Перейти на главную страницу
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат;
303-баптың 5-тармағы мынадай екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кепілдің мәні болып табылатын ақшадан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.
Ипотеканың мәні болып табылатын ақшаны банкте орналастыру банктік салым шартының негізінде кепіл берушінің банк шотында жүзеге асырылады.
Кепілзаттың мәні болып табылатын және банкке енгізілетін ақша банктік салым шартын жасамастан банктің баланстық шотында есепке алынады.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат;
1) 718-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2) 739-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Банкпен банктік шот шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банктік шоттар ашылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз иелiк жасау құқығына кепiлдiк бере отырып, банктік шотта бар ақшаны пайдалана алады.»;
3) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою тек заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында көзделген жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
4) 754-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктiң клиентке сәйкестендірілген жеке код бермей-ақ ақша аудару тәртiбi банк қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.».
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8,
1) 30-баптың 1-4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.»;
2) 159-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ олардың жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) дауға салынатын актісінің қолданылуын тоқтата тұру;»;
3) 312-2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен жазбаша келісімі;»;
4) 312-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.»;
5) 312-6-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.».
1) мазмұнында:
168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу»;
мынадай мазмұндағы 168-5 және 168-6-баптарының атауларымен толықтырылсын:
«168-5-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзу
168-6-бап. Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығындағы сұраныс және ұсыныс көздері бойынша есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзу»;
169-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу»;
171-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты (мәліметтерді) беру талаптарын бұзу»;
172-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану шеңберінде жүктелген міндеттерді орындамауы»;
175-1 және175-2-баптарының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың, банк және сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу
175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау»;
179-3 және 180-баптарының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді немесе басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептілікті, ақпарат пен құжаттарды табыс ету тәртібін бұзу»;
187-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын қамтамасыз етпеу»;
193-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді бермеуі не дұрыс емес мәліметтерді беруі»;
201-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңының талаптарын бұзу»;
218-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«218-бап. Банк операциялары туралы дұрыс емес мәліметтерді беру»;
356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Лауазымды адамдарға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларды, нұсқауларды және өзге де талаптарды орындамау»;
573-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«573-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау (іс-әрекет жасау немесе әрекетсіздік) әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.»;
3) 34-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар, сондай-ақ қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы басшы қызметкерлер лауазымды адамдар деп танылады.»;
4) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1-1. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей қолданылатын жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар қызметкерлер санын және активтерінің орташа жылдық құнын растайтын құжаттарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) ұсынуға міндетті.»;
5) 48-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы Кодекстің ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шектерде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау сәтінде қолданылып жүрген заңнамалық актiге сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сай келетiн көлемде салынатын ақшалай жаза.
Осы Кодекстің ерекше бөлігінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісінше есепке алынбаған сомадан;
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасынан;
монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы немесе қаржы ұйымдарының қызметін реттеу туралы заңнамасының нормаларын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасынан;
есепке алынбаған ұлттық және шетел валюталары сомасынан пайызбен көрсетіледі.
Егер осы Кодекстің ерекше бөлігінің баптарында айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзумен жүргізілген операция сомасынан пайызбен көрсетілсе және осындай операция шетел валютасында жүргізілсе, онда айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза салу күніне салық заңнамасына сәйкес анықталған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.»;
6) 60-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы Кодекстің Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.»;
7) 61-баптың 1-бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;»;
8) 69-баптың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
Қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн және ол жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;
9) 71-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 169-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер зардап шегушінің әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адаммен бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатылуы тиіс.»;
10) 88-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«6. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі, –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 158-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
13) 158-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
1. Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттердің әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалуы, –
елу айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 161-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдердi қабылдаудан бас тарту
1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, –
дара
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
23 09 2014
8 стр.
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № Қазақстан Республикасыны
25 12 2014
1 стр.
Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырул
05 09 2014
5 стр.
Агенттік Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгі
25 12 2014
1 стр.
Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгіз
14 12 2014
3 стр.
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қаз
25 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
16 12 2014
3 стр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
25 12 2014
1 стр.