Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 21страница 22


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi С. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында («Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 312-313 (26156); «Казахстанская правда» 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 234 (26295); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):

«Салықтық әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 10-бөлімде:

реттік нөмірі 339-жол алып тасталсын;

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 20-бөлімде:

реттік нөмірі 505-жолдың 7 бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«қағаз түрінде (куәлік)»;


мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 511-1-жолмен толықтырылсын:

511-1

Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Жеке

және заңды тұлғалар



СДШІА

СДШІА

ХҚО

Электрондық, қағаз түрінде (лицензия)

2) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы ---------- № --- қаулысында («Егемен Қазақстан» 20--- жылғы --- № ------; «Казахстанская правда» 20---жылғы ---- № ------; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 20--- ж., № --, ---құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3) «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 859-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

4) «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес «Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылсын;

5) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 537-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау, куәлік беру немесе бас тарту туралы шешiмдер қабылдау мерзiмi өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауы тиiс.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган бірлестіктен құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде құжаттарды оның Ережесіне сәйкес Комиссия отырысына шығарудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Куәлiк алу үшiн бiрлестік ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса куәлiк беруден бас тартылады.».

6) «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:

13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау;»;

14-тармақтың 2), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекітеді;».

___________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысына

1- қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « » 1


№ қаулысымен  
бекітілген

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық

бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй

мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 14-1) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабының 3-1 тармағына, 15-2-бабының және «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) уәкілетті органның www.sport.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде;

4) call-орталығында (1414) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі 4 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлік беру қағаз тасымалдаушы түрінде, не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қағаз тасымалдаушы түрінде дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде;

2) мемлекеттік қызметті алу кезінде күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға жүгінген күнінде қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

орталықта: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Рсепубликасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендлер) көзделген;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) бірлестік жарғысының көшірмесі;

3) бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);

4) заңды тұлғаның ережелерінің көшірмелері - (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде), немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);

5) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында орналасқан филиалдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

6) бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға қатысуы туралы ақпарат;

7) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша жоғарғы кәсіби немесе орташа кәсіби білімі бар бiлiкті кадрлар дипломдарының көшірмелері;

8) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда аталған спорт түрімен шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама;

9) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжат – алушының өкілі жүгінген кезде;

Құжаттың мәліметтерін - мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын олардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады;

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің нысаны уәкілетті органның интернет-русурсында www.sport.gov.kz мекенжайында орналастырылған.

Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залында арнайы тағанда, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет ресурсында: www.sport.gov.kz орналастырылады.

13. Орталықта құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру кезінде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздемесі уәкілетті органның ұсынылған құжаттардың бұрмаланғанын анықтауы болып табылады.

Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті органға құжаттарды тапсырған екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде мемлекеттік қызметті алушыға хабардар етеді.

Орталық алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Егер уәкілетті орган алушыға тіркеу туралы куәлікті белгіленген мерзімде бермесе немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда, мерзімі өткен күннен бастап куәлік автоматты түрде берілген болып есептеледі.

Уәкілетті орган куәлікті беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушыға тиісті тіркеу туралы куәлікті береді.

Уәкілетті орган бес жұмыс күні өткеннен кейін тіркеу туралы куәлікті бермеген жағдайда, тіркеу туралы куәлік алынған болып есептеледі, ал құжаттарды қабылдау күні туралы белгі бар қолхаттың көшірмесі куәлік алынғанға дейінгі қызметті жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат болып саналады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа
3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және өтініштерді дайындауға жәрдем көрсетуді уәкілетті органның құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33, 1303-1304 кабинет, байланыс телефондары: 8 (7172) 753228, 753450.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым уәкілетті органға мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33, 1303-1304 кабинет, байланыс телефондары: 8 (7172) 753228, 753450.

Шағым уәкілетті орган төрағасының атына беріледі.

22. Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.

22-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

23. Шағым, өтініш «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бқдан әрі - Заң) сәйкес заңды тұлғаның толық атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетумен жасалады.

Шағым беру кезінде әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын лауазымды тұлғаның тегі және аты мен әкесінің атының бастапқы әріптері, жүгіну дәлелдері және талаптары көрсетіледі.

24. Уәкілетті органның, орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органның қызметкерлері мына телефондар бойынша береді: 8 (7172) 753228, 753450.

Шағымдарды қарау Заңда көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

25. «Орталық» РМК мекенжайы:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс www.con.gov.kz.

__________________________

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық

бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1- қосымша



Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары


Р/с




Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі,

189 а-үй


8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63



1.1

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21



1.2

Красный Яр с. аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы,

Красный Яр ауылы

Ленин көшесі, 65-үй


8 (7162) 40-43-27


1.3

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49



1.4

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті,

М. Мәметова көшесі, 19-үй



8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77


1.7

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58


1.8

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94



1.9

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81



1.10

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91



1.11

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

1.12

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы,

Ерейментау қаласы,

Мұсабаев көшесі, 15-үй


8 (71633) 2-44-92


1.13

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы,

Степняк қаласы,

Сыздықов көшесі, 2а-үй


8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18


1.14

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы,

Жеңіс көшесі, 56-үй




8 (71647) 2-22-07


1

2

3

4

1.15

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы,

Державинск қаласы,

Ғабдуллин көшесі, 104-үй


8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05



1.16

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы,

Ленин көшесі, 8-үй



8 (71635) 2-17-10


1.17

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы,

Мир көшесі, 52-үй



8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43



1.18

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а-үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637)2-20-36



1.19

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 4 ш/а, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30



1.20

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балқаш ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

1.21

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98



1.22

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше,

1-үй


8 (71631) 2-17-97

следующая страница>


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн

12832.53kb.

08 10 2014
56 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін

4187.39kb.

25 12 2014
22 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Казахстанская правда от 13. 09. 2012 г., №308-309 (27127-27128); от 15. 09. 2012 г., №312-313 (27131-27132); от 18. 09. 2012 г., №314-315

965.73kb.

16 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Казахстанская правда от 13. 09. 2012 г., №308-309 (27127-27128); от 15. 09. 2012 г., №312-313 (27131-27132); от 18. 09. 2012 г., №314-315

645.35kb.

15 10 2014
6 стр.


Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

251.73kb.

15 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»

19.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөлім. Нормативтік құқықтық актілер

Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1274.06kb.

25 12 2014
8 стр.


"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

209.54kb.

17 12 2014
1 стр.