Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 4страница 5
«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 11 мамырдағы №604 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1.«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «11» мамырдағы __

№604 қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 221 қаулысымен

бекітілген


Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен

сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау

қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi, «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына, мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламаларға және агроөнеркәсiптiк кешеннiң дамуын реттеуге бағытталған басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бағыттар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидада белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша:

1) көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын (40 %-ға дейiн) арзандатуға;

2) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу мен өсiруге кететін шығындардың құнын iшiнара (40 %-ға дейiн) өтеуге;

3) мақта иелерiне мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге;

4) мақта иелерiне мақтаны қайта өңдейтiн ұйымдарға қабылдау кезiнде шиттi мақтаның сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге;

5) тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндiрушiлер өндiрген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн) бөлiнедi.

3. Қаржыландыру заңнамада белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиiстi жылға арналған бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөлуі мүмкін.

5. АШТӨ-нің осы Қағиданың 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгiленген бағыттар бойынша субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен құрамы аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

6. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдау мерзiмiн көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс iстеу тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.

7. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.

8. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:

1) басым дақылдардың тiзбесi және көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;

2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуға және өсiруге жұмсалған шығындардың құнын iшiнара өтеуге арналған субсидиялар нормалары;

3) мақта талшығы мен шитті мақтаның бір сынамасының сапасын сараптама жасау құны;

4) субсидияланатын тыңайтқыш пен гербицид түрлері және өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 килограмына (литрiне) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.


2. Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын арзандатуға арналған субсидиялар төлеу тәртiбi
1. Субсидия төлеу шарттары
9. Субсидиялар базалық және көтеріңкі нормалар бойынша төленеді.

Осы Қағиданың мақсаттары үшiн субсидиялардың базалық нормасы деп агротехнологияларды қолдану деңгейiне қарамастан, АШТӨ-ге төленетiн субсидиялардың ең төменгi мөлшерi түсiнiледi.

10. Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды, оның ішінде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымды сатып алуға байланысты субсидияларды төлеу:

1) дәндi дақылдар (күрiш пен дәндiк жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша – 100 %.

Осы дақылдар ғылым ұсынған құрамында сүрi жердiң (пар) үлесi бар сорты төртінші репродукциядан кем болмаған, Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген немесе перспективалық деп танылған тұқымымен сүрi жерге (парға) себiлген бiрiншi дақылды қамтитын аймақтық ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтай отырып өсiрiлген жағдайда базалық нормаға қарағанда көбейтiлген субсидиялар төленедi;

2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күрiш, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, мақта, көкөнiс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптiк, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер, жемiс-жидек дақылдары, жүзiм және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындылары бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға 100 % жүзеге асырылады.

Бұл ретте:

мақта мен күрiшті өсiрумен айналысатын және 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күрiш егiс алқабы бар АШТӨ, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне қатысушы болып табылмаса, субсидиялардың базалық нормасының елу пайызы мөлшерiнде субсидия төленедi;

3) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша алынған өскiн нәтижелерi бойынша (1 шаршы метрге өнген өскiннiң кемiнде 95 %-ы) әрбiр дақыл айналымға бiр гектарға көзделген субсидиялар нормалары бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте тұтас алғанда қорғалған топырақ жағдайындағы көкөнiс дақылдарының екi дақыл айналымынан артық емес: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер) субсидияланады;

4) шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – субсидиялардың базалық нормасы бойынша 1 гектарға жүзеге асырылады.

11. Көкөнiс-бақша дақылдары ашық топырақта, картоп, қант қызылшасы мен мақта өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн қолдана отырып өсiрiлген жағдайда субсидия нормасы субсидиялардың базалық нормасымен салыстырғанда көбейедi. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгiш қондырғыларын, қысым реттегiштi, су өлшегiштi және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс.

12. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген көп жылдық шөптердің алқаптарына ғана төленедi.

Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзiмi және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен айқындалады.


2. Қажетті құжаттар тізбесі
13. АШТӨ бөлiмге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiм мен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттеменi мынадай құжаттармен:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмелерiмен (жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiмен);

2) жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжаттың және (немесе) қаржы лизингi шартының көшiрмелерiмен;

3) осы Қағиданың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда ауылдық тұтыну кооперативiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiнiң анықтамасымен;

4) нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы банк анықтамасының екі данасымен қоса ұсынады.

14. Аймақтық ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтай отырып, дәндi дақылдарды (күрiш пен дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша:

1) аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткізушілер берген тұқымға аттестаттың не тұқымға куәлiктiң көшiрмелерiн (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшін өзі өндірген тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның конденциялылығы туралы куәлiктiң және сұрыптық егiстердi сынақтан өткiзу актiлерінiң көшiрмелерiн ұсынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген немесе перспективалық болып танылған сұрыптардың төртiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;

2) өткен жылдың егiс айналымына алаңдарды орналастыру картасын (схемасын) (АШТӨ растаған);

3) ағымдағы жылғы егiс айналымына алаңдарды орналастыру картасын (схемасын) (АШТӨ растаған) ұсынады.

15. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша жылыжайдың техникалық паспортының көшiрмесiн (нотариалдық куәландырылған) немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасын ұсынады.

16. АШТӨ лизинг шартының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидия алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

лизинг шартының көшірмесін;

лизинг шарты бойынша негізгі борышты өтеу үшін лизинг берушінің деректемелерін көрсете отырып субсидия төлеуге арналған өтінімді ұсынады.
3. ВАК жұмысының тәртібі
17. Бөлiм өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ВАК-тың қарауына енгiзедi. АШТӨ осы Қағиданың 13-15 тармақтарында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 жұмыс күні ішінде АШТӨ-ге пысықтауға қайтарылады.

18. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға үмiткер АШТӨ тiзiмiн жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана мен Алматы қалаларына) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн бөледi, аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана мен Алматы қалаларының) әкiмiне бекiтуге енгiзедi.

19. АШТӨ өтiнiмдерi ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана мен Алматы қалаларына) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемiнен асып түскен жағдайда ауылдық тұтыну кооперативтерiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi мүшелерiнің өтінімдеріне басымдық берiледi, ал қалған көлем берiлген өтiнiмдерге тең бөлiнедi.

20. Субсидиялар алу үшiн АШТӨ егiс науқаны аяқталғаннан кейiн, бiрақ осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгiленген себу мерзiмiнен кешiктiрмей, бөлiмге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.

21. Бөлiм ақпаратты алғаннан кейiн өскiндердiң болуын, сондай-ақ АШТӨ-нiң егіс айналымына алаңдарды орналастыру картасында (схемасында) көрсетiлген егіс айналымдарының сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК мүшелерiнiң шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады.

Бұл ретте себу алаңдарының мәлiмделген көлемге сәйкестiгiне АШТӨ жауапты болады.

22. ВАК тексеру қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу мен өсiрудi субсидиялау жөнiндегi тиiстi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде ағымдағы және өткен жылдары отырғызуға бөлiнген және оларды күтуге ағымдағы жылы көзделген бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған көп жылдық екпелердi егудi қоспағанда, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейiн) қоса алғанда, егiстiктi қабылдау және көп жылдық екпелер отырғызу актiсiн (бұдан әрi – қабылдау актiсi) жасайды.

Қабылдау актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi АШТӨ-де, бiреуi – ВАК-та және бiреуi – облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрi – басқарма) қалады.

23. ВАК қабылдау актiсiнiң және АШТӨ бөлiмге ұсынған құжаттар негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн (бұдан әрi – тiзiм) жасайды және оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар, Астана және Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жолдайды.

АШТӨ-нi тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, тексеру жүргiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм АШТӨ-ге бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi.

Осы Қағиданың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың толық жинағын ұсынбау не осы Қағиданың 12-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімдерінің бұзылуы, сондай-ақ егілген алаңдардың мәлімделген мөлшерлерге сәйкес келмеуі жағдайлары субсидиялар беруден бас тартуға себеп болып табылады.

24. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, Астана мен Алматы қалалары) әкiмдерi бекiткен тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы банк анықтамасын екі данада басқармаға ұсынады.


4. Субсидиялар төлеу тәртібі
25. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге, лизинг берушілерге субсидиялар төлеу ведомосын және төлем шоттарын қалыптастырады.

Төлем жүргiзген кезде басқарма екi жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесіне төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын екi данада ұсынады.

26. Басқарма тиiстi жылғы 5 шiлдеге және 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.
3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидияларды төлеу тәртібі
1. Субсидияларды төлеу тәртібі
27. Субсидиялар АШТӨ-нің мыналарға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады:

1) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін (қарқынды типті бақтар, жидектіктер және жүзімдіктер) отырғызу және оларды ағымдағы жылы өсіру;

Бұл ретте жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу:

5 гектардан кем емес алқапта (жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілерінсіз және желден қорғау жолақтарынсыз пайдалы алқап (таза) есептеледі). Жұмыс жобасын әзірлеу кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін бір алқап шегінде араластырып отырғызуға жол беріледі;

тамшылатып суару жүйесін орнатпай бақ отырғызу мүмкіндігі бар алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін қоспағанда, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдану (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су өлшегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен). Бұл ретте субсидияның көлемі тамшылатып суару жүйесін орнатуға арналған шығындардың көлеміне шамалас азаяды;

тіреуіш бағаналарды орнату: жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпелері аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда – бірінші отырғызылған жылы, жүзімнің көп жылдық екпелерін өсірген жағдайда – екінші жылы;

Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттар. Бұл ретте алманың «Апорт» сорттары вирусы жоқ отырғызу материалдарымен дайындалуы және биік бойлы телітушілер Malus Sieversii және Malus Niedzweskiana пайдалану мен алынған көшеттермен отырғызылуы тиіс;

көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне тиісті (топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға) лицензиясы бар тұлға әзірлеген бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;

АШТӨ-нің штатында жеміс шаруашылығы және/немесе жүзім шаруашылығы бойынша бірден кем емес білікті маман болған жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.

Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу Іле Алатауының және Жоңғар Алатауының тау етектерінің теңіз дегейінен 900-1200 метр биіктіктегі белдеулерінің жағдайында Алматы облысының Текелі қаласы, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Сарқант, Ескелді, Панфилов, Ұйғыр, Жамбыл және Ақсу аудандарының, Жамбыл облысының Қордай және Мерке аудандарының, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас және Сайрам аудандарының аумақтарында жүзеге асырылуы керек;

2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылған екінші (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен салынғандар үшін), үшінші (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен салынғандар үшін), төртінші вегетацияның (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009-2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің, ал алманың «Апорт» сорты бойынша жетінші жылы өсетін көп жылдық екпелерін өсіру (күту).

28. Субсидия көп жылдық екпелердің отырғызу схемасы мен сипаттамасына (түріне), көшеттердің жасына, 1 га отырғызылған санына қарай сараланып және 1 гектарға ғылыми негізделіп ұсынылған шығындардың параметрлеріне сәйкес белгіленеді.

Субсидияларды төлеу кезеңдер бойынша (тоқсанына бір рет) АШТӨ жүргізген жұмыстардың және/немесе сатып алған шығыс материалдарының қорытындысына сәйкес АШТӨ олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

АШТӨ субсидиялаудың екінші және одан кейінгі кезеңдеріне қатыспаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес субсидиялар міндетті түрде қайтарылуға жатады.


2. Қажетті құжаттардың тізбесі
29. Осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидияларды алу үшін АШТӨ тиісті жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бөлімге мынадай құжаттардан:

1) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштен;

2) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжатының көшірмесінен;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесінен (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерінен);

4) жұмыс жобасының көшірмесінен;

5) жеміс шаруашылығы және/немесе жүзім шаруашылығы бойынша жұмыстарды орындауға маманның біліктілігін растайтын лицензиялардың, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесінен тұратын өтінім береді.

30. Өткен жылдары субсидия алған АШТӨ осы Қағиданың 27-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидияларды алу үшiн тиісті жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде бөлімге мынадай құжаттардан:

1) осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштен;

2) өткен жылдары жасалған жемiс (жемiс-жидек) дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу актiсiнiң көшiрмелерiнен;

3) өткен жылдары субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiнен;

4) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдары алынған субсидиялардың мақсатты және тиімді пайдаланылғандығы туралы есептің көшірмесінен тұратын өтiнiмдi ұсынады.
3. ВАК-тың жұмыс тәртібі
31. ВАК 5 жұмыс күні ішінде АШТӨ жұмыс жобасы бойынша АШТӨ-ні субсидиялар алуға үміткерлер тізбесіне енгізу мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды жасайды және бөлімге ұсынады.

32. Бөлім тоқсан сайын:

1) он жұмыс күнi iшiнде:

ұсынылған өтiнiмдер мен:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингі шарттары;

АШТӨ жұмыс жобасы бойынша қорытынды;

жұмыс жобасын әзірлеуге, топырақты дайындау мен отырғызуға (оның ішінде отырғызу материалын сатып алуға), шпалерді орнатуға, тамшылатып суару жүйесін салуға, екпелерді күтуге кеткен шығындарды растайтын бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және/немесе төлем тапсырмалары);

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалына сорт куәлігі көшірмелерінің толықтығы мен дұрыстығын тексередi;

2) бес жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 20-күнінен, ал төтінші тоқсанда – 15 желтоқсаннан кеш емес мерзiмде осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидияларды алуға АШТӨ тiзбесiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге жiбередi.

Жұмыс жобасы бойынша ВАК теріс қорытынды шығарған жағдайда субсидиялар алуға үміткер АШТӨ аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбеге енгізілмейді.

Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызған АШТӨ өтінімдері басым тәртіппен қаралады және қанағаттандырылады.

Егер өтінімдер сомасы алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызған АШТӨ өтінімдерін қоспағанда, бөлінген бюджет қаражатының сомасынан артық болса, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алқаптар мәлімделген алқаптардың көлеміне қарай АШТӨ арасында тең бөлінеді, ал субсидиялар тең бөлу қорытындылары бойынша алынған алқапқа төленеді.

33. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi бекiткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға жiберіледi.

34. Басқарма:

1) бес жұмыс күнi iшiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша тiзбелердi қарайды;

2) осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға облыс бойынша АШТӨ-нiң алдынала тiзбесiн жасайды және оны облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.

35. ВАК:

1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 20-күнінен кеш емес, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылғы 15 желтоқсаннан кеш емес мерзімде жергiлiктi жерге барып:

осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу, сондай-ақ отырғызылған бақтың және/немесе жүзімдіктің жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрi – отырғызу актiсi);

осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс (жемiс-жидек) дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн тексеру актiсiн (бұдан әрi – тексеру актiсi) жасайды;

2) тоқсан сайын ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кеш емес мерзiмде субсидия алуға үмiткер АШТӨ-нің түпкiлiктi тiзбелерiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкiлiктi тiзбелер) бөлiнген қаражат шегiнде қалыптастырады және оны өтiнiмдермен бiрге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге ұсынады.

36. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi бекiткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкiлiктi тiзбелер, өтiнiмдер, әрбiр АШТӨ бойынша отырғызу актiлерi және әрбiр АШТӨ бойынша тексеру актiлерi бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға жiберіледi.


следующая страница>


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы №604 қаулысы

«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурызда

709.94kb.

24 09 2014
5 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1314 Қаулысы

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1

497.05kb.

16 12 2014
5 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы №182 қаулысы

«Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді

82.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы №211 қаулысы

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгеріс енгізу т

158.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1219 2011 жылғы 28 қазан, Астана, Үкімет Үйі

Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

68.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз

1215.78kb.

25 12 2014
2 стр.


Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №609 қаулысы «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы»

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

33.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы №129 қаулысы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

Республикасы Заңының 11-бабына және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Р

422.4kb.

25 12 2014
3 стр.