Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

университеті




Жаратылыстану ғылымдары және экология институты институты

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы



Теориялық бейорганикалық химия бойынша 050606 «Химия» мамандығына арналған

Оқу-әдістемелік кешен

Өскемен, 2005жыл



Жұмыс бағдарламасын құрастырғандар:

ШҚМУ доценті Касымова Г. Х.-Б., аға оқытушы Тантыбаева Б.С., оқытушы Серая Н. В.




Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында «__»_________2005ж. Хаттама №__________ қарастырылды.

ОӘК-ді баспаға әдістемелік бөлім ұсынған «_________»_____ 2005ж.

Жаратылыстану ғылымдары және экология институтының әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Хаттама №__________

«__»_________2005ж.


ОӘК анотациясы: оқу-әдістемелік кешен пәннің жұмыс бағдарламасынан, дәрістің қысқаша тезистерінен, әдістемелік материалдардан, студенттің өздік жұмысына арналған және оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысына арналған материалдардан, бақылау- өлшеу құралынан және қажетті әдебиеттер тізімінен тұрады.

050606 «Химия» мамандығы студенттеріне арналған теориялық бейорганикалық химия пәнінің оқу-әдістемелік кешені / Касымова Г. Х.-Б., Тантыбаева Б.С., Серая Н. В. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005жыл.


С. Аманжолов атындағы

Ш


ығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

І ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

  1. Жалпы мәлімет


1.1 Пәннің аты: Теориялық бейорганикалық химия

1.2 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы

1.3 Оқытушылардың аты-жөні: Касымова Галина Хаджи-Бекировна, Тантыбаева Батима Сматаевна, Серая Наталья Владимировна

1.4 Оқытушылар туралы ақпарат: кафедрада болу уақыты, электрондық адресі, телефоны:

1.5 Сабақ өткізетін орны: 425 аудитория, сабақ кестесі бойынша

1.6 Кредит саны: 3

1.7 Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Сем.

Кредит саны

Дәріс

Сем., практ., лаб. Сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

Бар-лығы

Бақылау түрі

1

1

3

30

15

45

45

135

Емти-хан

1.8 Курстың пререквизиттері:

Теориялық бейорганикалық химияны оқуда білім негізі қажет болатын пәндер: мектеп бағдарламасы көлемінде жалпы химия негіздері, жалпы физика негіздері және математика. Теориялық бейорганикалық химияны оқу барысында студент келесідей білім, білік дағдысын меңгеруі керек:



  • Теориялық бейоргаикалық химия негізін білуі керек;

  • Бейорганикалық химияның нақты материалымен теориялық тұжырмдамасын шығармашылықпен сараптап, периодтық жүйедегі орны бойынша элементтер мен элементтер топтарының қасиетін сипаттай білуі керек;

  • Жай және күрделі заттардың алу әдісін, қасиеттерін білуі керек;

  • Реферат, курстық жұмыс, зертханалық жұмысқа әзірленуде анықтамалық, ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана білуі керек;

  • Химиялық эксперименттің негізгі икемділігін меңгеру: ұнтақтау, еріту, қыздыру, сүзу, суалту, қақтау, газдарды алу, олармен жұмыс істеу, ерітінділер әзірлеу және т.б.;

  • Химиялық экспериментті жүргізу үшін қарапайым аспаптарды құрастыра білуі керек;

  • Химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жүргізе білуі керек;

  • Эксперимент нәтижелерін сауатты түрде түсіндіріп көркемдей білуі керек;

  • Берілген қосылысты синтездеу экспериментін жоспарлай білуі керек.

1.9 Постреквизиттер:

«Теориялық бейорганикалық химия» курсынан алған білім негізі «Элементтер химиясы», «Кванттық химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық химия» пәндерін оқытуда қолданылады.


2. Курстың қысқаша сипаттамасы:


2.1 Курстың мақсаты:

Теориялық бейорганикалық химия – химиялық элементтердің, жай және күрделі заттардың құрылысын, құрамын, реакциялық қабілетін зерттейтін химияның бөлімі. Сондықтан бұл пәнді оқытудың мақсаты бейорганикалық химияның дамуының қазіргі күйі туралы мәлімет беру; химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының периодтық заңға негізделген химиялық қасиеті жайлы түсінік беру және оны іске асыру үшін төмендегідей қажеттілік туындайды: а) аумақты, нақты материалды және негізгі «құрам – құрылыс – реакциялысқыштық қабілет» байланысына арналған теориялық тұжырымдаманы жүйелеу; б) химиялық элементтерінің қасиеттерінің топ, период және диагональды ұқсастық бойынша логикалық байланысын орнату, теориялық бейорганикалық химия мазмұны студенттердің әрі қарай химия циклі бойынша білім негізін қабылдап, пәнді толық түсінуіне мүмкіндік береді.

2.2 Курстың міндеті:

Теориялық бейорганикалық химия курсының негізгі міндеті химия мамандығы бірінші курс студенттері бойында кеңейтілген, теориялық білім базасын қалыптастыру, химиялық элементтер қасиетіне сипаттама беру білігі, химиялық реакциялардың жүру жағдайын теориялық тұрғыдан периодтық заңда қолданып түсіндіру, зат мөлшері мен құрылысын, химиялық кинетика, термодинамика элементтерін, ертінділер теориясын, тотығу-тотықсыздану процесін және т.б. меңгеру. Студенттер бір мезетте периодтық жүйедегі барлық топ элементтерін оқып, олардың химиялық технологиядағы маңызын қарастырады.



2.3 Теориялық бейорганикалық химия курсының мазмұны:

Атом-молекулалық ілім негізі. Материя формасы. Заттардың ұйымдасу деңгейі. Материя қозғалысы. Химиялық қозғалыс формасы. Химия пәні мен әдісі. Химияның негізгі түсініктері. Химияның негізгі заңдары. Зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселі қатынас заңы, көлемдік қатынас заңы, эквивалент заңы.

Атом-құрылысы және периодтық заң. Атом құрылысы моделі микробөлшектер дуализмі. Атом ядросы мен электрон қабықшасы жүйе ретінде. Электронның атомдағы күйі. Атомдық орбиталь. Энергетикалық деңгейлер. Квант сандары. s-, p-, d- АО формалары. Көп электронды атомдардағы электронның күйі. Паули принципі. Гунд ережесі. Клечковский ережелері. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы. П.З. қазіргі интерпретациясы. Периодтылық түрлері. Периодтық заңның үш анықтамасы.

Химиялық байланыс. Химиялық байланыс түрлері. Химиялық байланыстардың негізгі сипаттамалары. Коваленттік байланыс, қасиеті: полюсті, полюссіз, - және - байланыстар, қаныққандағы, бағытталуы, полярлылығы. Байланыс еселігі. Атомдық орбитальдардың гибридтелуі. ВС және МО әдісі. Иондық байланыс. Түзілу механизмі. Сутектік байланыс: түзілу себебі, түрлері және маңызы. Молекула аралық әрекеттесулер.

Химиялық реакциялардың негізгі әректтесу заңдылықтары. Ерітінділер. Ерітінділердің жалпы қасиеті. Диффузия және осмос. Сұйық ерітінділер.

Ертінділердің жалпы қасиеттері. Ерігіштік қисығы. Ерітінді үстіндегі будың құрамы мен қысымы. Рауль заңы. Кристаллдану жіәне ертіндінің қайнауы. Криоскопия және эбулиоскопия. Еріген зат пен еріткіштің әрекеттесуі. Сольватация. Концентрация. Концентрацияны белгілеу әдістері.

Электролит-тердің сулы ертінділері. Судың құрылысы, су иондаушы еріткіш. Сұйық және қатты судың құрылысы. Сутектік байланыс. Судың иондық көбей-тіндісі. Электролиттік диссоциация теориясы туралы қазіргі түсініктер. ЭД – ға әсер етуші факторлар. ЭД дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциацияның мүмкін болатын дәрежесі. Диссоциация константасы. Оствальдтың сұйылту заңы. Сутектік көрсеткіш. Гидролиз. Гидролиздің механизмі. Гидролиз дәрежесі мен константасы. Сатылы гидролиз.

Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары. Қиын еритін электролиттердің қанық ертіндісіндегі тепе-теңдік. Ерігіштік константасы. Тұнбаның еруі мен түзілу шарттары. Қышқылдар мен негіздер. Теориясы. Қышқылдық негіздік әрекеттесудегі еріткіш рөлі.

Сулы ерітіндідегі тотығу-тотықсыздану реакциясы. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздан-дырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакция түрлері. Теңдікті құрудың екі әдісі. Тотығу-тотықсызданудың сандық сипаты. Металдардың электродтық потенциалы. Гальвани элементі. Сутектік электрод және потенциалды санаудың сутектік нолі. Стандарттық жағдайлар. Жартылай рекциялардың стандарттық жағдайлары. Тотығу-тотықсыздану рекцияларының жүруін кесте мәліметтерін қолданып бағалау.

следующая страница>


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының отырысында 2005ж. Хаттама № қарастырылды

638.81kb.

26 09 2014
4 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағЫ

ОӘК физика, математика және техникалық институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

332.27kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағЫ

ОӘК физика, математика және техникалық институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

329.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі

«Қаржы» және 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050506 «Экономика» мамандықтары үшін

669.61kb.

07 10 2014
3 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындығЫ
1284.09kb.

14 12 2014
5 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы

ОӘк физика, математика және техника институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

350.07kb.

29 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы

ОӘк физика, математика және техника институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

457.35kb.

14 12 2014
4 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы

ОӘк физика, математика және техника институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

440.99kb.

14 12 2014
3 стр.