Жоба
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №3363-3 тапсырмасын және Қазақстан Республикасының экономикасын модернизациялау мәселесі бойынша мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 18 мамырдағы №17-5/11-3 хаттамасының 2.3-тармағын орындау үшін әзірленген.
Осы Заң жобасын әзірлеу үшін негіз басқару мен автожол саласын қаржыландыру жүйесін іргелі өзгерту, жаңа құрылған (жаңартылған) және салуға жоспарланған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының (немесе олардың учаскелерін) қызмет етуінін тиімді және өтімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, ақы төлеуді енгізуге қатысты нормалардың әрекет етуін тәжірибелік енгізу үшін құқықтық механизімді құру, сондай-ақ Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында министрліктер мен ведомстволар шеңберінде мемлекет қызметшілерінің санын қысқарту қажеттілігінін айтылуы болып табылады.
Заң жобасы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау процесстерді тиімдірек басқару мүмкіндік беретін автожол саласын реформалуға бағытталған.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу мен күтіп ұстау республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуда, бұл ретте республикалық автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту мен күтіп ұстауға республикалық бюджеттен жұмсалатын шығындар анағұрлым көп.
Өз кезінде мемлекетте ақылы автомобиль жолдарын енгізу және автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы жинауға мүмкіндік беруді көздейтін заңнамаға енгізілген нормалар әлі күнге дейін әрекет етпеуде.
Ақылы автомобиль жолдары «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе концессиялық шарттар негізінде құрылуы мүмкін. Алайда, бүгінгі күнге дейін концессиялық негізде автомобиль жолдарын салу немесе қайта жаңартуға ниет білдіргендер жоқ, ал барлық концессионерлерді анықтау бойынша жарияланған тендерлер өтпеген деп танылған, өйткені ықтимал концессионерлерден өтінімдер түспеген.
Қазақстан масштабында автожол инфрақұрылымы кең, ал орташа қозғалыс қарқындылығының төменділігі, жүріп өткені үшін концессионермен бірқалыпты тарифтерді енгізген жағдайда (ҮАААЖ мен Алматы-Қапшағай жол арнасын есептемегенде) концессионерлер үшін қазақстандық жолдардың төмен тартылымдығы негізігі себептердің бірі болып табылады. Бұл факт концессиялық сызба бойынша жол инфрақұрылымының төмен сапасына қатысты проблеманы шешуге мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар қайта жаңартылға жолдарда ақы жүйесін енгізу осы жолдарды пайдалану мен орташа жөндеуге жұмсалатын шығындарды жабуға және бюджет есебінен жолдарды күтіп ұстауға түскен жалпы ауыртпалықты жеңілдетеді ( нақты төмен қозғалыс қарқындылығы салдарларынан жолдарды салу мен қайта жаңартуға байланысты шығындарды көтеруді жалғастырады).
Құрылыс және жөндеу, құрылыс материалдарын жеткізу және т.с.с жұмыстар барысы бойынша күнделікті бақылау уәкілетті органға атқарушы билік органы стратегиялық жоспарлау, автомобиль саласын дамыту, оны нормативтік құқықтық, ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді орындайтын негізгі функцияларын топтауға мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты автожол саласын реформалау шеңберінде Ұлттық оператордың штатына босатылған қызметкерлерді ауыстыру арқылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдар (мемлекеттік мекемелер) қысқартылатын болады. Бұл ретте бірқатар міндеттер Ұлттық операторларға жүктеліп, бірқатар міндеттер көрсетілген Комитеттен, атап айтқанда:
1) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу мен күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
2) жобалау, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу мен күтіп ұстау кезінде талап етілетін сапаны қамтамасыз ету саласында қабылданған нормалар мен стандарттарды сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
3) жол бойындағы сервисті дамыту алып тасталды.
Арнайы құрылып жатқан акционерлік қоғамға мемлекеттің жарғылық капиталында жүз пайыздық үлесімен осы учаскелер бойынша жүріп өткені үшін ақы төлемін алу мақсатында республикалық автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторға - автомобиль жолдарының ағымдағы жай-күйін, ақылы автожолдар (учаскелер) бойынша жүріп өткені үшін төлем ақыны алуды ұйымдастыру және өңдіру, оларды жөндеуді ұйымдастыру, жолды салу және/немесе қайта жаңарту, жай-күйге және т.б. бақылауын жүзеге асыру мақсатында республикалық автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін беру ұсынылуда.
Сонымен қатар ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақыдан алған қаражаттың жеткіліктігі кейінен жаңа учаскелерді салу үшін қаражаттардың жеткіліксіздігін өтеуге, автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдық жөндеуге кететін мемлекеттің шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте Ұлттық оператор автожолдарды дамытуға қаражаттарды сала отырып, оларды тиімді пайдалануда мүдделі болады, жолдардың сапасына талаппен қарайды, олардың пайдалануын ерекше қадағалайды, жолдар бойынша жүру ережесін бұзғаны үшін пара алуда мүддесіз болады.
Сонымен бірге өзгерістер бақылаушы мемлекеттік органдардың қызметтерін қозғамайды, олар белгіленген талаптар мен қағидаларды қадағалауды қамтамасыз ету бойынша өз қызметтерін бұрынғыдай орындайды.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қаржылық (Бюджет кодексін, «Құнды қағаздар нарығы туралы», «Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру туралы», «Концессия туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын) және әкімшілік-басқару мәселелерін («Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Автомобиль жолдары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын) қозғайтын бірқатар заңнамалық актілерді өзгерту қажет.
«Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына ақылы автомобиль жолдарын құрумен қатар қаржыландыру көздерін ұлғайту бөлігінде толықтыру болжанады, бұл Ұлттық операторға жеке және/немесе қарыз қаражаттары есебінен жолдарды салуға, ақылы автожолдарды пайдалану тәртібін анықтау бойынша ҚР Үкіметінің құзыретін Ұлттық оператормен белгілеуді, сондай-ақ ақылы негізде пайдаланылуы мүмкін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесінің негіздемесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодексінде автомобиль жолдарын пайдаланушылар ақылы жолдар бойынша жүріп өткені үшін төлемегенде жауапкершілікті, әкімшілік айыппұлды салуға құқығы бар тұлғаларды, айыппұлдардың мөлшерлерін анықтау көзделуде.
Бюджеттік кодексте дамытудың ұзақмерзімді бағдарламалары, ұзақмерзімді қаржыландыру және мемлекеттік бюджеттің ұзақмерзімді міндеттемелері ұғымын енгізуді болжауда, бұл мемлекетте іске асырылып жатқан бағдарламалар, жобалар бойынша болған үш жылғы шектеулерді алады. Осындай бағдарламаларды қысқарту, дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасында көрсету мүмкіндігі арқылы мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қойылатын талаптарды өзгерту көзделуде.
Жиынтығында, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар кейіннен республикалық автомобиль жолдарын күтіп ұстау, салу мен қаржыландырудың айқын, мобилді, тиімді жаңа моделін құруға мүмкіндік береді.
Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетліген заң жобасын Қазақстан республикасының Парламент Мәжілісінің қарауына енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов