СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1-тапсырма. Ядрошықтың ультроқұрылымымен танысу.
-
Цитологиялық № 31, 32, 33, 34 препараттардан 69-75 беттердегі (5) ядрошықтың ультроқұрылымын қарастыру препараттарды қараңыз.
-
Ядрошық ұйымдастырушысының ядрошықтың түзілуінде атқаратын ролі.
-
Ол неліктен интерфаза кезінде болады, жасушаның бөлінуі кезінде ядрошық қандай өзгерістерге ұшырайды?
-
Ядрошықтың құрылымдық, функциональдық құрылысы туралы тапсырманы қабылдау нәтижесін тексеру үшін қосымшадағы №4 кестені толтыру.
2-тапсырма. «Хромосомалардың құрылысының полинемді және унинемді гипотезалары» тақырыбына реферат жазу.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-6,10, 13-15, 17-22, 28, 29.
7-тақырып : Жасушалардың көбеюі.
СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1-тапсырма.
1) Берілген материалды бекіту үшін, митоздың әр фазасының ерекшеліктерін (жүретін процестер, хромосомаларды спиральдану деңгейлері) көрсете отырып кестені толтырып, суреттерін салу.
2) В.4 және В.5 суреттерін (Қосымша В) пайдалана отырып № 4 жаттықтыру тапсырмасын орындау:
Кесте 5 – Митоздың фазаларының сипаттамасы
Фазалар аты
|
Фазаларға сипаттама
|
Суреті
|
Интерфаза
G1
S
G2
|
|
|
Профаза
|
|
|
Метафаза
|
|
|
Анафаза
|
|
|
Телофаза
|
|
|
2-тапсырма.
-
Жаттықтыру тапсырмасы ретінде гомологты хромосомалардың бір жұбының мейоздағы құбылысының сызба-нұсқасының суретін салып, аналық және аталық хромосомаларды әр түрлі түстермен көрсетіңіздер. Кросинговердің сызба-нұсқассын сызып көрсету.
-
В.4 және В.5 (Қосымша В) суреттерін қолдана отырып митоз бен мейоздың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер, жаттықтыру тапсырмасын орындаңыз. №6 кестені толтырыңыз.
Кесте 6 – Митоз бен мейоздың салыстырмалы сипаттамасы
Кезең
|
Митоз
|
Мейоз
|
Интерфаза
|
|
|
Профаза I
|
|
|
Метафаза I
|
|
|
Анафаза I
|
|
|
Телофаза I
|
|
|
Профаза II
|
|
|
Метафаза II
|
|
|
Анафаза II
|
|
|
Телофаза II
|
|
|
-
«Митоз және мейоз» тақырыбына арналған В.8 - тапсырманы орындау. (Қосымша В).
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-6, 13-15, 17-22, 28, 29.
8-тақырып: Жасушалар дифференцияциясы. Жасушалар патологиясы.
СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1-тапсырма. Келесі тақырыптар бойынша конспект: Жасушаның ескіруі мен өлуі. Жалпы сипаттамасы. Құрылымдық өзгерістер. Кәріліктің механизмінің гипотезасы. Кәрілік құбылысының және өлімнің эволюция үрдісіндегі маңызы.
2-тапсырма. Келесі тақырыптар бойынша реферат: Жасуша патологиясы. Зақымдау факторларының жасушаға әсері. Паранектоз теориясы.
Студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
СӨЖ көлемінде студенттер кітапханаға барып, берілген пән бойынша әдебиеттермен жұмыс істеулері қажет. СӨЖ көлеміндегі тақырыптар бойынша берілген барлық тапсырмалар конспект ретінде орындалады, сондай-ақ семинар, лабораториялық және коллоквиум сабақтарында талқыланады. Сұрақтардың бір бөлігі студенттің танысып отырған құрылымдардың морфологиясы мен цитофизиологиялық үрдістердің мағынасын қаншалықты түсінгендігін көрсететін, ауызша жауапты дайындауды қарастырады. Енді бір бөлігі жазбаша жауап беруді, сызба-нұсқалар сызуды, суреттер салуды, жаттықтыру тапсырмаларын орындауды және кестелер толтыруды қажет етеді. Студенттердің СӨЖ көлеміндегі жұмыстары жоспарларда көрсетілген сұрақтар бойынша конспектілері бар болған жағдайда ғана бағаланады.
2.5 Жазбаша жұмыстардың тақырыптары:
Рефераттар тақырыптары:
-
Митохондриялар мен пластидтердің пайда болу мәселелері.
-
Хромосомалардың құрылысының полинемді және унинемді гипотезалары.
-
Жасуша патологиясы. Зақымдау факторларының жасушаға әсері. Паранектоз теориясы.
Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар: Рефератқа қажет материалды ұсынылған әдебиеттер тізімінен алуға болады. Жұмыс жасауға 1-2 аптаға беріледі. Реферат А4 форматты парақтарға орындалады, қолдан жазылған реферат көлемі, шамамен 15 бет, баспалық – 10-12 бет. Мәтінді компьютермен терген жағдайда төмендегі парамертлер сақталынады: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм. Шрифт көлемі – 14, интервалы – 1,5. Беттер араб цифрларымен, беттің оң жақ бұрышында, нүктесіз белгіленеді. Мұқабасы жалпы нөмірлеу санына кіреді, дегенмен беттің № мұқабаға қойылмайды.
Ұсынылатын әдебиеттер (жоғарыда көрсетілген әдебиеттер тізімі кітапхана қорында болмаған жағдайда оқытушыны алдын ала ескертіңіздер)
Рефератты аттестациялау
Рефератты бағалау критерийлері:
А) тақырыптың ашылу деңгейі;
Б) ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану;
В) рефератты жазуға теориялық жақындау;
Д) қорытындалардың дұрыстығы мен ғылыми негіздіоігі;
Е) баяндау стилі;
Ж) рефераттарды рәсімдеудегі ұқыптылық және рефераттардың дұрыс дайындалуы.
Қорғалған рефераттар студенттерге қайтарылмайды, олар институт фондында сақталады. Реферат тапсырмаған студенттер немесе қорғау кезінде қанағатсыз баға алғандар кезектегі емтиханға жіберілмейді.
2.6 Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары:
-
Жарық микроскопын ашқан кім?
А) Р. Гук
В) А. Левенгук
С) И. Янсен
Д) Р. Броун
Е) Мальпиги
-
«Жасуша теориясының» негізгі қағидаларын 1938-1939 ж. ж. кім құрастырған?
А) Р. Гук
В) А. Левенгук
С) Р. Броун
Д) Т. Шванн
Е) М. Шлейден
-
Прокариот және эукариот жасушаларының негізгі айырмашылықтары неде?
А) Жасушаның көлемінде
В) Жасуша ішілік заттың химиялық құрамында
С) Генетикалық аппараттың құрылысында
Д) Көбею тәсілдерінде
Е) Жасуша ішілік құрылым – органоидтар құрамында
-
Бактериялы жасушалардың генетикалық материалдары қандай?
А) ДНК- ның сызықты молекуласы
В) ДНК-ның сақиналы молекуласы
С) ДНК және РНК молекулалары
Д) Гистондармен байланысқан ДНК
Е) протаминмен байланысқан ДНК
-
Өсімдіктер жасушаларында кезікпейтін құрылымдарды атап көрсет
А) Эндоплазмалық тор
В) Гольджи комплексі
С) Лизосомалар
Д) Митохондриялар
Е) Рибосомалар
-
Биологиялық мембрана қандай молекулалардан түзілген
А) Су және органикалық қышқылдардан
В) Көмірсулар және АТФ
С) Липидтер және белоктар
Д) Органикалық және май қышқылдары
Е) Липидтер және көмірсулар
-
Мембрананың липидті қабаты қандай құрылысты болады?
А) Фосфолипидтердің молекулярлы қабаты
В) Фосфолипидтердің үзіліссіз бимолекулярлы қабаты
С) Гликолипидтердің үзіліссіз қабаты
Д) Фосфолипидтердің үщқабатты қабаты
Е) Фосфолипидтердің көпқабатты қабаты
-
Вакуольді қоршап тұрған мембрананың аты –
А) плазмолемма
В) гиалоплазма
С) плазматикалық мембрана
Д) тонопласт
Е) везикула
-
Хлоропластың тилакоидтар бағанасы нені құрайды?
А) Граналар
В) Кристер
С) Ламеллалар
Д) Матрикс
Е) Диктиосома
-
Төмендегі аталған қызметтердің қайсысын Гольджи аппараты атқармайды
А) плазмалық мембраналарды жинақтау және өсіру
В) секретті сегрегациялау
С) сыртқы орта мен басқа жасушалармен байланыс құрады
Д) заттардың химиялық модификациясы
Е) секреттелген өнімдерді мембрамен қамтамасыз етеді
-
Ақуызды синтездейтін орын
А) Ядро
В) Эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты
С) Митохондриялар мен пластидтер
Д) Рибосомалар
Е) Лизосомалар
-
Фагосома – дегеніміз
А) гомогенді заты бар мембранамен қапталған көпіршіктер
В) екінші реттегі лизосомалар
С) плазматикалық мембрананың фрагментімен қоршалған, бөлшектерді қоршап алған вакуольдер
Д) ас қорыту вакуолі
Е) телолизосомалар түрлерінің бірі
-
Бөліну ұршығының негізін құраушы құрылымдар
А) микрофиламенттер
В) микротүтікшелер
С) микрофибрилдер
Д) тонофибрилдер
Е) мицеллалар
-
Жасушада қашан ДНК-ның белсенді синтезі және оның редупликациясы жүреді
А) пресинтетикалық G
1 -периоды
В) синтеттикалық S - периоды
С) постсинтетикалық G2 -периоды
Д) митоз
Е) жасуша циклінің барлығы
-
ДНК редупликациясы қашан жүреді
А) профазада
В) метафазада
С) анафазада
Д) телофазада
Е) интерфазада
-
Гомологты хромосомалардың конъюгациясы қай кезеңде жүреді
А) лептонема
В) зигонема
С) пахинема
Д) диплонема
Е) диакинез
-
Митоз фазаларының дұрыс жолын тап
А) профаза, телофаза, метафаза, анафаза
В) анафаза, профаза, метафаза, телофаза
С) профаза, анафаза, метафаза, телофаза
Д) профаза, метафаза, анафаза, телофаза
Е) телофаза, профаза, метафаза, анафаз
-
Профазаға қай процестер сәйкес емес
А) хромосоманың спиральдануы
В) ядрошықтың бүлінуі
С) ядро мембранасының еруі
Д) бөліну ұршығының пайда болуы
Е) хромосомалардың жасуша эквоторына тізілуі
-
Цитокинез қай фазада жүреді
А) профазада
В) телофазада
С) метафазада
Д) анафазада
Е) прометафазада
-
Митоздың нәтижесінде туыстас жасушалардың хромосома жиынтықтары қандай
А) n
В) 2n
С) 4n
Д) 2n және 4n
Е) 3n
Дұрыс жауаптар кілті
Сұрақтың нөмірі
|
Дұрыс жауабы
|
Сұрақтың нөмірі
|
Дұрыс жауабы
|
1
|
С
|
11
|
Д
|
2
|
С
|
12
|
С
|
3
|
В
|
13
|
В
|
4
|
В
|
14
|
В
|
5
|
С
|
15
|
Е
|
6
|
С
|
16
|
В
|
7
|
Д
|
17
|
С
|
8
|
С
|
18
|
Е
|
9
|
А
|
19
|
В
|
10
|
С
|
20
|
В
|
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары:
-
Жасуша теориясы. Жасуша ағзаның құрылысының, қызметінің, жетілуінің, патологиялық өзгерістерінің бірлігі. Жасуша құрылыстарының ұқсастықтары. Дифференциациялау арнайы жасушалардың пайда болу үрдісі.
-
Жарық және электронды микроскопия тәсілдері және оларды жасушалардың құрылымы мен қызметін зерттеуде қолдану)
-
Тірі жасушаларды зерттеу тәсілдері (ағзадан тыс жасушалар өсіндісі, қараңғы өріс микроскопиясы, фазалық-контрастық микроскопия, полярланған жарықта бақылау, люминесцентті микроскопия, цейтаферлі микротүсіру тәсілдері)
-
Фиксацияланған жасушалады зерттеу тәсілдері (цитохимимялық сапалық және сандық Цитологияға кіріспе. Цитолгияның пәні мен мәселелері, оның биологиядағы орны.
-
тәсілдер)
-
Жасуша компоненттерін иммунохимиялық тәсілдермен зерттеу (Кунс реакциясы, гибридомдар, моноклональді антиденелерді алу)
-
Прокариоттар және эукариоттар жасушаларының құрылыстары мен құрамдарының ұқсастықтары мен өзгешіліктері
-
Цитоплазма. Оның құрылысы мен қызметіне жалпы сипаттама. Цитоплазма матриксі (гиалоплазма), гиалоплазманың трабекулярлы жүйесі.
-
Жасуша қабықшасы. Химиялық құрамы, құрылымдық ерекшеліктері, пайда олуы мен эволюциясы.
-
Биологиялық мембраналар: құрылысы, химиялық құрамы, функциясы. Биологиялық мембраналардың қазіргі моделі.
-
Плазматикалық мембрана (плазмалемма): химиялық құрамы, ультроқұрылымы. Плазмолемманың функциясы: мембрана арқылы заттардың белсенді және пассивті тасымалы. Сұрыптаулы өткізгіштік. Рецепторлы қызметі: жасуша бетінің ақуызды және полисахаридті рецепторлары. Лектиндер, жасуша бетінің кемпингі және тазалануы. Фагоцитоз және пиноцитоз үрдістері кезіндегі плазматикалық мембранның ролі. Плазматикалық мембрананың жасуша аралық контактілер (қарапайым десмосома, тығыз және саңылаулы) және арнайы құрылымдарды (микроталшықтар, кірпікшелер, талшықтар, фоторецепторлардың арнайы құрылымдары) түзудегі ролі
-
Эндолазмалық тор. Жалпы сипаттамасы. Түйіршікті ЭПТ-дың құрылысы мен қызметі. ЭПТ жүйесіндегі ақуыздың синтезі, жинақталуы және тасымалдануы. Ретикулум цитоплазмалық мембраналар көзі.
-
Түйіршіксіз ЭПТ-дың құрылысы мен қызметі. Түйіршіксіз ЭПТ-дың полисахаридтерді, майларды, стероидтарды және т.б. заттарды синтездеудегі ролі. Түйіршіксіз ЭПТ-дың түрлі химиялық агенттерді активсіздендірудегі ролі. Көлденең-жолақ бұлшықет ұлпасындағы саркоплазматикалық ретикулум және оның қызметі.
-
Гольджи аппараты. Жалпы сипаттамасы, жасушадағы жинақталуы, ультроқұрылымы және химиялық құрамы. Диктиосома. Гольджи аппаратының атқаратын қызметтері: сегрегация, секреттерді және т.б. заттарды жетілдіріп, бөлуі. Гольджи аппаратындағы синтетикалық үрдістер.
-
Лизосомалар. Олардың ашылу тарихы, құрылымы, химиялық құрамы, лизосомалар типтері. Атқаратын қызметтері мен пайда болуы. Лизосомалардың жасушаішілік және жасуша сыртындағы ас қорыту үрдістерімен, фагоцитозбен және Гольджи аппаратының жұмысымен байланысы.
-
Митохондриялар. Олардың құрылымы: мембранасы, кристері, матриксі. АТФ-ты синтездеудегі ролі. Жасушадағы АТФ синтезінің жолдары. Кристер құрылысы. Митохондриялардың генетикалық аппараты және ақуыз синтездеу жүйесі. Митохондриялардың пайда болуы.
-
Пластидтер. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, классификациясы, қызметі. Прокариотты және төменгі сатылы эукариотты жасушалардың фотосинтездік құрылымдары. Пластидтердің онтогенезі және функциональді қайта құрылулары.
-
Өсімдік жасушаларының вакуольдері.
-
Микротүтікшелер: олардың құрылысы мен химиясы. Тубулиндер, олардың қасиеттері мен микротүтікшелер түзудегі ролі. Микротүтікшелердің жасуша бөлінуінің ахроматин жіпшелерін түзудегі ролі. Митоз кезіндегі ұршықтың хромосомалардың таралуындағы ролі. Цитоплазмалық микротүтікшелердің каркастық қасиеті.
-
Центриоль; ультроқұрылымы, репликациясы, жасушаның бөлінуіндегі маңызы. Жасушаның тіршілік цикліндегі центриольді аппараттың функциональді өзгерістері. Қарапайымдылардағы центриольдердің аналогі. Центриольді құрылымдардың қозғалыс органоидтарымен байланысы. Базальді денешіктер, кірпікшелер мен талшықтар.
-
Микрофиламенттер: құрамы, құрылысы, функциясы. Микрофиламенттердің плазматикалық мембранамен және басқа да жасуша органеллеларымен байланысы. Микрофибрилдер, немесе аралық микрофиламенттер, олардың сипаттамасы, ролі. Тонифибрилдер.
-
Жасуша ядросының құрылымы мен химиясы: ядро қабықшасының құрамы мен құрылысы, бөліну кезіндегі ядро қабықшасының тағдыры; ядрошық – саны, ултроқұрылымы, химиясы, ядрошықтың физиологиясы, бөліну кезіндегі ядрошықтың тағдыры; кариоплазма, ядро матриксі, ядролық – плазматикалық зат алмасу.
-
Хроматин, хроматин ДНҚ-сы, диффузиялы және конденсацияланған хроматин, хроматиннің құрылымы, интерфазалы ядроның хроматині. Хроматиннің ядро қабықшасымен байланысы. Редупликация мен транскрипция кезіндегі хроматиннің құрылымы. Транскрипциялық белсенділіктің өнімдері.
-
Жасуша тіршілігіндегі ядроның ролі. Ядроның негізгі функциялары: транскрипция, редупликация және генетикалық материалды тарату.
-
Хромосомалар құрылымы, морфологиясы. Гетерохроматин және эухроматин. Митоздық хромосомалардың ультроқұрылымы. Хромосомалардың дифференциациялық түстері. Хромосомалық цикл, жасуша цикліндегі хромосомалардың құрылымдық үзіліссіздігі туралы концепция. Кариотип туралы түсінік.
-
ДНҚ-ның молекулярлы құрылысы мен генетикалық құрылымы. Тұқымқуалаушылық ақпаратын редупликациялаудың жартылай консервативті тәсілі және осы үрдістің биологиялық мәні.
-
Прокариоттар мен эукариоттардың генетикалық ақпаратының транскрипциясы және трансляциясы.
-
Мейоздық хромосомалардағы транскрипция.
-
Генетикалық код және оның қасиеттері.
-
Жасушаның тіршілік циклі. Митоз циклі: интерфаза және митоз. Осы фазалардың жасуша өміріндегі маңызы.
-
Прокариот жасушалардың бөлінуі.
-
Эукариот жасушаларының митоз жолымен бөлінуі. Амитоз, эндомитоз.
-
Мейоз, оның кезеңдері. Хромосомалар конъюгациясы, кроссинговер, хромосома сандарының редукциясы. Мейоздың биологиялық мәні. Митоз бен мейоздың салыстырмалы сипаттамасы.
-
Жасушалар дифференциациясы – ағзаның функцияларының әралуандылығын қамтамасыз ететін, гетерогенді жасушалық құрамының пайда болуы. Ядро мен цитоплазманың жасуша дифференциациясындағы ролі.
-
Дифференциация факторлары және осы үрдісті реттеу. Эмбриональді детерминация. Индукциялы әсер етулер. Дифференциацияның гуморальді және жүйке факторы.
-
Ісік трансформациясы.
-
Жасушаға зақымдағыш факторлардың ықпал жасауы. Паранекроз теориясы. Жасуша зақымданған жағдайда органоидтарының құрылымының өзгерулері. Жасуша ішілік репарация. Жасушаның өлуі: жасушаның өлгенінің цитологиялық белгілері. Жасушаларға алкогольдің әсері
<предыдущая страница