Перейти на главную страницу
(Оқу - әдістемелік құрал)
ӘОЖ 615.471
КБЖ 54.5 я 7
Т 89
Пікір берушілер:
«Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ.д. Абдуллабекова Р.М.
ҚММА гигиена, әлеуметтік медицина, денсаулықты сақтауды ұйымдастыру және басқару кафедрасының ДКБ және ҮМЖ деканатының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Кулов Д.Б.
ҚММА № 2 хирургиялық аурулармен урология кафедрасы, м.ғ.к., доцент Баширов А.Б.
Т 89 Тұрсынова Ш.Б., Лосева И.В. Жалпы хирургиялық инструменттердің тауартанулық сипаттамасы (оқу-әдістемелік құрал).- Қарағанды,2009.-51 бет.
Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған. Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Жалпы хирургиялық инструменттердің жіктелуі, оларға қойылатын негізгі талаптар, маркировкасы, коррозия және коррозиядан қорғау шаралары туралы мәліметтер берілген.
№ 6 хаттама «11» ақпан 2009 ж.
№ 6 хаттама «18» ақпан 2009 ж.
©Ш.Б. Тұрсынова, И.В.Лосева ,2009
ШК |
Штрихтық коды |
УКС |
Уақытша коррозиядан сақтау |
L |
Жалпы ұзындығы |
l |
Жұмыс бөлігінің ұзындығы |
B |
Жұмыс бөлігінің ені |
D |
Диаметрі |
W |
Айна шығыны |
M |
Салмағы |
H |
Бой ұзындығы |
Оқу-әдістемелік құралы «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәні бойынша «Фармация» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік жинағында жалпы хирургиялық инструменттер туралы түсінік, жіктелуі, оларға қойылатын талаптар, сапасын бағалау, орамдау, тасымалдау, маркировка және ескерту маркировкасы, медициналық тауарлардың штрихты коды, коррозия және коррозиядан қорғау туралы нақты сұрақтар қарастырылған.
Оқу-әдістемелік құралының мәліметтері пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына толықтай сәйкес келеді. Оқу-әдістемелік құрал бойынша материалдарды дайындау үшін қазіргі заманғы әдебиеттер көздері, заңдылық актілері, фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативті құжаттар пайдаланылған.
1. ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕР
Хирургиялық инструменттер- хирургиялық манипуляция кезінде операциялық, байлап-таңу, сонымен қатар диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылатын инструменттер.
Жалпы хирургиялық және арнайы инструменттерді ажыратады: акушерлі-гинекологиялық, нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және т.б. Радиоманипуляция, емдік жүрек-тамырлы, лазерлі хирургия және т.б. арналған арнайы инструменттер де жасалған. Инструменттер функционалдық топтарына қарай келесілерге бөлінеді:
1. Тіндерді ажыратуға арналған инструменттер:
а) Кесетін- бір немесе бірнеше кескіш жезі бар жұмсақ тіндерді айыруға (жару және кесу ) арналған инструмент - ағзалар резекциясы, полиптерді алып тастау, тістеуік және т.б. Оларға пышақтар және медициналық қайшылар, скальпельдер, кюреткалар, медициналық ілмек, қасықтар, тістеуіктер, аденотомдар, конхотомдар және т.б. жатады. Сүйек тінін өңдеу үшін (патологиялық ошақтарды және өсінділерді жаншу) медициналық қашау, стамескалар, сүйек қысқыштар мен тістеуіктер және т.б. қолданылады. Әрбір хирургиялық пышақтың кескіш элементі, оның ішінде кеңінен таралған скальпельдің, арнайы үшкірленген бұрышы бар саға тәріздес болып келген жезі болып табылады. Бұл жағдайда β бұрышы соғұрлым кем болған сайын, скальпель соғұрлым өткір және соғұрлым жылдам мұқалып қалады. Жұмсақ тіндерді кесуге арналған β бұрышы 15-тен 35ОС (көз скальпелі 20ОС , жалпы хирургиялық 25ОС), шеміршектерді кесуге арналған - 30-дан 35ОС , сүйек тіндерін жаруға арналған- 40-50ОС. Скальпельдің кесу қасиеті жездің микрогеометриясы мен кесілетін объектінің көлбеуіне байланысты (кесілетін материалға жез көлбеуі неғұрлым аз болған сайын тіндерді кесу оңайырақ болады). Скальпельдің кесу қасиетін оның тағайындалуына байланысты арнайы барабанға керілген қағаз, замша немесе теріні тілу жолы арқылы сынақ жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша тілім шеттері тегіс болу қажет, ал жезі мұқалып қалмау керек. Хирургиялық қайшылардың екі жезі болады, кездесу нүктесі деп аталатын кездесу бағыты кезінде тіндерді жарып жібереді. Жездер арасында саңылау болмау қажет, әйтпесе материал қырмыждалып және тіндерді қосымша жарақаттауы мүмкін. Көптеген қайшылардың кесу қасиетін бір немесе бірнеше (5 дейін) дәке, мақта немесе дымқыл қағаз қабаттарын үш реттік кесу жолы арқылы тексереді. Дәке, мақта, қағаз ауалануға және жездер арасынан өтіп кетпеуі қажет. Пышақ және қайшылардың кесу жездері никель немесе хроммен қапталмаған, сондықтан олар көбінесе коррозияға ұшырайды.
б) Аралау және бұрғылау инструменттері- медициналық ара (тістері бар көпжезді инструмент, жан-жаққа айырылысқан- тақтары бір жаққа, жұптары қарама-қарсы жаққа), медициналық рашпила- тегіс жұмыс бөлігіне орналасқан тістері бар инструмент- айналмалы қозғалыс кезінде сүйектерді өңдеуге арналған көпжезді инструмент.
в) Тіссіз бөлгіш инструменттер (табиғи каналдарды кеңейту, тар жолдарды зерттеу, жараларды зондтау және тампондау, тіндерді тіссіз бөлу). Оларға бужалар, зондтар, катетерлер, трахеотомиялық, интубациялық түтікшелер және т.б., распаторлар- ось бойына перпендикулярлы орналасқан бір жезді инструмент.
2) Тескіш инструменттер- тері асты, тері ішіне, бұлшық етке, күре тамырға жә-не т.б. дәрілік ерітінділерді енгізу мақсатында тесуге, пункциялар және басқа да манипуляциялар: инъекциялық инелер, қан алу үшін, қанды құю үшін, перфора-торлар, троакарлар, троакар-катетерлер және т.б., тігіс салуға арналған инелер- (хирургиялықғ аравматикалық) арналған іші қуыс (түтікшелі) инструмент.
3) Қысқыш, ілгіш және жаншу инструменттері (қанды тоқтату үшін, түтікщелер мен қуыс ағзаларды резекциялау кезінде қысу, ағза, сүйек және жұмсақ тіндерді немесе хирургиялық инелерді, эластикалық түтікшелерді фиксациялау және қысып ұстап қалу). Оларға фиксационды, қуыс ағзаларға арналған және қан тоқтататын қысқыштар, ине, сүйек, тіл ұстағыштар, пинцеттер, ілмектер, корнцангтар, ағзаларды және кескіш инструменттерді ұстағыштар және т.б. жатады. Қысқыш және ілгіш инструменттердің ағза, тін, материал немесе заттарды қысып қалатын екі жұмысшы браншы бар және олардың қосарлануын біріктіретін құлыптар- анық емес (штифтті, қорпашалы) және анық. Кейбір қысқыштар бранштарды қысу жағдайында ұстап тұратын кремальермен жабдықталған. Тіндер құрылымының өзгерісін тудырмайтын жаншу қысқыш инструменттері икемді деп аталады, ал тіндердің кейбір қайтымды өзгерістерін тудыратын жаншу қысқыш инструменттері икемсіз қатты деп аталады.
4) Алып тастау инструменттері- тастарды, спиральды және бөтен денелерді алып тастауға, тістерді жұлуға және т.б. арналған- ілмектер, экстракторлар, тіс қысқыштары және т.б.
5) Кеңейткіш және сығыстыратын инструменттер- жараларды, табиғи қуыстарды, каналдар мен жолдарды кеңейтуге, ағзаларды сығыстыруға, оперативтік араласуда немесе жұмсақ тіндерді тексеру кезінде созуға (ретракция) және де тіндерді кездейсоқ бұзылыстардан қорғауға арналған инструменттер. Мұндай инструменттерге шпательдер, пластинкалар, имектер, көтергіштер, айналар, ретракторлар, жара-, қабақ-, ауыз кеңейткіштер, гинекологиялық кеңейткіштер, дилататорлар және т.б. жатады.
6) Сүйектерді біріктіруге арналған травматологиялық бұйымдар (пластинкалар, бұрандалар (винт), бұрандалы шеге (шуруп), өзекшелер (стержень), шегелер, кронштейндер), сүйекке әсер етуге арналған (қапсырма (скоба), манжеталар).
7) Қосымша инструменттер (балғалар, бұрауыш (отвертка), кілттер, коловороттар, бұрғылар (дрель) және т.б.).
Хирургиялық инструменттердің тағайындалуы және қолданылуына байланысты олардың икемділігі, нәзіктілігі және әртүрлі өлшемдері болады. Мысалы, офтальмалогиялық микрохирургиялық инструменттер өлшемі бойынша кішкентай және әлдеқайда жеңіл, ал акушерлік-гинекологиялық, керісінше, ұзартылған және массивті сабымен жабдықталған, ал жүрек-тамырлы инструменттер әлдеқайда жіңішке және нәзік. Балаларға арналған хирургиялық инструменттер ересектерге арналған инструменттерге қарағанда әлдеқайда кішірек және жеңілірек болады.
-1.1. Инструменттерге қойылатын негізгі талаптар
● Адам ағзасы мен дәрілік заттармен ұзақ (үздіксіз 6 сағаттан аса) уақыт әрекеттесетін инструменттер қорытпа жабындысыз және тек қана коррозияға төзімді металдардан жасалу қажет.
● Инструменттердің үстіңгі бетінде ұрылған, соғылған, ойылған сызат іздер, жарықшақ, қабаттасу, қабыршықтану болмауы керек.
● Көміртекті болаттан жасалған бұйымдар, никельді және хромды жабындысы бар түсті қорытпалар және тот баспайтын болаттар пайдаланғанда, сақтағанда және тасымалдау жағдайларында коррозиялы- төзімді болу керек.
● Инструменттер стерилдеу және стерилдеу алды тазалау, дезинфекциядан тұратын өндеу циклдеріне берік қасиетке ие болу қажет.
Инструменттердің сапалық бағасын қабылдау кезінде жүргізіледі (көбінесе партиямен). Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір типті пішінді инструменттерді атайды.
♦ дайындаушы-өндіріс орнының тауарлық белгісі;
♦ шығарылған жылы;
♦ шартты мағынасы «Т» (коррозиялы-тұрақты болаттан тұратын инструменттерге арналған) немесе «Ті» (титанды құймалардан тұратын инструменттерге арналған).
Орамды инструменттерді тасымалдау және сақтау кезінде, сонымен қатар тұтынушы және топтық тараларын бұзылыстан сақтау үшін жүргізіледі. Кескіш инструменттердің өткір ұштарын мұқалып қалудан сақтау қажет.
Инструменттер орамын тұтынушы тараларында жүргізеді: белгілі бір түрдегі инструменттердің техникалық және стандартты жағдайында қарастырылған инструменттердің сақталуын қамтамасыз ететін қораптар, қағаз пакеттер, бумалар және басқа да тара түрлері. Бір типті инструменттерді тұтынушылық емес топтық тараға орауға болады. Инструменттері бар тұтынушылық тара топтық тараға оралу қажет (қорап, бума, қағаз пакет және басқа да тара).
Тараларға келесі талаптар қойылады:
● Тараларды дайындауға арналған материалдар, инструменттерді сақтау және тасымалдау кезінде сақтауды қамтамасыз ете алу қажет.
● Тұтынушылық және топтық таралар сақтау және тасымалдау кезінде орамның тұтастығы бұзылмай ашу мүмкіндігін болдырмау керек.
● Көп реттік қолданылатын тараны пайдалануда орамды ашу кезінде тараның тұтастығы бұзылмау керек.
●Тұтынушылық және топтық тараның беткі бетінде майысу, сызат, жыртылу, қатпарлар болмауы қажет. Полимерлі материалдан жасалған қораптардың беткі бетінде пресс-форма, итеру құралдарының іздері рұқсат етіледі.
● Тұтынушылық тарда (немесе оған жапсырылған ярлыкта) келесі мәліметтер болуы қажет:
♦ дайындаушы-өндіріс орнының атауы немесе тауарлық белгісі, шартты мәні және/немесе шартты мәні болмаған жағдайда инструмент атауы;
♦ инструмент номері (жеке номермен оралған жағдайда), шартты белгісі «Т» немесе «Тот баспайтын болат» (коррозиялы-тұрақты болаттан тұратын инструменттерге арналған), «Ті» немесе «Титан» (титанды құймалардан тұратын инструменттерге арналған).
♦ дайындалған инструменттің стандартты немесе техникалық жағдайының мәні;
♦ техникалық бақылау бөлімінің инструментті қабылдау туралы мәліметі;
♦ бір орамдағы инструменттер саны;
♦ шығарылған күні;
♦ басқа жазылымдар (қажет болған жағдайда).
● Тұтынушылық тараның шектеулі мөлшерінде орамда немесе ярлыкта көрсетілетін мәліметтер көлемі азаюы мүмкін, бірақ та инструменттердің саны мен атауы туралы мәлімет міндетті түрде болуы қажет.
1.4. Инструменттердің тасымалдануы
Инструменттерді тақтайшалы жәшіктерде тасымалдау қажет. Тақтайшалы жәшіктердің ішіне су өткізбейтін материалмен қапталу қажет.
Контейнерлерде тасымалдау кезінде тасымалдау тарасы ретінде гофрирлі қатты қағаздан жасалған жәшіктер, сонымен қатар қаптауыш пергамент немесе орама қағазынан жасалған пакеттер рұқсат етіледі.
Тасымалдау тарасы орама қағазы немесе басқа да материалдармен толтырылу қажет, өйткені орамдалған тұтынушылық немесе топтық тара инструменттерін өз еркімен ауыстыру мүмкіндігін болдырмау үшін.
Бір мекен-жайға бағытталған аса көп емес инструменттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау тарасына салуға болады. Әр тасымалдау тара жәшігіне дайындаушы-өндірісі немесе оның тауарлық белгісі, саны және орамдалған инструменттер атауы, бақылаушы және орамдаушының шартты номері, орамдау күні жазылған орамдау қағазы салыну керек.
Тасымалдау маркировкасын тасымалдау тарасының сыртқы бетіне сәйкес түрдегі манипуляциялық белгіні жазу арқылы белгілейді, мысалы «Дымқылдан қорқады». Жөнелту кезінде брутто массасы 50 кг аспау керек, ал пошталық посылкамен жіберу кезінде – 20 кг аспау қажет.
Медициналық бұйымдардың маркировкасы анық, көрнекі, бір мағыналы және техникалық жағдай және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес болу керек.
Маркировканың келесі негізгі элеметтері бар:
Ескерту маркировкасына бір нәрсе туралы еркерту сипатына ие барлық ақпараттар жатады.
Ескерту маркировкасының негізгі міндеті – үйде және жұмыс орнында қауіпті заттармен ұшырасқан кезде олардың потенциалдық қауіптілігін адамдарға жеткізу және осы заттармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздік ережесін анықтауға мүмкіндік беру, ал қосымша ақпарат қажет болған кезде- қызықтырған мәліметті сәйкес орындардан, мысалы эксплуатация бойынша нұсқауынан немесе материалдың қауіпсіздік құжатынан алу.
Ескерту маркировкасына кіреді:
Бұйымның эксплуатациясымен байланысты адамдардың көңілін аудару үшін «дабыл сөздері» қолдануға болады:
Экологиялық белгілер өнімнің экологиялық нормативке сәйкестігін және қоршаған орта мен адамдарға қауіпсіз екендігін білдіреді.
Бұл белгілерді импорт тауарларына жиі қолданылады, алайда Қазақстанда ұлттық белгілер әлі өңделмеген.
Импорт тауарларына келесі белгілерді қолданылады.
Штрихтық идентификация – тауар жүрісін оперативті бақылаудың тиімді тәсілі, ол автоматты мәлімет жинау және компьютерге ақпаратты беру тәсілінің бірі.
Штрихтық идентификация принципі - әріпт-сан белгілерін қара және ашық жолмен әртүрлі қалыңдықта (штрих және пробел) кезектестіріп кодтау, сканер қондырғысы көмегімен санайтын, кодты ашатын және ЭВМ –ге ақпа-ратты беретін, яғни бұл жағдайда штрихты машинаоқитын код ақпарат көзі.
Штрихтық коды (ШК) – автоматты идентификациялауға арналған және тауар туралы ақпаратты есептеу, штрих және сан түрінде кодтайтын белгісі. знак. Бұл кодпен машинаоқитын түрінде кодтау объектісі туралы ақпаратты бермейді (дайындаушы ел, өндіруші, тауар сипаттамасы , баға және т.б.), ал олардың шартты әріптік белгісін көрсетеді.
ШК басқа автоматты сертификациялау заттарына қарағанда артықшылығы:
Металдардың коррозиясы- олардың қоршаған ортамен электрохимиялық және химиялық өзара әрекеттесу әсерінен бұзылуы деп түсіндіріледі. Нәтижесінде коррозиядан жылына адамзаттың пайдаланған және жинаған барлық металдарының 1-1,5% жоғалтады.
Әдетте, сыртқы ортамен әрекеттесетін беткі беті болғандықтан коррозия бұйымның сыртқы түрінің өзгеруінен басталады. Химиялық коррозия –әртүрлі химиялық заттардың металдың беткі бетінде химиялық қосылыс-коррозия өнімінің пайда болу әсерінің нәтижесінен туындайды. Сонымен, көміртекті болаттан жасалған бұйымдарды тот басады (темір тотығы), мыс және оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар- мыс тұзы мен тотығымен жабынды түзіп көгереді. Барлық металл материалдары уақыт өте келе коррозияға ұшырайды, өйткені сол немесе басқа ортада металдардың беріктігіне байланысты. Сонымен, алюминий және оның құймалары ауада жұқа тотықты қабық түзе отырып, бұзылыстардан қорғайды, бірақ та сілті ерітінділерімен әрекеттескен жағдайда коррозия процесі әлдеқайда жылдамдатылады.
Коррозия процесі келесі көрсеткіштер бойынша жіктеледі:
Металдың барлық беткі бетін алып жатқан коррозия тұтастай деп аталады. Олар біркелкі және әртүрлі учаскедегі коррозиялық бұзылыстар деп бөлінеді.
Таралмау дәрежесіне сәйкес коррозиялық дақ, жара және нүктелер (питтинг) деп ажыратады.
Коррозия процесінің негізінде металл және қоршаған орта компоненттерінен тұратын термодинамикалық тұрақсыз жүйе жатыр. Термодинамикалық тұрақсыздану шаралары — осы компонеттермен металдардың өзара әрекеттесуі кезінде босатылатын бос энергия. Бірақ бос энергия өздігінен коррозиялық процестің жылдамдығын анықтамайды.
Пайдалану жағдайында оттегіге өте көп жақындығы бар металл азырақ емес, керісінше көп есе тұрақты болуы мүмкін (мысалы, алюминий мен хром оксидінің темірге қарағанда бос энергия түзуі жоғары, ал беріктігі жағынан темірден әлдеқайда асып түседі).
Медициналық бұйымдарды коррозиядан қорғау қажеттілігінің туындауы, өйткені олар пайдаланбас бұрын термиялық, химиялық залалсыздандырудан немесе антисептикалық ерітінділермен өңдеуден өтеді. Сонымен қатар, көптеген бұйымдар пайдалану кезінде қан, ірің және т.б. агрессивті заттармен әрекеттеседі.
Медициналық бұйымдардың коррозияға ұшырау жылдамдығы жүйелі түрде стерилдеу немесе дезинфекция, сонымен қатар адамзаттың биологиялық ортасымен әрекеттесуі әсер етеді. Демек, бұйымдардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды коррозиядан қорғау керек.
Бұйымдардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін коррозиядан қорғаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Қолдану уақыты бойынша оларды тұрақты және уақытша деп 2-ге бөлуге болады. Уақытша коррозиядан сақтауды («консервация»), ереже бойынша, сақтау және тасымалдау процестерінде пайдаланады, ал қолданар алдында бұйымның расконсервациясын жүргізеді.
Уақытша коррозиядан сақтау (УКС) — металдарды және бұйымдарды коррозиядан олардың дайындалу уақыты, пайдалану, сақтау және тасымалдау заттарымен сақтау, ал ол металл мен бұйымдардың тағайындалуы мен қолдануы алдында алынып тасталады.
УКС металдық жабындысы, сонымен қатар металл емес және бейорганикалық жабындысы бар бұйымдар жатады.
УКС іске асуы белгіленген технология бойынша консервация деп аталады.
Консервацияға беткі бетін дайындау, УКС заттарын қолдану (жағу) және орамдау кіреді.
Медициналық бұйымдардың металл бетін дайындаудың кеңінен тараған әдісі — оны май және қарамайдан сулы-сілтілі ертіндіні қолдана отырып майланудан тазарту.
Медициналық бұйымдар үшін келесі консервация тәсілдері ұсынылған: консервациялық майлар, коррозияның контактты немесе ұшқыш ингибиторларымен (консервациялық май, қарамай).
Майлы консервация алдында металл бетін ерітіндіге батыру (трихлорэтилен, бензин) немесе бензинмен суланған матамен сүртеді. Консервация 80-90ОС қыздырылған майға батыру арқылы жүзеге асырылады. Басқа бұйымдарды тампон көмегімен майлайды.
Коррозия ингибиторлары – қорғау заттары (жабынды, орама қағаз) немесе коррозиялық ортаға аса көп емес мөлшерді енгізу кезінде коррозияны баяулататын заттар. Олардың ұшқыш және ұшқыш емес түрлері болады.
Коррозия ингибиторларының ұшқыш ерітінділерін қуысы бар бұйымдарды консервациялау кезінде қолдану тиімді.
Кеңінен таралғаны спиртті, сулы-спиртті немесе 5—10% сулы ерітінділер (гексаметилениминнің метанитробензоаты) және 7—10%
Ұнтақ тәріздес ингибиторлар, таблин және гранлиндерді қуысы бар бұйымдарға қолданады.
Орамдау материалдары ретінде парафинді қағаз, парафинге батырылған конденсаторлы қағаз, екі қабатты орама қағазы, қосымша су өткізбейтін жабындысы бар қағаз қораптар, қалыңдығы 0,15 мм кем емес полиэтилен плёнкасы және олардан жасалған бұйымдар.
Расконсервация консервация тәсіліне байланысты. Коррозия ингибиторларымен қорғалған бұйымдарды сумен дымқылданған дәкемен сүртеді немесе жылы ағынды су астында жуады.
Консервирленген маймен – спирт, еріткіш немесе бензинге шыланған дәкемен сүртеді.
М.Қ. Елубаева Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
14 12 2014
4 стр.
Тайгулов Е. А., Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, госпитальдық хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор
16 12 2014
7 стр.
«Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ. д. Абдуллабекова Р. М
15 12 2014
4 стр.
А. Алиханова Қарағанды мемелекеттік медицина академиясының дкбб және укжф отбасылық медицина және амбулаторлық-емханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
16 12 2014
7 стр.
Азақстан республикасы денсаулық сақтау қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
14 12 2014
4 стр.
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.
Азақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
16 12 2014
8 стр.