Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 Заңы
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
2. Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:
1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;
2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;
4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.
Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтай құжаттарын келiсу тәртiбi, құрылтайшылардың құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерiне және қалыптасу тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу жөнiндегi шектеулер қосымша белгіленедi.
3. Резиденттер лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі 1), 3)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.
4. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiледi.
Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негіздер.
6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында көзделген валюталық операцияларға лицензиялар бередi.
2. Валюталық операцияларға қатысушы резидент шоты ашылғанға дейін немесе тараптардың бiрi шарт бойынша мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн не осы Заңның 20-бабы 5-тармағының екiншi бөлігінде, 7-тармағында және 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде лицензия алуға өтініш жасауға міндеттi.
3. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құжаттардан басқа осы Заңның 10-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актісiнде белгіленген шарттармен және тәртiппен ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актiде:
2) осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиялануға тиiс операцияларды резидент-клиенттің тапсырмасы бойынша оның мүддесiне және оның есебінен резидент еместің жүргiзуi көзделетiн, ол тiркелген мемлекеттiң заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар резидент пен резидент емес арасындағы мәміле шарттарына қатысты талаптарды;
3) осы Заңның 25-бабына сәйкес лицензиялануға тиiс операциялар бойынша уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығына негіздеме ұсынудың талаптарын белгілейдi.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуі;
3) жүргiзiлетiн валюталық операцияның және (немесе) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай келмеуi;
4) осы Заңның 22 және 25-баптарына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектiң, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.
Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.
2. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды.
3. Валюталық операцияға қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін:
4. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4), 6), 7), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады.
5. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады.
6. Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;
2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9-бап. Валюталық операциялар туралы хабарлама
1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердің, сондай-ақ клиенттер тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.
Резиденттер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгiленген валюталық peттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тiгілiп, қол қойылып (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөр басылып (заңды тұлғалар үшiн) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
4) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалаp үшiн);
5) құрылтай құжаттарының нотариатпен куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалap үшiн);
6) алып тасталды
7) салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
8) өтінiш берушінiң талаптарға, оның iшiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
9) резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;
10) валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi танысу үшiн осы бапта аталған құжаттардың түпнұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.
Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылып ұсынылады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 12.01.2007. N 224 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
11-бап. Валюталық мониторинг
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады.
Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:
1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының және халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.
2. Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
3. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сәйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен және резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау әдiсiмен жүзеге асырылады.
4. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.
1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың
15 10 2014
3 стр.
Республикасында коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ешқандай кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режим жұмыс істейді
17 12 2014
1 стр.
Нормативтік құқықтық актілерге валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
17 12 2014
1 стр.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
14 10 2014
6 стр.
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың
25 12 2014
4 стр.
«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) валюталық операциялар туралы хабарлау бойынша мемлекеттік қы
15 10 2014
1 стр.
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту ту
12 10 2014
1 стр.
Бүгін бұндай жұмысты барлық банктер жасай алады: валюталық есепшотын ашу арқылы немесе олсыз. Және ең қызықтысы, бұл қызметтің түрі тұрақты түрде өсіп отыр
25 12 2014
1 стр.