Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы-

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын «Капитал» Жинақтаушы

бақылау мен қадағалау комитетімен зейнетақы қоры»

КЕЛІСІЛДІ Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің

Төраға (Төраға орынбасары) шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

______________________________ 2012 жылдың 03 қыркүйек № 27

хаттама

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы -

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамының

ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Капитал» ЖЗҚ» ЗАҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «Капитал» ЖЗҚ» ЗАҚ-ның Зейнетақылық ережелерінің орнына енгізіледі (2009 жылдың 30 қыркүйек №16 мәжілісхат) 01.09.2012 жылдан пайда болған қарым – қатынастырға колданылады.



1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамының Зейнетақылық ережелері (ары қарай – Зейнетақылық ережелер) – бұл жинақтаушы зейнетақы қоры, оның Салымшылары мен Алушылары арасындағы құқықтық қатынастарды анықтайтын құжат.

2. Осы ережелерді дайындаған кезде пайдаланылған: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыдандыру туралы» Заңы (ары қарай – Заң), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңы; Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілері «Капитал» ЖЗҚ» АҚ-ның Жарғысы.

3. Бұл ережелерде мынадай терминдер, қысқартулар мен анықтамалар қолданылады:

1) міндетті зейнетақылық жарналарды төлеу жөніндегі өкіл (ары қарай – өкіл) - өз қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты құру арқылы жүзеге асырушы шетелдік заңды тұлғаны қоса айтқандағы жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте бөлуші, ұстап қалушы (санап шығарушы) шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;

2) кастодиан-банк - өз қызметін құнды қағаздар, құжаттамалық құнды қағаздарды сақтау және клиент ақшаларын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;

3) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт – бірінші жақтан жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалатын, және екінші жақтан зейнетақы жарналарын салымшысымен және (немесе) алушысымен жасалатын зейнетақы жарналарымен, жинақтармен және төлемдерді алумен байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім-шарт;

7) зейнетақылық аннуитет келісім-шарты – сақтандыру келісім-шарты, соған сәйкес сақтандырушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын табыс етуге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтандырушының пайдасына өмірлік немесе белгілі бір уақыт ішінде сақтандыру төлемдерін төлеуді жүзеге асыруға міндеттенеді;

8) Заң - №136-I 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;

9) жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда салымшының міндетті немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімдері және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және зейнетақы төлемдері іске асыырылатын басқа да түсімдері ескеріледі;

10) кастодиалды келісім-шарт – кастодиан-банкі мен оның клиенті жасайтын құнды қағаздар мен ақшалардың жауапкершілікпен сақталуы және есепке алынуы туралы келісім-шарт;

11) миноритарлы акционер – акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының он пайызына дейінгісін иеленіп отырған акционер;

12) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін тарту жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;

13) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым (ары қарай – Ұйым) – заңды тұлға, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, акционерлік қоғам түрінде құрылады және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырады;

14) зейнетақы жинақтары – құрамына міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсім, келісім-шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да түсімдер кіретін салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін ақшалары;

15) зейнетақы төлемдерінің алушысы (ары қарай - алушы) – Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалатын және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы жеке тұлға;

16) Аудару ережесі – 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының № 240 қаулысымен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын аударудың ережелері;

17) Төлемдер ережесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесі.

18) өкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі;

19) Қор - «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы;

20) Орталық – «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде міндеттерді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының Үкіметімен уәкіл етілген заңды тұлға.

21) Шарт жасасу қағидалары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №82 Қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу Ережелері.

22) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу – Қор қызметкерлерінің зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметі аясында жеке тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі мен зейнетақы активтерін инвестициялауды басқару қызметі мәселелері бойынша кеңестік қызмет көрсетулерді, Қор және (немесе) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басқалай субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде жарнамалық сипаттағы ақпаратты таратуды, нәтижесінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты тіркеу жүргізілетін - бір тараптан Қор өкілі, екінші тараптан салымшы (алушы) арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру шартын қол қоюға дайындау және шартқа қол қою әрекеттерін қамтитын іс шараларды жүзеге асыруы.

«23) Инвестициялық портфель - зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының жиынтығы.


2 тарау. Қор туралы мәліметтер
4. Қордың толық атауы:

1) мемлекеттік тілде: «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы;

2) орыс тілінде: Акционерное общество «Накопительный пенсионный фонд «Капитал» - дочерняя организация АО «Банк ЦентрКредит»;

5. Қордың қысқартылған атауы:

1) мемлекеттік тілде: «Капитал» ЖЗҚ» АҚ;

2) орыс тілінде: АО «НПФ «Капитал»

6. Қордың орналасқан орны:

« Қазақстан Республикасы, 050022, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 100.

Сонымен қатар, келесі мекен - жайларда көрсетілген Қордың аймақтық кеңселері және

Қордың интернет – ресурсінде www.npfcapital.kz» көрсетілген мекен-жайлар

бойынша орналасқан Қордың аймақтық кеңселері.


пп

Наименование филиала

Полный почтовый адрес, электронные адреса

1

Ақтау

130001, Маңғыстау обл.,

Ақтау қаласы, 6 ықшамауданы, 39/а үй.




2

Жаңаөзен


130200, Маңғыстау обл.,

Жаңаөзен қаласы, Шанырак ықшамауданы, «Дом связи» ғимараты.




3

Актөбе


030000, Ақтөбе қаласы, Маресьева көшесі, 88/В үй.



4

Хромтау


031100, Ақтөбе обл., Хромтау қаласы,

Молдағұлова көшесі, 1 үй.







Алматы обл.




5

Өтеген батыра


040700, Алматы обл., Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Баталханова көшесі, 17 үй.



6

Есік


040400, Алматы обл.,

Есік қаласы, Алтын Адам аллеясы, номерсіз үй, «Солнечный» дүкені.




7

Қаскелен


040900, Алматы обл., Қаскелен қаласы, Абылайхан көшесі, 197 үй.



8

Алматы-1


050022, Алматы қаласы,

Сейфуллин көшесі, 531 үй.




9



Алматы-1

050022, Алматы қаласы,

Гоголь көшесі, 166 үй.




10

Алматы-1

050016, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 21 б үй.



11

Алматы-2


050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 151үй.


12

Алматы

050022,г. Алматы, Желтоқсан көшесі, 148 үй.


13

Астана


010000, Астана қаласы

Бараев көшесі, 3 үй.





14

Атырау


060000, Атырау обл., Атырау қаласы

Алипов көшесі, 2А үй.





15

Кульсары


060101, Атырау обл., Кульсары,

Б.Бойжанов көшесі, 115 үй.




16

Жезқазған


100600, Қарағанды обл., Жезқазған қаласы, Омаров көшесі, 14 үй.



17

Сәтпаев


101301, Қарағанды обл., Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 110 үй.



18

Карағанды


100009, Карағанды обл., Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 28 үй.



19

Шахтинск

101603, Қарағанды обл., Шахтинск қаласы, Абай көшесі, 76 үй.

20

Теміртау


101400, Қарағанды обл., Теміртау қаласы,

Металлургтер қаласы, 8 үй.



21

Балхаш


100300, Қарағанды обл., Балхаш қаласы,

Шашубай ықшамауданы, 15 «А» үй.





22

Көкшетау


020000, Ақмола обл., Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142 үй.


23

Степногорск


021500, Ақмола обл., Степногорск қаласы, 4 ықшамауданы, 1 үй.


24

Щучинск


021700, Ақмола обл., Щучинск қаласы,

Абылай-хан көшесі, 52 үй.




25

Есіл

020900, Ақмола обл., Есіл қаласы, Мырзашев көшесі, 85 А үй.

26

Қостанай


110000, Қостанай қ.,

әл-Фараби көш., 111 а үй




27

Рудный


111500 Қостанай обл., Рудный қаласы, Горняктар көшесі, 70 үй.


28
29

Қызылорда


120014, Қызылорда обл., Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 101 А үй.
120014, Қызылорда обл., Қызылорда қаласы, Токмаганбетов көшесі , 46 үй.


30

Шиелі

120700, Қызылорда обл., Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Байтұрсынов көшесі, 9 үй.


31


Павлодар


140000, Павлодар обл., Павлодар қаласы,

Торайғыров көшесі, 79/1 үй.


140000, Павлодар обл., Павлодар қаласы,

Сәтпаев көшесі, 156/1 үй.


32

Екібастұз


141200, Павлодар обл., Екібастұз қаласы, Әуезов көшесі, 47/б үй.



33

Петропавл


150008, СҚО, Петропавл қаласы,

Алтынсарин көшесі,166 үй.




34

Семей


071400, ШҚО, Семей қаласы,

Шәкәрім көшесі, 40/а үй.




35

Шемонаиха

071800, ШҚО, Шемонаиха қаласы, Чапай көшесі, 53 үй.


36


Курчатов

071100 ШҚО, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі, 2 үй.

37

Урджар

071700 ШҚО,

Урджар ауылы, Абылайхан көшесі,105 үй.



38

Талдықорған


040000, Алматы обл., Талдықорған,

Тәуелсіздік көшесі, Орманов көшесінің қиылысында.





39

Жаркент


041300, Алматы обл., Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 149 үй.


40

Тараз


080000, Жамбыл обл., Тараз қаласы,

Толе би көшесі, 20б үй.




41

Жанатас

 080700, Жамбыл обл.,

Жанатас қаласы, 2 ықшамауданы, Аспандияров көшесі, 14 үй.





42

Каратау

080800, Жамбыл обл., Қаратау қаласы, Момбеков көшесі, 3 үй.



43

Орал


090000, БҚО,Орал қаласы,

Достык даңғылы, 184/1үй.




44

Аксай


090300, БҚО, Ақсай қаласы,

4 ықшамауданы, 3/2 үй.





45

Өскемен


070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Қ.Кайсенов көшесі, 45 үй.


46

Риддер


071302, ШҚО, Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 17 үй.


47

Зайсан


070700, ШҚО, Зайсан қаласы

Б.Сәтпаев көшесі, 40 үй.





48

Зыряновск


070800, ШҚО, Зыряновск қаласы,

Садовая көшесі, 14 үй.





49

Шымкент


160021, ОҚО, Шымкент қаласы,

Байтұрсынов көшесі, нөмірсіз үй

«Мұзды Сарай»


50

Ақсукент


160800, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, нөмірсіз үй, Банк Центр Кредит ғимараты


51

Сарыағаш


160900, ОҚО, Сарыағаш қаласы,

Исмаилов көшесі, нөмірсіз үй, Банк Центр Кредит ғимараты





52

Елтай

161300, ОҚО, Түлкібасс ауданы, Т. Рысқұлов ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 222 үй.

»

7. Қордың құрылған күні – 2001 жылдың 15 қазаны

8. Қор лицензияланған қызметтің екі түрін жүзеге асырады:

1) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет (лицензиясының № 0000021, ҚР-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігімен берілген);

2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет (лицензиясының

№ 0411200281, ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігімен берілген).

9. Қордың ірі акционері туралы мәліметтер.

Акционердің атауы (толық және қысқартылған)



Орналасқан жері


Толық атауы

Қысқартылған атауы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы



«Банк ЦентрКредит» АҚ


050000 Алматы қ-сы, Панфилов к-сі, 98, тел/факс: 2 598 598

www.centercredit.kz

10. Қордың кастодиан-банкі туралы мәліметтер:



Акционердің атауы (толық және қысқартылған)



Орналасқан жері


Толық атауы

Қысқартылған атауы

«АТФ Банк» акционерлік қоғамы



«АТФ Банк» АҚ

050000 Алматы қ-сы, Фурманов к-сі 100, тел/факс:2 583 015

www.atfbank.kz


3 тарау. Зейнетақымен қамсыздадыру туралы келісім-шартқа отырудың тәртібі
11. Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, Қор мен келісім-шартты өз бетімен жасауға құқылы жеке тұлғаның арасында жасалады.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жылда екі реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезінен бастап күшіне енеді.

12. Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, Қор мен келісім-шартты өз бетімен жасауға құқылы және өзінің жеке қаражаттарының есебінен Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаның арасында жасалады.

13. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, Қор мен келісім-шартты өз бетімен жасауға құқылы жеке тұлғаның және заңды тұлғаның арасында Алушының – жұмыскердің пайдасына жасалады.

14. Зейнетақымен қамсыздандыру шарттары Қор мен Салымшының арасында жазбаша түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шарттарға және Шарттар жасасу ережелеріне сәйкес жасалады.

15. Қор кеңсесінде міндетті, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5603 болып тіркелген) осы шарт үшін көзделген құжаттарды ұсынған кезде, салымшы және (немесе) алушы, немесе нотариат куәландырған сенімхат негізінде салымшының және (немесе) алушының сенімді тұлғасы, немесе Қордың қызметкері болып табылмайтын кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілі өзі өтініш бергенде жүзеге асырылады.

15-1. Қор кеңсесінен тыс жерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан кезде «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5603 болып тіркелген) көрсетілген құжаттар негізінде салымшы (немесе) алушы салымшының (немесе) алушының деректемелерін көрсету бөлігінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасқан жағдайда, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың екі данасы толтырылады, ерікті зейнетақы және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасқан жағдайда, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үш данасы толтырылады.

15-2. Салымшы (немесе) алушы қол қойылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін Қорға өткізеді, сондай-ақ заңды тұлға болып табылатын салымшы заңды тұлғаның басшысын тағайындау туралы басқарушылық құжаттың немесе бұйрықтың көшірмелерін және бар болғанда заңды тұлғаның басшысынан заңды тұлғаның атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қою құқығына алынған сенімхатты Қорға өзі немесе почта байланысы арқылы береді.

15-3. Қор қызметкері салымшының (алушының) қолы қойылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін немесе аталған Қормен салымшы жасасқан қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты бар екендігін анықтаған кезде, Қор зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасудан бас тартады және оның себептерін көрсете отырып, салымшыны хабардар етеді.

15-4. Салымшының (алушының) қолы қойылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қор қызметкері,:



  1. Қордың орталық деректер базасына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың барлық деректемелерін енгізуді жүзеге асырады;

  2. зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты тіркейді және салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шотын ашады;

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының тиісті графасында, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жасалынған күнін, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың және салымшының жеке зейнетақы шотының нөмірлерін көрсетеді.

15-5. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың Қордың орталық базасында тіркелген күні - зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жасалған күні болып табылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаттарын бір жыл ішінде екі мәртеден көп емес аудару туралы талаптарды сақтағанын Орталық растаған кезден бастап күшіне енеді.

15-6. Қор өкілі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты тіркегеннен кейін, «Қор өкілі» мөрінің бедері бар графаға қолын қояды.

15-7. Қор міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан жеке тұлғалардың бірегей тізімінде тіркелген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшыға (алушыға) почта байланысының құралдары немесе Қор қызметкері арқылы тиісті дананы (даналарды) береді, Қорға арналған дананы Қордың мұрағатына өткізеді. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан жеке тұлғалардың бірегей тізімінде тіркеуден өтпеген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың орталық (бас) кеңсесінің бас тартуының себебін көрсете отырып, жеке тұлғаны хабардар етеді.

16. Қор зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды, Қордың зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасуға тиісті өкілеттігі бар өкілдері (бұдан әрі - Қор өкілі) арқылы дербес жасасады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу кезінде Өкілдер қызметін бақылау жөніндегі рәсімдер Зейнетақы ережелерінің 11- тарауында регламенттелген.


следующая страница>


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы

«Капитал» жзқ» зақ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «Капитал» жзқ» зақ-ның Зейнетақылық ережелерінің орнына енгізіледі

425.23kb.

15 10 2014
3 стр.


«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы
106.06kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесін бекіту туралы

Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республ

114.47kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы №379 қаулысы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

26.41kb.

25 12 2014
1 стр.


Зарегистрировано мю рк 24. 09. 2012 г. №7925

Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу тәртібін жетілді

137.16kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы

Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

26.9kb.

09 10 2014
1 стр.


Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық ак

660.65kb.

12 10 2014
5 стр.


Жоспар: Кіріспе Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде

Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

598.79kb.

25 12 2014
3 стр.