жоба
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
10) тармақшадағы «органдар» деген сөз «ұйымдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздер «Сәйкесінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен» деген сөздермен ауыстырылысын;
14) тармақшадағы «нәрсенің» деген сөзден кейін «құжаттың» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-баптағы «арнаулы ғылыми білімнің құралдарымен» деген сөздер «арнаулы ғылыми біліммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздер «Сәйкесінше Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «оларды» деген сөзден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтағы «өту тәртібін» деген сөздерден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 13-бапта:
2-тармақтағы «куәлігін беруді» деген сөздерден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Біліктілік комиссиялары» деген сөздердің алдынан «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
«олардың құрамын» деген сөздерден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 14-бапта:
1-тармақтағы «бір рет» деген сөздерден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «олардың құрамын» деген сөздерден кейін «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
6) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамын және қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілейді.»;
7) 16-бапта:
2-тармақтың алтыншы абзацында:
«, Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Лицензияның қолдануын тоқтата тұру туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне уәкілетті орган енгізеді.»;
4-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне уәкілетті орган енгізеді.»;
5-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне уәкілетті орган енгізеді.»;
8) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе;» деген сөйлемнен кейін «сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұруға негіз болған жағдайлар жойылмаса және одан кейінгі зерттеу ұсынылған көлемде мүмкін болмаса,» деген сөйлеммен толықтырылсын;
9) 23-бапта:
«іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның),» деген сөздерден кейін «прокурордың, нотариустың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сот сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін сәйкесінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
10) 25 бапта:
1-тармақтағы «қабылданған күннен» деген сөздерден кейін «кейінгі күннен» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «Сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сарапшының өтініші қанағаттандырылмаған, сарапшының бөлек қорытындысы жасай отырып, ұсынылған материалдар бойынша сараптаманың өзге түрін жүргізіп жатқан сарапшыда болған, сараптаманы жүргізуге кіріскен сарапшының жұмыс уақытын белгілі бір шығындауды қажет ететін басқа бір іс бойынша сот мәжілісіне қатысқан немесе өзге де себептер (іссапар, науқастану) бойынша басқа сарапшыға материалдарды беруге кедергі келтіретін жағдайлар болған жағдайларда, бірақ отыз тәуліктен асырылмай жүргізіледі.
Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса және ұсынылған көлемде зерттеу мүмкін болмаса, материалдар сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына орындаусыз жіберіледі.»
11) 29-баптың 6-тармағында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Сарапшылық комиссия мүшелері қайталама сараптаманың алынған нәтижелерін бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келіп, ортақ қорытындыға қол қояды.
5. Сот сарапшылары арасында келіспеушілік болған жағдайда зерттеу нәтижелері осы Заңның 28-бабы 6-тармағына сәйкес рәсімделеді.»;
13) 31-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
14) 32-баптың 3-тармағындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
15) 37-баптың 2-тармағындағы «осы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы көздеген тәртіппен» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 42-баптың 2-тармағындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген сөздердің алдынан «сәйкесінше» деген сөзбен толықтырылсын;
17) 44-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Ұйымдар меншік нысанына қарамастан, сот сараптамасы органының сұрауы бойынша сот сараптамасы мен сот медицинасының бірыңғай ақпараттық-әдістемелік базасын құру үшін өз өнімінің үлгісін немесе каталогтарын, техникалық және технологиялық құжаттамаларын және ақпараттық мақсаттағы өзге де материалдарын ұсынады. Сот сараптамасы органы мемлекеттік құпия, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жарияламауды қамтамасыз етеді.»;
18) 45-баптың 2-тармағындағы «азаматтық істер» деген сөздерден кейін «және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев