ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математика және техника институты
Математикалық анализ кафедрасы
050111 «Информатика» мамандығы үшін
«Математикалық анализ» пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Өскемен, 2005
Құрастырушы: Математикалық анализ кафедрасының оқытушысы Аменова Ф.С.
ОӘК математикалық анализ кафедрасының отырысында талқыланды
№__хаттама «____»____________200__ж.
ОӘК Физика, математика және техника институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды
№__хаттама «____»____________200__ж.
Әдістемелік бөлім ОӘК-ді баспаға
«____»_____________200__ж. ұсынды
«Математикалық анализ» пәнінен оқу-әдістемелік кешен «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен және курсты оқу барысында меңгеретін білім-біліктердің актуальдылығымен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешен пәнді оқытудағы негізгі құрал болып табылады.
«Информатика» мамандығының студенттеріне арналған «Математикалық анализ» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
/Құрастұрушы: Аменова Ф.С. – Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005.-42б.
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақтсан мемлекеттік университеті, 2005
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
1. Жалпы мағлұматтар:
1.1 Пәннің аталуы: Математикалық анализ.
1.2 Кафедра: Математикалық анализ.
1.3 Оқытушының аты-жөні: Аменова Фарида Сейткумаровна.
1.4 Хабарласу орны: тел 47-78-44, №7 оқу корпусы, ауд. 209.
1.5 Өткізу орны: №7 оқу корпусы.
1.6 Кредит саны: 3
1.7 Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Лекциялар
|
Практика
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
экзамен
|
1.8 Курстың пререквизиттері: пәнді меңгеру үшін студенттің мектеп курсы бағдарламасын жетік білгені жөн. Ол мектеп курсында оқытылатын негізгі амалдарды, дәрежелеуді, түбір табуды, логарифмдеуді, тригонометриялық мәндер кестесін білуі, тригонометриялық өрнектердің мәндерін табуды, қысқаша көбейту формулаларын, сонымен қатар барлық элементарлық функциялар жайлы негізгі қасиеттерді білуі, теңдеулер мен теңсіздіктерді, екі белгісізді теңдеулер жүйелерін шеше білуі қажет. Негізгі элементарлық функциялардың графиктерін сала алуы және сол графиктер негізінде функциялар жайлы мағлұматтарды бере алуы тиіс.
Мектеп курсында оқытылатын туынды, интегралдар кестесін білуі қажет. Дәлелдеуге берілетін есептерді, сөз есептерін шығара алуы керек. Жалпы алғанда студенттің математикалық білімі жеткілікті деңгейде болуы тиіс.
1.9 Постреквизиттері (оқытылатын пәннің білімі пайдаланылатын пәндер тізімі): дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физиканың теңдеулері, сандық әдістер, оптимизациялық әдістер және операциялық зерттеулер, дискреттік математика, математикалық логика, схемотехника негіздері, ықтималдықтар теориясы мен статистика және т.б.
2. Курстың қысқаша мазмұны:
2.1 Курстың мақсаты: математикалық анализ пәні студенттерге математикалық білімнің негізін қалауы, пәннің негізгі ұғымдары мен білім-біліктерін беруі тиіс. Яғни, математикалық анализдің функцияны зерттеу, функцияның шегін, туындысын, интегралын табу, қатарларды жинақтылыққа зерттеу сияқты негізгі есептерін шешуге, оларды практикада пайдалануға, басқа да математикалық пәндерде, математикалық зерттеулерде қолдана алуға үйретуі керек.
2.2 Пәннің мамандықты даярлауға қатысты міндеттері: математикалық білім мен математикалық мәдениет ғылымының тірегін, әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін, қазіргі заманға сай білім-біліктердің негізін құрайды, ал математиканың негізі математикалық анализ пәнінде қаланады. Математика ғылымның әмбебап тілі, казіргі кезеңде кез келген ғылым математикалық тілсіз қадам жасай алмайды. Математиканың орны ғылыми, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді, яғни заман проблемаларын шешуде маңызды. Біздің заманымызға сай мамандарды даярлау ғылымсыз, мәдениетсіз, білім-біліктерсіз мүмкін емес екенін айтпаса да түсінеміз. Информатиктер – қоғам, уақыт талап етіп отырған мамандар. Мамандықтың атынан-ақ, оның математикамен тікелей байланысты екенін аңғаруға болады. Ендеше математикалық білімсіз информатик маманын даярлап шығарудың өзі мүмкін емес. Сондықтан, пәннің негізгі мақсаты болып осы уақытқа дейінгі білген математикалық білім-біліктерді (формулаларды, анықтамаларды, теоремаларды, есептерді шешуді және т.б.) тереңдету, математикалық анализ негізін қалау, студентке басқа пәндерді меңгеру үшін жеткілікті түрде білім беру, сонымен қатар студентте логикалық ойлауды қалыптастыру, математикалық мәдениеттілікке, ұқыптылық пен дәлдікке үйрету табылады.
2.3 Курс мазмұны.
№
|
Тақырыптар
|
1
|
Анализге кіріспе. Нақты сандар. Жиындар.
|
2
|
Сан тізбегі. Функция шегі.
|
3
|
Бір айнымалы функцияның туындысы.
|
4
|
Бір айнымалы функцияның интегралы.
|
5
|
Көп айнымалы функция. Айқындалмаған функциялар.
|
6
|
Сандық, функционалдық қатарлар.
|
7
|
Еселі, қисық сызықты, беттік интегралдар.
|
Пәнді оқу нәтижесінде студент:
-
математикалық анализ негізін меңгеруі тиіс;
-
пән негізінде алған білім-біліктерді теориялық және практикалық мақсаттарда, басқа да оқытылатын пәндерде пайдалана алуы керек;
-
негізгі білімдер мен ұғымдарды меңгеруі, негізгі анықтама, теорема, формулаларды жатқа білуі керек;
-
математикалық анализдің негізгі есептерін: функцияның шегін, туындысын, интегралын таба алуы, еселі итегралдарды есептеу, сандық, функционалдық қатарларды жинақтылыққа зерттеу т.с.с. есептерді жақсы шығара алуы керек;
-
математикалық әдістердің информатикада, экономикада, физикада кеңінен қолданыс табатындығын түсініп, қажет жағдайларда қолдана алуы тиіс.
3. «Математикалық анализ» пәнінен тапсырмаларды орындау мен өткізудің кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсыр
ма лардың мазмұны мен мақсаты
|
Ұсынатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі
|
Балдар (рейтинг-шкалаға сәйкес)
|
Бақылау түрі
|
Өткізу уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
-
|
№1 - ЖҮТ (жеке үй тапсыр.)
|
Функция жайлы білімдерін бекіту.
|
4,5,7,9,10
|
2 - 3 апта
лар
|
5
|
ЖҮТ қор ғау
|
3 ап
та
|
-
|
Аралық бақылау№1
|
Функция шегі, туындысы, қасиеттері тақырыптарындағы білімдерін тексеру.
|
5,7,9,10,15
|
1-3 апталар
|
8
|
Ауд. бақылау жұмысы
|
5 ап
та
|
-
|
№2 - ЖҮТ
|
Функция шегі, туынды, интеграл. Мақсаты: Оларға берілетін есептерді шешуді үйрену.
|
3,11,15,17
|
4 - 6 апталар
|
6
|
ЖҮТ қор ғау
|
6 ап
та
|
-
|
№3 -ЖҮТ
|
Көп айны
малы функция (КАФ) Қатарлар теор.-ғы білімдерін бекіту.
|
3,6,8,10,12
|
6-9 апталар
|
5
|
ЖҮТ қор ғау
|
9 ап
та
|
-
|
Аралық бақылау№2
|
Функция интегралы, КАФ туынды, тақырып. білімдерін тексеру.
|
8,10,
12,14
|
3-10
апталар
|
7
|
Ауд. бақылау жұмысы
|
10 ап
та
|
-
|
№4 -ЖҮТ
|
Еселі, қисық сызықтық, беттік интеграл тақ.-ғы білім.-н бекіту.
|
3,6,8,10,12
|
10-12 апталар
|
5
|
ЖҮТ қор ғау
|
12 ап
та
|
-
|
Аралық
бақылау №3
|
Бір айн функция шегі, туынды интегралы, КАФ, қатарлар, еселі, қисық сызықты, беттік интеграл
дар тақыр-ғы білім-білікт-н тексеру.
|
5, 6, 7,8,9
10,1213
|
13 -14 апта лар
|
8
|
Курс бойынша өткен тақырыптарды ауызша сұрау, яғни коллоквиум
|
14 -15
ап
та
лар
|
Қатарлар теориясы, еселі, беттік, қисық сызықты интеграл
дар тақырыптар-ғы білімд-н тексеру.
|
8,10 12,14
|
10-15 апта
|
7
|
Ауд. бақылау жұмысы
|
15 ап
та
|
следующая страница>