Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың

ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы №237 қаулысы

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі

ведомствоаралық комиссия құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қарашадағы №148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 17) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271 Заңы 18 бабының 2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аққайың ауданы әкімдігі жанынан құқық бұзушылық профилактикасы алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).

2. Қоса берілген Комиссияның Ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Нәсиге жүктелсін.

4. Осы қалы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі Р. Елубаев

Аудан әкімдігінің

2010 жылғы 06 желтоқсандағы

№ 237 қаулысына

қосымша
Аққайың ауданы әкімдігі жанынан құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Аққайың ауданы әкімдігі жанынан құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық саласындағы қызметін үйлестіретін консультативті-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.


2. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;

3) құқық бұзушылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) құқық бұзушылық профилактикасы саласында бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын қарастыру;

5) Қазақстан Республикасы Парламентінің, аудан жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

6) адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, құқық бұзушылық жасауға жағдай тудыратын себептер мен шарттарды айқындау бойынша шара қолдану;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сәйкесті жергілікті өкілеті және атқарушы органдарға құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды әзірлеу және жолдау;

8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің басшылары мен лауазымды тұлғаларының олар атқарып жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

9) мемлекеттік органдар мен мекемелерге құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шараларды қолданбағаны үшін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу.


2

4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзвреті шегінде құқылы:

1) Комиссия отырысына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің, өзге мекемелердің басшыларын және лауазымды тұлғаларын шақыру және Комиссия құзыретіне енетін мәселелер бойынша тыңдау;

2) құқық бұзушылық профилактикасыға байланысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты әрекет ететін сараптамалық және жұмыс топтарын құру;

3) құқық бұзушылық профилактикасы және күрес тиімділігін арттыруға бағытталған шара қолдану бойынша мемлекеттік мекемелерге және өзге мекемелерге ұсынымдар мен ұсыныстар енгізу.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру


5. Комиссия аудан әкімдігі қаулысымен құрылады.

6. Комиссия төрағадан және комиссияның басқа мүшелерінен құралаы. Комиссия хатшысы – аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

7. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.

8. Комиссии құрамы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдар аудандық бөлімшелерінің басшыларынан, мәслихат депутаттарынан, өзге лауазымды тұлғалардан құралады. Комиссия құрамына басқа ұйымдардың, бизнес, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін енгізуге болады.

9. Комиссияға комиссия төрағасы басшылық жасайды.

10. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағамен анықталатын тұлға орындайды.

11. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібі, сондай-ақ оны өткізу орны, уақыты, тәртібі және мерзімдері комиссия төрағасымен анықталады.

12. Комиссия отырысы:

Қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен артық емес;

Комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады;

Ашық түрде, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларға қатысты болса Комиссия төрағасының шешімімен жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

13. Комиссия отырыстарына мүдделі тұлғалар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.

14. Комиссия отырысын өткізу қорытындысы бойынша төраға қол қоятын хаттама ресімделеді.

15. Комиссия шешімі ұсыныстық сипатқа ие.


3

4. Комиссия қызметін тоқтату


17. Комиссия қызметін тоқтатуға аудан әкімдігінің Комиссия қызметін тоқтату туралы қаулысы негіз болады.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы №237 қаулысы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару

Республикасы 2001 жылғы 23 қарашадағы №148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271 За

41.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №518 қаулысы ШҚО Әд

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабы 1-тармағының, 17-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңт

214.74kb.

17 12 2014
1 стр.


Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №723 қаулысы Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

115.47kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылғы 14 желтоқсандағы №702 қаулысы «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

116.89kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылғы 14 желтоқсандағы №702 қаулысы «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

119.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

«Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» және 1998 жылы 24 наурыздағы «Нормативтік құ

284.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Ақтөбе облысы әкімдігінің 31. 01. 2013 жылғы №15 қаулысы 27. 02. 2013 жылы әділет департаментінде тіркелген Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000

502.79kb.

25 12 2014
2 стр.


Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 5 ақпанында №3514 болып тіркелді Мұғалжар ауданы әкімінің

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

164.9kb.

25 12 2014
1 стр.