Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Жоба

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі

жауапты хатшысының

2012 жылғы « »__________

№ _____ бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы


Көлік және коммуникация

министрлігі

жауапты хатшысының

2007 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 272 бұйрығымен

бекітілді



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Азаматтық авиация комитеті туралы ереже



1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Комитет) Министрлік оған жүктеген функцияларды, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиация қызметін үйлестіру және реттеу және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары бар.

4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Комитет мемлекет атынан, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарабын білдіруге құқығы бар.

6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы (бұдан әрі – Жауапты хатшы) бекітеді.

8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» мемлекеттік мекемесі.

9. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Заңнамалық актілермен Комитетке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру бойынша құқықтарды ұсынған жағдайда, онда осындай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау және қадағалау;

3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін оны пайдаланушылардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қауіп төндірмей ұшуды орындау;

4) әуе кеңістігін пайдалану және ұшуды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы принциптерін белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының экономика және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру.

14. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрлік оған жүктеген мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылығының жолын кеседі;

2) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;

3) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қос мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін қазақстандық пайдаланушының халықаралық ұшуын жүзеге асыруды келіседі;

4) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тұрақты емес халықаралық ұшуды орындауға рұқсат береді;

5) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тұрақты емес халықаралық ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартады;

6) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау тәртібін келіседі;

7) ИКАО-ның тілдік білімдерін бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы тестілеу жүйесін мақұлдайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген авиациялық персонал куәліктерін және танылған авиациялық персонал куәліктерінің тізілімін жүргізеді;

9) авиация персоналына жататын адамға оның қажетті білімі мен дағдысының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, мұндай куәлікті қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады;

10) шетелдік мемлекеттер берген авиациялық персонал куәліктерін таниды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда азаматтық авиация саласында сертификаттауды жүзеге асырады;

12) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттауды және сертификат беруді, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, үлгі сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификатты, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулерін ұйымдастыру жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беруді жүзеге асырады;

13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тартады, сертификаттарды қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын анықталған кемшіліктерді жойғаннан және сертификаттық тексеру жүргізгеннен кейін сертификаттардың қолданысын жаңғыртады;

14) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарында тұрақты рейстердің кестесін бекітеді;

16) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат береді;

17) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады;

18) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға көмектеседі, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларын әзірлейді;

19) ИКАО-ның оқу орталықтарында азаматтық авиация ұйымдарының сапаны бақылау аудиторлары үшін біліктілікті арттырудың алғашқы даярлығына және курстарына кандидатураларды келіседі;

20) авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың таныстыру курсы мен ағымдағы оқытудың оқу бағдарламаларын келіседі;

21) әуе кеңістігін пайдалану саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

22) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылау және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асырады;

23) ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, нақтылығын және уақтылы берілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;

24) азаматтық және эксперименттік авиацияда әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асырады;

25) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

26) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

27) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінде ұшуды орындауға бақылауды жүзеге асырады;

28) азаматтық авиация ұйымдары азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын қолдауына бақылауды жүзеге асырады;

29) авиациялық персоналға жататын тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен нормалардың сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

30) авиация персоналының кәсіптік даярлығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды азаматтық авиация ұйымдарының қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

31) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), қону алаңдарының объектілерін ұстауына және әуежай қызметінің келесі қызметтерінің сапасына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:

ұшып көтерілу мен қонуды қамтамасыз ету;

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

әуе кемелерін қарсы алу мен ұшуға шығаруды қамтамасыз ету;

әуе кемелеріне техникалық және сервистік қызмет көрсету;

жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктерді, почта жөнелтілімдерін өңдеу;

азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;

азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және басқа да тұтынушыларды арнайы автокөлік құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз ету;

әуежайларда және азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипаждарды тамақпен қамтамасыз ету;

жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажетті деректерді бере отырып, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;

осы қызметтер көрсетуге және осы тармақта көрсетілген қызметтер көрсетуге кіретін операцияларды қоса алғанда, тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітетін басқа да қызметтер көрсету кiредi.

32) ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

33) әуеайлақ ауданында объектілерді таңбалауды жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асырады;

34) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуына бақылау және қадағалауды басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес бірлесіп жүзеге асырады;

35) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асырады;

36) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;

37) тексеру парақтарының нысандарын әзірлейді;

38) азаматтық авиация ұйымдарын тексеру мәселелері бойынша ведомстволық есептіліктің нысандарын әзірлейді;

39) азаматтық авиация ұйымдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлейді;

40) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағын бекітеді;

41) шет мемлекет әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым берген үлгі сертификатын таниды;

42) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін мұндай әуе кемесі үшін арнайы ұшуды орындауға (ұшу жарамдылығының арнайы сертификаты) рұқсат береді.

43) азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін береді;

44) аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының және оның телнұсқасының куәлігін береді, сондай-ақ аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестігі куәлігін беруден бас тартады;

45) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат және оның телнұсқасын береді, сондай-ақ аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беруден бас тартады, иелерінің сертификаттық талаптарды сақтамаған кезде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификатының қолданысын тоқтатады және кері қайтарады;

46) Қазақстан Республикасында шетелдік мемлекет берген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп таниды;

47) әуе кемелерінің борттық техникалық журналының жүйесін (жүргізу нысанын қоса алғанда) және кез келген келесі өзгерістерді келіседі;

48) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуды орындау құқығына куәлік және оның телнұсқасын береді;

49) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуды орындау құқығына арналған қолданыстағы куәлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, куәлік беруден бас тартады, пайдаланушы талаптар мен шектеулерді сақтамаған, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген, инспекциялық тексерулер кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексерулер кезінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда куәлікті тоқтата тұрады, сондай-ақ пайдаланушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушыға инспекциялық тексеру жүргізгеннен кейін куәлікті қолданысын жаңғыртады;

50) ажыратылған ұшақтың (ӘК үлгісі) кабинасында тренаж жүргізу жөніндегі пайдаланушының бағдарламасын келіседі;

51) азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы бекітетін ұшу штабының құжаттамасын жүргізу бойынша нұсқаулықты келіседі;

52) пайдаланушы бекітетін ұшу тәртібін, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындауды (ұшуды жүргізу нұсқаулығы) реттейтін құжаттарды келіседі;

53) әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалануда ұшу жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқуын келіседі;

54) кеңістік жеткілікті болмаған жағдайда таңбалау үшін тікұшақ алаңы атауының орналасу орнын келіседі;

55) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым қызметінің нұсқаулығын және оған өзгерістерді келіседі;

56) жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршруттарға куәлік береді;

57) жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін субсидияланған авиамаршруттарға куәлік береді;

58) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуымен байланысты күтпеген жағдайларда іс-шаралар жоспарын келіседі;

59) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсаттарды береді;

60) әуе кемесі тіркелген мемлекеттің құзыретті органы белгілеген оны пайдалануға шектеулерді ескере отырып, шетелдік мемлекеттің әуе кемесінің арнайы ұшуды орындауына рұқсат береді;

61) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

62) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және оның телнұсқасын береді, беруден бас тартады, өтінім берушінің ұсынылған құжаттамасында дәйексіз мәліметтер анықталған жағдайда азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлікті жояды;

63) әуе кемесінің иесіне Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесін алып тастағаны туралы куәлік береді;

64) шетелдік мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын таниды;

65) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесіп пайдаланылатын және бірлесіп орналастырылатын әуеайлақтарды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;

66) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға уақытша рұқсаттар береді;

67) шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу тізілімін жүргізеді;

68) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлік береді, куәлікті беруден бас тартады;

69) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін береді;

70) құтқару және іздестірудің үйлестіру орталығын басқарады;

71) Қазақстан Республикасының аумағында әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін тиісті мемлекет берген басқа мемлекеттің пайдаланушысының сертификатын таниды;

72) әуе кеңістігін пайдалану, авиациялық-құтқару іс-шараларын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

3. Комитеттің құқықтары

15. Комитет негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды тұлғаларынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндірмелер мен материалдарды талап етуге;

2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысын және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтар қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) авиациялық техникаға, әуе қозғалысына қызмет көрсету құралдарына талаптар мен техникалық шарттар, авиакөлік инфрақұрылымының объектілерін, еңбекті қорғау нормалары мен қызметтің авиациялық түрлерін жүзеге асыру кезінде экологиялық талаптарды пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) өз құзыреті шегінде халықаралық және шетелдік ұйымдарда мемлекет мүддесін білдіруге;

6) халықаралық ұшуға арналған әуежайлар ашу туралы ұсыныстар енгізуге;

7) Комитеттің авиациялық мамандарын талап етілетін кәсіптік дайындығы деңгейін қолдау үшін авиациялық техниканы пайдалану арқылы жаттығуларға жіберу;

8) Қазақстан Республикасының барлық бақыланатын әуежайлар аймағына, ангарларды, отын сақтау орнын, пайдаланушылардың қызметтік үй-жайларын және қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін авиациялық оқу орталықтарын қоса алғанда азаматтық авиация ұйымдарының әуе кемелері мен объектілеріне кедергісіз қолжетімділікке;

9) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға оларды орындауға 1 ай мерзім белгілеу арқылы ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нұсқаулар және инспекторлық нұсқамалар беруге;

10) борттық құжаттама болуын, сондай-ақ шетелдік әуе кемелерін қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы талаптарына сәйкестігін тексеруге;

11) оларды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген авиация персоналы куәлігінің, әуе кемесінің, ұшу құжаттамасының, сертификаттарының, рұқсаттарының және құжаттарының болуын, сондай-ақ шетелдік әуе кемелерін қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге;

12) авиамаршруттарды субсидиялау бойынша ұсыныстар беруге;

13) азаматтық және эксперименттік авиация қызметін реттейтін белгіленген нормаларды, қағидаларды, стандарттарды және талаптарды бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға, азаматтық авиация саласындағы куәлікті (сертификат) беруге және қолданысын тоқтата тұруға;

14) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқығы бар.

16. Ұшуға рұқсаты бар Комитеттің лауазымды адамдарды белгіленген тәртіппен мамандығын көрсету арқылы экипаж кабинасында болуы құқығымен «Тексерушілер» бағанына, ондай рұқсаты болмағандар – «Қызметтік жолаушылар» бағанына бос орындар болған жағдайда әуе кемесінің пайдаланушысымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуы құқығымен жазылу жолымен ұшу тапсырмасына ене алады.



4. Комитет қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі тағайындайтын және босататын төраға басқарады.

Жауапты хатшымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төрағаның орынбасарлары болады.

18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.

19. Осы мақсаттарда төраға:

1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

3) Министрліктің Жауапты хатшысына заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес лауазымға тағайындау, босату, ынталандыру, материалдық көмек көрсету және жаза қолдану бойынша Комитет қызметкерлерін ұсынады;

4) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдіреді;

5) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды;

7) оның құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

20. Төраға, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы тиіс және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша дербес жауапты болады.

21. Комитет қабылдаған шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.

5. Комитеттің мүлігі

22. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болады. Комитеттің мүлігі мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен құралады.

23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де жолдармен басқаруға құқығы жоқ.



6. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

__________________________


Результаты согласования
11.10.2012: Задорожный А. В. (Задорожный А. В.) - - cогласовано без замечаний
12.10.2012: Тукешева Ш. Ш. (Тукешева Ш. Ш.) - - cогласовано без замечаний
12.10.2012: Аманжолова А. Т. (Аманжолова А. Т.) - - cогласовано без замечаний
12.10.2012: Хасенов Е. Е. (Хасенов Е. Е.) - - cогласовано без замечаний
12.10.2012: Скляр Р. В. (Скляр Р. В.) - - cогласовано без замечаний


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің

Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің 2011 жылы механикалық көлік құралдарына жә

68.65kb.

25 12 2014
1 стр.


«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

304.75kb.

14 12 2014
1 стр.


«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

304.9kb.

28 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011

Акт дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік

3574.99kb.

25 12 2014
23 стр.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – сж) 2012 жылға жетістік қарастырылған

47.47kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сонда

163.01kb.

14 12 2014
1 стр.


Қалалық жолаушылар

Ткізу мақсатында және Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурызда Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен №113-1

62.21kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»

Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік

139.06kb.

08 10 2014
1 стр.