С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС- ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математика және техника институты
Қолданбалы механика және физика кафедрасы
«Сызба геометрия және сызу» пәнінен
050120- «Кәсіптік білім» мамандығына арналған
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өскемен, 2005
Құрастырған: қолданбалы механика және физика кафедрасының оқытушысы, Тырнақбаева М. М. |
ОӘК қолданбалы механика және физика кафедрасының отырысында талқыланды хаттама№8 «02»ақпан 2005 ж. ОӘК физика, математика және техникалық институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды хаттама№6 31наурыз 2005ж. |
«Сызба геометрия және сызу» пәні бойынша оқу әдістемелік кешені инженерлік, техникалық мамандық студентеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігімен және қажеттілігімен, курс саясатымен, студенттердің оқу процесі кезінде алатын дағды және біліктілікпен таныстырады. Оқу - әдістемелік кешені пәнді оқу барысындағы басшылықтың негізгі көзі болып табылады.
1.1 Пәннің аты: Сызба геометрия және сызу
1.2 Кафедра: Қолданбалы механика және физика
1.3 Оқытушының тегі, аты- жөні: Тырнақбаева Маржан Мәкенқызы
1.4 Хабарласу орны: телефон, 47-78-80, корпус № 7, ауд.301
1.5 Өткізу орны: корпус №7, ауд. 301
1.6 Кредит саны: 3
1.7 Оқу жоспарынан көшірме:
1 Кесте.
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәрістер |
Зертханалық сабақ |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
1 |
1 |
3 |
15 |
30 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан. |
1.8 Курстың переквизиттері: инженерлік графика және сызба геометриясының тәсілдерін жетік білу.
Студент мыналарды елестете білу керек: проекциялық сызбаның әдістерін; конструкторлық тетік бөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектілердің кеңістіктегі кескін құрлысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, таблица құру ережелері мен диаграммасын, нормативті - техникалық құжатты, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін.
Пайдалана білу керек: құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыру, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана
біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгере білу керек.
1.9 Постреквизиттері (пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын келесі пәндер тізімі): машина бөлшектері, материалдар кедергісі, теориялық механика және т.б.
2.1 Пәннің мақсаты: студенттерге сызба геометрия және инженерлік графика пәнінен жүйелі білім беру болып табылады. Курсты оқып білудің мақсаты теориядан алған білімдерін машина жасау құрылысында және құрлыс сызбаларында практикада қолдана біліп, төмендегідей
КҚБЖ – нің стандартына сәйкес сызбаларды орындау;
тетік бөлшектердің эскиздерін және оның өлшемдерін түсіру;
құрлымның негізгі орналасуын ескере отырып өлшемдерін түсіру;
тік бұрышты проекция негізінде заттың кескінін оқып және орындау;
анықтамалық және стандарттық материалдарды қолдана білу және сызба пәнін оқыту әдістемесін меңгеру үшін қажетті практикалық дағдылар мен білімдерін дамыту.
Сызба геометрия және инженерлік графика пәндерін оқу барысында алған білімдерін, біліктілік пен дағдыларын, жалпы инженерлік және арнайы техникалық пәндерді оқуда, сондай-ақ технологиялық және инженерлік қызметтерді игеруге қажет.
2.2 Пәннің мамандықты даярлауға қатысты міндеттері: Берілген курсты оқу нәтижесінде студент проекциялық сызба көмегімен кеңістіктегі пішін кескінін тұрғызу әдістерін үйреніп және КҚБЖ-сі бойынша сызбаларды орындау ережелерін іс - тәжірибеде қолданып, әр түрлі сызбаларды орындай білуі керек.
Берілген “сызба геометрия және сызу ” курстың “Негізгі пән” цикліне кіреді. “Кәсіптік білім” мамандығының күндізгі оқитын студенттер үшін оқу жоспары жұмыс бағдарламасы мен сәйкес келеді. Студенттер сызу пәнінен алған білімдерін курстық жұмыс пен дипломдық жобада қолданады.
2.3 Курстың мазмұны:
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі керек:
1) проекциялық сызба әдістерін елестете білуі;
2) бөлшектер, түйіндер, машина мен механизмдер құрылысының принциптерін;
3) сызбада кеңістіктегі объекті кескінін тұрғызу әдістерін;
4) кескіндеу тәсілдерін, компьютерлік графика әдістерін,
стандарттау негізін және құрылымын;
5) ажырайтын және ажырамайтын біріктіру типтерін, диаграмма және кесте тұрғызу ережесін, нормативті – техникалық құжаттарды, оның өңделуі мен қолдану принциптерін;
6) құрастыру сызбасының жалпы түрі мен эскиздерін қолдана білуі керек;
7) проекциялық және өндірістік қызметтерде стандарттарды қолдана білуі керек;
8) техникалық өнімдер кескінін тұрғызуда, сипаттама құрастыруда тәжірибелері болуы қажет.
№ |
Жұмыс түрі |
Тапсырма лардың мазмұны мен мақсаты |
Ұсынатын әдебиеттер |
Орындау мерзімі |
Балдар (рейтинг-шкалаға сәйкес) |
Бақылау түрі |
Өткізу уақыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
№1 Алғы бет. Жазбаша жұмыс |
Сызба қаріпінің тағайындалған өлшемдерімен таныстыру. |
[2,4, 10,13, 24,26] |
1-2 апта |
5 |
Жазба жұмысты тексеру. |
3 апта |
|
№2 Проекциялау әдісі. Ауызша сұрау. |
Центрлік, параллель, тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар түрлерімен таныстыру. |
[2,4, 6,13, 24,26] |
3-4 апта |
5 |
Сызбаны тексеру. |
5 апта |
|
№3 Метрикалық есептер. №1 Аралық бақылау |
Метрикалық есептерді шығаруға дағдыландыру. |
[1,2,4, 19,20, 26] |
5-6 апта |
10 |
Тест жауабын тексеру. |
7 апта |
|
№4 Сызуды түрлендіру тәсілдері. |
Сызуды түрлендірудің үш тәсілімен таныстыру. |
[7,8,9, 19,20] |
7-8 апта |
5 |
Сызбаны тексеру. |
9 апта |
|
№5 Беттердің өзара қиылысуы, жайма. Ауызша сұрау. |
Қиылған беттерді жаю, конус қимасын тұрғызу тәсілдерімен таныстыру. |
[2,4,6,7,8,9] |
9 апта |
5 |
Сызбаны тексеру. |
10 апта |
|
№6 Аксонометриялық проекциялар . №2 Аралық бақылау |
Аксонометриялық проекциялардың мемлекеттік стандартта бекітілген бес түрімен таныстыру. |
[2,4, 13] |
10 апта |
10 |
Бақылау жұмысын тексеру |
11 апта |
|
№7 Машинажасау және құрылыс сызбасы. МЕСТ бойынша жұмыс. |
Үйдің нұсқа сызбасын салу жолдарымен таныстыру. |
[2,4,5,13, 24, 26] |
11 апта |
5 |
Сызбаны тексеру. |
12 апта |
|
№8 Машнажасау сызбасының шарты мен ықшамдауы. |
Құрастырмалы сызбаны МЕСТ бойынша салуды үйрету. |
[2,4,13,24,26] |
12 апта |
5 |
Сызбаны тексеру. |
13 апта |
|
№9 Конструкторлық құжат, сызбаны ресімдеу. №3 Аралық бақылау |
КҚБЖ дағдыландыру. |
[2,4,13, 23,24, 25,26] |
13 апта |
10 |
Бақылау жұмысын тексеру |
14 апта |
3.6 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі:
4 Боголюбов С.К., Черчение.- М.: Высшая школа, 1985, с 377
баспа кабинеті,1998, 360 бет.
303 бет.
21 Бубенников А.В. Начертательная геометрия – М: Высшая
школа, 1985, 288 бет.
2000, 422 бет.
3 Кесте.
Бақылау формасы |
Ең жоғарғы бал |
Ағымдық |
30 |
Аралық |
30 |
Қорытынды |
40 |
Барлығы |
100 |
2 Зертханалық сабақ – 10 балл
3 Тест – 10 балл
4 Бақылау жұмысы – 10 балл
5 Үй жұмысы – 10 балл
6 Эпюрлер – 10 балл
- ағымдық бақылау (әр апта сайын өтеді )
- аралық бақылау (5, 10 және15 аптада)
- қорытынды бақылау (бір рет семестірдің соңында өткізіледі, яғни емтихан).
Ағымдық бақылау дегеніміз – студенттердің практикалық және дәріс кезіндегі жұмысын (үй тапсырмаларының орындалуы, өз бетімен есептердің шығарылуы, дәріс курсы кезіндегі теориялық сұрақтарға жауап беруі) бағалау, жеке тапсырмалардың қорытындысын шығару.
Аралық бақылау дегеніміз – бұл аудиторияда оқытушының қатысуымен болатын коллоквиум, бақылау, тест жұмыстарының орындалуы.
Қорытынды бақылау - оқу кезіндегі өткен тақырыптардың соңында, студент пән бойынша алған білімінен емтихан тапсыруы.
4.1 Курс саясаты:
1) Сабаққа кешікпеу.
2) Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау.
3) Сабақты босатпау, ауырған жағдайда анықтама алып келу.
4) Босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу.
5) Ұялы телефондарды өшіру.
6) Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
7) Үй жұмысын уақытында және тырысып орындау.
8) Оқу процесі кезінде белсенді қатысу.
9) Міндетті және уақытылы болу.
10) Оқытушылар мен әріптестерге сабырлы, ашық және адамгершілікті болу.
2. ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘРТІП МӘЛІМЕТТЕРІ
2.1«Сызба геометрия және сызу» курсының тақырыптық жоспары
Барлық кредит саны: 3
Тақырыптардың атаулары |
Дәріс |
Зерт. жұмыс
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
1. Проекциялау әдісі. |
2 |
4 |
2 |
2 |
2. Позициялық және метрикалық есептер. |
- |
2 |
4 |
8 |
3. Эпюрді түрлендіру тәсілдері. |
2 |
4 |
4 |
4 |
4. Беттердің өзара қиылысуы, жайма. |
1 |
2 |
4 |
4 |
5. Аксонометриялық проекциялар. |
1 |
2 |
3 |
3 |
6. Геометриялық, проекциялық сызба. |
1 |
2 |
4 |
4 |
7. Машинажасау және құрылыс сызбасы. |
3 |
2 |
8 |
4 |
8. Техникалық сурет және тетік бөлшектің эскизін тұрғызу. |
1 |
2 |
4 |
4 |
9. Машнажасау сызбасының шарты мен ықшамдауы. |
1 |
2 |
4 |
4 |
10. КҚБЖ және схемалық құжаттар, мамандық саласы бойынша өзіне тән жиынтығында қолданылуы. |
2 |
4 |
4 |
4 |
11. Сызба бойынша кабинетті және оқу процессін жабдықтау. |
1 |
2 |
4 |
4 |
Барлығы |
15 |
30 |
45 |
45 |
Дәрістің негізгі сұрақтары: Жазықтықтың кеңістіктегі проекциялаудың негізгі әдісі, центрлік, параллель, тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар, Монжа эпюрі анықтамаларын білу. Берілген координата бойынша нүктенің эпюрін салу. Нүкте мен түзудің өзара орналасуы. Жазықтықтардың сызуда берілу тәсілдері.
[1,2,4,6,7,8,9,10,19,20,22,26].
2 Дәріс тақырыбы: Позициялық және метрикалық есептер.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Нүктелердің кеңістіктегі бейнесін және комплексті сызбасын салу. Беттердің түзуі мен қиылысуы туралы есептерді шешу.
[6,8,9,11,19,20,21,26,27].
3 Дәріс тақырыбы: Эпюрді түрлендіру тәсілдері.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Проекция жазықтығын алмастыру. Жазық – параллель орын ауыстыру. Проекциялаушы түзуден айналдыру.
[2,4,7,8,9,10,19,20,26]
4 Дәріс тақырыбы: Беттердің өзара қиылысуы, жайма.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Денелер беттерінің жалпы жағдай жазықтықтарымен қиылысуы. Беттердің түзу сызықпен қиылысуы. Екі беттің өзара қиылысу сызығын құру тәсілдері туралы жалпы түсінік. Айналу беттерінің өз ара қиылысуы. Қиылған беттерді жаю.
[1,2,4,7,8,9,10].
5 Дәріс тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Аксонометриялық проекциялар туралы түсінік және олардың түрлері.
[4,6,7,8,9,10,13,19,20,26].
6 Дәріс тақырыбы: Геометриялық, проекциялық сызба.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Сызбада геометриялық салулар. Түйіндесуді салу. Қисық сызықтардың проекциялары.
[1,2,3,4,7,819,20,21,27].
7 Дәріс тақырыбы: Машинажасау және құрылыс сызбасы.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Үйдің нұсқа сызбасы. Посадка мен допуск туралы түсінік. Тетікбөлшектердің кедір бұдырлығы. Құрастыру сызбадан жалпы көрініс сызбасының өзгешелігі. Құастыру сызбасын ықшамдау. Сипаттізім. Құрастыру сызбасына қойылатын негізгі талаптар. Кескін. Атау. Дәлдікшек пен қондырудың ұғымы. Үйдің нұсқа сызбасы.
[2,4,5,13,14,16,17,18,23,24,26].
8 Дәріс тақырыбы: Техникалық сурет және тетікбөлшектің эскизін тұрғызу.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Тағайындауы. Қолдануы. Техникалық сурет және эскиз бойынша қойылатын негізгі талаптар.
[2,4,7,8,9,10,13,14,15,16,23,24,25,26].
9 Дәріс тақырыбы: Машнажасау сызбасының шарты мен ықшамдауы.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Құрастыру сызбасы және жалпы көрініс сызбасының ықшамдауы мен белгілену тәсілдері.
[2,4,13,14,15,16,23,24,25,26,28].
10 Дәріс тақырыбы: КҚБЖ және схемалық құжаттар.
Дәрістің негізгі сұрақтары: Нормативті - техникалық құжаттар туралы жалпы мәліметтер, мәтінге қойылатын негізгі талаптар МЕСТ 2.101-68, 2.108-73, 2.109-73.
[2,4,13,14,15,16,23,24,25,26,28].
Дәрістің негізгі сұрақтары: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сызбаларды орындау ережелері.
[2,4,13,14,15,16,23,24,25,26,28].
2.3 Жұмыстық оқу бағдарламасы бойынша семинар сабақтарының жоспары қарастырылмаған.
2.4 Зертханалық дәріс жоспары.
1 Тақырыбы: Проекциялау әдісі.
Бақылау сұрақтары:
1) Позициялық есептер деген қандай есептер?
2) Метрикалық есептер деген қандай есептер?
Есептердің шығарылуы мен берілуі №3.6 әдебиеттер тізіміндегі №6, № 11, № 12, №26, №27 оқу құралында көрсетілген.
1) Проекция жазықтықтарын алмастыру әдісі не үшін қолданылады ?
2) Проекция жазықтықтарын алмастыру әдісі қандай ерекшелікке негізделген ?
3) Тік бұрышты үшбұрыш әдісі не үшін қолданылады ?
4) Жазық параллель орын ауыстыру әдісі не үшін қолданылады ?
5) Жазық- праллель орын ауыстырудың проекция жазықтықтарын алмастыру әдісінен айырмашылығы неде?
6) Берілген осьтен айналдыра бұру әдісі қандай ерекшелікке негізделген?
7) Айналу осьі проекция жазықтығына қалай орналасады ?
[2,4,7,8,9,10,19,20,26]
4 Тақырыбы: Беттердің өзара қиылысуы, жайма.
Бақылау сұрақтары:
1) Беттердің жазықтықпен қиылысу процесіне жалпы түсінік беріңіз. Дене бетінің қимасына анықтама беріңіз.
2) Қисық беттің жазықтықпен қимасы контурының ерекше нүктелеріне қандай нүктелер жатады және оларды анықтаудың жолдары қандай?
3) Беттердің өзара қиылысу сызықтарына анықтама және оларды құру тәсілдері туралы жалпы түсінік беріңіз.
4) Беттің жазбасына жалпы түсінік беріңіз ?
5) Призма, цилиндр, пирамида және конус беттерінің жазбаларын қандай реттілікпен құрайды ?
6) Конустық бет деп қандай бетті айтады?
[1,2,4,7,8,9,10].
1) Аксонометриялық проекция деген не?
2) Аксонометриялық проекциялардың осьтері, бұрмалау коэффициенттері, масштабтары деген не және олар қалай анықталады?
3) Аксонометриялық проекцияларды негізінен не үшін қолданады және оларды салу жолдарының принципі қандай?
4)Тік бұрышты және қиғаш бұрышты аксонометриялардың қандай айырмашылығы бар?
5) Тік бұрышты изометрияда және диметрияда аксонометриялық осьтерді қалай жүргізеді және олар бойынша алынған бұрмалау коэффициенттері неге тең?
[4,6,7,8,9,10,13,19,20,26].
6 Тақырыбы: Геометриялық, проекциялық сызба.
Бақылау сұрақтары:
1) Екі сызықтың түйіндесуі дегеніміз не?
2) Түзу сызықпен жанасатын кейбір шеңбердің радиустарының геометриялық орны не болып табылады?
3) Нүктенің түйіндесуі дегеніміз не?
[1,2,3,4,7,819,21,27].
7 Тақырыбы: Машинажасау және құрылыс сызбасы.
Бақылау сұрақтары:
1) Жалпы жағдайы
2) Беттердің кедір – бұдырлығы дегеніміз не?
3) Әр түрлі беттердің тазалығының класстары және олардың кәсіби деңгейі не үшін қажет?
4) Беттердің тазалық класстары сызбада қалай белгіленеді?
1) Эскиздің және техникалық суреттің орындалу зандылығы.
2) Эскизді жоспарлау және кескінді таңдау.
3) Эскизді түсіру.
4) Тетікбөлшектің нақты өлшемін анықтау.
5) Эскиздегі өлшемдер.
[2,4,7,8,9,10,13,14,23,24,25,26].
9 Тақырыбы: Машнажасау сызбасының шарты мен ықшамдауы.
Бақылау сұрақтары:
1) Жалпы көрініс сызбасын орындауда қандай ықшамдар рұқсат етіледі?
2) Құрастыру сызбасында қандай позиция қойылады?
3) Құрастыру сызбасын салудағы ықшамдау мен шарттарын ата?
4) Ықшамдау мен шарттар не үшін керек?
5) Серпені сызбада қалай салады?
6)Бір беттен екінші бетке ауысуды қалай көрсетеді?
[2,4,13,14,23,24,25,26,28].
1) Стандарт дегеніміз не?
2) МЕСТ 2.304-81 жазуын шеш?
3) КҚБЖ анықтамасы?
4) Кесте дегеніміз не?
5) Сызбаны салуда қандай кесте түрі қолданылады және оларды қалай белгілейді?
6) Кесте қандай типке бөлінеді және оларды қалай белгілейді?
7) Кестені толтыру кезінде қандай графикті қолданады?
[2,4,13,14,15,23,24,25,26,28].
11 Тақырыбы: Сызба бойынша кабинетті және оқу процессін жабдықтау.
Бақылау сұрақтары:
1) Жұмыс орнын ұйымдастырудағы негізгі талаптар?
2) Жұмыс орнын жарықпен қамтамасыз ету талабы?
3) Орындықтың, столдың биіктігі?
4) Тақта сызбасының талабы?
5) Сызба кабинеті нені қажет етеді?
6) Сызба құралдарының орналасуы?
[2,4,13,14,15,16,23,24,25,26,28].
Негізгі есептер аудиториялық практикалық сабақтарда есептеледі. Бұнда есептердің толық және дәл шешілуі қарастырылады.
Әр тақырыптың мазмұнын қысқаша конспектілеп, негізгі анықтымаларды және барлық қорытындыларды жазып, олардың мағынасын негіздеу. Арнайы дәптерге жазба жұмыстарын жүргізу (яғни практикалық жұмыстарды). Осы дәптерге әр тақырыпқа негізделген типті есептерді шығару керек (есептің шешімін кітаптан жазуға болады). Бұл дәптер тек қана емтихан алдында үлкен көмек көрсетіп қоймай, одан кейін де әр түрлі математикалық әдістермен жұмыс істеген кезде анықтама ретінде де қолдануға болады.
Егер студент кітаптағы бақылау сұрақтарына жауап беру мен есеп шығару кезінде ешқандай қйналмаса, онда студент тақырыпты толық меңгерді деуге болады.
2 Топтама КӨрініс. Тілік. Қима.
3 Топтама Бұрандалар.
4 Топтама КӨрініс
СОӨЖ өткізу формасы: ауызша сұрау, коллоквиум түрінде өткізіледі. Ол тақырыпты тиянақты игеруіне септесе отырып, оқу процесін белсенді жүргізуге және студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
СОӨЖ орындауға методикалық нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқулықпен жұмыс істеген жөн. Көрсетілген мысалдарға қарап сызбаны оқи және сала білуі керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [4], [13], [14], [15], [16], [17], [18], [23], [24],[25], [26].
Тапсырмаларды кешіктермей уақытында орындап, өткізген жөн. Кешіктіріліп өткізілген тапсырмалардың балдары төмендейді
Ұсынылған әдебиеттер: [6], [11], [12], [13], [14], [27].
2.7 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары.
№1 Бақылау жұмысы: Нүктенің комплекстік сызбасы.
№2 Бақылау жұмысы: Жазықтықтардың өзара орналасуы.
№3 Бақылау жұмысы: Түзудің нақты шамасының анықтамасы.
Орындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Есептерді шешіп үйрену үшін алдымен есепті шешудің жоспарын құрып алған жөн. Сосын мысалдарды қарап, сол типтес өзіндік есептердің бірнешеуін шешу керек. Есепті шешудің дағдысы қалыптасу үшін кемінде 4-5 есеп шығару керек. Есептік-практикум оқулықтарын, мысалдары, нұсқаулары көбірек берілетін оқулықтарды пайдаланған жөн.
Ұсынылған әдебиеттер: : [2], [4], [6], [11], [12], [13], [14], [27].
2 А нүктенің қайсысы π1 жазықтығында жатыр ?
3 А нүктенің қайсысы 4 ширекте орналасқан?
5 Суреттегі проекция түрінің атын тап
6 А нүктеден горизонталь проекция жазықтығына дейінгі арақашықтықты анықта
б) ААх
в) АА
г) ААу
д) ААу
7 Түзу сызықтың проекция жазықтығына қатысты орналасуын ата.
а) горизонталь-проекциялушы
б) профильно - проекциялушы
в) горизонталь түзу
г) фронталь түзу
д) профиль түзу
8 Қандай нүктелер фронталь проекция жазықтығынан алшақ орналасқан?
10 Жазықтықтың атауын көрсет
а) плоскость общего положения
б) горизонтально-проецирующая
в) фронтальная
г) фронтально-проецирующая
д) профильно-проецирующая
11 Берілген төрт нүктелердің қайсысы π2 жазықтығында орналасқан?
а) А(10,20,20); б) В(20,0,10); в) С(0,20,10) г) Д(10,10,0)
12 Берілген нүктелердің кайсысы π1 жазықтығына жақын орналасқан ?
13 Берілген төрт нүктенің қайсысы π1 жазақтығында орналасқан?
14 Берілген нүктелердің қайсысы π2 жазықтрығына жақын орналасқан ?
15 Қай сызбада А нүктесі MN түзуі бойында жатады?
16 Қай сызбада АВ түзуі π1 жазықтығына перпендикуляр болады?
17 Берілген сурет бойынша проекция жазықтығына тиісті түзу сызықтың орналасу әдісін ата.
а) горизонталь түзу
б) фронталь түзу
в) Түзудің жалпы орналасуы
г) фронталь-проекциялаушы
д) горизонталь-проециялаушы
а) профиль
б) фронталь
в) горизонталь
г) фронталь-проециялаушы
д) горизонталь-проециялаушы
Дұрыс жауаптардың кілттері:
сұрақ № |
Дұрыс жауаптар |
сұрақ№ |
Дұрыс жауаптар |
1 |
Б |
11 |
Б |
2 |
Д |
12 |
Б |
3 |
Б |
13 |
В |
4 |
Г |
14 |
Б |
5 |
В |
15 |
В |
6 |
А |
16 |
А |
7 |
В |
17 |
Б |
8 |
Г |
18 |
Д |
9 |
Б |
19 |
Б |
10 |
Г |
20 |
А |
1 Сызба геометрия пәні. Сызба геометрияның даму тарихы.
2 Проекция әдісі. Центрлік және параллель проекциялар. Тік бұрышты (ортогональ) проекция.
4 Монжа эпюрі.
5 Кеңістіктегі координат системасы.
6 Нүктенің, түзу сызықтың және жазықтықтың эпюрлері.
7 Түзу сызық проекциялары. Түзу кесінді мен проекция
жазықтарының өзара орналасуы.
8 Түзу кесіндісінің нақты ұзындығы мен проекция жазықтықтарына көлбеу бұрыштарын анықтау.
9 Түзу сызықтардың өзара орналасуы. (өз ара параллель, өз ара киылысушы түзулер, өз ара айқасушы түзулер). Конкурентті нүктелер.
10 Тік бұрышты үш бұрыш тәсілімен түзу кесіндінің нақты шамасын анықта.
11 Кеңістік жазықтығының проекция жазықтықтарына қарағандағы орналасуы. (жалпы жағдай жазықтықтары, ерекше жазықтықтары)
12 Жазықтықтың ерекше түзулері.
13 Жазықтыққа тиісті түзу мен нүктені бейнелеу.
14 Түзудің жазықтықпен қиылысуы.
15 Жазықтыққа параллель түзу.
16 Жазықтыққа перпендикуляр түзу.
17 Проекция жазықтықтарын ауыстыру.
18 Жазық- параллель орын алмастыру.
19 Проекциялаушы түзуден айналдыру.
20 Деңгейлік түзуден айналдыру.
21 Қисық сызықтар мен беттер.
22 Конустық қима.
23 Қиылған беттерді жаю.
24 Айналу беттердің қиылысу сызықтарын анықтау.
25 Жазықтықтармен қиылған көпжақтарды кескіндеу.
26 Жазықтықтармен қиылған қисық беттерді кескіндеу.
27 Денелер беттерінің ерекше жағдайда жазықтықтарымен қиылысуы.
30 Масштаб дегеніміз не? Кішірейту, нақты шама, үлкейту масштабтарын ата?
31 Көрініс дегеніміз не? Негізгі көріністі ата. Негізгі көріністің орналасуы.
32 Қосымша көрініс және жергілікті көрініс.
33 Бөлікті шығару. Оларды қалай белгілейді және қайда қолданады?
34 Тілік дегеніміз не? Қиюшы жазықтықтың орнына қарай тіліктер қалай ажырап бөлінеді? Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қалай бөлінеді және оның белгіленуі.
35 Қима дегеніміз не? Сызба өрісінде орналасуына қарай
қималар қалай аталады және оның белгіленуі.
37 Бұрама беттің қадамы деп нені айтады? Жасуша деп нені айтады? Осі деп нені айтады? Ірі қадам, ұсақ қадам метрикалық бұрандалар қалай белгіленеді?
41 Ұстастырма деп қандай тетікбөлшекті айтады? Оның сұқпа және қыспа ұштарын көрсет.
42 Сомын деп қандай тетікбөлшекті айтады? Тығырық деп
қандай тетікбөлшекті айтады? Олар не үшін керек?
47 Төлке дегеніміз не? Төлкенің басты кескіні және оның осьте орналасуы.
25 12 2014
1 стр.
16 12 2014
1 стр.
14 12 2014
5 стр.
16 12 2014
5 стр.
14 12 2014
1 стр.
14 12 2014
3 стр.
14 12 2014
4 стр.
18 12 2014
4 стр.