Перейти на главную страницу
«Еңбек және спорт физиологиясы»
пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдестемелік нұсқаулар
Кіріспе
«Адамның бұлшық ет жұмысын жасау кезіндегі артериялық қысымы мен жүректің жиырылу жиілігі»
«Жүрек-тамыр жүйесінің резервтік мүмкіншілігі»
Кіріспе
Көрсетілген практикалық сабақтардың тобы зерттеудің қарапайым дағдыларын игеруге және адам организімінің физиологиялық қызметтерін бағалауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқауларда «Еңбек физиологиясы және психологиясы» пәнінің негізгі тақырыптары бойынша практикалық жаұмыстар көрсетілген. Нұсқауларда көрсетілген тапсырмаларды орындау алгоритімі жұмысты дайындау барысында уақытты үнемдеуге және тапсырмалардың бір бөлігін өз бетімен жасауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа кірісер алдында, студент жұмыстың маңызы мен мақсатының мәнін түсініп, оны зер салып оқып жұмысты дайындау және орындау тәртібін түсіну керек, сонан кейін теоретикалық материалды оқу керек. Әр орындалған практикалық сабаққа дәптерде қорытынды жазылады.
Әдістемелік нұсқаулардың соңында ұсынылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«АДАМНЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҰМЫСЫН ЖАСАУ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМЫ МЕН ЖҮРЕКТІҢ ЖИЫРЫЛУ ЖИІЛІГІ»
Пульстік артериялық қысым бұлшық ет жұмысы кезінде ұлғаяды. Систолалық қысымның төмендеуіне әкелетін аса ауыр жұмыс кезінде пульстық қысымның төмендеуі де мүмкін. Пульстық қысымның жоғарлауы, негізінен систолалықтың жоғарлауымен қатар жүреді және жұмыстың ауырлығына тәуелді болады.
Гемодинамикалық көрсеткіштерінің жылжу мүмкіншіліктерін ескере отырып жүрек-тамыр жүйесінің жүктеуге келесі жауап түрлерін ажыратады:
1.2 Жұмыстың мақсаты: Адам организімінің тыныштық күйінде және физикалық жүктеуден кейін жүрек-тамыр жүйесінің реакциясын анықтау.
1.3 Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер.
1.4 Зерттеу объекті: адам
1.5 Жұмыстың барысы:
1.5.1 Адамның тыныштық күйінде жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) және артериялық қысымды (АҚ=САҚ/ДАҚ: систолалық және диастолалық артериялық қысым) өлшеу.
1.5.2 Зерттелуші еркін екпінмен 20 рет отырып тұрыу керек. Сонан кейін отырып тұрыдан кейінгі бірінші минуттің алғашқы 10 секундында қайта ЖЖЖ мен АҚ өлшейді, содан соң ЖЖЖ мен АҚ отырып тұрыдан кейінгі бірінші минуттің соңғы 10 секундында өлшеу керек.
1.5.3 Жүрек-тамыр жүйесінің резервтік мумкіншілігін анықтау үшін жүрек әрекетінің көрсеткішін ЖӘК, анықтайды, Руфье әдісі арқылы, келесі формула бойынща:
ЖӘК=((ЖЖЖ1+ЖЖЖ2+ЖЖЖ3)-200):10, (1)
ЖЖЖ1 – 10 секунд ішіндегі бастапқы тыныштық пульсі, соғ/мин
ЖЖЖ2 – отырып тұрыдан кейінгі бірінші минуттің алғашқы 10 секундындағы пульс, соғ/мин
ЖЖЖ3 – отырып тұрыдан кейінгі бірінші минуттің соңғы 10 секундындағы пульс, соғ/мин
1.5.4 ЖӘК бағалау 4 баллды шкаламен жүргізіледі:
0,1 – 5 .....................өте жақсы
5,1 – 10 ..................жақсы
10,1 – 15 ................қанағаттанарлық
15,1 – 20 .................қанағаттанарлықсыз
1.5.5 Пульстық артериялық қысымның ПАҚ көрсеткішін есептеп шығару, с. б. мм, келесі формула бойынша:
ПАҚ=САҚ-ДАҚ (2)
САҚ – систолалық артериялық қысым, мм с. б.
ДАҚ – диастолалық артериялық қысым, мм с. б.
1.5.6 Формула бойынша реакция сапасының көрсеткішін анықтау РСК, ш. б.:
РСК=(ПАҚ2 – ПАҚ1 ): (ЖЖЖ2 – ЖЖЖ1), (3)
ПАҚ1 және ПАҚ2 – жүктеуге дейін және жүктеуден кейінгі пульстық қысым, мм с.б.
ЖЖЖ1 – 10 секунд ішіндегі бастапқы тыныштық пульсі, соғ/мин
ЖЖЖ2 - отырып тұрыдан кейінгі бірінші минуттің алғашқы 10 секундындағы пульс, соғ/мин
1.5.7 Дені сау адамда РСК бірден аспау керек, РСК≤1. РСК жоғарлауы жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктеуге қолайсыз реакциясын білдіреді.
1.6 Нәтижелерді жасау?
Жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктеуге реакциясы бойынша қорытынды жасау.
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ РЕЗЕРВТІК МҮМКІНШІЛІГІ»
2.1 Қысқаша теоретикалық мәліметтер
Адамның қызметтік күйін және оның кәсіптік әрекеті барысындағы жұмыскершілігін бағалауда организімнің резервтік мүмкіншілігін анықтау маңыздаы орын алып жатыр. Адамның физиологиялық резервтерін немесе максимальды резервтік мүмкіншілігін зерттеу оның жұмыскершілігін және оны қажетті деңгейде ұстап тұру ұзақтығын болжауға мүмкіндік береді. Тек физиологиялық резервтердің арқасында ғана қолайсыз немесе экстремальды жағдайларда әрекет ету жоғары психикалық қызметтердің және күрделі жүйелік реакциялардың тұрақты параметірлерін қамтамасыз етеді.
2.2 Жұмыстың мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесінің резервтік мүмкіншілігінің негізінде, Р.М. Баевский формуласы бойынша денсаулық коэффициентін анықтау.
2.3 Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер, медициналық таразы, бой өлшегіш.
2.4 Зерттеу объекті: адам
2.5 Жұмыстың барысы:
2.5.1 Бой өлшегіш пен медициналық таразыны қолданып бойды, дене салмағын өлшеу.
2.5.2 Тыныштық күйінде ЖЖЖ, систолалық және диастолалық артериялық қысымды анықтау.
2.5.3 Формула бойынша денсаулық коэффициентін анықтау, ш. б.
ДК=0,011×ЖЖЖ+0,014×САҚ+0,008×ДАҚ+0,01×4Ж+0,009×С+0,004×Ж-0,009×Б-0,273, (4)
ЖЖЖ – 60 секунд ішіндегі жүректің жиырылу жиілігі, соғ/мин
САҚ – систолалық артериялық қысым, с. б. мм
ДАҚ – диастослалық артериялық қысым, с. б. мм
Ж – жасы, жыл
С – дене салмағы, кг
Ж – жынысы (1 – ерлер, 2 - әйелдер)
Б – бойы, см
2.5.4 1-ші кесте бойынша қан айналу жүйесінің қызметтік күйін бағалау
1 кесте – Қан айналу жүйесінің адаптация дәрежесін бағалау
ДК, ш. б. |
Қан айналу жүйесінің адаптация дәрежесін бағалау |
1 2 3 4 5
|
Оптимальды Қанағаттанарлық Толық емес Қысқа мерзімді Жеткіліксіз
|
2.6 Нәтижелерді жасау
Жүрек-тамыр жүйесінің резервтік мүмкіншілігі туралы қорытынды жасау.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕЗЕРВТІК МҮМКІНШІЛІГІ»
Тыныс алу жүйесінің қызметі, қарқынды өндірістік жүктеулер жағдайларында физиологиялық үрдістерді қамтамасыз етуге, газ алмасуын оптимальды деңгейде ұстап тұруға бағытталған, сонымен бірге өзіде еңбек факторларының қолайсыз әсеріне ұшырайды.
Тыныс алу жүйесінің резервтік мүмкіншілігінің көрсеткіші болып өкпенің тіршілік сыйымдылығы табылады (ӨТС).
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – бұл адамның максимальды дем алуынан кейін, дем шығарғандағы ауа көлемі. Өлшеу арнайы аспаппен спирометрмен жүргізіледі, әдісі спирометрия деп аталады.
ӨТС мөлшері жынысқа, жасқа, бойға және жаттықандыққа тәуелді болады. Бұл көрсеткіш әйел адамдарда 2,5-4 л, ер адамдарда 3,5-5 л шамасында болады.
ӨТС мөлшерін анықтауды тиісті өкпенің тіршілік сыйымдылығына – жеке басына (ТӨТС) қатысты жүргізеді, яғни нақты зерттелетін адамға, теоретикалық түрде есептелетін, немесе кесте – номограмма арқылы табылатын нормаға қатысты.
3.2 Жұмыстың мақсаты: Адамның тыныс алу жүйесінің резервтік мүмкіншілігінің көрсеткіштерін анықтау.
3.3 Құрал-жабдықтар: спирометр, секундомер, спирт, мақта, бой өлшегіш, медициналық таразы, өкпенің тіршілік сыйымдылығын бағалауға арналған номограмма.
3.4 Зерттеу объекті: адам
3.5 Жұмыстың барысы:
3.5.1 Спирометірді жұмысқа дайындау: көрсеткішті нольге қою, мундштукты спиртпен дезинфекциялау.
3.5.2 Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау үшін максимальды дем алғаннан кейін спирометірдің мундштугіне үрлеу керек. Өлшеуді үш рет жүргізеді.
3.5.3 Дене салмағы мен бойды өлшеп номограмманы қолдана отырып ӨТС оптимальды мөлшерін табу керек (1 сүрет). Номограмма бойынша ӨТС анықтау үшін «жас» және «салыстырмалы салмақ» деген шкалаларда сәйкес белгілерді түзү сызықпен қосып, қосымша А сызықта олардың айқасқан нуктесін белгілеу қажет. Содан соң сол нүктеден «бой» шкаласына сызық жүргізу керек. Жүргізілген сызықтың VC шкаласымен айқасқан нүктесі өкпе сыйымдылығының мөлшеріне сәйкес келеді.
3.5.4 Зерттелетін адам бұйрық бойынша басқышқа көтерілу (20 саты), содан соң түсүі керек. Жүктеудің қарқындығы көтерілудің және түсүдің екіпінімен анықталады. Денсаулығы мықты жас ерлердің бастапқы екпіні минутына 10 циклді құрайды (минутына 60 адым). Содан соң әр 5 минут сайын екпін минутына 15, 20, және 25 циклға дейін өседі.
3.5.5 Жүктеуден кейін ӨТС мөлшерін үш рет өлшеу қажет және орташа мөлшерін есептеп номограмма бойынша салыстыру керек.
3.6 Нәтижелерді жасау
Жүктеуге дейін және жуктеуден кейінгі респираторлық жүйенің күйі туралы қорытынды жасау.
1 сүрет - Өкпенің тіршілік сыймдылығын анықтауға арналған номограмма (VC)
4 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«ЖҰМЫС ҮРДІСІ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАҒЫШТАРДЫҢ РОЛІ»
Қабылдау – ақпаратты қабылдау және талдау күрделі жүйелік үрдіс ретінде сенсорлық жүйелердің немесе талдағыштардың қызметінің негізіне жасалады. Бұл жүйелер сыртқы ортаның тітіркендіргіштерін нерв импульстеріне айналдыруды және оларды ми орталықтарына өткізуді қамтамасыз етеді. Мидың әр түрлі деңгейлерінде тітіркеністер қайта өзгертіледі. Сенсорлық сигналдардың өзгеруі орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде сезінумен, елестетумен, бейнелеумен аяқталады. И.П. Павлов талдағыш туралы ең алғаш болып, бір бірімен байланысқан үш шеткі, өткізгіштік және орталық бөлімдерінен тұратын ақпаратты талдауға арналған біртұтас жүйе деп түсінік берген.
Талдағыштың барлық бөлімдері біртұтас әрекет етеді. Бір бөлімінің қызметінің бұзылуы, тұтас талдағыштың қызметінің бұзылуына әкеледі. Талдағыштың көмегімен адам қоршаған ортаны таниды. Әсіресе еңбек ету кезінде талдағыштардың ролі үлкен.
4.2 Жұмыстың мақсаты: Көру талдағышының әр түрлі жағдайлардағы жұмыскершілігін зерттеу.
4.3 Құрал-жабдықтар: Ландольт шеңбері бар кесте, секундомер
3.4 Зерттеу объекті: адам
4.5 Жұмыстың барысы:
4.5.1 Сыналушыны Ландольт шеңберінен 5 м қашықтықта отқызу
4.5.2 Зерттелетін адамға 2 минут бойы үзілмей Ландольт шеңберіндегі үзілістерге қара деп және үзілістерді көрген және көрмеген кездерін зерттеушіге хабарла деп ұсыныс беру.
4.5.3 Жұмысты екі рет істеу: сабақтың басында және оның аяқталуына 15-20 минут қалғанда.
4.5.4 Жұмысты келесі схема бойынша жасау, 2-ші кесте
Кесте 2 – Көру талдағышының көрсеткіштері
Зерттелетін адамның көрсеткіштері |
Сезімнің ұзақтығы (сек) |
Барлығы |
Үзілмені көреді |
10-нан 25-ке дейін, 35-45, 65-70, 105 |
60 сек. дейін |
Үзілмені көрмейді |
0-ден 10-ға дейін, 25-35, 45-65, 70-90, 105-120 |
|
4.5.5 2 Кестеге байланысты екі «сабақтың басы» (3 кесте), «сабақтың соңы» (4 кесте) кесте жасау қажет.
3 кесте – Сабақ басындағы көру талдағышының көрсеткіштері
Зерттелетін адамның көрсеткіштері |
Сезімнің ұзақтығы (сек) |
Барлығы |
Үзілмені көреді |
|
|
Үзілмені көрмейді |
|
|
4 кесте – сабақ соңындағы көру талдағышының көрсеткіштері
Зерттелетін адамның көрсеткіштері |
Сезімнің ұзақтығы (сек) |
Барлығы |
Үзілмені көреді |
|
|
Үзілмені көрмейді |
|
|
А= (Бх100%):120 (5)
Үзілмені қарауға қажет уақыт, сек
Сонымен бірге қимыл реакцияларының жауап уақытын өлшеу (рефлексометрия) нерв үрдістерінің динамикасын зерттеуге арналған ыңғайлы және кең тараған әдістерінің бірі және осыған байланысты кез келген еңбек әрекеті саласындағы адамның күйін зерттеуге қолданылуы мүмкін.
Қимыл реакциясының уақыты деп бір қандай болсын «іске қосу» сигналының басталуынан, «тезірек жауап беру» керек деген талаппен, осы сигналға жауап әрекетіне дейінгі уақытты түсінеді. Және экспериментатор тітіркендіргішке қандай әрекетпен жауап беру керек екенін алды ала ескертіп қояды (мысалы, қызыл жарықтың жануына жауап ретінде баллонды қысу, немесе құлықшында естілген дыбыс шықылына кілті басу мен жауап беру). Экспериментті жасаудың осындай түрін, алдын ала сөздік нұсқаумен жүргізілетін сенсомоторлық реакцияны шығару деп аталады. Қимыл әрекетінің жылдамдығы бір жағынан тапсырманың күрделілігі мен тітіркендіргіштің сипатына және екінші жағынан зерттелушілердің жүйке жүйелерінің қызметтік күйі мен жеке бас және типтік ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Эмоция - жеке бастың субъективті уайымы түрінде, оған әсеретіп тұрған тітіркендіргіштің маңызын немесе өзіндік әрекеттің нәтижесін тойтару реакциясы (қанағаттану неме қанағаттанбау).
Жүйке жүйесі көптеген зиянды өндірістік факторларының әсеріне жауап береді, бұл жиі қызметтік және органикалық бұзылулармен жүреді. Өндірістік қызмет қабылдау, ойлау үрдістеріне, эмоциональдық күйге жоғары талап қояды. Осыған байланысты организімнің орталық жүйке жүйесінің реттеу механизімдерінің және гомеостатикалық константарының ширығуы бір шама жоғарлайды.
Жоғары әсіресе эмоциональды реакциялармен байланысты ой жүктеулері кезінде, жұмыскершілік деңгейі төмендеп қажудың дамуы мүмкін. Ой жүктеуі, тиісті уақыт ішінде еске сақтау немесе жаңғырту қажет болғанда және мақсатқа жетуге кедергі жасайтын факторлар болғанда жоғарлайды. Осыған байланысты қызмет етудің оптимальды жағыдайын анықтау кезінде вегетативтік жүйке жүйесінің күйін бағалайды, мысалы жүрек ырғағының сипаты бойынша. Зейін концентрациясы жоғарлаған сайын, жүректің жиырылу жиілігін төмендейтіні анықталған. Жоғары жүктеулер кезінде жүректің жиырылу жиілігі ұлғаяды және тұрақсызданады. Ой жүктеулері кезіндегі организімнің күйін және оның өзгерістерін объективті қарастыру үшін жүректің жиырылу жиілігінің көрсеткіштерін қолдануға болады.
6.2 Жұмыстың мақсаты: қан айналу жүесінің эмоциональды стресске тұрақтылығын анықтау.
6.3 Құрал-жабдықтар: секундомер
6.4 Зерттеу объекті: адам
6.5 Жұмыстың барысы:
6.5.1 Отырып, тыныштық жағдайда, 10 секунд ішінде жүректің жиырылу жиілігін анықтау
6.5.2 30 секунд бойы максимальды тез және қателеспей, дауыстап тұтас жұпсыз саннан тұтас жұпсыз санды алу керек (мысалы 777ден 3) (ЧСС1).
6.5.3 Бірден қайта 10 секунд ішінде жүректің жиырылу жиілігін санау керек (ЧСС2).
6.5.4 Формула бойынша психоэмоциональды стресске қан айналу жүйесінің реакциясы көрсеткішін РК есептеу қажет, ш.б.
КР=ЧСС2:ЧЧС1, (6)
ЧСС1 – 10 секунд ішіндегі бастапқы тыныштық пульсі, соғ/мин
ЧСС2 – эмоциональды жүктеуден кейінгі 1 минуттың алғашқы 10 секундындағы пульс, соғ/мин
6.5.5 Психоэмоциональды стресске қан айналу жүйесінің реакция көрсеткішін бағалау:
КР>1,3 қан айналу жүйесінің төмен стресске тұрақтылығының білдіреді.
6.6 Нәтижелерді жасау
Эмоциональды стресс әсерінен кейінгі қан айналу жүйесінің күйі туралы қорытынды жасау.
Негізгі алмасудың энергиясы - мүшелердің негізгі қызметімен және жасушалардың тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты минимальды энергетикалық шығыны. Әр адамға негізгі алмасу салыстырмалы тұрақты мөлшер және жүйке жүйесінің қызметтік күйіне, жасқа, жынысқа, дене салмағы мен организімнің физиологиялық күйіне тәуелді болады. Бұл көрсеткіш дене беткейіне пропорциональды, сондықтан негізгі алмасу килокаллориймен белгіленетін, сағатына дене беткейінің 1 м2 кеткен энергияны білдіреді. Оны толық тыныштық күйінде, қолайлы температурада 20-22°С анықтайды. Негізгі алмасуды тұра әдіспен зерттеу қинға соғады, сондықтан оны анықтау үшін жанама әдісті де қлданады, мәселен Рид формуласы арқылы.
7.2 Жұмыстың мақсаты: Рид формуласы бойынша адамның негізгі алмасуы нормасынан процентік қатынасының мөлшерін есептеуді үйрену.
6.3 Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер, медициналық таразы, бой өлшегіш, Рид кестесі.
6.4 Зерттеу объекті: адам
6.5 Жұмыстың барысы:
7.5.1 Жатып, 22°С температурада, салыстырмалы физикалық және психикалық тыныштық жағдайында, үш рет, 2 минуттық үзілістермен жүректің жиырылу жиілігін және артериялық қысымды өлшеу.
7.5.2 Артериялық қысымның көрсеткіштерін қолдана отырып пульстық қысымды есептеу, с. б. мм, формула бойынша
ПАҚ=САҚ-ДАҚ, (7)
САҚ – систолалық артериялық қысым, с. б. мм
ДАҚ – диастолалық артериялық қысым с. б. мм
7.5.3 5, 6, 7 кестелер бойынша негізгі алмасудың тиісті деңгейін анықтау. Бойды, дене салмағын өлшеп және зерттеленушінің календарлық жасын біліп, жынысына байланысты 5 немесе 6 кестені қолданып негізгі алмасудың бірінші санын табу: ол үшін 5 немесе 6 кестеде вертикальды білігі бойынша өзіңнің бойыңды табу, горизонтальды білік бойынша – жасты табу, кесетдегі берілгендердің айқасқан жерінен негізгі алмасудың бірінші санын табу. 7 кестеден негізгі алмасудың екінші санын табу: бұл үшін вертикальды білік бойынша өзіңнің дене салмағыңды тауып алу, қатар орналасқан сан негізгі алмасудың екінші саны болып табылады. Табылған сандардың қосындысы, кДЖ-мен өлшенетін тәуліктік негізгі алмасуды береді.
7.5.4 Рид формуласы (8) бойынша негізгі алмасудың нормадан пайздық аутқұларын, ПА, % есептеу:
ПА=0,75х(ЧСС+(ПАҚх0,74)) – 72, (8)
ЧСС – жүректің жиырылу жиілігі, соғ/мин
ПАҚ – пульстық артериялық қысым, с. б. мм
7.6 Нәтижелерді жасау
Адамның негізгі алмасуының жағдайы туралы қорытынды жасау.
5 кесте Ерлердің бойы және жасы бойынша негізгі алмасуды анықтау (1-ші сан)
Бойы, см |
Жасқа байланысты алмасу (кДЖ) |
|
|
6 кесте әйелдердің бойы және жасы бойынша негізгі алмасуды анықтау (1-ші сан)
Бойы, см |
Жасқа байланысты алмасу (кДЖ) |
|
|
7 кесте дене салмағы бойынша негізгі алмасуды анықтау (2-ші сан)
Әйелдер |
Ерлер |
|
|
Қысқа мерзімді ес деп орталық жүйке жүйесінің қысқа мерзімге ес ізін сақтау қасиетін айтады. Қысқа мерзімді ес, сыртқы ортадан түскен сигналдардың тек шектелген бөлігін ғана ойда сақталуын қамтамасыз етеді, дербес өзгешеліктері бар және организімнің қызметтік күйіне тәуелді болады. Ойда сақталған ақпаратты еркінді түрде жаңғыртылуы, зейін қосылған кезде жүзеге асады және ой жұмысын қажет етеді. Жаңғыртуға қажет ақпараттың мөлшері қаншылықты көп болса, соншалықты ой жұмысы жоғары болады.
973
39418
3516972
764580129
Дубль-қатарлар
629
75941
9501837
301729584
7) Алынған нәтижелерді бағалау және қорытынды жасау.
8.5.2 Қысқа мерзімді механикалық естің көлемін екі таңбалы кесте арқылы анықтау.
1) Үлкен, анық және үтірсіз жазылған 12 екі таңбалы сандары бар 40 × 20 см кесте алу.
1 мысал
64 26 93 57
73 67 91 43
54 93 71 58
3) Келесі нұсқау беріледі: «Сіз менің сигналым бойынша аударатын карточкада, 12 екі таңбалы сандар бар. Сіз оларды оқып және көбірек есте сақтауға тырысуыңыз керек. Бұл үшін сізге 30 сек. беріледі. Менің сигналым бойынша карточканы аударып шетке қойыңыз, және осы сандарды ойша жазыңыз, реттсіз жазуға болады. Дайындалыңыз. Карточканы аударыңыз. Оқыңыз.... Карточканы аударыңыз. Есте сақтаған сандарды жазыңыз»
4) Нәтижелерді бағалау: механикалық естің көрсеткіші болып дұрыс жаңғыртылған цифрлердің саны табылады.
8.6 Нәтижелерді жасау
Екі тест бойынша қысқа мерімді механикалық естің деңгейі туралы қорытынды жасау.
9 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«МАҚСАТТЫҢ ӘРЕКЕТ НӘТИЖЕСІНЕ ӘСЕРІ»
9.1 Қысқаша теоретикалық мәліметтер.
Алғаш рет жасалатын мінез-құлық актінің келешек нәтижесі адамға айқын көрінбейді. Дегенмен, алдын ала мақсатты қалыптастыру – жоспарланған нәтиженің мұратты моделін жасау, адамның өдірістік қызметінің басқарушы және бағыттаушы факторы болып табылады.
9.2 Жұмыстың мақсаты: Нәтиженің алдын ала мақсатты қалыптастыруға тәуелділігін анықтау.
9.3 Құрал-жабдықтар: арнайы кесте
9.4 Зерттеу объекті: адам
9.5 Жұмыстың барысы:
9.5.1 Сыналушыларды 2 топқа бөліп, аз уақытқа (1-2 секунд) 3-ші сүретті көрсету.
9.5.2 Бірінші топ сүретте горизонтальды орналасқан белгілерді есте сақтау керек.
9.5.3 Екінші топ сүретте вертикалды орналасқан белгілерді есте сақтау керек.
9.5.4 Сүретті көрсеткеннен кейін әр түрлі топтардағы зерттелушілер арасында сұрау өткізу
9.5.5 Қойылған мақсаттқа байланысты сүреттегі бір орталық белгі әр түрлі болып қабылданады.
9.6 Нәтижелерді жасау.
Нәтиженің, алдын ала мақсат қоюға тәуелділігі туралы қорытынды жасау.
3 сүрет – Ортадағы екі мағыналы (цифр-әріп) белгі
«ДИНАМОМЕТРИЯ БОЙЫНША НЕРВ-ЕТ АППАРАТЫН БАҒАЛАУ»
Өндірістік қызмет, статикалық және динамикалық жүктеулер түріндегі қарқынды физикалық жұмыс, өндірістік қажудың дамуымен жүріп, нерв-ет жүйесінің күйіне едәуір әсеретуі мүмкін. Жұмысшылардың нерв-ет жүйесі физикалық жұмысқа әр түрлі жауап қайтарады, көбінесе бұл қол білезігі күшінің тұрақты төмендеуі. Еңбек және демалыс тәртібін ұтымды ұйымдастырғанда бұлшық ет күшінің көрсеткіші регламентенген үзілістерден кейін қайта қалпына келу керек. Егерде бұлшық ет күшінің көрсеткіштері үзілістен кейін және аусымның аяғында қалпына келмесе, онда бұны өндірістік факторлар кешенінің және нервті-эмоциональды ширығудың әсер ету салдарынан дамыған өндірістік қажу деп қаратсыруға болады.
10.2 Жұмыстың мақсаты: Динамометрия арқылы адамның нерв-ет аппаратының қызметтік күйін бағалау.
10.3 Құрал-жабдықтар: білезік динамометірі.
10.4 Зерртеу объекті: адам
10.5 Жұмыстың барысы:
10.5.1 Бұлшық ет күшін анықтау үшін оң және сол қолмен білезік динамометірін кезек-кезек қысу арқылы аспаптың көрсеткіштерін жазып алу.
10.5.2 3 Талпыныстың ең жақсы нәтижесі ескеріледі.
10.5.3 Көрсеткіштерді нормативтармен салыстыру (8 кесте)
8 кесте – динамометірдің көрсеткіштері бойынша білезік бұлшық еттерінің күші
Жасы |
Қол саусақтары бүккіштері бұлшық етінің күші (кг) |
|
|
Оң қол |
Сол кол |
|
|
|
Ересектер |
|
|
10.5.4 Нәтижелерді жасау
Зерттелушінің нерв-ет жүйесінің күйі, физикалық жүктеулерге дайындық деңгейі туралы қорытынды жасау.
11 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«АДАМНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖҰМЫСКЕРШІЛІГІН БАҒАЛАУ»
Физикалық жұмыскершілік деп адамның белгілі уақыт ішінде жасай алатын максимальды физикалық жүктеуді түсінеді. Кең мағынада айтқанда физикалық жұмыскершілік деп адамның статикалық, динамикалық немесе аралас жұмыс кезінде физикалық күш салудың максимумын көрсетуге потенциальды қабілетін түсінеді. Физикалық жұмыскершілік интегральды көрсеткіш ретінде жұмыс жасап жатқан бұлшық еттерді оттегі - және құатпен қамтамасыз ету үрдістерімен байланысты: реттеу әсерлерінің (нервті және эндокринді) күйімен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үйлесімді қызметімен, организімнің анаэробты және аэробты резервтерімен. Күнделікті өмірінде және өзінің кәсіби қызметінде адам физикалық жұмыскершіліктің тек аз ғана бөлігін қолданады. Тар мағынада физикалық жұмыскершілік деп жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйін түсінеді, өйткені оттегіні тасмалдау жүйесі оның деңгейін шектейді. Сондықтан жүрек-тамыр жүйесі барлық бейімделу реакцияларының әмбебап индикаторы деп қарастырылады.
11.2 Жұмыстың мақсаты: Есептеу әдісімен адамның физикалық жұмыскершілігін бағалау.
11.3 құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер, медициналық таразы, бой өлшегіш.
11.4 Зерттеу объекті: адам
11.5 Жұмыстың барысы:
11.5.1 1 минутте, тыныштық күйде адамның жүрек жиырылуының жиілігін санау.
11.5.2 Тыныштық күйде адамның артериялық қысымын өлшеп, формула бойынша орташа динамикалық қысымды ОДҚ табу, с. б. мм
ОДҚ=ДАҚ+(ПАҚ:3), (9)
ДАҚ – диастолалық артериялық қысым, с. б. мм
ПАҚ – пульстық артериялық қысым, с. б. мм
11.5.3 Зерттелушінің дене салмағы мен бойын өлшеу
11.5.4 Физикалық жұмыскершілік ФЖ, ш. б., есептеу әдісімен (11) формула бойынша анықталады және кесте (9 кесте) көрсеткіштерімен салыстырылады.
ФЖ=(700-3×ЖЖЖ-2,5×ОДҚ-2,7×Ж+0,28×ДС):(350-2,6×Ж+0,21×Б), (11)
ЖЖЖ – жүректің жиырылу жиілігі, соғ/мин
ОДҚ – орташа динамикалық қысым, с. б. мм
Ж – жасы, жыл
ДС – дене салмағы, кг
Б – бойы, см.
9 кесте Адамның физикалық жұмыскершілігінің көрсеткіштері
ФЖ мөлшері, ш. б. |
ФЖ дәрежесі |
0,37 және одан төмен |
төмен |
0,38-0,52 |
орташадан төмен |
0,53-0,67 |
орташа |
0,68-0,82 |
ораташадан жоғары |
0,83 және одан жоғары |
жоғары |
11.6 Нәтижелерді жасау
БЖ=26,985+(0,215×САҚ)-(0,149×ДҰ)-(0,151×СТ)+(0,723×ДСБ), (12)
әйелдер үшін:
БЖ=-1463+(0,415×ПАҚ)-(0,140×СТ)+(0,248×ДС)+(0,694×СОЗ), (13)
ДАҚ – диастолалық артериялық қысым, с. б. мм
ПАҚ – пульстық артериялық қысым, с. б. мм
ДҰ – терең дем алғанан кейін ұзақ дем ұстап тұру, сек.
СТ – статикалық теңгеру, сек.
ДС – дене салмағы, кг
ДСБ – денсаулықты субъективті бағалау – 29 сұрақтан тұратын анкета бойынша жүргізіледі.
әйелдер үшін: ТБЖ=(0,581×КЖ)+17,24,
КЖ – календарлық жас – зерттеу кезіндегі толық жасы
«ӨНДІРІСТІК ШУДЫҢ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМНЫҢ МӨЛШЕРІНЕ ӘСЕРІ»
13.1 Қысқаша теоретикалық мәліметтер.
Артериялық қысым, сыртқы орта факторларының әсерлеріне, соның ішінде өндірістік шуға өте сезімтал көрсеткіш. Артериялық қысымның мөлшері жағымды дыбыстар әсер еткенде төмендеп және өте қатты дыбыстардың әсерінен жоғарлайды.
13.2 Жұмыстың мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйіне өндірістік шудың әсерін зерттеу.
13.3 Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер, шудың көзі – 60, 80, 100 дБ шу әсерінің деңгейі мен өндірістік үрдісті жаңғыртатын аудио- немесе видеокассетасы бар магнитофон немесе теледидар.
13.4 Зерттелетін объект: адам
13.5 Жұмыстың барысы:
13.5.1 Тәжірибеге дейін зерттеленушінің жүрегінің жиырылу жиілігі мен артериялық қысымын анықтау.
13.5.2 Өндірістік шудың келесі деңгейлерін – 60, 80, 100 дБ трансдяциялайтын шу көзін қосу. Шу әсерінің ұзақтығы 2 минөт.
13.5.3 Осыдан кейін қайта жүректің жиырылу жиілігі мен артериялық қысымды өлшеу.
13.5.4 Алынған көрсеткіштерді 10кестеге еңгізу
10 кесте – Шудың әсерінен артериялық қысымның көрсеткіштері.
Тәжірибеге дейінгі көрсеткіштер |
3 минут 60 дБ
|
6 минут 80 дБ
|
9 минут 100 дБ
|
Қайта қалпына келу уақыты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13.6 Нәтижелерді жасау
Жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйіне өндірістік шудың әсері туралы қорытынды жасау,
Қан айналу жүйесі тұтас организімнің бейімделу әрекетінің әмбебап индикаторы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған негіз болатын бұл, жүрек-тамыр жүйесі, оның көп деңгейлі реттеуімен, қызметінің ақырғы нәтижесі, жалпы тұтас организімнің және әр қызметтік жүйенің қызметінің белгілі деңгейін қамтамасыз ететін қызметтік жүйе болып табылады. Тұтас организімнің белгіленген қызмет ету деңгейіне қан айналу аппаратының эквивалентті қызмет ету деңгейі сәкес келеді деп санауға болады.
Қызметтік өзгерістердің индексі (ҚӨИ) – организімнің қызметтік күйін интегральды бейнелейтін көрсеткіш, пульс жиілігін, артериялық қысымды, жасты, физикалық күйді, дене салмағы мен бойды қоса ескереді. Өндірістік қызмет ету жағдайында ҚӨИ адаптация дәрежесін, қызметтік резервтерді көрсетеді, денсаулықты болжайды.
14.2 Жұмыстың мақсаты: қызметтік өзгерістердің индексін есептеу негізінде адам организімінің қоршаған орта факторларына (өндірістік факторларға) бейімделу дәрежесін анықтау.
14.3 Құрал-жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, секундомер, медициналық таразы, бой өлшегіш.
14.4 Зерттелетін объект: адам
14.5 Жұмыстың барысы:
14.5.1 Тыныштық күйінде зерттеленушінің жүрегінің жиырылу жиілігін өлшеу.
14.5.2 Тыныштық күйінде зерттеленушінің артериялық қысымын өлшеу.
14.5.3 Дене салмағын және бойын анықтау.
14.5.4 (16) Формула бойынша қызметік өзгерістердің индексін (ҚӨИ) есептеп шығару, балл:
ҚӨИ=0,011×ЖЖЖ+0,014×САҚ+0,008×ДАҚ+0,014×Ж+0,009×ДС-0,009×Б-0,27, (16)
ЖЖЖ – жүректің жиырылу жиілігі, соғ/мин
САҚ – систолалық артериялық қысым, с. б. мм
ДАҚ – диастолалық артериялық қысым, с. б. Мм
Ж – жасы, жыл
ДС – дене салмағы, кг
Б – бойы, см
14.5.5 Табылған нәтижелерді ҚӨИ кесте көрсеткіштерімен салыстыру, 11 кесте
11 кесте – ҚӨИ көрсеткіштерін бағалау
Қызмет ету деңгейі |
ҚӨИ көрсеткіштері, балл |
Қанағаттанарлық адаптация |
2,59 дейін |
Адаптация механизімдерінің ширығуы |
2,6-3,09 |
Қанағаттанарлықсыз адаптация |
3,1-3,49 |
Адаптацияның олқыуы |
3,5 және одан жоғары |
14.6 Нәтижелерді жасау
Зерттелетін организімнің адаптациялық мүмкіншіліктері туралы қорытынды жасау.
15 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
«КОРРЕКТУРАЛЫҚ ПРОБАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЖУДЫ ЗЕРРТЕУ (В.Я. АНФИМОВ КЕСТЕСІ)»
15.2 Жұмыстың мақсаты: Өндірістік жүктеулердің әсерінен пайда болған ой жұмыскершілігінің өзгерулерін анықтауды үйрену.
15.3 Құрал-жабдықтар: В.Я. Анфимовтың корректорлық кестесі, секундомер, калькулятор.
15.4 Зерттелетін объект: адам
15.5 Жұмыстың барысы:
15.5.1 Бұл әдіс ой жұмыскершілігінің өзгерістерін анықтауға ыңғайлы, сондықтан, қалай болғанда, бір сыналушымен, аралықпен екі проба қажет. Бұл пробаларды тең уақыт аралығымен жүктеудің басында және соңында жасауға болады.
15.5.2 Қатысушыларға В.Я Анфимов кестесін таратып, нұсқаулар бері керек.
15.5.3 «Бастаңдар» деген пәрменнен кейін, секундомер бойынша екі минут бойы, сынаушылар нұсқауда көрсетілген әріптерді сызу керек, мәселен «А» және «Н».
15.5.4 «Аяқтаңдар» деген пәрменнен кейін қарау аяқталған жерді белгілеу керек.
15.5.5 Сонан кейін тапсырма қиындатылады. Келесі 2 минут бойы сыналушылар «А» және «Н» әріптерін сызуды жалғастыра беру керек, бірақ осымен бірге бұл әріптердің басқаларымен белгілі тіркестігінің астын сызу қажет – мысалы «СА» және «ЕН» әруіптер тіркестігінің.
15.5.6 Жіктеуі бар тапсырманы (қиындатылған тапсырма), кейбір жағдайларда орындамауға болады.
15.5.7 Қаралған белгілердің және бүкіл жұмыс пен оның әр бөлігінде жіберілген қателердің санын анықтау. Қате деп сызылмай қалған әріпті, және берілген асты сызылмай қалған әріптер тіркесін түсінеді. Нәтижелерді 12 кестеге енгізу.
15.5.8 Әр пробаға формула бойынша (17) нерв үрдістерінің жылжымалдығынның К коэффициентін есептеу, К қаншалықты жоғары болса, нерв үрдістерінің жылжымлдығы соншалықты жоғары болады (неліктен олай болады, түсіндіріп беріңіз?).
К=Х / (Х – У) (17)
15.5.9 Нәтижелерді 12 кестеге енгізу.
15.5.10 Формула бойынша (18), әр пробаға жұмыстың өнімділігінің Q коэффициентін есептеу, нәтижелерді 12 кестеге енгізу.
Q = C2 / (C + X1), (18)
С – қаралған белгілердің саны
12 кесте – зерттелушілер жасаған корректуралық пробаның нәтижелері
Проба №
|
Уақыт мин.
|
Оңай тапсырма және жіктеуі бар тапсырма (4 минут) |
Жіктеуі бар тапсырма (2 минут) |
К |
Q | ||||
Саны |
Х(500) |
Саны |
У(200) |
|
| ||||
Х |
Х1 |
|
У |
У1 |
|
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Х – екі тапсырмада да (оңай және жіктеумен) қаралған барлық белгілердің саны,
У – жіктеуі бар тапсырмада қаралған барлық белгілердің саны,
Х1 - екі тапсырмадағы (оңай және жіктеумен) қателер саны,
У1 – жіктеуі бар тапсырмадағы қателердің саны
Х(500) – 500 белгіге санағанда, екі тапсырмадағы қателер жиілігі
У(200) - 200 белгіге санағанда, жіктеуі бар тапсырмадағы қателер жиілігі
15.5.11 13-ші бағалау кестесі бойынша бірнеше пробалардан алынған нәтижелерге баға беру
13 кесте – Жұмыскершіліктің өзгерістеріне баға беру
Орындалған жұмыстың көлемі X()
|
Қателердің салыстырмалы саны X(500) |
Өнімділік коэффициенті (Q)
|
Жұмыскершіліктің өзгерістері |
Көбееді |
Өзгеріссіз |
Жоғарлайды |
Жұмыскершіліктің біртіндеп жоғарлауы, ыңғайлану |
Көбееді |
Азаяды |
Жоғарлайды | |
Өзгеріссіз |
Азаяды |
Жоғарлайды | |
Өзгеріссіз |
|
Өзгеріссіз |
Өзгермейді |
Азаяды |
Азаяды |
Жоғарлайды | |
Көбееді |
Көбееді |
Жоғарлайды |
Ой жұмыскершілігінің біртідеп төмендеуі |
Көбееді |
Көбееді |
Өзгеріссіз | |
Өзгеріссіз |
Көбееді |
Төмендеуі шамалы | |
Өзгеріссіз |
|
Едәуір төмендейді | |
Азаяды |
Көбееді |
Төмендеуі шамалы | |
Азаяды |
Көбееді |
Өзгеріссіз | |
Азаяды |
Азаяды |
Төмендеуі шамалы | |
Азаяды |
Азаяды |
Төмендеуі шамалы | |
Азаяды |
Азаяды |
Едәуір төмендейді | |
Азаяды |
Азаяды |
Өзгеріссіз | |
Көбееді |
Көбееді |
Өзгеріссіз |
Қажудің I кезеңі (жұмыскершілік қозу үрдістерінің ұлғайуы нәтижесінде төмендейді) |
Көбееді |
Көбееді |
Едәуір төмендейді | |
Азаяды |
Көбееді |
Едәуір төмендейді |
Қажудің II кезеңі (жұмыскершілік шамадан тыс тежелудің дамуы нәтижесінде төмендейді) |
Азаяды |
Өзгеріссіз |
Едәуір төмендейді |
4 сүрет – В.Я. Анфимовтің корректуралық кестесі
15.6 Нәтижелерді жасау
Байқау кезіндегі жұмыскершіліктің өзгеруі, байқалған үрдістердің себептері туралы қорытынды жасау.
Рабочая программа разработана на основании рабочего учебного плана специальности 050607 Биология
15 10 2014
1 стр.
«Адамның бұлшық ет жұмысын жасау кезіндегі артериялық қысымы мен жүректің жиырылу жиілігі»
25 12 2014
1 стр.
Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар жинағымен танысып экологиялық білімдерін, экологиялық мәдениетін және ойларын қалыптастырады
14 12 2014
1 стр.
Тақырыбы: А. С. Поповтың радионы ойлап табуы. Радиобайланыс принцптері. Модуляция мен детектирлеу қалай жүзеге асырылады. Электромагниттік толғындардың қасиеттері
18 12 2014
1 стр.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кә
25 12 2014
1 стр.
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»
25 12 2014
76 стр.
Закирова Дильнара Икрамхановнаның «Адамгершілік потенциал – бұл Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы»
06 10 2014
1 стр.
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005ж. Хаттама № қарастырылды
26 09 2014
4 стр.