Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына түсіндірме жазба

Әзірленген «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы (бұдан әрі – Конституциялық заң жобасы) сот жүйесін жетілдіруге, республика судьялары тәуелсіздігінің әлеуметтік және материалдық кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.

Конституциялық заң жобасы Үкіметтің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысымен бекітілген Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарының 25-тармағына сәйкес әзірленді.

Конституциялық заң жобасының бірқатар нормалары қызметі соттары қалыптастыруды, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға қол сұғылмау кепілдіктерін қамтамасыз етуге байланысты Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейтуге бағытталған.

Жоғары Сот Кеңесіне мынадай мәселелерді келісу құқығы берілді:

- аудандық және облыстық соттар судьяларының жалпы санын белгілеу;

- әрбір жергілікті және басқа да соттар үшін судьялар санын белгілеу;

- жергілікті және басқа да соттарды құру, қайта ұйымдастыру, қайта атау және тарату.

Жоғары Сот Кеңесіне біліктілік емтиханын тапсырған және заңгерлік мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар адамдар тағылымдамадан өтуден босату құқығы беріледі.

Судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейту, сондай-ақ теріс негіздермен судьяларды қызметінен негізсіз босату жағдайларын болдырмау мақсатында Жоғары Сот Кеңесіне судьяларды теріс себептермен босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады.

Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесінің судьяны қызметінен босатуға ұсыным беруден бас тартуы тәртіптік органның судьяны қызметінен босатуды көздейтін шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады.

Сот жүйесін жетілдіру буындарының бірі ретінде соттарды мамандандыруды дамыту мақсатында Конституциялық заң жобасымен облыстық соттарда:

- азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын;

- қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын құру көзделеді.

Сонымен бірге жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғары Соттың судьялары мен сот алқалары төрағаларының қызметтеріне Жоғарғы Соттың кадр резервін қалыптастыруы көзделеді.

Жоғарғы Соттың сот практикасының мәселелері жөніндегі түсініктемелер беру бойынша функциясы тек нормативтік қаулылар шығару арқылы жүзеге асырылуы тиіс екендігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға (бұдан әрі – Конституциялық заң) түзету енгізіледі. Оған сәйкес сот практикасы мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулыларды Жоғарғы Сот қабылдайды.

Конституциялық заң жобасымен тәртіптік-біліктілік алқалары институтын тарату көзделеді. Оның судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тәртіптік істерді қарау жөніндегі өкілеттіктері Сот жюриіне беріледі.

Сот жюриінің өкілеттіктеріне мыналарды жатқызу ұсынылады:

- жұмыс істейтін судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау;

- тәртіптік іс жүргізуді қозғау;

- тәртіптік жаза қолдану.

Сот жюриінің жұмыс істеуі тек Жоғарғы Соттың жанында аудандық соттардың, облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың тиісті өкілдігімен көзделеді. Сот жюриінің облыстық құрылымдарын құру көзделмейді.

Конституциялық заңның 35-1-бабына сәйкес судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.

Осыған байланысты, Конституциялық заң жобасында судьяны теріс себептермен судья қызметінен босату негіздері нақтыланады.

Бұдан басқа, судьялыққа кандидаттар үшін жоғары критерийлер мен стандарттарды белгілеу мақсатында мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар оқуды аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылған ереже бекітіледі.

Мемлекет Басшысының республика судьяларының V съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін Конституциялық заң жобасында аудандық соттар төрағаларының өкілеттік мерзімдерін үш жылға дейін қысқарту көзделеді.

Сонымен бірге жобада аудандық, облыстық соттардың, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының қысқартылуына байланысты өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда судьяға төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде шығу жәрдемақысын төлеу жүргізілетін ереже бекітілген.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген жағдайда тек аудандық соттардың, облыстық соттардың, Жоғарғы Соттың судьяларының жалпы санын қолда бар бос бірліктердің есебінен қысқарту мүмкін болмаған жағдайларда ғана судья қызметінен босатуға жол беріледі.

Судьяның ерекше мәртебесін және толық әлеуметтік қамтамасыз етудің конституциялық кепілдігін ескере отырып, судья қызметінде 20 жылдан астам жұмыс стажы барларға – соңғы қызметтегі жалақысының 70 % мөлшерінде және судья қызметінде 15-тен 20 жылға дейін жұмыс стажы барларға 60 % мөлшерінде отставкаға кеткен судьяларды өмір бойынша асыру институтын енгізу көзделеді.

Бүгінгі таңда судьяларды өмір бойы асыру кеңестен кейінгі кеңістіктің көптеген елдерінде жүзеге асырылады. Мысалы, Украинада осы төлем мөлшері жалақыдан 90 %, Ресей Федерациясында жалақыдан 80 % құрайды.

Судьялардың тән саулығына әсер ететін жүктеменің салмағын ескере отырып, жұмыстың жауаптылығы мен күрделігіне байланысты жұмыс стажын ескере отырып, қосымша беру, сондай-ақ судья мен оның отбасы мүшелерінің республика шегінде санаторий-курорттық емделу орнына және кері қайту жолақысы құнының шығыстарын өтеу көзделеді.



Конституциялық заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен 1 192 006 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»

Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

41.75kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы

Жалпы ережелер (1 5 баптар) 2-бөлiм. Сот жүйесі (6 22 баптар)

440.28kb.

13 10 2014
3 стр.


Жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жоба

55.83kb.

17 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №1-2, 3

53.25kb.

11 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №1-2, 3

105.42kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ

Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

11.41kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі

«Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң

9.61kb.

06 10 2014
1 стр.


1 сот жүйесіндегі судьяның ТӘуелсіздігі

Астанада болып еткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекгі III съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсетті

1139.08kb.

14 12 2014
4 стр.