінің ортақ заңдылықтары.

  5. Хроматин ақуыздары: гистондар және гистонсыз ақуыздар.

  6. Хроматиннің құрылымы (хроматиннің жетілу деңгейлері)

  7. Интерфазадағы хроматин түзілуі.

  8. Жасушаның тіршіліндегі ядроның генетикалық функцияларының ролі: а) хромосомалар редупликациясы; б) ДНҚ құрылымындағы дефектілерді репарациялау; в) жасушаның ақуыз синтездеу жүйесінің пайда болу процесі кезіндегі тұқымқуалаушылық ақпаратын реализациялау; г) кроссинговер кезіндегі гентикалық ақпараттаң рекомбинациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 9, 10, 14-17, 22,23 31.

СОӨЖ көлеміндегі коллоквиумның жоспары (1сағ)

8-тақырып Ядроның морфофункционалды құрылысы

Сұрақтары:

  1. ДНҚ-ның молекулалы және генетикалық құрылысы. «Ген», «геном», «генотип», «гентикалық код» ұғымдарына түсініктеме беріңіз.

  2. ДНҚ репликациясы. Тұқымқуалаушылық ақпаратының редупликациясының жартылай консервативті тәсіліне сипаттама беріңіздер, осы процестің биологиялық маңызын атап көрсетіңіз.

  3. Прокариоттар мен эукариоттар геномындағы нуклеотидтердің кезегінің түзілуі.

  4. РНҚ-ның негізгі типтерінің құрылысы және олардың жасуша ақуызын синтездеу жүйесіндегі қызметі. РНҚ процессингінің ортақ заңдылықтары.

  5. Хроматин ақуыздары: гистондар және гистонсыз ақуыздар.

  6. Хроматиннің құрылымы (хроматиннің жетілу деңгейлері)

  7. Интерфазадағы хроматин түзілуі.

  8. Жасушаның тіршіліндегі ядроның генетикалық функцияларының ролі: а) хромосомалар редупликациясы; б) ДНҚ құрылымындағы дефектілерді репарациялау; в) жасушаның ақуыз синтездеу жүйесінің пайда болу процесі кезіндегі тұқымқуалаушылық ақпаратын реализациялау; г) кроссинговер кезіндегі гентикалық ақпараттаң рекомбинациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 14-17, 22,23 31.

СОӨЖ көлеміндегі семнар сабақтың жоспары (1сағ)

9-тақырып: Ақуыз биосинтезі

Сұрақтары:

  1. Ақуыз биосинтезі процесі жүруі үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Ақуыз синтездеу жүйесінде қандай құрылымдық компоненттер қатысады, оларға сипаттама беріңіздер.

  3. Траснкрипция қалай жүреді?

  4. Рибосоманың құрылысы қандай, олар қайда пайда болып, орналасады? Полисома дегеніміз не?

  5. Рибосомаларда қандай процестер жүреді?

  6. Ақуыз биосинтезі кезінде қай процесс трансляция деп аталынады? Трансляция этаптары. Трансляция механизімін түсіндір.

  7. Прокариот және эукариоттардың генетикалық ақпараттарының транскрипция және трансляция процестерінде прокариот және эукариот геномдарының айырмашылығы қалай көрінетіндігін А. 15 суреті (Қосымша А) бойынша түсіндір.

  8. Тірі жасушаның ақуыз синтезін неліктен матрицалық деп атайды. Ақуыздардың көп түрлілігі және оның спецификалылығы немен түсіндіріледі.

  9. Ақуыз молекуласының биосинтезі этаптары жүреді: а) хромосомада; б) рибосомада; в) эндоплазмалық тордың каналдарында.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 14-17, 21, 22, 23 31.

СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (1сағ)

10-тақырып: Хромосомалар морфологиясы. Кариотип туралы түсінік.

  1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыпқа теориялық талдау.

  2. Цитологиялық препараттардан және микроскопиялық фотосуреттерден хромосоманың морфологиясымен және өсімдіктер мен жануарлар кариотипімен танысу.

1-тапсырма. Пияздың, бұршақтың, әленнің, қарабидайдың бөлініп жатқан жасушаларының цитологиялық препараттарынан, аскариданың бөлшектеніп жатқан жұмыртқа жасушасының (5) 80-89 беттердегі №37, 41; (12) 80-98 беттерден №37-46 цитологиялық препараттарынан хромосома морфологиясымен танысу.

  1. Препараттарды микроскоптың кіші және үлкен объективінен қарастырыңыздар.

  2. Хромосомалар санын есептеңіздер. Әдістемелік нұсқауы (12) 167-174 беттерде.

  3. Хромосомалардың әр түрлі типтерін табыңызбар (метацентрлік, субметацентрлік, акроцентрлік), суреттерін салыңыздар.

2-тапсырма. Берілген метафазалық пластинкалардың фотосуреттерінен жануар немесе өсімдіктердің бір түрінің жасушаларының кариограммасын түзіңіз. Тапсырманы орындау жолымен (6) 28-29 беттерден танысу.

3-тапсырма. Митоздың метафазасындағы адамның қалыпты кариотипімен танысу. Тапсырманы орындау жолы (6) 28-29 беттерде көрсетілген

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-6,10, 12-15, 17-22,29, 31.



СОӨЖ көлеміндегі лабораторлық сабақтың жоспары (2сағ)

11-тақырып: Жынысты жолмен көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз.

  1. Жынысты жолмен көбеюдің цитологиялық негіздерін бақылау сұрақтарының көмегімен теориялық талдау (қосымшаға назар аударыңыз).

  2. Мейоз фазаларын зерттеуге және бастырылған препараттар даярлау әдістемесін игеруге арналған практикалық жұмыс.

1-тапсырма. Көрнекілік кестелерден, сызба-нұсқалардан, микрофотосуреттерден және дайын препараттардан мейоздың кезеңдері мен фазаларымен танысу (2) 47 бет; (14) 45 бет; 182-194 беттер (12); 95-105 (13); 34-36 (6).

2-тапсырма. Мейоз фазаларын зерттеуге арналған бастырылған препараттар даярлау әдістемесін игеру. Әдістеме (11) 36-37 беттерде келтірілген.

    1. Өсімдік жасушаларындағы мейоздың кезеңдері мен фазаларымен тенысу. Өсімдік жасушаларындағы мейозды қарастыру үшін пияздың, қарабидайдың, арпаның және т.б. өсімдіктердің тозаңқаптарын қолдануға болады.

  1. Жасушаның мейоздық бөлінуі препаратынан, микроскоптың кіші ұлғайтуынан бөлініп жатқан мейоз жасушаларын табыңыз. Мейозды терең зерттеу үшін микроскоптың 10х90 ұлғайтуынан бірнеше препарсттардан қарастырыңыздар.

  2. Мейоздың I және II фазаларын тауып, қарастырып, жүру кезектерінің суреттерін салу.

  3. Препараттар сериясын қарастыра отырып, олардан метафазаның екі түрлі орналасуларын – қырынан және полюсінен қарастыру. Қырынан қарастыру кезінде бөліну ұршығын, полюсінен - биваленттер мен олардың сандарын қарастыруға болады. Цитологиялық препараттардағы мейоздың фазаларын салыстыру үшін В.6 суретіндегі микропрепараттарды қолдануға болады (Қосымша В).

    1. Жануарлар жасушаларындағы мейозбен танысу.

Жануарлар жасушаларындағы мейозбен шегірткенің жыныс бездерінен дайындалған цитологиялық препараттадан танысуға болады. Цитологиялық препараттардағы мейоздың фазаларын салыстыру үшін (11) 27 беттегі 6 суреттегі микропрепараттарды қолдануға болады.

  1. Препараттар серияларын қарастырып, хромосомалардың әр фазасына сәйкес күйлерін қарастыру.

  2. Лептонема кезеңіндегі жасушаларды іздеп табыңыздар. Хромосомалардың жіңішке жіпшелерінің арасынан қою түсті тығыз денешіктерді табыңыздар. Олар басқа хромосомаларға қарағанда конденсорланған күйде қалатын - жыныс хромосомалары. Шегірткенің жыныс бездерінің және өсімдіктер жасушаларындағы лептонемаларды салыстырып, қорытынды жасаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-6,10, 13-15, 17-22, 29.

СОӨЖ көлеміндегі семинар сабақтың жоспары (1сағ)

12-тақырып: Жасушалар дифференциациясы. Жасушалар патологиясы.

  1. Жасушалар дифференциациясы – ағзаның қызметтерінің әралуандылығын қамтамасыз ететін гетерогенді жасушалық құрамының пайда болуы. Жасушалар дифференциациясындағы ядро мен цитоплазманың ролі.

  2. Осы үрдісті дифференциациялайтын және реттейтін факторлар. Эмбрионалді детерминация. Индукциялы әсер етулер. Дифференциацияның гуморальді және жүйке факторы.

  3. Ісік трансформациясы.

  4. Жасушаға зақымдағыш факторлардың ықпал жасауы. Паранекроз теориясы. Жасуша зақымданған жағдайда органоидтарының құрылымының өзгерулері. Жасуша ішілік репарация. Жасушаның өлуі: жасушаның өлгенінің цитологиялық белгілері.

  5. Жасушаларға алкогольдің әсері (баяндама).

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-6, 13-15, 17-23,29, 30-32.

Лабораторлық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер .

Лабораторлық жұмыстарды рәсімдеуге қойлатын талаптар

Лабораториялық жұмыстар студенттің жеке жазуларында (жұмыс дәптерде) орындалады;.

- кіріспе (жұмыстың мақсаты , жабдықтау және материалдар, зерттейтін объектілер);

- жұмысқа кейбір түсіндірулер;

- жұмыс барысы;


  • нәтижелері;

  • бақылау сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар және қорытындылар.

Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.

2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары көлеміндегі сабақтар жоспары:

1-тақырып. Цитология пәніне кіріспе. Цитологияның жетілуі тарихының негізгі кезеңдері.Жасуша теориясы.

1-тапсырма. Цитологияның тарихының қысқаша очеркі. Жасуша теориясы. Негізгі және қосымша әдебиеттерден цитологияның жетілуі тарихының негізгі кезеңдері танысып, жасуша теориясын тууына себепкер болған Р.Гуктың, А.Левенгуктың, М.Мальпигидің, Я.Пуркиньенің, Ф.Фонтанның, Р.Браунның, Т.Шваннның, М.Шлейденнің, сондай-ақ жасуша теориясының дамуына себепкер болған К.Вольфтың, К.Бэрдің, Р.Вирховтың. зерттеулеріне назар ауданыңыздар. “Жасуша туралы көзқарастардың пайда болуы мен дамуының негізгі этаптары” деген сызба-нұсқа сызыңыздар.

2-тапсырма. Цитология тәсілдері. Жарық және электронды микроскопия дәуіріндегі цитологияның негізгі жетістіктерін сипаттаңыз. Теориялық биология, биотехнология, генетикалық және жасушалық инженерия, медицина және ауыл шаруашылығы үшін цитологиялық жетістіктердің қатыстарына мысал келтіріңіздер (баяндама)

2-тақырып. Прокариоттар мен эукариоттар, өсімдік пен жануар жасушаларының құрылымы мен функционалды дамуындағы ортақ принциптері. Жасуша қабықшасы.

1-тапсырма. Прокариот және эукариот жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы. Берілген жасушалдардың құрылысындағы айырмашылықтар қалай байқалады, түсіндіріңіздер. Оларды тірі материяның бірыңғай жасушалы түрлеріне жатқызатын ортақ белгілерін атап шығыңыз. Білімді меңгерген деңгейін тексеруге арналған 3-кестені толтырыңыздар.

3- кесте. Жасушалардың прокариот және эукариот типтерінің салыстырмалы сипаттамасы



Белгілер

Прокариот жасушалары

Эукариот жасушалары

2-тапсырма. Вирустардың құрылыстарының ерекшеліктері. Бұл сұрақты негізгі оқу әдебиеттерін және атластағы микросуреттерді пайдалана отырып қарастырыңыздар. Тіршіліктің жасушалы және жасушасыз түрлерінің айырмашылықтарын анықтаңыздар. Берілген тапсырманы бекіту үшін “Вирустардың морфоцункциональді сипаттамасы” деп аталатын 4-кестені толтырыңыз.

3-тақырып: Цитоплазма. Биологиялық мембраналар. Плазматикалық мембрана.

Тапсырма 1. Плазматикалық мембрана бетінің морфофункционалды құрылысын қарастыру. Электронды-микроскопиялық фотосуреттер бойынша түйісуші жасушалардың мембрана беттерінің құрылысымен № 140-150 препараттардан (3) танысу. Арнайы жасушааралық түйісулердің (десмосомалар, құлыптар, тығыз және саңылаулы) құрылымын қарастыру. Десмосомалар, аяқтаушы пластинкалар және синапстар негізінде арнайы түйісулердің морфофизиологиялық құралысын талдаңыздар. Түйісу зонасындағы плазмолемманың модификациясына, олардың тонофибрилдер мен микротүтікшелердің құрылым элементтерінің құрамдарына кірулеріне назар аударыңыздар. Берілген материалды түсінгендікті тексеру ретінде В.1 жаттықтыру тапсырмасын орындаңыздар (Қосымша В).

4-тақырып: Митохондриялар мен и пластидтер

1-тапсырма. Митохондриялардың негізгі қасиеттерімен және олардың құрылымдық компоненттерінің қызметтерімен танысып, қорытындылап кестені толтырыңыз

Митохондриялардың морфофункционалды құрылысы

Митохондрий құрылымдары



Сыртқы мембрана

Мембранааралық кеңістік

Ішкі мембрана

Субмитохондриалық бөлшектер

Матрикс

Құрамы
















Қызметі
















2-тапсырма. А.14 (Қосымша А) суретінен пластидтердің онтогенезі мен функционалльді қайта құруларын қарастырыңыздар.

3-тапсырма. “Митохондриялар мен хлоропластардың пайда болуы мәселелері” тақырыбына реферат дайындау.

Ұсынылылатын әдебиеттер: 2-6, 10,13, 14, 16-22.



5-тақырып: Цитоплазманың микротубулярлы құрылымы және микрофиламенттері.

1-тапсырма. Берілген материалды бекіту үшін В.3 жаттықтыру тапсырмасын (Қосымша В) орындау.

2-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:

    1. Неліктен центриольдердің репродукциясын жай бөліну ретінде қарастыруға болмайды?

    2. Жеке микротүтікшені органелла ретінде қарастыруға бола ма?

    3. Егер колхицин алкалоиды тубулин-ақуызының деполимерлеуін туғызатын болса, осы алкалоидпен әсер еткеннен кейін жүйке жасушалары өз пішіндерін қалай өзгертеді?

Ұсынылылатын әдебиеттер: 2-5, 9, 10.

6-тақырып: Жасуша ядросы, хроматин және хромосомалар.

<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №41/07 қаулысы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын

200.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1743.16kb.

13 10 2014
12 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1838.96kb.

11 10 2014
10 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1652.88kb.

15 10 2014
9 стр.


Ф. 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1926.73kb.

15 10 2014
13 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
612.2kb.

05 09 2014
3 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
202.62kb.

30 09 2014
1 стр.