Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1248 қаулысы

-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 513-құжат

      "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы


      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1248 қаулысымен   
бекiтiлген   

Teмip жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында


жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi
орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар
арқылы жүру және өту ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi, темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жұмыстар жүргiзу, оларда құрылыс және өзге объектiлердi орналастыру кезiнде қауiпсiздiк шараларын, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң жолаушылары мен азаматтардың қауiптiлiк жоғары аймақтарында болуы және темiр жолдар арқылы өту, жүру кезiндегi қауiпсiздiгi шараларын айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:


      1) темiр жол өткелi - темiр жолдарының автомобиль жолдарымен және трамвай жолдарымен бiр деңгейде қиылысу орны;
      2) темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймағы - темiр жолдар, темiр жол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесiмен байланысты темiр жол көлiгi ұйымдарының өзге де объектiлерi;
      3) жаяу жүргiншiлер төсемi - "Жолдар арқылы өту" жол сiлтегiшiмен белгiленген және жаяу жүргiншiлердiң темiр жолдармен жүруi үшiн бөлiнген темiр жол учаскесi.

      3. Осы Ереже қызметi темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында объектiлердi орналастырумен және оларда жұмыстар жүргiзумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, темiр жол көлiгiнiң қызметтерiн пайдаланатын жолаушыларға және қауiптiлiгi жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға қолданылады.

      4. Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және ережелерiне сәйкес белгiленедi.

2. Қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың және азаматтардың болуы, темiр жолдар арқылы жүру және өту тәртiбi

      5. Поездың келуiн күту вокзалдың (күту залдары, балалы жолаушыларға арналған бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, сауда және қоғамдық тамақтандыру пункттерi), темiр жол станциясының арнайы белгiленген жерлерiнде жүзеге асырылады.

      6. Жолаушылардың вагондарға отыруы (түсуi) поезд толық тоқтағаннан кейiн жүргiзiледi.

      7. Жолаушылардың вагондардан шығуы мен отыруы перрон немесе отырғызу платформасы жағынан жүргiзiледi.
      Кәмелетке толмаған балалар вокзал аумағында ересектердiң қарауында болады.

      8. Жоғары қауiптiлiк аймақтарында:


      1) балаларды қараусыз қалдырмау, әртүрлi қимыл ойындарын ұйымдастырмау;
      2) қол жүгiмен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан, перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргiншiлер көпiрлерiне, төсемдерге, туннельдерге өтетiн жолдарды бөгемеу;
      3) вагондардың төбесiне, есiгiнiң баспалдақтарына, өту алаңдарына отырмау; поезд жүрiп келе жатқанда поезға отырмау және түспеу; поезд жүрiп келе жатқанда вагон терезелерiнен және тамбурлардың есiктерiнен үңiлiп қарамау;
      4) iлме басқыштар мен өту алаңдарында және темiр жол көлiгiнiң баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөлiктерiнде тұрмау, жүрiп келе жатқан поезд вагондарының есiктерiн ашпау, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есiктерiнiң ашылып-жабылуына бөгет жасамау;
      5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүрмеу;
      6) поездарда мас күйде жүрмеу; поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыс және өзге заттарды тастамау; вагондарда тез тұтанғыш және жарылғыш заттарды тасымалдамау;
      7) жол аралықтарында вагоннан шықпау және сол жерде қарсы келе жатқан поездың өтуi кезiнде тұру; жолаушы платформасынан темiр жолдарға секiрмеу; жергiлiктi және қашық қатынастағы поездарда шылым шегу үшiн арналмаған жерлерде шылым шекпеу;
      8) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнелiп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгiрмеу, сондай-ақ тоқтаусыз өтiп бара жатқан поездың қозғалысы кезiнде платформаның шетiнен екi метрден кем қашықтықта болмау; поезд толық тоқтамай вагонға жақындамау;
      9) поезды қажетсiз, өз еркiмен тоқтатпау.

      9. Темiр жолдардан тек белгiленген жерлерде, жаяу жүргiншiлер көпiрлерi, туннельдерi, темiр жол өткелдерi арқылы өтуге рұқсат берiледi. Көпiрлерi мен туннельдерi жоқ станцияларда темiр жолдардан өтуге жаяу жүргiншiлер төсемдерi арқылы өтуге рұқсат етiледi.

      10. Азаматтар жаяу жүргiншiлер төсемi бойынша темiр жолдан өтер алдында жүрiп келе жатқан темiр жол көлiгiнiң болмауына көз жеткiзуi қажет.
      Темiр жол көлiгi жақындаған кезде тоқтауы және оны өткiзуi қажет.

      11. Темiр жол өткелiне жақындаған кезде азаматтар жарық және дабыл беру, сондай-ақ шлагбаумның орналасу жағдайына қарауы қажет. Жолдарды кесiп өту ашық шлагбаумда, жүрiп келе жатқан темiр жол көлiнiң болмауы кезiнде жүзеге асырылады.

      12. Темiр жолдар арқылы жол жүру және өту аймақтарында:
      1) темiр жол бойымен шеткi рельске 5 метрден жақын жерден өтпеу;
      2) жаяу жүргiншiлер өтуi үшiн жабдықталмаған жолдармен темiр жол көпiрлерi мен туннельдерi арқылы жүрмеу;
      3) темiр жолдар арқылы жүрмеу; жақын келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейiнгi қашықтық 400 метрден кем болса, темiр жолдар арқылы өтпеу; бiр бағыт поезд өткеннен кейiн, қарсы бағыттағы поезд жүрiсi болмауына көзi жетпей, көпжолды учаскелер арқылы өтпеу;
      4) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдiң дабыл беру бағдар шамы қызыл белгiсiн көрсеткен кезде темiр жол өткелдерiнен өтпеу; темiр жол өткелiндегi жабық тұрған шлагбаумның астына түспеу, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шықпау; бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтпеу; станциялар мен екi аралықтарда вагондардың астына кiрмеу және жолдан өту үшiн авто тiркеуден асып түспеу;
      5) электрлендiрiлген учаскелерде тiректерге шықпау, сондай-ақ тiректен рельске дейiнгi еңiстерге тимеу; жерде жатқан электр сымына 8 метрден жақын қашықтыққа жақындамау;
      6) рельстерге тұрмау немесе отырмау, үшкiр және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы өзектерiнiң айқаспасы бар науа арасында тұрмау;
      7) темiр жол көлiгi қозғалысының бұзылуына себепшi бола алатын заттарды темiр жолдарға қоймау, тастамау, қалдырмау.

3. Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргiзу тәртiбi

      13. Қауiптiлiгi жоғары аймақтарда объектiлердi орналастыру және жұмыстар жүргiзу магистральдық темiр жол желiсi операторы беретiн жазбаша рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.

      14. Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында объектiлердi орналастыру және жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн магистралдық темiр жол желiсi операторына мынадай құжаттарды бередi:


      1) жазбаша өтiнiш;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалық құжаттама;
      3) жұмыстар жүргiзу кезiнде темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймағында зақым келтiрiлген элементтердi қалпына келтiру туралы мiндеттеме;
      4) жұмыстарды жүргiзу орындары мен қоршауларды қою схемасы;
      5) жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесi және жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiне сәйкес жұмысты аяқтау мiндеттемесi.

      15. Өтiнiш жетi күннiң iшiнде қаралады. Көрсетiлген мерзiмнен кейiн дәлелдi жауап берiледi. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау қауiптiлiгi жоғары аймағында объектiнi орналастыруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсат беруден бас тартуға негiз болып табылады.

      16. Жедел авариялық-қалпына келтiру жұмыстары магистралдық темiр жол желiсi операторы өкiлiнiң қатысуымен, осы Ереженi 15-тармағында белгiленген тәртiппен кейiннен рұқсаттарды ресiмдей отырып орындалуы тиiс.

      17. Темiр жол көлiгiнiң жоғары қауiптiлiк аймақтарында жұмыстарды жүргiзу темiр жол көлiгiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн төмендетпеуi, темiр жол көлiгi қозғалысында үзiлiстердiң пайда болуына әкелiп соқпауы тиiс.

      18. Темiр жолдардың электр беру және байланыс желiлерiмен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, автомобиль жолдарымен, өзге де жер үстi және жер асты құрылғыларымен қиылысуына уәкiлеттi органның келiсiмiнен кейiн ғана жол берiледi.
      Темiр жолдардың жер үстi және жер асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау және орналастырудың нормативтi-техникалық кесiмдерiнiң тиiстi талаптарын сақтай отырып орындалуы тиiс.

      19. Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында мал жайылымына тыйым салынады.

      20. Қызметтiк автомобиль көлiгiнiң вокзалдар перрондарына кiру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      21. Қауiптiлiгi жоғары аймақтарға өрттердi, аварияларды және басқа да табиғат апаттарын жою үшiн өрт сөндiрушiлердiң және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлiк есептерi жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергiсiз жiберiледi.










-->

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы n 1248 қаулысы

Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту ережесi

59.4kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы n 1247 қаулысы

Еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесiн бекiту туралы

47.49kb.

15 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен

674.91kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

680.44kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №10 нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы»

Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы» Заңының қабылдануына байланысты және аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі заңдардың сот тәжір

54.9kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 14 желтоқсандағы n 1232 Қаулысы

Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларына отынның әр түрiн жағу кезiнде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

345.34kb.

23 09 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы n 1351 Қаулысы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесiн бекiту туралы

60.25kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы №604 қаулысы

«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурызда

709.94kb.

24 09 2014
5 стр.