Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3 ... страница 5страница 6

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және
атқарушы органдардың құзыреті

1. Жергілікті өкілді органдар:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы жергілікті атқарушы органдар ұсынған білім беруді дамыту бағдарламаларын бекітеді, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдайды;

2) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды.

2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне енгізеді;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

7) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

13) облыс ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізуді қамтамасыз етеді;

14) спорт бойынша балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

18) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;

21) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстық білім департаментінің бірінші басшысын тағайындайды.

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне енгізеді;

2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім

берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және

мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

9) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;


11) әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

13) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

15) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізуді қамтамасыз етеді;

16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

19) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

20) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

23) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

 

24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;



25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім департаменттерінің бірінші басшыларын тағайындайды.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

5) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

10) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады;

11) әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;

12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

17) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

19) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды.

5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:

1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

 

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық
қамтамасыз ету

1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.

2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі білім беру мониторингінің деректерін, оның ішінде ведомстволық статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды.

 

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әр қайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік емес білім беру кредиттерін дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Мемлекет екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредиттерінің кепілдік жүйесін құру және білім беру кредиттері бойынша талап ету құқықтарын иелену арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдайды.

4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасылардың балалары;

4) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары жатады.

Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

6. Мемлекет даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.

8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.

 

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.

3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар,

топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі бірыңғай ұлттық тестілеу бағдарламасына енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

 

10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;

2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

 

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

1. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат


мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді


пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

12-бап. Білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және


кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.



4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.

14-бап. Білім беретін оқу бағдарламалары

1. Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

3) қосымша болып бөлінеді.

Үлгілік жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Жұмыстық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орта білім беру;

4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.

Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

3. Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.

Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:

1) техникалық және кәсіптік білім беретін;

2) орта білімнен кейінгі білім беретін;

3) жоғары білім беретін;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.

4. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

6. Интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлейді. Интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкін.

7. Әскери мамандықтар бойынша кәсіптік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.

8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

9. Білім беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлі деңгейдегі оқыту бағдарламаларын іске асыруға құқылы.

 


<предыдущая страница | следующая страница>


Азақстан республикасының білім туралы заңЫ Қазақстан республикасының білім туралы заңЫ

Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге ба

955.78kb.

25 12 2014
6 стр.


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасы азаматта­рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ­рақты тұратын шетелдіктердің және азамат­тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция­лық құқығын қамтамасыз етуг

911.05kb.

08 10 2014
3 стр.


Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

184.23kb.

25 12 2014
1 стр.


Измир Шартын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым n 241

Афганистан Ислам Мемлекетiнiң, Әзiрбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан

116.57kb.

18 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен

1124.33kb.

25 12 2014
7 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 28 қазандағы n 170

Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

95.1kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 18 қазандағы №344-iv заңы

Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек көрсету туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

67.64kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

289.04kb.

04 09 2014
1 стр.