Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « » ___________
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды сақтау және қадағалау, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, сондай-ақ су ресурстарын басқару және балық шаруашылығы дамуы бойынша «жасыл экономика» мемлекеттік саясатының дамуын іске асыру және бақылау бойынша функциялар мен өкілеттіктерді және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің миссиясы: қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау.
15. Міндеттері:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру;
3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру;
4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;
5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;
8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;
5) климатты және жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді;
7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады;
8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;
9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі;
13) Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
14) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
15) Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
16) стационарлы және жылжымалы бақылау пункттарының қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (орналасуын) анықтау және олардың қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылдайды;
17) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;
18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;
19) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді;
20) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;
21) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;
22) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді;
23) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;
24) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
25) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
26) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
27) мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды;
28) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді;
29) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
30) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді;
31) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
32) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
33) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
34) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
35) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
36) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
37) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
38) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
39) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
40) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
41) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
42) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
43) Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
44) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді;
45) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;
46) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамын және ережесін бекітеді;
47) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасады;
48) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;
49) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
50) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді;
51) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
52) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;
53) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді;
54) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді;
55) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілейді;
56) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
57) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін;
қалдықтар жіктеуішін;
топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын;
қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын;
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
қауіпті қалдықтар паспортының нысанын;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квота бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін;
ұсталған тауарларды жою мүмкіндігі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қорытындысының нысанын;
уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекітеді;
58) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
59) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн белгілейді;
60) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құруды келiседі;
61) Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын келіседi;
62) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;
63) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін бекітеді;
64) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі;
65) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді;
66) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін айқындайды;
67) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;
68) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
69) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;
70) Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
71) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
72) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
73) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
74) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
75) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
76) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
77) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады;
78) Қ
азақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
79) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
80) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
81) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
82) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
83) қоршаған ортаны қорғау саласында
жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және басқарады;
84) қоршаған ортаны қорғау саласында
азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
85) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;
86) Мемлекеттік көміртегі бірліктерінің тізбесі операторын айқындайды;
87) озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгілейді;
88) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
89) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;
90) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
91) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру
следующая страница>