Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Жоба


Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі

мен қаржылық есептілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат;
2002 ж., № 10, 102
-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11,
56
-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат;
№ 5, 25
-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж.,
№ 21-22, 87
-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8,
45
-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4,
28
-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат):

1) 740-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.

5. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімі уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тыйым салу туралы шешімі негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.

6. Клиенттің банк шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерін орындауға қабылдағаннан кейін ұсынылған шешімдері осындай өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуы тиіс.»;

2) 750-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «егер бұл» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж.,
№ 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8,
52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж.,
№ 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат;
2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат;
2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2,
19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат;
2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13,
99-құжат):

1) 159-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктiң корреспонденттiк шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылар ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан «репо» операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке де тыйым салуды қоспағанда).

Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуі тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарына қарай сот айқындайды.»;

2) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) осы Кодексте көзделген өзге мәліметтер көрсетілуге тиіс.».

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12,
168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2,
6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22,
160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20,
116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8,
23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4,
5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10,
52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар;
№ 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10,
69-құжат; № 12, 88
-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18,
144-құжат; № 20, 152-құжат;
№ 24, 178-құжат):

1) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тыйым салу туралы шешімдері негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.»;

2) 521-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «және карт-шоттарын» деген сөздер алып тасталсын.

4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат;
№ 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22,
86
-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,
№ 1, 3
-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9,
67
-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат):

352-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тыйым салу туралы шешімдері негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.».

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат;


№ 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат;
1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат;
1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат;
№ 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 4, 33-құжат):

1) 8-бапта:

мынадай мазмұндағы д-3), д-4) және д-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

«д-3) Қазақстан Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;

д-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;

д-5) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шет елдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;»;

з) тармақшасындағы «төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды» деген сөздер «төлем жүйелерiн ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды (оверсайт)» деген сөздермен ауыстырылсын;

л-2) және л-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес келетiн нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктің тізбесін, барлық қаржы ұйымдарының табыс ету және жариялау мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;

л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;»;

о) тармақшасында:

«қолма-қол банкноттар мен тиындарды» деген сөздер «банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«банкноттар мен тиындардың» деген сөздер «банкноталардың, монеталардың және құндылықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы о-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«о-1) банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі, Ұлттық Банктің банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің тәртібін және талаптарын белгілейді;»;

п) және р) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«п) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;

р) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансының болжамдық бағалауын әзірлеуге қатысады;»;

мынадай мазмұндағы р-2), р-3) және р-4) тармақшаларымен толықтырылсын:

«р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;

р-3) мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;»;

у-5) және у-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«у-5) банк шоттарының құқықтық режимiн және құрылымын белгiлейдi;

у-6) ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;»;

2) 11-баптың бірінші бөлігінде:

«бөлiнбеген» деген сөз алып тасталсын;

«кiрiстiң» деген сөзден кейін «және шығыстың» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 15-бапта:

е) тармақшасы алып тасталсын;

ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«ж) банктерге арналған ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн, банктерге арналған ең төменгi резервтiк талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекiту;»;

мынадай мазмұндағы у-4) тармақшасымен толықтырылсын:

«у-4) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;

4) 47-1-бап алып тасталсын;

5) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемі мен аударымын және төлем жүйелерін ұйымдастырудағы және реттеудегі өкілеттіктері

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді, реттейді және:

1) ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру ережесін және тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды;

2) қолма-қол ақшаны пайдаланып төлемдерді жүзеге асыру тәртібін және талаптарын белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) – төлем жүйелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыратын қызметі.

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:

төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;

төлем жүйелерін ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;

төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеруге;

ақша төлемі мен аударымы, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;

төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің шегінде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы.»;

6) 49-бапта:

«және құқықтық тәртiбiн» деген сөздер «, құқықтық режимін және құрылымын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«пайдалану» деген сөз «жүргізу» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

Қазақстан Ұлттық Банкі:

1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтар айналысының тәртібін белгілейді;

2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережесін белгілейді;

3) резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережесі мен шарттарын және резиденттердің репатриация талаптарын орындауларын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және қайта жіберу тәртібін белгілейді;

5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оны жүзеге асыруға лицензиялар береді;

6) айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

7) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарын белгілейді;

8) валюталық операцияларды тіркеуді және олар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерінде шоттар ашуы туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктерін және хабарлау туралы куәліктерді береді;

9) валюталық операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсат режимін енгізу кезінде рұқсат береді;

10) олардың құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасында резиденттердің және резидент еместердің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік тәртібі мен нысандарын белгілейді;

11) банктердің және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды салады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы өзге де функцияларды орындауға құқылы.»;

8) 58-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«тазартылған алтынды және басқа қымбат бағалы металдарды қазақстандық теңгеге сату.»;

9) 60-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Ұлттық Банкiнің активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалау өзгерiстерінің салдары болып табылатын алтын-валюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептi кезеңнiң iске асырылмаған кiрiстерiнің немесе шығыстарының шоттарына жатқызылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептi кезеңнің тиiстi кiрiстерi мен шығыстарының шоттарына жiберiледi. Іске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар тиiстi қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шоттарында қалдықтар болмаған жағдайда пайда болатын терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады.»;

10) 62-3-бапта:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жоспарлы – Қазақстан Ұлттық Банкінің тексерулер жоспарларына сәйкес жылына кемінде бір рет жүргізілетін тексеру;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) рейдтік – бір мәселе, бір негіз бойынша бір мезгілде бірнеше субъектілердің қызметін қамтитын, жылына кемінде бір рет жүргізілетін тексеру.»;

4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

5-тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.»;

екінші бөлігінде:

4) тармақшадағы «сәйкестендіру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушінің нөмірі немесе бар болса бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы «(жоспарлы, жоспардан тыс)» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Рейдтік тексеру тағайындау туралы актiде осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ тексерілетін тұлғалар тізімінің бар екені туралы мәлімет көрсетіледі. Рейдтік тексеру тағайындау туралы актiге осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып, тексерілетін тұлғалар тізімі қоса беріледі.»;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тексеру тағайындау туралы акт және оған қоса берілетін тексерілетін тұлғалар тізімі рейдтік тексеруді жүзеге асыру кезінде өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеу үшiн екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) ұсынылады.

7. Рейдтік тексеруді қоспағанда, тексерілетін тұлғаға тексеруді тағайындау туралы тіркелген актіні ұсынған сәт тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.

Тексерілетін тұлғаға тексеруді тағайындау туралы тіркелген актінің түпнұсқасын танысу үшін ұсынған және оның көшірмесін тапсырған сәт рейдтік тексеруді жүргізудің басталуы болып саналады. Түпнұсқада танысқаны және көшірмесін алғаны туралы белгі қойылады.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Рейдтік тексеру кезінде тексерілетін тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. Рейдтік тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, тексерілетін тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;

11) 66-баптың үшінші бөлігіндегі «кiрiстерi мен шығыстары» деген сөздер «пайдасы мен зияндары» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 68-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнің қаржылық есептiлiгінің аудитiн Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттiң (ЭЫДҰ) немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің (ТМД) орталық банкiне аудит жүргiзу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.».

6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат;


№ 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат;
№ 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж.,
№ 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8,
52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат;
№ 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж.,
№ 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3,
22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат;
2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар):

1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»;

2) 19-баптың 4-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті.»;

3) 30-бапта:

2-тармақта:

4) тармақшада «жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кассалық операциялар: банктердің және ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға беріледі;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру бойынша қызметі;

2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті жеткізушінің) атынан және тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген тұлға ұсынған қызмет көрсету үшін тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген тұлғаның қызмет көрсетуді сенім білдірушінің (қызметті жеткізушінің) пайдасына төлемдер қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлем жасаушыға оның талап етуі бойынша танысу үшін ұсынылуы тиіс.»;

6-тармақта:

үшінші бөлігі алып тасталсын;

төртінші бөлігіндегі «9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын» деген сөздер «9) тармақшасында көзделген банк операциясын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий, брокер және (немесе) дилер номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен көрсетілген заңды тұлғаларда уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы жүзеге асырады.

Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуға тыйым салынады.»;

4) 48-баптың 1-тармағының а) тармақшасы «банк» деген сөзден кейін «және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 48-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясынан айырылған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ. Банк барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, оның клиенттерінің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады. Барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясынан айырылған банктiң банк шоттарынан кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың банкке талаптары бойынша ақша алуға жол берілмейді.»;

6) 50-бапта:

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мыналар:

1) банктердiң заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына мiндеттi түрде хабарлауы;

2) мәжбүрлеу тәртiбiмен таратылатын банктің тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәлiметтердi салымшыларға ақшасын қайтаруға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшiн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент-банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;

6-тармақтың д-1) тармақшасы «қаулысы» деген сөзден кейін «не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі» деген сөздермен толықтырылсын;

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшiрме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндi көшiрмеде болуға тиiстi мәлiметтер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiсімен айқындалады.»;

7) 55-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктер осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым оларда берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растағаннан және банк акционерлерiнiң жылдық жиналысы қаржылық есептiлiкті бекiткеннен кейiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгiлеген тәртіппен және мерзімдерде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін жылдық шоғырландырылған бухгалтерлік балансты, пайдасы мен зияндары туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті және түсіндірме жазбаны, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жылдық шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансты, пайдасы мен зияндары туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті және түсіндірме жазбаны қоса алғанда, жылдық қаржылық есептiлiкті, сондай-ақ аудиторлық есепті жариялайды.»;

екінші бөлікте:

«келетін» деген сөзден кейін «бухгалтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;

«белгілеген мерзімдерде» деген сөздер «белгілеген тәртіппен және мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж.,
№ 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18,
245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат;
2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар, 2005 ж., № 7-8, 19-құжат;
№ 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3,
22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 4, 98, 150-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24,
178-құжат):

41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті» деген сөздер «белгілеген тізбе бойынша, тәртіппен және мерзімдерде шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, аудиторлық есепті» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4,
66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10,
48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):

15-баптың 2-тармағындағы «есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға» деген сөздер «ағымдағы шоттар ашуға» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4,
66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат;
2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат):

1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) ақша аударымы – алушы банктердiң төлемдi жүзеге асыруға немесе өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушiлердiң ақша беру туралы нұсқауларын жүйелі орындауы; 

2) ақша аударымының бастамашысы (бұдан әрi – бастамашы) – ақша аудару туралы нұсқауды орындауды алғаш ұсынған адам; 

3) ақша жөнелтушi – ақша төлемi және (немесе) аударымы соның есебiнен жүзеге асырылатын адам; 

4) ақша төлемiне және (немесе) аударымына қатысушылар – ақша төлемi және (немесе) аударымы жөнiнде құқықтары және (немесе) мiндеттерi бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары  мен өкiлдiктерi; 

5) алушы банк – ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жiберiлетiн банк; 

6) банк шотын тiкелей дебеттеу – төлемдi жүзеге асыру тәсiлі, бұл орайда ақша жөнелтушiден ақша алу және ақша жөнелтушiнiң ақшаны алу туралы белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде және (немесе) белгiлi бiр ақша сомасының шегiнде қолданылатын алдын ала рұқсатының негiзiнде ол бенефициардың пайдасына жүргiзіледi;

7) бенефициар – ақша аударған кезде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде ақша алушы ретiнде тапсырмада не талапта көрсетiлген адам; 

8) бенефициар банкi – жөнелтушiмен жасалған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушiнiң нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушiмен жасалған шартта көзделген өзге де iс-қимылдарды орындауға тиiстi банк; 

9) делдал банк – ақша жөнелтушiнiң банкi және бенефициар банкi болып табылмайтын ақша аударымына қатысушы кез келген банк; 

10) жөнелтушi – ақша төлемiне және (немесе) аударымына байланысты нұсқауды жөнелтетiн адам, сонымен бiрге ол ақша жөнелтушi, бастамашы немесе бенефициар болуы мүмкiн; 

11) инкассалық өкiм – ақша жөнелтушiнiң банк шотынан оның келiсiмiнсiз ақшаны алу үшiн пайдаланылатын төлемдi жүзеге асыру тәсiлi;

12) клиринг – клирингтiк ұйым жүзеге асыратын, клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын жинау, салыстыру, сұрыптау мен есепке алу және кейiн олардың таза айқындамаларын (сальдо) анықтау процесi, сондай-ақ банктiң өз клиенттерi арасындағы қарсы талаптар бойынша көрсетілген iс-қимылдарды орындауы; 

13) микропроцессорлық төлем карточкасы – тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастауды және төлем карточкасының эмитентi айқындаған және оның шарттарымен жүргiзiлетiн басқа да операцияларды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ карточканы ұстаушыға қажеттi ақпараты бар интегралдық микросхемалы төлем карточкасы; 

14) нұсқау – жөнелтушiнiң алушы банкке шарт немесе заң бойынша ақша аудару не төлеу туралы берiлетiн бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талап нысанында жасалады; 

15) операциялық күн – банк ақша аудару туралы нұсқауларды және клиенттерден түскен осындай нұсқауларды тоқтата тұру не кері қайтару туралы өкiмдердi қабылдауды жүзеге асыратын және олардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты хабарларды жiберетiн уақыт кезеңi; 

16) өндiрiп алушы – шартқа немесе заңға орай алушы банк ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз-ақ орындауға тиiс ақша өндiрiп алу туралы талап қоюшы тұлға; 

17) төлем – ақша мiндеттемесiн ақша аудару не iшiнде ақша мiндеттемесi не ақша төлеу туралы бұйрығы бар төлем құжатын беру арқылы қолма-қол ақшаны пайдалана отырып не оны пайдаланбай орындау; 

18) төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi – төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесi, оны басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған жалпыұлттық мiндеттердi іске асыру үшiн микропроцессорлық карточкалар технологияларын қолдана отырып, электрондық тәсiлмен қажеттi ақпаратты сақтауды, өңдеудi және берудi қамтамасыз етуге қабiлеттi ұйым жүзеге асырады; 

19) төлем карточкасы – электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады; 

20) төлем тапсырмасы – нұсқауда белгiленген ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауды жөнелтушiнiң алушы банкке ұсынуын көздейтiн ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлi;

21) төлемдiк талап-тапсырма – төлемдi жүзеге асыру тәсiлi, бұл ретте ақша жөнелтушiнiң банкiне ақша жөнелтушiге аталған талапты растайтын құжаттар негiзiнде және олар қоса берiле отырып, мұндай талапта көрсетiлген ақша сомасын төлеу туралы жөнелтушiнiң талабы қойылады;

22) төлем құжаты – ақша төлемi мен аударымын жасауға негiз болатын немесе көмектесетiн құжат; 

23) чек – чек берушi мен алушы банк арасындағы шартқа негiзделген, iшiнде чек берушiнiң алушы банкке осы бұйрықта көрсетiлген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеуi туралы жазбаша бұйрығы бар төлем құжаты; 

24) чек берушi – чек жазып берген адам; 

25) чек ұстаушы – пайдасына чек жазылған адам, соның iшiнде, егер чек берушi чектi өз атына жазса, чек беруші.»;

2) 6-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;

2-тармақтағы «, жинақ шоттары және карт-шоттар» деген сөздер «және жинақ шоттары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-1-тармақта:

бірінші бөліктің мемлекеттік тілдегі мәтініндегі «ағымдағы шоттың» деген сөздер «банк шотының» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік алып тасталсын;

3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтушiнiң акцептi болғанда ғана орындауы тиiс. 

Банктер ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтін төлемдiк талап-тапсырманы жасалынған банктік заем шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге және заем операциясын не кепілдік беру фактісін растайтын өзге құжатқа сәйкес заемшының банк заемы бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда берешекті заемшыдан, гаранттан өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан акцептсіз ақша алуға келiсiмi бар құжаттармен қоса ақша жөнелтушiнің банкіне ұсынады.

Ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтін талап-тапсырма негізінде ақшаны алу негізділігіне өндіріп алушы жауап береді.

Төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсыну, сондай-ақ ақшаны алудың негiздiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не көшiрмелерiн қоса беру қажеттiгi туралы талап ету тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.».

10. «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):

1) 10-баптың 2-тармағындағы «жеке шотқа» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат;


№ 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар;
№ 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13,
85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8,
52-құжат; № 18, 145-құжат):

1) 16-бапта:

3-тармақта:

«туралы» деген сөзден кейін «бухгалтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;

«кірістері мен шығыстары» деген сөздер «пайдасы мен зияндары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «кірістер мен шығыстар» деген сөздер «пайдасы мен зияндары» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 37-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «кірістер, шығыстар» деген сөздер «пайдасы, зияндары» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 76-баптағы «белгілеген тізбе, нысан бойынша және мерзімдерде жылдық қаржылық есептілікті» деген сөздер «белгілеген тізбе бойынша, тәртіппен және мерзімдерде жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті» деген сөздермен ауыстырылсын.

12. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж.,
№ 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж.,
№ 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат
):

1) 29-баптың 2-тармағындағы «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 50-баптың 3-тармағындағы «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын.

13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23,


140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат;
2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат):

76-баптың 4-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шоғырландырылған немесе еншілес ұйымы (-дары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық бухгалтерлiк балансын, капиталдағы өзгерiстер туралы есебін, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебiн, пайдасы мен зияндары туралы есебiн, түсіндірме жазбаны, сондай-ақ аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.».

14. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,


2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8,
52-құжат):

8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (-дары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тізбе бойынша, тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемiнде екi мерзiмдi баспа басылымында жыл сайын жариялауға мiндеттi.».

15. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат;


2007 ж., № 8, 52-құжат):

8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (-дары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тізбе бойынша, тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында жыл сайын жариялауға міндетті.».

16. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):

7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес


ұйымы(-дары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тізбе бойынша, тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемiнде екi мерзiмдi баспа басылымында жыл сайын жариялауға мiндеттi.».

17. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,


2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат):

1) 32-бапта:

1) тармақшада:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банк операциялары:»;

бесінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«кассалық операциялар: банктер мен ұлттық пошта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының
6-1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға беріледі;»;

тоғызыншы абзацтағы «жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын» деген сөздер «акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшаның он үшінші абзацындағы «оныншы және он бірінші абзацтарында» деген сөздер «оныншы абзацтан бастап он екінші абзац аралығында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 47-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметіндегі класс қызметтің лицензияланатын түрінен алып тасталған жағдайда, лицензиат отыз күнтізбелік күн ішінде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.»;

3) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) лицензиатты қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тастау.».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті



Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі және оның заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша

Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін

172.67kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін

3900.73kb.

25 12 2014
17 стр.


Жоба қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

72.19kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

289.04kb.

04 09 2014
1 стр.


Жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жоба

55.83kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының заңЫ

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін

1270.94kb.

13 10 2014
5 стр.


Қазақстан республикасының заңЫ 1-бап

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

243.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

179.6kb.

25 12 2014
1 стр.