Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстанда қазіргі кезде капиталдың орын ауыстыру еркіндігіне ешқандай да шектеу қоймайтын және Қазақстан Республикасында коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ешқандай кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режим жұмыс істейді.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша 2002 жылдан бастап бірнеше жыл қатарынан валюталық режимді кезең-кезеңімен ырықтандыру саясатын іске асырды1.

Валюталық ырықтандырудың негізгі мақсаты капиталдың қозғалысына қойылған валюталық шектеулердің толық күшін жою және экономикалық саясат бойынша шешімдер қабылдауға арналған база ретінде валюталық операциялардың ақпараттық статистикалық және талдамалық мониторингін құру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға2, сондай-ақ 2005-2007 жылдарға3 арналған бағдарламаларына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарына таман Қазақстанда ұлттық валютаны толық айырбастау қағидаты іске асырылды: капитал қозғалысының операцияларын лицензиялаудың және шетел банктерінде шоттар ашудың күші жойылды, ішкі валюта нарығындағы заңды тұлғалардың конверсиялық операцияларына қойылған шектеулер алып тасталды, валютаны репатриациялау талаптарының орындалуын бақылаудың жаңа схемасы енгізілді.


Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: (1) елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, (2) елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау, және (3) валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Лицензия алу шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ғана қажет (валюта айырбастау пункттерінің қызметі).

Капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша (қаржы заемдары, тікелей инвестициялар, коммерциялық кредиттер, шетел банктеріндегі шоттар) статистикалық ақпарат жинау мақсатында Қазақстанда тіркеу және хабарлау режимдері бар. Аталған режимдер шеңберінде алынатын ақпарат төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борыш бойынша статистикалық және талдау ақпаратын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Тіркеу және хабарлау режимдері капитал қозғалысының ірі операцияларын есепке алады, олар Қазақстан Республикасына баламасы 500 мың АҚШ долларынан астам сомаға капиталдың (мүлік, ақша қаражаты) түсуін немесе Қазақстан Республикасынан баламасы 100 мың АҚШ долларынан астам сомаға капитал (ақша қаражаты, мүлікті беру) аударуды көздейді.

Тіркеу режимі резиденттің капитал қозғалысы операциясын жүргізуге негіз болатын валюталық шарттың көшірмесін осындай операция жүргізгенге дейін Ұлттық Банкке ұсынуын көздейді, ал хабарлама беру режимі кезінде операция бойынша ақпарат (оның ішінде валюталық шарт) Ұлттық Банкке операция жүргізілгеннен кейін беріледі. Тіркеу және хабарлама беру талабы тек Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана қолданылады.

Ішкі валюталық нарықта валюта ұсынысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында валютаны репатриациялау талабы көзделген, ол бойынша уәкілетті (қазақстандық коммерциялық) банктердегі банк шоттарына мыналар:

1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортынан түскен ұлттық және шетел валютасындағы түсім;

2) резидент емес міндеттемелерді орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін резиденттің резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетелдік валюта есепке алынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес репатриация жүргізілетін мерзім тек сыртқы сауда келісімшартының талаптарында ғана айқындалады. Репатриация мерзімі аяқталғаннан кейін экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді іске асыруға қатысты қандай да бір шектеулер болмайды. Бұл ретте репатриациялау талабы тек резиденттерге (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға және Қазақстан азаматтары – дара кәсіпкерлерге) ғана қолданылады.

Репатриациялау талабының орындалуын бақылау балама түрінде сомалары 50 мың АҚШ доллардан асатын сыртқы сауда мәмілелері бойынша сыртқы сауда келісімшартын сыртқы сауда мәмілесіне қатысушы резидентке қызмет көрсететін коммерциялық банкте есептік тіркеу арқылы жүзеге асырылады.


Сонымен қатар, сыртқы күйзелістердің бар тәуекелдерін ескере отырып, «валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңында Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп-қатер төнген жағдайда, шұғыл ден қою механизмі көзделген.

Атап айтқанда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, Заңда арнайы валюталық режим шегінде мына жекелеген валюталық шектеулерді қысқа уақытқа енгізу көзделген: 1) валюталық операция сомасынан пайыз ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету; 2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету; 3) Қазақстан Республикасының резиденттері алған шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ету; 4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу.



Арнайы валюталық режимді Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметпен және Ұлттық Банкпен бірлесіп өткізілген консультациялардан кейін жылдан аспайтын мерзімге енгізуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы осы уақытқа дейін осы қорғаныс механизмін қолданбады.



1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі №369 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.01.2003 жылғы № 103 қаулысымен бекітілген.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.06.2004 жылғы № 705 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау

Республикасында коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ешқандай кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режим жұмыс істейді

44.67kb.

17 12 2014
1 стр.


Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың

409.06kb.

15 10 2014
3 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №29 баспасөз релизі

Нормативтік құқықтық актілерге валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

51.04kb.

17 12 2014
1 стр.


Алматы қаласы 2005 жылғы 29 қазан №134

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

1185.08kb.

14 10 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасының

Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың

596.82kb.

25 12 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) валюталық операциялар туралы хабарлау бойынша мемлекеттік қы

95.87kb.

15 10 2014
1 стр.


ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жә

88.85kb.

07 10 2014
1 стр.


Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет лицензиялануы тиіс пе?

Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту ту

7.24kb.

12 10 2014
1 стр.