Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №711 қаулысы

«Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасы бекiтілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «27» маусымдағы

№711 қаулысымен

бекітілген


Салалық органдардың кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салалық органдардың кәсіпорындардың Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және салалық органдардың кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру тәртібін айқындайды.

2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

2) салалық органдар – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі және басқалар;

3) өтініш беруші – акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын кәсіпорын;

4) сараптамалық қорытынды – кәсіпорындардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне салалық органдардың қорытындылары.


2. Сараптамалық қорытынды беру тәртібі
3. Бағдарламаға қатысуға кредит берушілердің келісімін алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны беруге арналған өтінішімен, оған мынадай құжаттарды қоса бере отырып тиісті салалық органға жүгінеді:

1) ЭҚЖЖ-ке сәйкес қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің атауын және жіктелуін растайтын құжаттың көшірмесі (өтініш берушінің мөрімен расталған);

2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорынның паспорты;

3) заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын құжаттардың (жарғы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка, лицензия және (немесе) патент, куәлік, сертификат, диплом және тауарлар өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын басқа да құжаттар) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) «Жүйе құраушы кәсіпорындарға жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» уәкілетті органның және салалық органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген нысан бойынша кәсіпорындарды жүйе құраушы кәсіпорындарға жатқызу өлшемдеріне сәйкестігі туралы облыстың немесе Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген қорытындысы.

4. Өтініш берушіден құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін салалық орган осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды, олар мыналарды қамтиды:

1) кәсіпорын орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатындығын растау:

2) кәсіпорын өлшемдерге сәйкес жүйе құрушы болып табылатындығын растау.

3) кәсіпорын қызметін өнеркәсіптің тиісті саласында жүзеге асыратындығын растау.

5. Құжаттардың ұсынылған пакетін қарау және сараптама қорытындысын беру немесе беруден дәлелді бас тарту салалық органға өтініш түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

6. Сараптамалық қорытынды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) сараптамалық қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы;

2) осы Қағиданың 3-қосымшасында көзделген құжаттардың толық емес пакетін тапсыру;

3) осы Қағиданың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеу.

7. Бас тартуда көрсетілген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін өтініш беруші осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттар пакетін қайта енгізеді.

Қағидаға 1-қосымша


Кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды алуға

ӨТІНІШ
(ұйымның атауы)

кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды алу үшін қажетті құжаттар пакеті бар осы өтінішті жіберіп отыр.



Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

Қосымша ____ парақ:

1) ЭҚЖЖ-ке сәйкес қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің атауын және жіктелуін растайтын құжаттың көшірмесі (өтініш берушінің мөрімен расталған);

2) кәсіпорынның паспорты;

3) заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын құжаттардың (жарғы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка, лицензия және (немесе) патент, куәлік, сертификат, диплом және тауарлар өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын басқа да құжаттар) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) кәсіпорындарды жүйе құраушы кәсіпорындарға жатқызу өлшемдеріне сәйкестігі туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

 

(өтініш беруші атынан құжаттарға қол қою

үшін өкілеттігі бар лауазымды адам)

______________________________

қолы/тегі
(м.о.)

Қағидаға 2-қосымша


Кәсіпорынның паспорты





Кәсіпорынның атауы

 




Құрылған жылы

 




Облыс, аудан

 




мекенжайы

 




Телефон, факс

 




Электронды пошта, сайт

 




Басшының Т.А.Ә.

 




Басшының байланыс телефондары

 




Меншік нысаны

 




Сала

 




Өндірістік қуаты (өлшем бірл.,/жыл)

 




Кәсіпорынның энергияны қажетсінуі (мың кВт/сағ.)

 




Негізгі қорлардың тозуы (%)

 




Активтердің құны (тсоңғы қаржы жылына мың теңге)







Жалпы алаңы (га)







Штат саны

 




Оның ішінде: ИТЖ

 




жұмысшылар

 




Орташа айлық жалақы (теңге)







Қызметтің іске асырылатын түрлері

р/с №

атауы

ЭҚЖЖ коды

1







2
















Кәсіпорын өндіретін өнім (соңғы қаржы жылы)

р/с№

Атауы және өлшем бірлігі

КО СЭҚ ТН коды

Заттай мәндегі көлемі

Ақшалай мәндегі көлемі (млрд. теңге)

1

 




 




2






 



Өнім өткізу нарығы (ішкі, сыртқы ) – ел



р/с№

Ішкі

Сыртқы

 

1

2

1

 

 

2

 

 

Инвесторлар

р/с№

Инвестор атауы

Инвестиция көлемі (млн. теңге)

 

1

2

1

 

 

2

 

 

Кәсіпорынның құрылымы, филиалдардың болуы, олардың орналасуы және алаңы

р/с№

Филиал атауы

Филиалдың орналасуы (мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы, басшының Т.А.Ә.)

 

1

2

1

 

 

2

 

 




Сертификат туралы ақпарат

р/с№

Сертификат атауы

Қолданылу мерзімі

1

 

 

2

 

 
















(өтініш беруші атынан құжаттарға қол қою _____________________

үшін өкілеттігі бар лауазымды адам) қолы/Т.А.Ә.
(М.О.)
Қағидаға 3-қосымша
Кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
_________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(СТН, сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)
______________________________________________________________берілді.

(өтініш берушінің атауы)

__________________________________________________________________



(өтініш берушінің заңды мекенжайы)

Ол адам саны ______, активтерінің орташа жылдық құны ___ теңге (жабаша көрсетіледі) болатын орта (ірі) кәсіпкерліктің жүйе құраушы субъектісі болып табылады және ____________ салада мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын.




р/с №

Қызмет түрінің атауы

ЭҚЖЖ коды


















Салалық органның лауазымды адамының қолы





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №711 қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»

Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды бер

114.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


«Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы №700 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
20.17kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы №604 қаулысы

«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурызда

709.94kb.

24 09 2014
5 стр.


Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

918.53kb.

17 12 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 5 наурыз n 81-1

Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы (Жай операциялар) (Жолды қалпына келтiру жобасы) 1996 жылғы 18 қазандағы келiсiмдi бекiту жөнiнде

249.01kb.

14 12 2014
1 стр.


2011 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1244 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысына толықтыру енгізу турал

8.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы №753 қаулысы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді

822.63kb.

16 12 2014
4 стр.