Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 362-IV Заңы

-->
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 542-543 (26386); "Казахстанская правда" от 22.12.2010 г., № 346-347 (26407-26408); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 24 (2577), 139-құжат

      2010 жылғы 17 наурызда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                               Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының


Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан
Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын
салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы
КЕЛIСIМ
(2010 жылғы 28 желтоқсанда күшiне ендi -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетенi,
2011 ж., № 1, 8-құжат)

      Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,


      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң болуы мен жұмыс iстеуiнiң тиiстi жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында,
      1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап


      Қазақстан Тарапы Өзбекстан Республикасына Астана қаласында орналасқан, құрылыстар мен транзиттiк коммуникациялары жоқ, жалпы алаңы 2,6 га жер учаскесiн Өзбекстан Республикасы Елшiлiгiнiң ғимараттары мен құрылыстарын Өзбек Тарапы есебiнен салуға қырық тоғыз (49) жыл мерзiмге пайдалануға бередi.
      Жер учаскесiн жалға алу ақысының мөлшерi жылына бiр АҚШ долларын құрайды.
      Жер учаскесiнiң нақты орналасқан жерi және оның шекарасы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жоспарда (1-қосымша) көрсетiлген.

2-бап


      Өзбекстан Тарапы Қазақстан Республикасына Ташкент қаласында орналасқан, құрылыстары мен транзиттiк коммуникациялары жоқ, жалпы алаңы 2,0 га жер учаскесiн Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң ғимараттары мен құрылыстарын Қазақстан Тарапы есебiнен салуға қырық тоғыз (49) жыл мерзiмге пайдалануға бередi.
      Жер учаскесiн жалға алу ақысының мөлшерi жылына бiр АҚШ долларын құрайды.
      Жер учаскесiнiң нақты орналасқан жерi және оның шекарасы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жоспарда (2-қосымша) көрсетiлген.

3-бап


      Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерi қарыздардан, үшiншi тараптың құқықтарынан бос түрде, кепiлге қойылмай және оларды осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн пайдалануға кедергi келтiретiндей қандай да бiр өзгеше түрдегi ауыртпалықсыз берiлетiнiне кепiлдiк бередi.

4-бап


      Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiн осы Келiсiмде көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдаланады.

5-бап


      Мемлекетi жер учаскесiн алатын Тараптың осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн жер учаскесiн орналасу мемлекетi Тарапының нақты бiлдiрiлген жазбаша келiсiмiнсiз кеңейтуге, сатуға, ауыртпалық түсiруге, жеке меншiкке беруге, үшiншi тарапқа жалға немесе жартылай жалға беруге құқығы жоқ.
      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiнде салынған ғимараттар мен құрылыстар сатылатын немесе берiлетiн жағдайда, оларды сатып алуға орналасу мемлекетiнiң басым құқығы болады.
      Сатылған немесе берiлген жылжымайтын мүлiкке қатысты осы Келiсiмнiң күшi автоматты түрде тоқтатылады.

6-бап


      Тараптар өзара негiзде өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген ғимараттарға, құрылыстарға меншiк және жер учаскелерiн пайдалану құқықтарын заңдық ресiмдеудi осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде қамтамасыз етедi. Тараптар өзара келiсiлген мерзiмде бiр мезгiлде тиiстi құжаттар алмасуды жүргiзедi.

7-бап


      Өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қызметiн қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiнен басқа жер учаскелерiн жалға алуы жеке халықаралық шарттардың талаптары бойынша жүзеге асырылады.

8-бап


      Әрбiр Тарап басқа Тарапқа берiлген жер учаскесiнiң шекарасына дейiн жол төсеудi, инженерлiк коммуникацияларды (электр және телефон желiлерiн, су құбырын, кәрiздi және газ құбырын) өз бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады, сондай-ақ бұл коммуникацияларды қалалық желiлерге қосуды орындайды.

9-бап


      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерiнде ғимараттар мен құрылыстар салу орналасу мемлекетi заңнамасының талаптарына сәйкес салуға немесе қайта жаңартуға рұқсат алынғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
      Құрылыс жұмыстары жер учаскесiн берген Тараптың кiнәсi бойынша кiдiрген жағдайда, ол салушы Тарапқа құрылыстың кiдiруiне немесе тоқтатылуына байланысты келтiрiлген шығындарды өтейдi.

10-бап


      Берiлген жер учаскелерiнде ғимараттар мен құрылыстар салу үшiн Тараптар құрылыс материалдарын және жабдықтарды әкелуге құқылы болады. Жер учаскесiн берген Тарап екiншi Тарапты тек дипломатиялық өкiлдiктердiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, жабдықтау және жарақтандыру үшiн әкелiнетiн материалдар мен жабдықты кедендiк төлемдердiң барлық түрi мен салықтар төлеуден босатады.

11-бап


      Тараптардың өз объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға дайындалу және оны жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн, құрылысшылардан, техникалық қадағалау мамандарынан және техникалық қызметкерлерден тұратын персоналды орналасу мемлекетiне жiберуге құқығы бар.

12-бап


      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерi жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын қоспағанда, орналасу мемлекетi салатын салық пен алымдардың барлық түрлерiнен босатылады.
      Жер учаскесiн пайдаланатын Тарап ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды пайдалануды, жөндеудiң барлық түрлерiн жер учаскесiн күтiп ұстауды өз есебiнен жүзеге асырады.
      Коммуналдық қызметтердi (газбен жабдықтау, электр сумен жабдықтау, кәрiз, аумақты тазалау және осындай басқа да қызметтер), байланыс қызметтерiнiң барлық түрлерiн пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жылжымайтын мүлiктi жөндеу және күтiп ұстау үшiн төлемақы дипломатиялық өкiлдiктер мен олардың қызметкерлерi үшiн орналасу мемлекетiндегi нормативтер мен тарифтер бойынша орналасу мемлекетiнiң валютасында жүргiзiледi.

13-бап


      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын және жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

14-бап


      Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты даулар туындаған жағдайда, Тараптар оны консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.

15-бап


      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап күшiне енедi және қырық тоғыз (49) жыл мерзiмге жасалады. Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапты осы Келiсiмнiң қолданысын өзiнiң ұзартпау ниетi туралы ағымдағы кезеңнiң соңына дейiн бiр жыл бұрын кешiктiрмей хабардар етпейiнше, оның қолданылуы келесi қырық тоғыз жылдық мерзiмге автоматты түрде ұзартылады.

      2010 жылғы 17 наурызда Ташкент қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.

      Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
            Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн жер участкелерiн өзара беру туралы келiсiмге 1-қосымша

Участкенiң мекенжайы: Қарасаз және Талғар көшелерiнiң қиылысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын салу үшiн жер участкелерiн өзара беру туралы келiсiмге 2-қосымша

Участкенiң мекенжайы: Абай және Зүлфияханым көшелерi қиылысының ауданы

 

      РҚАО-ның ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi өзбек тiлiнде берiлген.









-->

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 желтоқсандағы №362-iv заңы

Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғим

58.06kb.

25 12 2014
1 стр.


Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54 тармақшасына сәйкес Қазақст

164.47kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы n 365-iv заңы

Республикасының Үкiметi мен Палестина Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы Палестина Мемлекетiнiң Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң мұқтаждықтары үшiн Астана қаласындағы офистiк ү

32.34kb.

09 10 2014
1 стр.


Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы №237 қаулысы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару

Республикасы 2001 жылғы 23 қарашадағы №148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271 За

41.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен

Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен

622.78kb.

15 10 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I жасөспiрiмдердiң Олимпиада ойындарындағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеу мөлшерiн бекiту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi

9.62kb.

15 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қа

1409.79kb.

14 12 2014
11 стр.


Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы

Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының

502.53kb.

11 10 2014
3 стр.