Перейти на главную страницу
-->
Шарты бекiтiлсiн.
Президентi
Измир шарты
Афганистан Ислам Мемлекетiнiң, Әзiрбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан Республикасының, Түрiк Республикасының, Түркiменстанның және Өзбекстан Республикасының Үкiметтерi:
Алғашында Измирде (Түркия) қаласында 1997 жылғы 12 наурызда Иран, Пакистан және Түркия қол қойған және 1990 жылы және 1992 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) Бас Жарғысы ретiнде толықтырылған Измир Шартын назарға ала отырып;
Өз халықтары арасындағы терең тарихи және мәдени байланыстарды жете түсiне отырып;
Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi алғы шарттары болып табылатынын мойындай отырып;
Мақсаттары мен принциптерi барлық халықтар арасындағы жемiстi ынтымақтастық үшiн негiз құратын БҰҰ Жарғысына өз адалдығын тағы да растай отырып;
ЭКО-ға мүше елдердiң әлеуметтiк-экономикалық прогресiн қамтамасыз етуге нық бел байлай отырып;
Экономикалық ынтымақтастық Ұйымын оның жаңа өскелең рөлiне сай келтiруде батылдық көрсете отырып;
Өз елдерiнiң ортақ қажеттiлiгiн есепке ала отырып және халықаралық аренада болып жатқан әрi ЭКО-ға мүше-елдерге әсер ететiн экономикалық және саяси өзгерiстер шешiмi тұрғысынан аймақтық экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруда өздерiнiң табанды
позицияларын тағы да растай отырып;
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Жарғысы ретiндегi Измир Шарты
ережелерiн қайта қарауды шештi және осы мақсатта тағайындалып,
өкiлдiктермен алмасқан және олардың заңдылығына өздерiнiң көзi жеткен
уәкiлеттi өкiлдерi Шарттың төмендегi баптары туралы келiстi: -
I - Бап
Егер мәтiнде басқаша көзделмеген болса, онда осы Шарттағы:
а) Сондай-ақ "ЭКО" деп те аталуы мүмкiн Ұйым "Экономикалық
Ынтымақтастық Ұйымын" бiлдiредi.
б) "Мүше-елдер" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымға мүше болып
табылатын мемлекеттердi бiлдiредi.
в) "Бақылаушылар" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушы статусын беретiн мемлекеттер мен ұйымдарды бiлдiредi.
г) "Диалог бойынша серiктестер" келiсiлген өзара мүдде өрiсiнде ЭКО-мен консультативтi сипаттағы қарым-қатынасы бар мемлекеттер мен ұйымдарды бiлдiредi.
д) "ЭКО аймағы" мүше-елдер аумақтарын бiлдiредi.
е) "Шарт" Измир Шартын бiлдiредi.
ж) "Жоғарғы деңгейде кездесу" ЭКО-ға мүше-елдер мемлекеттер/үкiметтер басшыларын бiлдiредi.
з) "Министрлер Кеңесi" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Министрлер Кеңесiн бiлдiредi.
и) "Тұрақты Өкiлдер Кеңесi" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Тұрақты Өкiлдер Кеңесiн бiлдiредi.
к) "Аймақтық Жоспарлау Кеңесi" Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық Жоспарлау Кеңесiн бiлдiредi.
л) "Мамандандырылған мекемелер" мүше-елдердiң шешiмi бойынша мүше- елдер арасында ЭКО Хатшылығымен байланыса отырып әлеуметтiк, мәдени, техникалық және ғылыми салаларда тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында жеке заңды ұйымдар нысанында құрылған ЭКО-ның органдарын бiлдiредi.
м) "Аймақтық мекемелер" аймақ iшiнде жеке бюджетi, заңды статусы және жеке басқарымы бар, қаржы және коммерциялық мүмкiндiктердi және ақша қаражатын жұмсауды қамтамасыз ету жолымен ЭКО аймағында экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында құрылған ЭКО-ның экономикалық, коммерциялық және қаржы органдарын бiлдiредi.
н) "Штаб-пәтер" деп те аталуы мүмкiн "Хатшылық" Теhранда
орналасқан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығын бiлдiредi.
о) "Бас Хатшы" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысын
бiлдiредi.
п) "Болу елiнiң Елi/Үкiметi" Иран Ислам Республикасының
мемлекетiн/үкiметiн бiлдiредi.
II - Бап
Ұйымның мiндеттерi:
а) үздiксiз әлеуметтiк-экономикалық дамудың жағдайларын жасау және осының негiзiнде мүше-елдердiң тiршiлiгi деңгейiн және сапасын көтеру;
б) тәжiрибе мен ғаламдық экономикалық бағыттарды ескере отырып, ЭКО аймағындағы сауда барьерлерiн бiрте-бiрте жою бойынша шараларды қабылдау және iшкi - және аймақ аралық сауданы кеңейту;
в) мүше-елдерiнiң басты ұмтылысына сәйкес дүниежүзiлiк сауданың өсуiне ЭКО аймағының рөлiн және қосар үлесiн жандандыру мақсатында және дамушы елдер, атап айтқанда, ЭКО елдерi саудасын қолайсыз жағдайларға әкелiп соқтыратын әдiлетсiз сауда саясатын болдырмау үшiн халықаралық форумдарда iстiң бабын табудың ортақ жүйесiн жасау жолымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;
г) олардың ғаламдандыру процесiне барынша белсендi араласуын қамтамасыз ету үшiн мүше-елдер экономикасының дүниежүзi экономикасына жүйелi және бiрте-бiрте енуi;
д) экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, техникалық және ғылыми салаларда белсендi аймақтық ынтымақтастықты және өзара көмектi қалыптастыру;
е) мүше-елдердi өзара және басқа елдермен байланыстыратын көлiк және коммуникация инфрақұрылымының дамуын жеделдету;
ж) экономиканы ырықтандыру мен жекешелендiруге айрықша назар аудара отырып және жеке сектордың бiрлескен кәсiпорындар мен инвестициялар нысанында аймақтық экономиканың дамуына қатысуын кеңейтуге ұмтыла отырып, мемлекеттiк пен жеке секторлардың iс-әрекеттерiн интеграциялауға жәрдемдесу;
з) ЭКО аймағындағы адам ресурстарын дамыту жөнiнде бiрлескен бағдарламаларды әзiрлеу;
и) ЭКО аймағының табиғи, атап айтқанда, энергетика ресурстарын жұмылдыру және пайдалану;
к) ЭКО аймағының ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк әлеуетiн тиiмдi пайдалану бойынша күш-жiгердi жандандыру;
л) есiрткi және психотроптық заттарды терiс пайдалануды жою бойынша аймақтық ынтымақтастықты дамыту;
м) қоршаған ортаны қорғау және экология проблемаларын шешу салаларындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
н) ЭКО-ның басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ қаржы мекемелерiмен өзара тиiмдi iс-әрекеттерi мен ынтымақтастығын қалыптастыру;
о) ЭКО аймағының халықтары арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды, сондай-ақ туризм саласында алмасуларды ары қарай нығайту болып табылады.
III Бап
Осы Шарт шеңберiндегi аймақтық ынтымақтастық төмендегi принциптер мен саясатқа негiзделедi:
IV - Бап
Егер мүше-елдер қажет деп тапса, мүше-елдер мемлекеттерi мен
үкiметтерiнiң басшылары жылына бiр рет немесе одан да жиiрек кездеседi.
Жоғарғы деңгейдегi кездесулерде ЭКО бағдарламалары мен жобаларын
жүзеге асырудың объективтi шарттары мен барысы қаралады. Жоғарғы
деңгейдегi кездесулер ЭКО аймағын толғандыратын аймақтық және ғаламдық
проблемалар жөнiнде пiкiр алмасулар үшiн ең жоғары деңгейдегi форум
қызметiн атқарады.
V - Бап
ЭКО-ның ұйымдастыру құрылымы
Кеңесi, Аймақтық Жоспарлау Кеңесi, Хатшылық және ынтымақтастықтың
нақты салаларында маманданған мекемелер болады. Аймақтық мекемелер мен
уақытша комитеттер, сонымен бiрге Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен
құрылуы мүмкiн.
VI - Бап
Министрлер Кеңесi ЭКО саясатын айқындайтын және шешiмдер қабылдайтын басты орган болып табылады. Кеңес құрамына мүше-елдердiң сыртқы iстер министрлерi немесе мүше-елдердiң үкiметтерi тағайындайтын министрлер дәрежесiндегi басқа да кез-келген өкiлдер кiредi. Министрлер Кеңесi өз мәжiлiстерiн кезекпен, жылына бiрден кем емес мүше-елдер аумақтарында өткiзедi. Мүше-елдердiң өзара келiсiмiмен Министрлер Кеңесi өзiнiң кезектен тыс мәжiлiстерiн мүше-елдер аумақтарында немесе басқа мемлекеттер аумақтарында өткiзе алады. Қажет болған жағдайда, Министрлер Кеңесi өздерi бақылайтын салалардағы жоспарлар мен жобаларды әзiрлеу үшiн салалық мәжiлiстер немесе министрлер деңгейiндегi бiрлескен мәжiлiстер ұйымдастыру жолымен басқа да мүдделi министрлiктердi тарта алады.
VII - Бап
Тұрақты Өкiлдер Кеңесi
Тұрақты Өкiлдер Кеңесi Министрлер Кеңесiн өткiзуден басқа кезеңдi есептемегенде, Министрлер атынан және олардың тапсыруымен Ұйым саясатын жүзеге асыру үшiн мүше-елдер шешiмдерiн және Министрлер Кеңесi шешiмдерiн орындауда тиiстi шараларды талап ететiн мәселелердi дайындайтын тұрақты iс атқарушы орган болып табылады. Оның құрамына ЭКО жанында тiркелген тұрақты өкiлдер/елшiлер кiредi. Тұрақты Өкiлдер Кеңесi Министрлер Кеңесiнде төрағалық ететiн мүше-елдер өкiлдерi төрағалығымен бiр айда бiрден кем емес жүргiзiлетiн мәжiлiстерiн өткiзедi.
VIII - БАП
Аймақтық жоспарлау Кеңесi
Аймақтық Жоспарлау Кеңесiне мүше-елдердiң жоспарлы органдарының басшылары және/немесе осы елдер үкiметтерi тағайындайтын тиiстi өкiлеттiгi бар басқа да өкiлдер кiредi. Аймақтық Жоспарлау Кеңесi жылына ең аз дегенде бiр рет Ұйымның штаб-пәтерiнде Министрлер Кеңесiнде төрағалық ететiн мүше-елдер өкiлiнiң төрағалығымен өтетiн жыл сайынғы мәжiлiстiң алдында жиналады.
IХ - Бап
1. ЭКО Хатшылығы Бас Хатшыдан және Ұйымға қажеттi қызметкерлерден тұрады. Хатшылық өзiнiң Теhрандағы штаб-пәтерiнде Министрлер Кеңесi қолдаған және болу елiнiң сыртқы iстер министрi мен Бас Хатшы қол қойған Иран Ислам Республикасының Yкiметi мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ЭКО Хатшылығының құқықтары, артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес қызмет атқарады.
Х- Бап
Мамандандырылған ұйымдар мен аймақтық мекемелер ынтымақтастықтың нақты салаларында құрылады. Ұйымдар санын, олардың сипаты мен мiндеттерiн Министрлер Кеңесi айқындауы мүмкiн және қажет болған жағдайда қайта қаралуы мүмкiн. Барлық мамандандырылған ұйымдар мен аймақтық мекемелер жыл сайын Министрлер кеңесiне өз жұмысы жөнiнде есеп берiп отырады, сондай-ақ бұл жөнiнде Ұйымның Бас Хатшысына хабарлайды.
ХI - Бап
Қаржылау ережелерi
Хатшылықтың орталықтандырылған бюджетi болады. Мүше-елдер үкiметтерiнiң жарналары туралы шешiмдi олардың төлем қабiлетiн және БҰҰ-ның жарналар есеп айырысуындағы басым шкаласын ескере отырып, Министрлер Кеңесi енгiзедi.
ХII - Бап
Шешiмдер қабылдаудың механизмi
1. Жаңа мүшелердi, бақылаушыларды немесе диалог жөнiнде әрiптестердi қабылдау бюджет, қаржы, Бас Хатшыны тағайындау, экономикалық стратегияны және iс-қимылдар жоспарларын қабылдау, сондай-ақ Шартқа және ЭКО-ның сыртқы байланыстарына түзетулер енгiзу мәселелер сияқты өте маңызды мәселелер бойынша, сондай-ақ Министрлер Кеңесi Ұйым үшiн өте маңызды деп есептейтiн мәселелер жөнiнде барлық шешiмдер бiрауыздан қабылданады.
ХIII - Бап
1. Аймаққа географиялық жақындықта орналасқан және/немесе ЭКО мiндеттерi мен принциптерiн бөлiсетiн кез-келген мемлекет Ұйым мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш бере алады. Бұндай мемлекет өз өтiнiшiн жаңа мүшенi қабылдау туралы шешiмдi қабылдай алатын ЭКО Министрлер Кеңесiнiң Бас Хатшысы арқылы бере алады.
ХIV - Бап
Юрисдикциялық статус
Ресми тiл
алады. Осындай статустың сипаты мен масштабтарын Министрлер Кеңесi
бiрауыздан айқындайды.
ХV - Бап
1. Кез-келген мүше-елдiң үкiметi Хатшылық арқылы Министрлер
Кеңесiне осы Шартқа өзгерiстер мен түзетулер енгiзу туралы ұсыныстар
жасай алады.
2. Министрлер Кеңесi бекiткен соң кейiнгi түзетулер мен
өзгерiстер мүше-елдердiң үштен екiсi олардың конституциялық нормалары
мен практикаларына сәйкес өздерiнiң бекiту грамоталарын тапсырғаннан кейiн
күшiне енедi.
ХVI - Бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Шартты олардың конституциялық нормалары мен практикасына сәйкес мүше-елдер бекiтiуi тиiс және сақтау үшiн бекiту грамоталарының расталған көшiрмелерiн қалған мүше-елдер мен Хатшылыққа беретiн Иран Ислам Республикасының Yкiметiне тапсырылады.
2. Осы Шарт мүше-елдердiң үштен екiсi Иран Ислам Республикасына
өздерiнiң бекiту грамоталарын тапсырғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Күшiне енгеннен кейiн осы Шарт 1977 жылғы наурыздағы бастапқы
Измир Шартының және 1990 мен 1992 жылдардағы Хаттамалардың орнына жүредi.
4. Осы Шарт ағылшын тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
5. Осыны растау үшiн төменде қол қоюшы өкiлеттi өкiлдер осы
Шарттың соңында өз қолдарын қойды.
Измирде бiр мың тоңғыз жүз тоқсан алтыншы жылғы _________ айының
_______ күнi жасалды.
Афганистан Ислам Мемлекетi үшiн
Әзiрбайжан Республикасы үшiн
Иран Ислам Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн
Пакистан Ислам Республикасы үшiн
Тәжiкстан Республикасы үшiн
Түрiк Республикасы үшiн
Түркiменстан үшiн
Өзбекстан Республикасы үшiн
Оқығандар:
Омарбекова А.
Афганистан Ислам Мемлекетiнiң, Әзiрбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан
18 12 2014
1 стр.
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау кезiнде өзара жанама салықтар алу принциптерi ту
25 12 2014
1 стр.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы
18 12 2014
1 стр.
Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты бекiту туралы
12 10 2014
1 стр.
Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келiсiмдi (Арнайы операциялар) (Базалық бiлiм беру жобасы) бекiту туралы
14 12 2014
1 стр.
Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Кәдiмгi операциялар) (Су қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару
25 12 2014
1 стр.
Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Кәдiмгi операциялар) (Су қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару
14 12 2014
1 стр.
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Көшi-қон процесiн реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы
25 12 2014
1 стр.